Фразеологизмдердің өзіне
тән негізгі қасиеттері.
1. Дайын тілдік единица ретінде
жұмсалады.
2. Жалпыға бірдей танылған қолдану
заңы болады.
3. Мағына бірлігі сақталады.
4. Екі сөзден кем болмайды.
Тұрақты сөз тіркестері тілімізде екі түрлі
қызмет атқарады.
Бірінші, фразеологиялық бірліктердің негізгі
қызметі – заттың, құбылыстың атын білдіретін
(қызыл алаң, құрмет тақтасы, ашық сабақ т.б.)
және сөйлем түрінде келеді ( Көзім ашылды.
Жақсыдан жаман туған.)
Екінші, фразеологизмдер тілімізге бейнелі
және мәнерлі рең беруде, тіліміздің эмоционалды –
экспрессивті бояуын арттыруда зор мәні бар.
Мысалы: алдану –тақырға отырып қалу;
момын – қой аузынан шөп алмас.
Фразеологизм-
дерді
қолданудың
стилистикалық
тәсілдері
Жалпы
халықтық
формада
қолданылуы
Өзгертіліп
авторлық
өңдеумен
қолданылуы
Тұрақты сөз тіркесінің құрылысы өзгертіліп,
өңделіп қолданылады. Ақын – жазушылардың
стиліне тән тағы бір ерекшелік ол – бұрыннан
белгілі тұрақты сөз тіркесінің үлгісімен жаңа сөз
орамдарын қалыптастыру. Осы сөз орамының
бір қатары халық арасына кең тарап, қанатты
сөзге айналған.
1. Өнер – білім бәрі де
Оқуменен табылған.
( Ыбырай)
2.Өмір озады, ажар тозады.
( М.Әуезов)
Абай шығармаларындағы фразеологизмдердің
қолданылуы.Ұлы ақын өлеңдерінде тұрақты
сөз тіркестерінің құрылысы өзгертіліп қолданылады.
Мысалы: Абай «Көп асқанға бір тосқан»
деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай құрған:
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға.
Оған үміт кім қылар,
Жол табар деп сасқанда.
Кешікпей-ақ тосқанға...
Абай белгілі тұрақты сөз тіркесінің үлгісімен
жаңа сөз орамдарын қалыптастырды. Мысалы:
«Сырты жылтырауықтың іші қалтырауық» –
деген үлгісімен төмендегі сөз орамды жасалған
1. ...Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты бүтін, іші түтін.
2. Ішім өлген сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау.
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырау?
3. Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей.
(Абай )
Ұлы ақынның қаламына тән сөз орамдары
халық арасына кең тарап, қанатты сөздерге
айналған.
1.Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
2.Тіл өнері дертпен тең.
3. Досыңа достық қарыз іс.
(Абай )
Достарыңызбен бөлісу: |