Ғылыми жоба тақырыбы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» Бағыты



бет4/9
Дата16.09.2022
өлшемі185,05 Kb.
#39297
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді суретте көрсетілгендей, өнімділігі мен мөлшеріне қарай әртүрге бөлуге болады. Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютертұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.





Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауғаарналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді.
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерліноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан (қалта) компьютері.
Қызықты ақпарат
Заманауи компьютерлердің қолданылу салалары әр түрлі.
Көптеген адамдар күнде офиске бармай-ақ, компьютермен үйде жұмыс істегенді ұнатады. Есепшілер, жазушылар, программистер, дизайнерлер, аниматорлар, суретшілер, музыканттар және де көптеген кәсіп иелері үйде жұмыс істей алады. Яғни, жұмыстары компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланысты мамандардың бәрі үйде отырып компьютермен жұмыс істей алады.
Компьютер көмегімен сауда жасауға болады. Көптеген тауарларды интернет арқылы сатып алу өте қолайлы. Қажет заттарды іздеу үшін дүкендерді аралауға уақыт жұмсаудың керегі жоқ. Барлық каталогтар интернет-дүкендердің сайттарында орналасқан. Сондай-ақ коммуналдық қызметтерді өтеу, телефонды пайдаланғандарың үшін шоттарды толықтыру, ақша аудару және т.б. компьютер көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет