Жүрек аритмиясы – жүрек бөлімдерінің қозу және жиырылу жиілігі, ритмінің бұзылысы. Аритмия дамуында маңызды орын алатын электролиттік бұзылыстар, соның ішінде калий, кальций мөлшерінің өзгеруі. Аритмияның жіктелуі:
I локализациясы бойынша:
Қарыншаүстілік(суправентрикулярлы)
Қарыншалық аритмия
II клинико – электрокардиография бойынша(М.С. Кушаковский және Н.Б.Журавлева):
Импульстың пайда болу бұзылыстары.
Жүректік өткізгіш бұзылыстары
Клиникалық көрінісі
Жүрек аритмиясының клиникасы әртүрлі. Ол қарынша жыпылықтауы, қарыншалық асистолия әрқашан реанимациялық шараларды қажет ететін агональді жағдай болып табылады. Аритмия гемодинамиканың нашарлауын,мысалы, жүректік немесе коронарлық жетіспеушіліктің үдеуі, ағзалардың қанмен қамтамасыз ету бұзылыстары.
Жүрек өткізгіштігінің бұзылысы .Өткізгіштің бұзылысы кезінде жүректің түрлі тосқауылдар пайда болады, жүректің өткізгіш жүйесі бойынша импульстің баяулауы немесе толық тоқтауы болады. Ритмнің бастаушысы - синустық түйін – оң жақ жүрекшеде орналасады. Импульс негізгі 3 жол бойынша тарайды:

1) Бохман шоғыры – жүрекшеаралық жол, ол арқылы оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге қозу тез тарайды.
2) Венкенбах жолы синустық түйінді байланыстырады.
3)Торелл жолы – атриовентрикулярлы түйінді байланыстырады.
Осы 3 жол атриовентрикулярлы түйін деңгейінде анастомоз құрады. Ол жүрекшеаралығының төменгі бөлігінде орналасқан.
Атриовентрикулярлы түйін Гисс шоғырына, ол өзі 2 тармаққа бөлінеді: оң және сол.