Ғылыми жоба тақырыбы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» Бағыты



бет2/9
Дата16.09.2022
өлшемі185,05 Kb.
#39297
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зерттеу мақсаты: Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал
болса, соншалықты зияны бар екенін зерттеу.


Зерттеу болжамы: Біз ойлағандай, егер де біздің замандастар компьютерді тек ойын үшін қолданып, уақытты зая кетірсе, онда көзі көруі және денсаулығы бұзылады, ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді.


Міндеттері:

  • Тақырыпты таңдау;

  • Ғылыми жоба жетекшісінен кеңес алу арқылы таңдалған тақырыпты талдау;

  • Ғылыми жетекші ұсынған және автордың өз тарпынан таңдалған әдебиеттерді талдау;

  • Эксперимент жасау;

  • Ғылыми жобаны қорғау.



Зерттеу әдісі: мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы,
оқушылардың компьютерге қаншалықты тәуелді екендігін
талдау және зерделеу, іс-тәжірибеде қолдану.


Зерттеу жаңалығы: Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді "досы" етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: "Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді", - дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуал, жансыз "өмірге" айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. "Компьютерге байлану" ауруы негізінен кімдерде пайда болады?" деген сауалға мамандардың жауабы: "негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған балалар аталған ауруға бейім. Осы әуестігі компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей деп есептейтіндей деңгейге жетеді", - дейді.


Негізгі бөлім
Дербес компьютердің даму тарихы
Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді. Кейін келе XVII ғ басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д.Робертсон да жүргізген. Ол Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын – арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет