Тақырыбы: «Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда көрініс табуы»
1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың өшпес ерліктерін жаңғырту Қазақ батырларының бейнесі сонымен бірге жазба әдебиетімізде де, әсіресе прозалық туындыларымызда көбірек сомдалды. ХХ ғасыр әдебиетінің бастапқы кезеңінің өзінде-ақ қазақ қаламгерлері халық жүрегінен берік орын алған осынау айтулы қазақ батырларының тұлғасын қоғамдық-әлеуметтік, тарихи оқиғалармен астастыра отырып қазақ әдебиетіне алып келді.20–30 жылдардағы және кейінгі онжылдықтар кезеңінде қабырғалы қаламгерлеріміз бен ақын-жыршыларымыз І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Жамбыл, Иса, Нүрпейіс, Кенен, Қалижан Бекхожин т.б. өз шығармаларының негізгі кейіпкерлері етіп батырлар тұлғасына қол артуы осыны аңғартады. Қара қыпшақ Қобыланды, Қара қасқа атты Қамбар батыр, Ер Тарғын, Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Қарасай, Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Райымбек, Махамбет, Исатай, Сырым, Кенесары, Наурызбай, Амангелді, Бекболат, т.б. есімі елге белгілі, қол бастаған немесе ұлт-азаттық күрестің ұйтқысы, басшысы болған батырларымыз бен хандарымыздың көркем әдебиеттегі соқталы бейнесі сап түзеп, осы арқылы қазақтың рухани әлемі жаңа белеске көтерілді, байтақ кеңістікке шықты.Батыр бабаларымыздың діни наным-сенімдерінің кәзіргі таңға дейін жетуімен еш өзгеріске түспей сақталуына байланысты ырым-жоралғылардың сақталуы мен қолданыста көрініс табуына орай бүгінгі де өзекті мәселеге айналып отыр.
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
1. Қазақ жерінің тұтастығы жолындағы жан алысып, жан беріскен күрестің алғы шебінде болып, қазақ қолының алыбына айналған Қазақ батырлары туралы мәлімет беру 2.Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың діни наным-сенімдерінің бүгінгі күні қалай көрініс табуда екенін ақпараттандыру.