Ғылыми жоба тақырыбы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» Бағыты


Ерсін Еркежан Бекжанқызының



бет9/9
Дата16.09.2022
өлшемі185,05 Kb.
#39297
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ерсін Еркежан Бекжанқызының
«Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбына ұсынған зерттеу жұмысына
ПІКІР
Шығармашылық - ізденіс жұмысты жазу барысында Ерсін Еркежан мектеп оқушылары арасында қазіргі таңдағы жаңа технологияны меңгеру өзекті мәселелердің бірі екендігін қарастырған. Компьютерді, жаңа технологиялық құрылғыларды меңгерген баланың ойлау қабілеті жоғары болатыны айтылған. Зерттеу жұмысында: Компьютердің қаншалықты даму процесіне көмегі тиетіні жайлы далелдер келтірген. Компьютердің пайдасынан бөлек зиянды жағында мысалдармен келтірген. Тақырыпты жан- жақты зерттеп ашуға тырысқан.
Ерсін Еркежан бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында көп ізденгені байқалды. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, практикалық бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр тақырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті. Зерттеу жұмысы 3 тілде аннотациямен жазылған.
Казіргі таңда компьютердегі интернет ойындардың адам психологиясына қаншалықты әсер ететінін практика жүзінде дәлелдеген.
Ерсін Еркежан болашақта жан-жақты, туған жерін, елін бағалап, қорғайтын, жаңа технологияны меңгерген, басқа жасөспірімдерге үлгі болатындай еліміздің біртуар, білімді ел басқарар азаматы болатынына сенім білдіремін. Жалпы алғанда жұмыс өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.


П.ғ.к. доцент
Кафедра меңгерушісі: Джусупбекова Г.Т.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет