А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
К.С.ҚҰРМАНБАЙ
педагогика ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан-Британ техникалық университетінің ассоциативтік профессоры
ЖАҢА МЕКТЕП – ГУМАНДЫҚ МЕКТЕП
В данной статье рассматриваются модель, структура и содержание новой гуманистической
средней общеобразовательной школы.
This article presents a model, a structure, and content of new humane secondary school.
Адамның бүкіл өміріне біржола білім алып, тек сол бір ғана мамандық
бойынша жұмыс жасауы ғылыми-техникалық ілгерілеу мен жаңа
технологияның өзгермелі тасқыны жағдайында өзінің мағынасын жойды.
Адамға өмір бойында үздіксіз білім алу әр түрлі мамандықты игеру
қажеттігі туындады. Осыған орай мектеп оқушының өздігінен білім алу
дағдыларын меңгеруін қамтамасыз етуге міндетті болып отыр. Сондай-ақ
көпмәдениеттілік те білім беру үдерісіндегі өзектілікті зәрулік ретінде
қабылдануда. Дарамәдениеттілік үлгі әміршіл қоғамдық жүйеге сәйкес
келеді де, ал көпмәдениеттілік үлгі ізгілік пен демократия тән қоғамға
үйлесімді.
Мұнда
мәдениетаралық
байланыстар
түзіліп,
тұлға
қалыптастыруда адамзаттық мәдениет те, ұлттық мәдениет те бір-бірін
толықтыра түседі. Білім берудің бұл үлгісі азаматтардың өз елі үшін ғана
емес, бүкіл әлем амандығы, гүлденісі үшін де жауапкершілік сезімде
тәрбиеленуін мақсат етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылы 15-шілдеде №3058
жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасында этномәдени білім
беру тұжырымдамасында» көпмәдениетті тұлғаға мынандай анықтама
берілген: «көпмәдениетті тұлға деп, өз мәдениеті арқылы басқа
мәдениеттерге бағдарланған жеке дара адам түсініледі. Ол үшін өз
мәдениетін терең білу – басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасы, ал
көп мәдениеттермен танысу – рухани баюы мен дамуы үшін негіз» [1].
Аталған тұжырымдамада этномәдени білім берудің мақсаты ретінде
тұлғаның өзінің туған мәдениетімен қанығуы және басқа мәдениеттерді
меңгеруі үшін жағдайлар туғызу, мәдениеттер диалогына және олардың
өзара байланыстырылуына бағдарлану, мемлекеттік тілді қоса есептегенде
үш-төрт тілді меңгеру арқылы көпмәдениетті азаматтың қалыптасуы
көрсетілген.
Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатындағы этномәдени білім
беру
Қазақстан
Республикасында
этномәдени
және
мемлекеттік
біртұтастыққа қол жеткізуге бағытталады.
Идеялардың, ойлау типтерінің, өмір сүру әрекеті тәсілдерінің ауысуының
ықпалымен әлемде білім берудің орны мен қызметі түбегейлі өзгеруде.
ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық комиссиясы білім берудің іргелі-
іргелі төрт құндылықтарына ерекше назар аударып отыр. Олар: бірге
өмір сүруге үйрену; білімді өздігінен алуға үйрену; жұмыс істей білуге
үйрену; өмір сүруге үйрену [2].
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
192
Басқа елдер, халықтар туралы, олардың тарихы, дәстүрлері, ойлау
қалыптары туралы білімді өздігінен ала отырып, олармен бірге өмір сүруге
үйрену керектігі айқындала түсуде. Осыған байланысты күн санап өсіп келе
жатқан өзара байланыстылықты түсіну бірлескен жобаларды жүзеге асыруға
мүмкіндік тудыратын жаңа тәсілжолдар жасауды және таңдауды
қажетсінуде.
Өздігінен білім алуға үйрену де аса маңызды. Бұл оқу пәндері бойынша
өз бетімен білім, білік және дағдыларды меңгеруді жалпы мәдени білім
алумен үйлестіру арқылы орындалады. Ол – жұмыс істей білуге қол
жеткізеді. Жалпы мәдени деңгей адам бойында білім алуға құштарлық
орнықтырады, соның негізінде өмір бойы оқып білім ала білуге қажетті
іргетас қалыптасады.
Жұмыс істей білуге үйрену деген – әр түрлі жағдаяттар мен жағдайларды
жеңіп шығуға қажет болатын құзыреттерді меңгеру, сөйтіп жұмыстың кез-
келген түріне дайын болу.
Ал өмір сүре білу – ХХІ ғасырдың ең басты
талабы, яғни әрбір адамның өз бетімен өмір сүруге қабілеттілігі олардың
ұжымдық,
топтық
жобаларды
жүзеге
асыру
шектерінде
жеке
жауапкершілігінің күшеюімен үйлесімдік табуы талап етіледі. Ал оқу
үдерісінде білімді көңілге тоқып меңгеруге, оның өзектілігін арттыруға және
қолданып пайдалануға үлкен көңіл бөлінеді. Білім беру қоғамдағы
өзгерістерге тұрақты түрде бейімделініп отыруы керек, сонымен бірге
адамзат тәжірибесінің жемісі болып есептелетін іргелі, негізгі біліммен
табыстыру мәні төмендемеуі тиіс.
Сөйтіп білім берудің әлемдік кеңістігіндегі бұл төрт құндылықтың ортақ
идеясы – білім беру адам мүддесіне керек мақсат пен мазмұнда дамуы
тиістігін аңғарамыз. Бұлар – бүкіл әлемдегі білім беру жүйесіне әрдайым
ықпал ететін қажетті мақсаттар. Білім беруді нақты жеке адам мүддесіне
бұру, жақындату талаптары жаңа педагогикалық ізденістер тудырып, мектеп
дамуына жаңашылдық бағыт беруде.
«Жаңашылдық деген ескіні қирату емес, ол тозығы жеткенді алмастыру
бойынша жұмыс және жаңаны өзін ақтаған нәтижелі педагогикалық
дәстүрлермен бірлестікте өру» – деп жаза келіп, З.А.Малькова жаңа
мектептің неғұрлым маңызды сипаттарын ерекшелеп көрсетеді [3]. Олардың
басты-бастыларын төмендегіше жинақтауға болады:
1.
Жаңа мектеп – «бәрі де бала үшін» болатын мекеме. Бала мектептің
педагогикалық жүйесінің арқауы. Дьюи айтқандай, бала – күн, басқаның бәрі
оны айналады. Бәрі де бала үшін болатын сипат – ең алдымен
гуманизацияның ұстанымынан туындайтын балаға сүйіспеншілік. Ұлы
Л.Н.Толстойдың: «Адамдармен махаббатсыз қатынасуға болмайды. Адамдар
арасындағы махаббат – адам өмірінің негізгі заңы. Адамдармен пайдалы
және зиян келтірмей араласып қарым-қатынас жасау тек оларды сүйгенде
ғана мүмкін» [4], – деп толғанатыны, мектепте де баланы сүйгенде ғана
оның жанын қанаттандыруға болатынына меңзейді. Ол деген – балаға
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
қамқорлық, көңіл, қолдау, жанашырлық, қайырымдылық, ол үшін шаттана
білу.
193
Бұның өзі балаларды мектептің өмір бойында жан-жақты және күннен-
күнге зерттеп отыруын керек етеді. Бұл мектепте гуманизациялаудың,
саралаудың, даралаудың іс жүзіне асуының негізі.
Жаңа мектепте оқушылар туралы деректер базасы жасалады. Онда әрбір
баланың отбасы, денсаулығы, оқу әрекетінің өсуі, оның жетістіктері мен
сәтсіздіктері,
мектепке
көзқарасы,
оның
сыныптағы
орны,
қызығушылықтары және олардың тұрақтылығы, сабақтан тыс және
мектептен тыс жұмыстарға қатысуы т.б. мәліметтер шартты құпиялылықта
сақталады.
Баланы терең танып білу және оған құрмет пен сүйіспеншілік – бәрі де
бала үшін болатын жаңа мектептің парадигмасының жүйе түзуші бөлігі.
2.
Жаңа мектеп – гумандық демократиялық қауымдастық. Жаңа мектепте
балалар мен ересектердің гумандық қауымдастығы арқылы азаттық
қалыптасады. Өзін-өзі басқару жүйесі құрылады, онда директор шектеусіз
бастық емес, келешектік идеялары бар, ұжымды қанаттандыра алатын
қабілетке ие, оны жаңашыл жобаларды жүзеге асыруға жұмылдырып, бастай
алатын
көшбасшы.
Директор
мектепті
педагогикалық
кеңеспен,
мұғалімдердің шығармашылдық тақырыптық топтарымен, ата-аналармен
және оқушылармен бірлестікте, ынтымақтастықта басқарады. Олардың бәрі
де мектеп басқаруда дауысқа ие болуға құқылы.
Мектептегі гумандық ахуалдың аса маңызды құраушысы – барлық
негізгі желілер бойынша тұлғааралық оң субъект-субъект сипатындағы
қатынастар: әкімшілік-мұғалімдер, мұғалімдер-мұғалімдер, мұғалімдер-
оқушылар, мұғалімдер-ата-аналар, оқушылар-оқушылар.
3.
Жаңа мектеп – денсаулық мектебі. Мұнда балалардың дене дамуы мен
денсаулығын қорғау басымдық мәртебеге ие. Педагогикалық ұжым
құрамында медициналық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсететін
қызметкерлер еңбек етеді. Білім беру мазмұнында бірінші сыныптан бітіруші
сыныпқа дейін «Денсаулық», «Мен өзімді танимын» сияқты міндетті пәндер,
курстар қарастырылады. Әрбір оқушы мектепте күніне бір сағаттан кем емес
уақыт дене тәрбиесі және спортпен міндетті айналысуына жағдай жасалады.
4.
Жаңа мектеп – табысқа жету мектебі. Тұлғаның табанды дамуының
негізін баланың табыс сезімі көңіл-күйін кешуі құрайтыны белгілі, ол – адам
үшін ең қажеттіліктер қатарынан орын алатын құбылыс. Ал ұзақ уақытқа
созылған табыссыздық күйі баланың өзіне деген сенімін жояды, өзіне және
өзгелерге теріс көзқарасын туындатады. Баланың барлығының да табысты
оқуға мүмкіндігі бар екені психология ғылымында дәлелденген. Ол үшін
мектепте биологиялық және әлеуметтік қиындықтардан оқуда қиналатын
балалар үшін арнайы түзетіп жетілдіре отырып дамытатын оқу жүзеге
асырылады. Балалар өзара көмектесе оқуға тартылады. Тек ақыл-ой ғана
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
емес, сонымен қатар көңіл-күй, сезім әрекеттерін қозғап, дамыта оқыту
бірқатар қолданылады. Табысқа жеткенді, өз біліктілігін үнемі сезіну
оқушыларға өзіне деген сенімділік, қасиет-қадірлілік сезімдерін ұялатады,
тұлғаның рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етеді.
5.
Жаңа мектеп – ойлауға үйретеді. Білімді дайын күйінде ұсыну, оны
есте сақтауды қанағат тұту және өзгеріссіз жаңғырту – дәстүрлі оқыту болса,
194
ол сақталынып, бүгінге де жетіп отыр. Еске сақтауға сенім артуды мақсат ету
және солай оқыту қоғамдағы өзгермелілікке, жаңашылдыққа, қайшы келуде.
ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап-ақ өндірісі озық дамыған елдерде мектептің
мақсатын қайта қарау және алдыңғы орынға ойлауға үйретуді шығару
басталды.
Соңғы екі он жылдықта оқушыларды ойлауға үйрету модельдерін,
жүйелерін, әдіс-тәсілдерін қарқынды іздеу жүргізілуде. Ресейде Библердің
диалогтық оқытуы кең жайылды. АҚШ-та ойлау дағдылары бойынша
арнайы жаттығуларды кәдімгі оқу бағдарламаларына енгізу тәжірибеге енді.
Мысалы, Липманның «Философия – сыныпта» атты кітабы себептер мен
салдарларды іздеп табуға және баламалық тұрғыдан заттарға баға беруге
ойды қозғайтын қызғылықты әңгімелерден құрастырылып ұсынылған.
Сондай-ақ бастауыш және төменгі орта сыныптарда эксперименттік-
зерттеушілік оқыту бағдарламасы кең қолдау тапқан. Бағдарлама қоршаған
ортаны, әлемді зерттеп тану үшін керекті құзыреттерді: бақылау, жіктеу,
салыстыру, болжам жасау, өзгермелілердің себеп-салдарын талдап
қорытындылар тұжырымдау, т.б. бірте-бірте күрделендіре отырып, ойлау
дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
Оқытудың оқушыларды ойлауға, талқылауға, проблемаларды
шешуге үйретіп шығаруға бағдарлануы жаңа мектепке тән сипатқа айналып,
оқу үдерісін түбегейлі өзгертуде.
6.
Жаңа мектеп – электрондық-ақпараттық технологиялар мектебі.
Мектептердегі компьютерлердің санының, оның интернетке қосылуының
барған сайын өсуі тән құбылыс. Компьютердің оқу үдерісінде қолдану
аумағы артуда. Оқу мен есептеудің дағдыларын компьютер арқылы
жетілдіруден бастап, мектеп неғұрұлым күрделі интерактивті жүйеге
көшуде: компьютердің қарапайым жүйесін видеожүйесімен, кабельдік
теледидармен, жер серігі байланысымен қосу, т.б. Оқу үдерісін
белсенділендіруде интернеттің маңызы зор: ол сынып бөлмесінің шектерін
әлемдік аумаққа дейін кеңіте алады.
7.
Жаңа мектеп – табанды адамгершілікті азамат тәрбиелейтін мектеп.
Адамгершілігі тұрақтылықты азамат тәрбиелеу жолдарын жаңа мектеп үзбей
іздеуде, ол оқу-тәрбие үдерісінде бірінші кезекке қойылуда. Мектептердің
жаңашылыдық тәжірибесінде төмендегідей элементтер тұрақты орын алуда:
195
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
-
азаматтану бойынша оқу жүктемесі сағаттарын көбейту, онда
теориялық жағдайларды азаматтық практикамен тығыз байланыстыру
көзделеді;
-
Отанға сүйіспеншілік сезімін дамыту, өз халқының өткенін, бүгінін,
оның тілі мен мәдениетін білу;
-
өз халқын біліп тануды және оны құрметтеуді – өзге халықтардың
мәдениетін қабылдаудың негізі деп санау, жастарды көп мәдениетті және
көпэтникалық ортада бейбіт, қақтығыссыз өмір сүруге үйрететін мәдени
плюрализмді құрметтеу;
-
«Мен – тұжырымдамасын» оң тұрғыдан дамыту, бұл әрбір бала сүйікті,
сүйкімді қабылданатын және қорғалатын гумандық ахуалдағы мектепте
толық мүмкін;
-
шектен тыс дарашыл менмендік сезімді жеңу, сөйтіп ынтымақтастық,
бауырмашылдық, өзара көмек сезімдерін, тек өзінің ғана микроәлемімен
шектелмей, бүкіл планетаның сақталып гүлденуі үшін жауапкершілік
сезімдерін дамыту;
-
еңбекке сүйіспеншілікке баулу және жалпы қоғам игілігі үшін
біліктілікті, құзыреттілікті еңбек етуге тәрбиелеу.
Бұл
бағыттар
жаңашылдықпен
жұмыс
істейтін
мектептердің
тәжірибесінде бастамшылдық сипаттағы қолданыста көрінуде.
Кез келген елдің әрбір мектебінде бұл жаңашылдықтың алтын дәндері
азды-көпті бар және олар даму үстінде деуге болады.
Жаңа мектептің тұлға дамытушы сипатының моделі кесте түрінде
түзілген.
Тәуелсіз Қазақстан елінің мектебі де бүгінгі күндерде дамудың жоғарыда
көрсетілген тарихи сипаттарын азды-көпті бастан кешіріп, әлемдік білім
беру тәжірибесіндегі ізденістерге тән бағытта дамуда.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі қоғамымыздағы саяси,
экономикалық және әлеуметтік түбегейлі өзгерістер білім берудің жаңа
дамуының алғышарты бола отырып, оған жаңа серпін берді. Осы жағдайда
білім беру жүйесінде алғашқы нәтижелер де бой көрсете бастады. Еліміздегі
жетекші әлеуметтік институт ретінде білім беру мекемелерінің құқылары
мен міндеттерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық акті қабылданды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995 ж. 30 тамыз)
орта білім беруді міндетті және тегін деп жариялады. «Білім туралы» заңда
(1999 ж. 7 маусым) жалпы орта білім берудің жаңа құрылымы белгіленді:
бастауыш саты (1-4 сыныптар), негізгі саты (5-9 сыныптар), жоғарғы саты
(10-11сыныптар). Толық орта білім алудың түрлі жолдары анықталды:
жалпы білім беретін мектепте, кәсіптік мектепте және колледжде.
196
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
Жаңа мектептің тұлға дамытушы сипатының моделі.
Бұл заңның негізінде мектеп сатыларының әрбірінің негізгі қызметі өзіндік
сипаттарымен ерекшеленеді:
І саты (1-4-сыныптар):
-Білім, білік, дағдыларды берік меңгеру;
-Баланың көркемдік ортадағы шығармашылық қабілеттерінің дамуының -өзіндік
мүмкіндіктерін ашу;
-өзін өзі бағалау, өзін өзі тану қабілеттерін қалыптастыру т.б.
ІІ саты (5-9-сыныптар):
-Оқу үрдісін жетілдіру жолдарымен оқушылардың ақыл-ойын дамыту;
-Мәдени-этикалық топтамадағы пәндер бойынша көркемдік шығармашылдық
білік-дағдыларын шыңдау;
-
Шығармашылық әрекеттердің әр алуан бейінді түрлері арқылы баланың өз
мүмкіндіктерін анықтай білуге, өз орнын аңғаруға, өзін өзі түзетуге қабілет-
ынтасын қалыптастыру т.б.
Бәрі де
бала
үшін
Гумандық
демокра-
тиялық
қауымдас-
тық
мектебі
Денсау
лық
мектебі
Табыс
қа жету
мектебі
Ойлауға
үйрететін
мектеп
Электрон-
дық ақпарат
тық техно
логиялар
мектебі
Табанды
адамгершілі
кті азамат
тәрбиелейті
н мектеп
Жаңа мектеп
1.Балаға
сүйіспен
шілік.
2.Баланы
жан-жақты
зерттеп
тану.
1.Өзін-
өзі
басқару
2.Тұлға-
аралық
оң
қатынаст
ар.
1.Балалар
-дың дене
дамуымен
денсаулы
ғын
қорғау.
2.Денса
улық
пәндері
1.Оқушы таб
ысқа ұмтылу
және жету ар
қылы өсіп
дамиды.
2.Жетілдіру,
түзету мақс
атындағы оқу
жүзеге асады.
3.Оқушы-
лардың өзара
көмектесуі
ұйымдас-
тырылады.
1.Мектептің
мақсатының
мәні – ойлауға
үйрету.
2.Диалогтық
оқыту.
3.Ойлау дағ
дыларын да
мытатын
жаттығулар.
4.Бақылау,
жіктеу, сал
ыстыру, бол
-жамдау, қо
рытынды-
лар жасау
т.б. құзыре-
ттерді
дамыту.
1.Мектепті
компьютер
лендіру.
2.Интернет
желісіне
қосылу.
3.Экран
арқылы
ұстаздан са-
бақ алу, оны
-мен байла
нысқа шығу.
4.Сыныптың
бөлмесін
әлемдік
білім
аумағына
дейін кеңіту.
1.Азаматтану
пәндерін оқу,
азаматтық
белсенділік.
2.Отанға сүй
іспеншілік
сезімі.
3.Өз халқын
біліп тану,
құрметтеу.
4.Туған ел та
рихын, мәде
ниетін, тілін
білу.
5.Көпмәде-
ниеттілік.
6.Елі, плане
та үшін
жауапкер-
шілік сезімі.
197
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
-Оқудың бейіндік бағытын анықтауға дайын болу мақсатында кәсіптік
бейімділік ыңғайларын және қызығушылықтарын диагностикалауды айқындай беру
т.б.
ІІІ саты (10-11-сыныптар):
-жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бейінді сыныптарда
ғылымға таңдамалы қатысымдық көзқарас негізінде қызығушылықтары бойынша
саралап оқытуды жүзеге асыру;
-мәдениет, көркемөнер салаларында тиісті дағдыларын жетілдіру;
-өз мүмкіндіктерін өздігінен жүзеге асыру және әлеуметтенуді қажетсінулерін
арттыру, оған дайындығын күшейту, т.б.
Республикамыздағы 1991 жылдан бергі орта білім берудің дамуын шартты түрде
бірнеше кезеңдерге топтап қарауға болады.
1.Тәуелсіз Қазақстанда білім берудің заңнамалық тұғырының қалыптасу кезеңі
(1991-1993 жж.). Бұл кезеңде оқу тәрбие үдерісін саясатсыздандыру, азаматтардың
білім алуына мемлекеттік кепілін бекіту, білім беруді экономикалық қамтамасыз
етуге жаңа тұғырнамалардың жүзеге асуының құқықтық негіздерін жасау
міндеттері күн тәртібіне қойылып, шешімін табу ізденістері жасалды.
2.Білім беру саласын тұжырымдамалық, бағдарламалық модернизациялау
кезеңі (1993-1996 жж.). Қабылданған заңнамалық тұғырлар негізінде қайта
құрулардың нақты жолдары мен бағыттарын одан әрі нақтылау – бұл кезеңге тән
міндет болды. Бұл кезеңде бірнеше тұжырымдамалар бекітілді. Соның ішінде Білім
беру саласындағы мемлекеттік саясат Тұжырымдамасында Қазақстан
Республикасының білім беру саясаты айқын көрсетілді. Мысалы, 1994 жылы 7
шілдеде еліміздегі «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасы»
жарияланды [5]. Тұжырымдамада еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
адам санасындағы күрделі жаңғыру үдерісімен астаса жүріп жатқандығы, мұның өзі
білімді қайтадан саралауды қажет ететіндігі және бұл істі білім беру жүйесі арқылы
жүзеге асыру көзделетіні айтыла келе, білім беруді гуманитарландырудың мәні
оның уақыт талабынан туындап отырғаны көрсетілген.
Қоғамды ізгілендіру – ХХІ ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың
талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына
қол жеткізу қажеттілігіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен
әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Зиялылықты
қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар
мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы үдеріс –
гуманитарландыру болып табылады.
Білім беруді гуманитарландырудың басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру,
оқу-ағарту және мәдениет кешенін гумандық бағдардағы адам тәрбиелеуге
жұмылдыруға саяды [6]. Бұл құжат елімізде білім берудің
дамуы оның гумандыққа
бағдарлануымен сипатталатынын көрсетеді. Тұжырымдамада бұның өзі
мемлекеттік білім беру саясатында басымдыққа ие болатыны айтылған.
3. Білім беруді басқаруды орталықсыздандыру және қаржыландыру кезеңі
(1996-1997 жж). Бұл кезеңде: білім беру мазмұнына одан әрі түзетулер жасалды,
басқару және қаржыландыру ұстанымдары өзгертілді, жаңа құқықтық нормативтік
тұғыр қалыптаса түсті, білім берудің мемлекеттік ұйымдарына қаржылық
қолдаудың жаңа көздері пайда болды.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009
Құрманбай К.С. Жаңа мектеп – гумандық мектеп
198
Достарыңызбен бөлісу: |