Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата12.02.2017
өлшемі3,7 Mb.
#3948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлтай А. Балалар  поэзиясындағы  отаншылдық  сарын   
 
 
құбылыс болып табылады. Бұл жағдай әр шығарманы өзіне ғана тән болмыс-
бітімі бар дара көркемдік құбылыс ретінде қабылдау қажеттігін, соған орай, 
оларды жекелей талдап-тану қажеттігін аңғартады. Десек те, бұл − әр түрлі 
әдеби  шығармаларда  оларды  өзара  ортақтастыратын  сипаттар  болмайды 
деген сөз емес. Уақыты жағынан да, көлемі жағынан да, тіпті сыртқы пішіні 
жағынан да бір-бірінен алшақ тұрған көркем шығармалардың өзін жинақтай 
топтастыруға  мүмкіндік  беретін  ортақ  мәселенің  бірі  олардың  тақырыптық 
белгілеріндегі  ұқсастық  және  соған  орайласа  көрінетін  идеялық  үндестік 
болып табылады. 
Қай  кезде  де  тақырып  арқауы  өмірлік  проблема,  ал  идея  негізі  сол 
проблеманы шешу жолы болып келгені белгілі. Тақырыптың да, идеяның да 
бастауы  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдегі  проблемаларда  жататыны  мәлім. 
Демек,  қандай  да  бір  қоғам  үшін  басты  проблемаға  айналған  жағдайдың 
әдебиет үшін де негізгі тақырып болуы заңды құбылыс. Өмірдегі біріне-бірі 
ұқсай  бермейтін  қосалқы  проблемалар  қоғамдық  ауқымдағы  аса  маңызды 
проблемалардың салдары болып табылатыны сияқты, жеке шығармалардағы 
тақырыптар  да  кезең  әдебиеті  үшін  зор  маңызға  ие,  көркемдік  тұрғысынан 
шешілуге  тиісті  проблеманың  алуан  сипаттағы  көрінісі  болып  табылады. 
Жекелей алғанда, көтерген проблемасы, айтар ойы, көркемдік мазмұны мен 
пішіні, сюжеттік желісі мен образдар жүйесі, тілдік кестесі, көлемі жағынан 
біріне-бірі ұқсамайтын әдеби шығармаларды өзара жақындастыратын себеп 
−  сол  шығармаларда  көрініс  тапқан  нақты  бір  қоғамға  яки  жалпы  адамзат 
қоғамына тән проблема. 
Осы  тұрғыдан  келер  болсақ, қазақ  балалар  поэзиясының даму  кезеңінің 
барлық  сатысында  алтын  арқауы  үзілместен  жалғасып  келе  жатқан  негізгі 
тақырыптардың бірі − Отан, туған жер, туған ел тақырыбы. 
Отан,  туған  жер  −  адам  баласы  үшін  ең  аяулы  да  қасиетті  ұғымдар. 
Отанды  сүю,  туған жерді  аялау  −  адамзат  қоғамының  мәңгілік    маңызға  ие 
проблемаларының  бірі.  Сол  себепті  Отан,  туған  жер  мәселесінің  балалар 
поэзиясында  да  ең  басты  тақырыпқа  айналуы  түсінікті.  Алайда  балалар 
поэзиясы  үшін  тақырыпты  айқындау,  соған  сәйкес,  Отанның  қасиеттілігін, 
Отанды  сүю  қажеттігін  поэзия  тілімен  жырлап  шығу  аз.  Өйткені  Отан 
туралы, туған жер туралы өзіндік түсінігі қалыптасқан үлкендерге арналған 
өлеңнен  балалар  өлеңінің  айырмашылығы  бар.  Жас  ерекшелігіне 
байланысты  жалпы  дүниетанымы,  білім-түсінігі  үлкендерден  бөлек  бала 
оқырманға  Отанды,  туған  жерді  сүю  қажеттігі  жайында  ақыл  айту  яки 
Отанның  ұлылығын  асқақ  пафоспен  термелеп  шығу  көп  жағдайда  әсерсіз 
болуы,  әсерсіз  болғандықтан  қызықсыз  да  қажетсіз  болуы  ықтимал. 
Балаларға  арналған  өлең  балаға  әсер  етуі  үшін  өлең  арқауына  қандай 
тақырып  алынса  да,  оның  көркемдік  құрылымы  баланың  таным-түсінігіне 
етене  жақын,  мейлінше  қарапайым  бейнелі,  тілі  жеңіл  де  әсерлі  болуы, 
сонымен  бірге  балаға  айтқысы  келген  ойын,  түсіндіргісі  келген  мәселесін 
оның  жанына  жақын,  сезіміне  тиетін  жәйттерге  сүйене  отырып  ұсынуы  
 
 

48 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлтай А. Балалар  поэзиясындағы  отаншылдық  сарын   
 
 
қажет.  Сонда  ғана  балаға  арналған  өлең  өз  межесіне  жетпек.  Мәселен, 
жазылу  уақыты  жағынан  айырмашылығы  бар  төмендегі  екі  өлеңге  назар 
аударып көрелік: 
С.Сейфуллин. “Туған жер”: 
Кеңсің, дала, 
Туған ана, 
Көйлегің кең, көк ала. 
Жан беретін, 
Тән беретін 
Мейірімді ана, сен ғана. 
 
Б.Ысқақов. “Сенің Отаның”: 
Отан − сенің ата-анаң, 
Отан − досың, бауырың. 
Отан − өлкең, астанаң, 
Отан − аудан, ауылың. 
 
Отан − тарих, Отан − тіл, 
Жасаған елің, өз халқың. 
Отан − өлең, Отан − жер, 
Көтерген көкке ел даңқын. 
 
Отан осы, достарым
Көңілге мұны түйе біл. 
Отан деп өсіп жас жаның, 
Оны ардақтай сүйе біл. 
Байқалып тұрғандай, екі өлеңде де әсіре бояу, қолдан жасалған асқақтық 
жоқ. Керісінше, туған жердің, Отанның қадір-қасиетін баланың өзіне белгілі 
түсініктер аясында, бала жанына жақын ұғымдар аясында қарапайым тілмен 
Отанның,  туған  жердің  көркем  бейнесін  жасай  отырып  жеткізеді. 
С.Сейфуллин  өлеңінде  туған  Дала  көк  ала  көйлек  киген  мейірімді  Ана 
бейнесінде  көрініп,  ақынның  “Туған  жерді  сүйе  біл”  деген  ойы  лирикалық 
кейіпкердің  Анаға  деген  ықыласы,  сүйіспеншілігі  арқылы  жеткізіліп  тұрса, 
Б.Ысқақов  өлеңінде  бұл  ой  басқаша  үлгіде  берілген.  Ақын  Отанды  сүю 
идеясын  “Отан”  ұғымының  мәнін  балаға  айрықша  ыстық  “ата-ана,  дос, 
бауыр”  ұғымдарымен  байланыстыра  жеткізіп,  келесі  кезекте  “ауыл,  ел, 
халық,  туған  жер,  тарих,  тіл”  сияқты  кең  ауқымды  ұғымдармен 
сабақтастыра, одан әрі дамытып әкетеді де, сол арқылы Отанды неліктен сүю 
қажеттігін аңғартады. Бұл өлеңдердегі тақырыпты ашу мен идея жеткізудегі 
ұтымдылық  ата-анасын,  досын,  бауырын,  ауылын  өзі  де  жанындай  жақсы 
көретін  балаға  Отанды  сүю  қажеттігін  де  жанымен  сезінуіне,  іштей 
түйсінуіне  мүмкіндік  беруінде  жатыр.  Отан,  туған  жер  туралы    түсінігі  
толықтай  айқындала  қоймаған  балаға  түсіндіруден   гөрі,  
 
 

49 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлтай А. Балалар  поэзиясындағы  отаншылдық  сарын   
 
 
іштей  түйсінудің,  сезінудің  әсері  жоғары  болмақ.  Ал  балалық  шақта  негізі 
қаланған  бұл  сезім  бала  есейе  келе  оның  бойындағы  елжандылық, 
отансүйгіштік  сезімдеріне  ұласары  анық.  Балалар  поэзиясының  мақсаты  да 
бала  бойында  болашақ  ұлы  сезімдердің,  түсініктердің  дәнегін  себу  болып 
табылатыны мәлім. Бұл орайда аталған өлеңдердің көркем идея тұрғысынан 
нәтижелі болғаны шүбәсіз.  
Бала  дүниетанымына  лайық  қарапайым  ұғымдар  аясында  Отан,  туған 
жер  тектес  үлкен  ұғымдардың  көркем  бейнесін  жасау  арқылы  балаға  әсер 
етуге, сол негізде бала бойында ізгі де ұлы сезімдердің қалыптасуына ықпал 
етуге  жол  тапқан,  нәтижесінде  балалардың көркемдік қазынасына айналған 
өлең-жырлар  қазақ  балалар  поэзиясынан  көптеп  табылады.  Бұл  қатарда 
Ө.Тұрманжановтың “Отан”, “Алматы − менің астанам”, М.Хакімжанованың 
“Отан”,  С.Сейітовтің  “Алматы  −  астанам”,  М.Әлімбаевтың  “Дала  баласы”, 
С.Мәуленовтің  “Түрленіп  дала”,  М.Жаманбалиновтің  “Жомарттығы-ай 
даламның”,  “Туған  жерге  жетпейді”,  Ә.Дүйсенбиевтің  “Біз  −  өмірдің 
гүліміз”,  Т.Молдағалиевтің  “Қазақстан  картасы”,  “Біздің  ту”,  “Көл”, 
“Бағбан”,  Қ.Баянбайдың  “Жайлаудағы  жаз”  циклін,  Е.Өтетілеуовтің  “Біз  − 
қазақ  баласы”,  “Ағалар  жолымен”,  “Жалауша”,  Ж.Әбдірашевтің  “Отан”, 
“Ата арманы”, “Балабақша − гүлбақша”, “Отан!” деген − осы ара”, “Алматы 
− бас қалам, жас қала − Астанам!” т.б. ақындардың өлеңдерін атауға болады. 
Отан,  туған  жер  тақырыбына  арналған  шығармалардың  барлығын  бір 
үлгідегі дүниелер ретінде қабылдар болсақ, жаңсақтыққа ұрынарымыз анық. 
Себебі тақырып ортақ болғанмен, әр ақынның өзіне ғана тән шығармашылық 
болмысы  болатыны  сияқты,  олардың  қаламынан  туған  әр  туынды  да  − 
өзінше  жеке  әлем.  Әр  туындының  өзгеге  ұқсамайтын  көркемдік  мазмұны 
мен  пішіні,  айтар  ойы,  бейнелеу  тәсілдері  болатыны  белгілі.  Тақырыпты 
ашу,  идеяны  жеткізу  бір  өлеңде  жоғарыдағы  үлгіде,  яғни  балаға  жақын 
ұғымдарды  дамыта  отырып,  оның  дүниетанымы  үшін  жаңа  бейне  −  Отан, 
туған  жер  бейнесін  жасау  арқылы  жүзеге  асатын  болса,  келесі  бір 
туындыларда  баланы  қоршаған  ортаның  көрініс-суреттерін  көркем  бейнеге 
айналдыру арқылы, енді бір шығармаларда шағын оқиғаны яки ситуацияны, 
немесе  баланың  өз  сезімдері  мен  әсерлерін  бейнелей  отырып  ой  ұсыну 
тәсілдері  арқылы  көрініс  тауып  жатады.  Мәселен,  М.Жаманбалиновтің 
“Туған  жерге  жетпейді”  өлеңінде  туған  жер  қасиеті  лирикалық  кейіпкер  − 
баланың жасаған ұясына қонған қараторғайдың әні арқылы ашылады.  
-Туған жерім, армысың! 
Жылы ұям-ау, бармысың? 
 
Күзде ұшып кеткеннен, 
Оралғанша көктемде, 
Дала кезіп шаршадым
Туған жерді аңсадым... 
 
 
 
 

50 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Әлтай А. Балалар  поэзиясындағы  отаншылдық  сарын   
 
 
...Бәрі, бәрі тамаша! 
Ойлап оны қарасам: 
Керемет жер көп, мейлі, 
Бір  өзіңе  жетпейді!  –  деп  жырлаған  қараторғай  әні  мен  өлең 
бастауында баланың жасаған ұясын айту арқылы өлеңде екі үлкен идея көрінеді. 
Біріншіден, құстың өз ұясын аңсайтынын бейнелеу арқылы адам баласына да өз 
ұясы  −  Отаны  ыстық  болатыны,  дүниеде  әдемі  жер  көп  болғанымен,  өз 
Отаныңнан  қымбат,  қасиетті  жер  болмайтыны  бейнелі  жетіп  тұрса;  екіншіден, 
қараторғайдың бала даярлаған ұяға қонғанын суреттеу нәтижесінде туған жерді, 
туған табиғатты аялау идеясы алға тартылады. Өлеңмен таныс оқырман бала да 
лирикалық  кейіпкерден  үлгі  алары,  туған  жерге  қамқорлық  жасауға  ұмтылары 
анық.  Бұл  −  өлеңдегі  көркемдік  идеяның  діттеген  жерден  табылуының  бір 
көрінісі. 
Отанды сүю, туған жерді қастерлеу идеясын ашық ұсынбай, бала сезімдерін 
бейнелеу  арқылы  астарлай  жеткізудің  әдемі  де  әсерлі  үлгілерінің  бірі 
Ә.Дүйсенбиевтің “Біз − өмірдің гүліміз” өлеңі: 
Зеңгір көктен 
Нұрын төккен, 
Ортақ біздің күніміз. 
 
Жайнап өскен,  
Жайдары өскен  
Біз − өмірдің гүліміз... 
Үзінді  алынған  өлеңде  Отан,  туған  жер  туралы  бір  ауыз  сөз  жоқ  болса  да, 
қарапайым  тілмен  шынайы  бейнеленген  баланың  бақытты  өмірге  ризашылық 
сезімі,  өзі  мен  достарының  алаңсыз  қуанышы  Отанымыздағы  тыныштықтың, 
бейбітшіліктің  арқасында  болып  жатқанын  сездіру  бар;  өзіне  қамсыз  күлкі 
сыйлағаны  үшін  де  туған  Отанды  ардақтау  қажеттігін  аңдату  бар.  Отан 
тақырыбын жырлаудың ұлттық балалар поэзиясындағы жемісті үлгілерінің бірі 
осы сипатта болып келеді. 
Отан,  туған  жер  тақырыбының  қазақ  балалар  поэзиясында  жетекші  маңыз 
иеленуінің орынды себептері бар. Ол − Отан амандығы үшін, туған жер бүтіндігі 
үшін  талай  ғасырлар  бойына  қиян-қилы  күрес-тартыстарды  бастан  өткерген 
халқымыздың тарихы үйреткен сабақ. Ол − халықтың ауыз әдебиетінен, ежелгі 
жазба  жәдігерлерден,  жыраулар  поэзиясынан  желі  тартып  жатқан  әдеби-
көркемдік дәстүрдегі заңды сабақтастық. Ал дәстүрлі тақырыптың өзі әр ақында, 
әр  шығармада  өзінше  бейне  тауып  жырлануы,  сондай-ақ,  тақырыппен  өзектес 
идеяның да әр өлеңнің көркемдік мазмұнымен үндесе, түрлі үлгіде жеткізілуі − 
қазақ  балалар  поэзиясының  көркемдік-шығармашылық  тұрғыдан  биік  деңгейді 
бағындырып үлгерген әдебиет саласы екендігін аңғартатын белгілердің бірі. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ысқақов  Б.  Қазақ  және  Еділ  бойы  халықтары  әдебиеттерінің  идеялық-творчестволық  байланыстары  (шығу  тегі  мен 
жолдары). -Алматы: “Арыс” баспасы, 2007. -276 б. 
2.
 
Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. -Алматы: Мектеп, 1971. -200 б. 
3.
 
Нұрғалиев Р. Күретамыр. Қазақ драматургиясының поэтикасы. Монография. -Алматы: Жазушы, 1973. -236 б. 
4.
 
Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. -Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1994. -74 б. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 

51 
 
 
Д.ИСЛАМ 
филология ғылымдарының кандидаты, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ӨЛЕҢДЕГІ КӨРКЕМДІКТІҢ  КӨПҚЫРЛЫЛЫҒЫ 
  
В  этой  статье  расматриваются  художественные  приемы,  использованные  автором 
произведения.  
                       
This article deals with artistic methods used by the author of the work. 
 
Өлең  мазмұны  –  ақын  парасатын,  дүниетанымдық  көзқарасын, 
интеллектуалды  дәрежесін  бүтіннің  бөлшегі  ретінде  айқындап  тұрады. 
Поэзиядағы  интеллектуалдылықтың  өзі  бір  қырынан  ақынның  суреткерлік 
табиғатында  жатады.  Суреткерлік  –  көркемдік  ойлау  мен  оны  мәтін 
шумақтарында  қиыстырып,  үндестіріп  берудің  амал-тәсілдерін  тудырады. 
Қазақ поэзиясындағы көркемдіктің неше алуан қалыптасқан формалары бар. 
Ол  формалардың  көпшілігі  дәстүрлі  түр  мен  тұрақты  символдық  мән-
мағынаға  айналған.  Ал,  бірқатар  көркемдік  арналар  суреткер  қиялымен 
түрленіп,  жаңа  поэзиялық  аралдарды  елестетеді.  Адамның  дүниетанымдық 
маңызды  құралы  болатын  көркем  шығарма  [1.21]  халықтық  көне  негіз  бен 
бүгінгі өркениеттің арасында сан алуан құбылыс психологиясын өрнектеуде. 
Өлең  мәтінінен  негізгі  идеяны,  ақынның  айтар  ойын,  позициясын  жете 
қабылдаймыз. Лирикалық кейіпкер не «меннің» көңіл- күйіндегі субъективті 
көзқарасына  талдау  жүргіземіз.  Бейнелі  жеткізудегі  ақын  тіліне,  сөз 
қолданысына,  тілдік  қорына  бағдар  жасаймыз.  Бүгінге  дейін  мазмұндық 
желіні  шартты  тақырыптарға  апарып,  теліп  те  келдік.  Мынау  ақынның 
табиғат лирикасына, мынау махаббат лирикасына, мынау саяси лирикасына, 
тағысын  тағы  жатады  деп  шартты  жинақтаулардан  арыға  бара  алмай 
жататынымыз  да  белгілі.  Бүгінгі  ғана  емес,  тіпті  кешегі  өлеңнің  де 
поэтикалық  құрылымына,  оны  тудырушы  ақын  түйсігіне,  субъективтік  пен 
табиғат,  әлеуметтік  орта  арасынан  жасалған  «көркемдік  әлемге»  барлау 
жасай  алдық  па?  Өлеңдегі  лиризм,  драматизм  белгілеріне,  көркемдік  нәрін 
жасаушы бейнелі сөздік ұғымдардың жасалу тәжірибелеріне де үңіле алмай 
келеміз.  Лирикалық  кейіпкер  мен  ақын  арасындағы  концепциялы  байланыс 
не  мүлде  ақынға  қатысы  жоқ  кейіпкерлер  галереясынан  жасалған 
дүниетанымдық  ойлар  мен  авторлық  шешімдер  арақатысы  тиянақты  сөз 
болмай  отыр.  Өлең  желісіндегі  оқырманға  психологиялық  көңіл-күй 
тудырушы шеберлік  «методтар» да қарастырылуы қажет. Мұндай шеберлік 
тәсілдерінің  бір  ғана  емес,  бірнеше  түрде  үстемелеп  беріліп,  үдемелі 
көріністе  психологиялық  күй  тудырып,  оны  оқырманға  қабылдау  амалын 
қалыптастыруы ше? Оқырмандық қабылдау амалын қалыптастырудың арғы 
жағында тыңдаушыға ой жегу, ой салу сияқты шығармашылық тәмсілдер де 
бар  емес  пе?  Мұның  бәрі  қазіргі  қазақ  лирикасының  тақырыптық 
құрылымының  ауқымдылығын,  мазмұндық  пафосының  күрделілігін 
сипаттайды.  Осы  ойларымызды  ақын  Т.Әбдікәкімұлының  «Ындын»  атты 
өлеңін талдау негізінде тереңдете түсейік.  
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 

52 
 
Ислам Д. Өлеңдегі көркемдіктің  көпқырлылығы 
 
 
Хақ-тәңірдің өртенулі қолжазбасындай күп-күрең 
                                                                        іңір еді... 
Келе жаттың күліп сен [2].  
Алғашқы    тармақтардан-ақ  ақынның  суреткерлік  алымы  бөлек  екенін 
ұғасыз. Ақындық қиял, ұшқыр ой табиғаттың өз суретін санаңда тірілтіп, көз 
алдыңа жанды  күйге бөлеп елестетеді. «Күп-күрең іңір еді» – бұл адамзатқа 
ортақ табиғаттың белгілі бір уақыттағы көрінісі. Кешкі аспанға зер салған әр 
адамға  таныс  кезең  суреті.  Әрине  ол  жай  қарай  салған  адамға,  кәдуілгі 
мезгіл, солай көрінуге тиісті жайт ретінде ғана әсер етеді. Табиғаттың аспан 
көкжиегінде  күнделікті  кешкі  уақытта  өтетін  реалды  суреті  сияқты. 
Мойындауымыз  керек,  ондағы  (реалды  суреттегі)  «жанды  процесті»  көбіне 
аңғара  бермейміз.  Анығын  айтсақ,  «жанды  процеске»  зер  сала  қоймаймыз. 
Зер  салған  күннің  өзінде  оны  физикалық  заңдылықтармен  оңай  түсініп 
қабылдаймыз. Ал, бұл жерде ақын дүниетану даралығын танытуымен қатар 
оны  поэзияда  өрнектеуде  дәстүрлі  метафоралық  бейнеліліктің  жаңа,  тосын 
кілтін  тапқандығымен  ерекшеленеді.  «Табиғат  пен  қоғам  өмірі  терең 
бейнеленген  образдық  ассоциацияның  ғажайып  байлығы,  табиғат 
жұмбақтары  творчестволық  елестетумен  тамырлас.  Ол  құбылыстарды 
әшекейлеп, сан түрлі бояулармен құбылта көрсетеді. Халықтың эстетикалық 
санасына  жүгінсек,    пейзаж  бір  ғана  мақсатқа  пайдаланылмайды  екен.  Ол 
өлеңнің көркемдік әлемінде сан алуан қызмет атқарады екен» [3.88].  
Бұл  пікірге  сүйеніп,  ақынның  сөзбен  сурет  салуы  арқылы  әрленген 
пейзажды  құбылысының  философиялық  дүниетанымдық  негіздерге 
жетелеуші  баспалдақтық  қызметін  де  аңғарамыз.  Пейзаждық  қалып  бүкіл 
мәтінде көтерілер идеялардың кілті іспеттес. Ол кілтті ақын қиялы әрі қарай 
бұрап,  өлеңді  тоғытпалы  ой  ағымымен  өріп  отырады.  Мұнан  ақын  тілінің 
ерекшелігі де, стильдік даралығы да оқшау көрінеді.  
Әр кәлланың ақыретіне дейін ұзарған –  
Күн мен түннің алқынысынан қызарған 
Кәлимәны  
Күбірлейміз біз алдан [2]. 
Әуелі  осы  тармақтар  мен  алдыңғы  тармақтардың  байланысына  назар 
аударсақ.  Алғашқысында  өлең  ұйқасы  ой  ұйқасына  бағындырылған. 
Өлеңдегі мезгілдік уақыт ақындық түйсікте алынған көркемдік уақытпен дәл 
үйлескен.  Дәлірек  айтсақ,  кешкі  уақыт  бояуы  «күп-күрең».  Бояудың  түрі 
«хақ-тәңірдің өртенулі қолжазбасындай». Реалды уақыт пен өлең мәтініндегі 
көркемдік  «күп-күрең»  бояу  түрі  жымдасып,  адам  психологиясындағы 
сергелдең  күйдің  сәтін  анық  көрсеткен.  Қарапайым  адам  не  суреткер 
көңілінің күйзелісінен гөрі «жанның» алқынысы мен бұлқынысы басымдау. 
Осы  тармақтардың  сабақтастығы  біртұтас  өміртану  философиясын  адам 
санасында  жандандыра  түседі.  Бұл  жердегі  «хақ-тәңірдің    өртенулі  
қолжазбасындай»  адам  ғұмырының  аяғы  іспетті,  яғни  
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Ислам Д. Өлеңдегі көркемдіктің  көпқырлылығы 

53 
 
 
 
жеке адамға тәңірі жазған өмірді білдірген баламалы, ауыспалы сөз тіркесі. 
Анағұрлым  айшықты  да  бейнелі.  Бұл,  тіршілік  заңында  кездесетін  «ажал» 
дейтін кәрі де сұрапыл атаудың қазақ поэзиясындағы дәстүрлі, қалыптасқан 
бейнелеу тәсілінен мейлінше тың, жаңашыл үлгісі десек болады. «Өмір бар 
жерде  өлім  бар»  дейтін  ақиқатты  адам  санасына,    ақылына  салудың 
ишаратпен,  тәмсілмен  берілген  озық  сипаты.  Бұл  айтылған  ойлар,  өлеңдегі 
тармақтардың  шумақ  құраған  алғашқы  кезеңін  тұтас  алып  оқығанда  анық 
байқалады. Ал, алғашқы тармақты жеке тұрғанда оқып қабылдасаңыз, «адам 
өмірінің өткен, сөнген бір күнінің» уақытын тұспалдап беріп тұр деп ойлауға 
болады.  Онда  «хақ-тәңірдің  өртенулі  қолжазбасындай»  жер  бетіндегі  әрбір 
адамның  бір  күндік  тағдырының  жазмышы  іспетті  көрінеді.  Келесі  күнді 
аман  көрген  адам  ол  күні  не  болатынын  білмейтіні  сияқты,  тәңір 
қолжазбасындағы  «маңдайына  жазылған»  әр  күндік  тағдырының 
амандықпен өтуін тілейтіні ақиқат.  
Хақ-тәңірдің өртенулі қолжазбасындай күп-күрең 
                                                                       іңір еді... 
Келе жаттың күліп сен [2]. 
Алғашқы  тармақтағы  пейжаздық  сипаттаудың  өзі  оқырман  санасында 
суреттік  ойларды  оята  отырып,  «ақ  өлең»  жолымен  тосын  әңгіменің 
басталғалы  келе  жатқандығынан  хабар  береді.  Мезгілдік  уақытты  адам 
санасына  анық  түсірген  ақын  көзінің  қырағылығы  мен  оны  суреттеудегі 
тілдік  қолданысы  да  бөлек.  Автор,  өлең  поэтикасына  бастау  алар  мезгілдік 
уақыттың  суретін  «осы  шақта»  беруінде  де  көркемделуші  объективтің 
ралистік  сипатын  шынайы  көрсетуді  ескерген.  Оны,  өртенген  емес 
«өртенулі»  яғни, дәл  қазір жүріп жатқан «жанды, тіршілік процесі» үстінде 
көз  алдыңызға  әкеледі.  Осы  орайда,  Абай  ақындығынан  сөз  тартқан  мына 
пікірі суреткер ақындар шығармашылығына да тиесілі деп ойлаймыз. «Ақын 
өлеңіне  арқау,  түрткі  болған  табиғат  көрінісі  мен  мезгіл  кейпі  осылайша 
философиялық  тұжырымға,  ой  толғанысына  алып  барады.  Ал  образдық 
категорияларына,  сөздер  тізбегіне  көңіл  қойсақ,  онда  туған  жердің,  туып 
өскен  өлкенің  жұпар  иісі  аңқып  тұрғанын  көреміз.  «Мұңды  көңілім 
сырласар,  сұрғылт  тартқан  бейуақта»  деген  өлеңнің  осындай  бір  шақта 
туғанын  эпопея  авторы  аңғартады.  Романда  суреттелген  мезгіл  жайы  мен 
лирикалық  геройдың  күйін  салыстырсақ,  образды  қабысу  айқын  көрінеді: 
сұрғылт уақыт, бей уақыт, бей  мезгіл; бұған сай мұңлы көңіл!» [4.72].    
Мұндағы  «образдық  қабысудың»  өзі  алғашқы  тармақтағы  суреттеу  мен 
сипаттаудың өзегінде жатыр. Лирикалық кейіпкердің поэтикалық мазмұнды 
бастар  алдындағы  көңіл-күйі  де  «күп-күрең  іңір»  табиғатымен  тамырлас. 
Бірақ,  ол  күйді  лирикалық  кейіпкер  алғашқы  тармақтар  арасындағы 
философиялық  желіде  қалдырған.  Оны  «күп-күрең  іңір  еді...»  –  деп  
аяқталмаған,  «жаңа  бір  әңгіменің  басталғалы  тұрғанымен  де,  көп  нүктелі 
тыныс  белгілерімен  де»  айқындай   кетеді.   Әуелі   «мұңды»   суреттеумен  
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2009 
 
Ислам Д. Өлеңдегі көркемдіктің  көпқырлылығы 
 

54 
 
 
егіздес  болған  лирикалық  «меннің»  ендігі  күйі  де  тосыннан  өзгеріп  сала 
береді.  Ол  бір  жағы  айтылғалы  отырған  жаңа  әңгіменің  басталуынан  да 
білінеді.  Оқырманын  ойлантып  алып  барып,  жаңа  бір  күйге  бастап  кетеді. 
«Келе  жаттың  күліп  сен»  –  деген  жолдан-ақ,  лирикалық  «меннің»  әуелгі 
көңіл-күйін  жоғалтып  алғандай  боласыз.  Рухани  күйзеліс  пен  идиллиялық  
көңіл-күйдің    бірге  жүруі  секілді  ерекшелік  Еуропа  сөз  өнеріне  жуықтау 
екені  белгілі.  «Дүниені  идиллиялық  қабылдау  түрі  жанрларға  енеді  және 
идиллия  поэтикасын  айқындайтын  белгілі  бір  кеңістіктік  –  уақыттық, 
тұрмыстық  және  рухани  белгілермен  байланысты»,  –  дейді  А.Песков  
[5.225].  Кеңістікке  қарап  ойланып  тұрған  оқырманын  «келе  жаттың  күліп 
сен» – деп жаңа бір нысанаға бас бұрғызады. Ол қандай нысан? Күліп келе 
жатқан  кім?  Адам  ба,  ақын  қиялында  жанданған  кеңістіктің,  табиғаттың 
жанды,  тірі  кейпі  ме?  Автор  оқырманға  әлі  беймәлім  «бейненің»  келе 
жатқандығынан  хабар  береді  де  алғашқы  авторлық  позицияға  қайта 
ойысады.  Алғашқы  тармақтан  өрілген  дүниетанымдық  концепцияны  енді 
басқа  қырынан  толықтыра  түседі.  Қараңыз.  Әр  кәлләнің  ақыретіне  дейін 
ұзарған –  
Күн мен түннің алқынысынан қызарған 
Кәлиманы  
Күбірлейміз біз алдан [2]. 
Осы 
шумақ 
бастапқы 
тармақтағы 
«хақ-тәңірдің 
өртенулі 
қолжазбасындай»  деп  бейнелеген  автордың  философиялық  ой-түйінін 
адамдар  өмірі  негізінде  қайта  түрлендіріп  тұр.  Табиғаттың  бір  көрінісінен 
туған  бейнелі  дүниетанымдық  концепция  адам  ғұмырының  мәнімен 
параллелді  алына  отырып  тереңдетілген.  Адам  баласы  өмір  тіршілігінің 
мәнін  әр  түрлі  қабылдайтыны  да  автор  тарапынан  ескерілген.  Жеке  адам 
ғұмырының  әр  қилы  таным  сатыларынан  өтетіндігіне  автор  түсінік  беріп 
жатпайды.  Оны  лирика  жанры  көтермес  те  еді.  Шынайы  өмірдегі  осы  бір 
ақиқатты беруде автор әдемі көркемдік тәсіл тудырған. Ол «күн мен түннің 
алқынысынан  қызарған»  деген  бейнелі  сөз  тіркестерімен,  тағы  да 
«табиғаттағы тірі процесті» көрсету арқылы жүзеге асқан. Бұл жердегі «күн 
мен  түн»  қарама-қарсылы    екі  көзқарас  әлемінің  символдық  мағыналарын 
көтеріп  тұр.  Өйткені,  осы  екі  ұғымның  алқынысынан  адамның  ары  емес 
«кәлимәнің»  өзі  қызаруы  адамзат  санасын  ойландыруы  тиіс.  Мұнда 
«жаратқанды»  ұялтқан  бүгінгі  қоғамның  әлеуметтік  бет-болмысын  дәл 
көрсету  астарлы  ирониялық  мысқылдың  нәзік  өрілуімен  таңбаланған.  Сол 
«қызарған  кәлиманы»  күбірлейтін  тағы  да  адамның  өздері  екен.  Ол  «әр 
кәлләнің  ақыретіне  дейін  ұзаратыны»  да  ақиқат.  Автордың  «әр  кәлләнің» 
дейтін  сөздік  қолданысының  өзінен  поэтикалық  ойлау  формасын  айқын 
көреміз.  «Жұмыр  бастың»  не  «әр  пенденің»  деп  келетін  ұғым  түсінікті  «әр 
кәлләнің» деген атауға алмастыруында, сөзді авторлық концепциясына орай 
ойнатып  қолданып  тұрғандығын  көреміз.  Мұндай  атау   ұғымның   өзінде  

55 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет