Ғылыми жобаның мақсаттары: Фразеологизмдердің стилистикалық қызметтерін анықтау



бет3/4
Дата04.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#26994
1   2   3   4
Фразеологизмдер - тарихи категория: бұл оған дәуірлік сипат береді. Тұрақты сөз тіркестері жеке сөздер сияқты үнемі дамуда болады. Фразеологизмдердің дамуының негізгі екі түрі бар:

Бірінші, тұрақты сөз тіркестері, ең алдымен, сол тілдің иесі болып табылатын халықтың ұлттық ерекшелігіне қарай жасалып, қалыптасады.

Екіншісі- тұрақты сөз тіркестері дамуының сыртқы процесі. Халықтар арасындағы қарым-қатынас бір тілден екінші бір тілге фразеологизмдердің ауысып отыруына мүмкіндік туғызады

Мәселен: ештен кеш жақсы, жылтырағанның бәрі алтын емес, бейбітшілік көгершіні т.б тіркестер біздің тілімізде орыс тілінің ықпалымен қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байыта түсуде. Cондай-ақ, Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезарь).Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді(Гладстон). т.б сол сияқты әр түрлі халықтық афоризмдері де бізге орыс тілі арқылы енгені белгілі. Cөйтіп, қай тілдің болмасын фразеологиясы халықтардың өз ара қарым-қатынаста болуының нәтижесінде бірін-бірі толықтырып отырады.

Жалпы фразеологизмдерді аударудың үш тәсілі бар:

1. Фразеологизмдердің аударуда оның жалпы мағынасын беріледі. Мысалы:.

Яблоко раздора – егестің басы.

Водитьза нос – әуреге салу.

2.Фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіні ескеріледі. Мысалы:

Беречь как зеницу ока - көздің қарашығындай сақтау.

Волосы стали дыбом – төбе шашы тік тұрды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет