Ғылыми жоба Тақырыбы: «Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда көрініс табуы»



бет6/9
Дата03.12.2023
өлшемі480,95 Kb.
#133761
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 Ә сынып оқушысы Темиркулова Арай №30 жоббм

Бамдат(таң) намазы – екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл. Екінші таңға қарай шығыс көкжиектерінің бозаруы. Бұл уақытпен бамдат уақыты кіріп, құптан намазының уақыты шығады.

  • Бесін намазы – күннің көктің ең жоғары тұсынан батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің көлеңкесінің өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады.

  • Асыр(намаздыгер) намазы – бесін уақытының шыққан сәтінен бастап, күннің батуына дейінгі мезгіл.

  • Ақшам(намазшам) намазы – күннің толық батуымен басталып, шапақтың жоғалуымен аяқталады.

  • Құптан намазы – қызыл шапақтың жоғалған сәтінен екінші таңның атуына дейінгі мезгіл./12.9/

    Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында намаз уақыттары былайша көрсетіледі:
    Қонып жатса бір тауда,
    Намазшамнан өткенде,
    Құтпан мезгіл жеткенде,
    Құлағына батырдың
    Бір дауыс кеп шулайды.
    Сонымен қатар, «Алпамыс батыр» жырында да намаз уақыттары көрініс тапқан:
    Намаздыгер болғанша
    Жолатпай қойды үйіне-ай.
    Бүгінгі таңда бұл наным-сенім жалғасып, қалаларда, ауылымызда көптеп мешіттер салынды. Мысалы, ауылымыздағы мешітке әр намаз уақыттары кезінде келіп, намаз оқитын адамдар көп десем де болады. Ал Елордамыз Астанада «Нұр-Астана» атты мешіт бар. Бұл мешітке қалаған адам кіріп, намазын оқи алады. Яғни, бұл наным-сенімнің жоғалмағандығын, бүгінгі таңда да көрініс табуын дәлелдейді. Дін – мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым. Сондықтан да дінімізді, дәстүрімізді ұмытпай сақтап, Аллаға сансыз шүкіршілік етейік!

    ҚҰДАЙДАН БАЛА ТІЛЕУ
    Батырлық жырларда кейіпкердің ғажайып туу мотивінің кеңінен тараған түрі – ата-бабалар аруағының жәрдемімен және әулие-әмбиелердің түсте аян беруі арқылы болашақ батырдың дүниеге келуі. Қаһармандық эпоста перзентсіз ата-ана «Қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып, етегін шеңгел сыдырып, әулие қоймай қыдырып Құдайдан бала тілейді. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында бұл жағдай былайша көрініс тапқан:
    «Сен тіледің біздерден,
    Біз тіледік Алладан
    Қолыңды жай, ал, балам,
    Берейін бата саған-ай.
    Берейін отыз ұл дейді.
    Көресін мұны, бұ қалай?
    Атса мылтық өтпеген
    Шапса қылыш кеспеген.
    Берейін жалғыз мен деді.
    Қайсысын мақұл көресің
    Келінжан, енді сен деді.»
    Перзентке зар кәрі ата-ана «атса оқ өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін» батыр баланы қалайды, нәтижеде ол ел үшін еңіреген ердің ері болады. Ал баланы өмірге келуіне о баста шапағат жасаған әулие оны алдағы қиын-қыстау ұрыстарда да ұдайы жеңіске жеткізуші жебеуші пірге айналды. Бұндай қаһармандар эпостарында Баба Түкті Шашты Әзіз «жеті кәміл пір», «ғайып ерен» ,қырық шілтен» бейнесінде де кездеседі. «Алпамыс батыр» жырында Байбөріге перзент сыйлайтын Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің өзі, ол – диуана кейпінде суреттеледі:/13. 22, 56./
    Асасы бар қолында,
    Өзі Хақтың жолында.
    Көп календер зіркілдеп,
    Зікір салған соңында
    Бір диуана келеді:
    Жатырсың нағып балам? – деп,
    Асамен түртіп оятты.
    Бүгінгі ұрпақтың бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде даламыздағы нақты бір өңір өткен мен бүгінгі күнді түйілістерін қуатқа ие, қазір де мұқтаж жандар тәуап ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады. Мысалы, Оңтүстік аймақтарындағы Баба ТүктіШашты Әзіз кесенесі, Арыстан бап және Үкәш ата кесенелеріне барып, құдайдан бала тілеп, ғұрыптық жөн-жоралғы жасаған адамдар да бүгінгі таңда кездеседі деген деректер бар.

    БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ КЕСЕНЕСІ

    АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ
    ӘУЛИЕГЕ ТАБЫНУ
    Әулие – «уәли» деген арап сөзінің көпше түрі, қазақша «қасиетті» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал, хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни «Уәли Аллаһ», «Аллаға жақын», «дос», «Алланың мейірі түскен» деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде әулие-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, мұндағы «әнбие» арабша «нәби», яғни пайғамбар деген сөздің көпше түрі болып келеді.
    Әулиеге табыну ғұрпы – қазақ даласында шамандық жора-жосынмен синкретті сипатта үйлескенін бақсы сарынынан да байқауға болады. Мысалы, бақсы өзінің сарынын әулие-әнбиелерге сыйынудан бастаған. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында ол былайша суреттеледі:
    Мағруптағы әулие,
    Машруптағы әулие.
    Түркістанда Түмен баб.
    Сіздерден медет тілеймін.
    Сайрамдағы сансыз баб
    Ең үлкені – Арыстан баб
    Ең кішісі –Алаша қап,
    Сіздерден медет тілеймін.
    Қазығұрт ата, әулие,
    Арғы жақта Қыңырақ бар,
    Бергі жақта Қарақ бар,
    Сіздерден медет тілеймін.
    Қазақстанда тәуелсіздіктен кейін діни бостандыққа ерік берілді. Сол себептен де ескі дәстүр қайта жаңғырып, әулиеге табыну, қасиетті жерлерге зиярат етіп сыйыну рәсімдері әртүрлі жағдайда қоғамда көрініс тауып отыр. Бұндай шаралар елшілік-саяхаттылық, сонымен бірге өлкетанушылық бағытта да әртүрлі қауымдар мен діни ұйымдар тарапынан ұйымдастырылып, рухани қажеттілікке айналды./14. 76, 84./
    Батырлар жырында халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері айтып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және де соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат ететін орынына айналғаны байқалады. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында әулиеге зиярат ететін орындар былайша суреттеледі:
    Отырарда Арыстан бап,
    Сайрамда бар сансыз бап,-
    Бәріне бір түнеді.
    Әзіреті Қаратау
    Әулиенің кені еді.
    Қазақ арасында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп етіп, жанын қиған Арыстан бап, Қожа Ахмет Йасауи, Масат ата, Укаша ата секілді арғы тегі хазірет пайғамбардан таралған әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік қабатқа жатқызып, ақсүйек деп ардақтап келеді. Сонымен бірге дінді тарату жолына күш салып, бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата (Сатық Бұғра Қара хан), Бахауиддин Жүсіп көпей, Шәкәрім секілді тұлғалар да әулиелік жолды жалғастырушылар болып есептеледі.
    Бүгінгі таңда бұндай оқиғалардан кейін пайда болған делінетін әулиеге қатысты жағырапиялық нысандар елді емдеп-домдайтын, сауықтыратын, ақ тілегін қабыл ететін құтты да шипалы орынға айналады. Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстанда, Маңғыстауда, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша ата әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса, Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады, Түлкібас әулие түкіріп қалғанда, он екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыздаулар бар. Масат ата бұлағы да бар. «Машат», «башат», «масақ» деген бастаудың мағынасын білдіреді деген пікір қалыптасқан.


    ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет