Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Сейтметова А.А. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін...  
 
 
бұрыннан  белгілі  мәліметтерді  қайталай  бермей,  оқытудың  жаңа  әдіс-
тәсілдерін  іздестіру  қажет.  Қазіргі  сабақ  түрлері:  сайыс,  жарыс,  аукцион, 
концерт,  кіріктіру    сабақтары  нәтижесін  беріп  жүр.  Әсіресе,  соның  ішінде 
қазақ тілі пәні бойынша балалардың қызығуларын қалай арттыруға болады? 
Оқушының 
пәнге 
қызығушылығын 
арттыру 
мақсатында 
сабақта 
проблемалық 
жағдай 
туғызып, 
оқушының 
ой-өрісін 
кеңейтіп 
шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен үлес қосады.  

 
213 
 
Бастауыш  сынып  оқушылары  –  әлі  ойын  балалары.  Сондықтан  да  
сабақты    тартымды  өткізу  үшін  сабақ  тақырыбына  сай  көрнекі  құралдар, 
дидактикалық  материалдар  ролдік-сюжеттік  ойындарды,  әрбір  10-15  минут 
сайын  сергіту  жаттығулары  мен  музыкалық  үзілістерді  қолдану  қажеттігін 
байқадық (пед. іс-тәжірибеде).  Қазақ тілі сабағының грамматикасын түсіну 
үшін балалар көп ой-еңбегін жұмсайды. Бұл сабақты бір сарынды өтсе, онда 
баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді.  1-2 
сынып  оқушылары  ойын  баласы  болғандықтан,  сабақ  тақырыбына 
байланысты сабаққа ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты түрлендіріп, 
оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын,  қызығушылығын  арттырып  отыру 
керек. Ойын – балалардың негізгі  іс-әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға 
байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. 
Еңбек  үстінде  балалардың  көптеген  ерекшеліктері  дамиды,  өмір  сүру 
барысында  ол  түрлі  жолдармен  жарыққа  шығады.  Мысалы:  үлкендер 
өздеріне  тән  ерекшеліктерін  еңбектену  барысында  көрсетсе,  ал  мектеп 
оқушылары сабақ үстінде ойын арқылы көрсетіп, жаңа тақырыпты жеңіл әрі 
түсінікті  түрде  меңгереді.  Оқушылар  білімін  сабақтағы  ойын  арқылы 
шыңдап,  ой-өрісін  кеңейте  алады.  Ал  ойынның  өз  мақсаты,  жоспары, 
тәрбиелік  мәні,  қажетті  заттары,  ерекшеліктері  болады.  Сол  ойын  арқылы 
бала  өмірден  көптеген  мәліметтер  алады,  психологиялық  ерекшеліктерін 
қалыптастырады.  Баланың  жас  ерекшелігіне,  зейініне  сай,  әдейілеп 
ұйымдастырылған  ойындар  баланың  ақылын,  дүниетанымын  кеңейтеді, 
мінез-құлқын, 
ерік-жігерін 
қалыптастырады 
және 
сабаққа 
деген 
қызығушылығын  арттырады.  Оқушының  қызығушылығын  дамытудың 
бірнеше  жолдарын  айтуға  болады.  Олар  мадақтау,  бағалау,  ойын 
элементтерін  қолдану.  Оқушының  қызығушылығын  арттыру  арқылы 
шығармашылық  қабілеттерін  оятып  немесе  деңгейлік  жұмыстар  жүргізу 
арқылы дамытуға болады [2]. 
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. 
«Қабілет  –  іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нәтижелі  орындауда 
көрінетін  адамның  жеке  қасиеті»,  –  деп  жазды  академик  Т.Тәжібаев.  Ең 
алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Қабілеттер туа бітетін 
қасиет  емес,  олар  өмір  сүру  барысында  дамып  отырады.  Сонымен  бірге 
ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген. Олар: 

 
214 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Сейтметова А.А. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін...  
 
 
1. Репродуктивті (өнімсіз) – іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша 
қабылдай меңгере алу деңгейі. 
2.  Шығармашылық  –  жаңа  нәрсе  ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер 
деңгейі. 
Қабілеттің 2-ші деңгейі – «шығармашылық» ұғымының мәнін ашайық. 
«Шығармашылық»  сөзінің  этимологиясы  «шығару,  ойлап  табу»  дегенге 
саяды. Көрнекті педагог Ы.Алтынсариннің өз шығармаларында қабілеттерді 
дамытудың  жолдары  қарастырылса,  оқушы  шығармашылығына  бағыт-
бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын және 
де мәселеге назар аударған ғалым Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының 
негізгі  идеясы  –  оқушыларды  сөз  өнеріне  баулу,  көркем  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  жолдарын  айқындайды.  Ал  М.Мұхаммедин  ойын 
әрекеті  арқылы  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  жолдарын  айтады. 
Шығармашылық  жөнінде  жазылған  еңбектерді  талдай  келе,  мынадай 
қорытындыға келдік [3].  
Шығармашылық әрекет –  өте күрделі  процесс  және  ол  адамға  ғана  тән. 
Шығармашылық  –  бұл  оқушы  іс-әрекетінің  түрі.  Мұндай  әрекеттің 
ерекшелігі,  даму  деңгейі  тек  әлеуметтік  факторға  ғана  емес,  табиғи 
факторларға да байланысты.  
Бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық 
болып табылатын, субъективті жаңалық. Бастауыш сынып оқушыларына тән 
шығармашылық  процестің  кезеңдерін  шартты  түрде  төмендегідей 
топтастырдық: 
1.
 
Жаңалықпен бетпе-бет келу.  
2.
 
Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.  
3.
 
Шешімнің жарық көруі. 
4.
 
Шығармашылық акт. 
5.
 
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. 
Біріншіден  кез-келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат  баласының  осы  кезге 
дейінгі  жинақталған  тәжірибесін  меңгерсе,  екіншіден,  кез-келген  оқушы 
шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін 
дамытады.  Оқу  әрекетінен  шығармашылық  әрекеттің  айырмашылығы  –  ол 
баланың  өзін-өзі  қалыптастыруына,  өз  идеясын  жүзеге  асыруына 
бағытталған  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздейді.  Проблеманы  өзінше,  жаңаша 
шешуге  талпыныс жасайды.  Қазіргі  бастауыш  мектептерде  шығармашылық 
әрекеттен,  оқу  әрекеті  басым  жүреді.  Сабақта  оқушылар  үнемі  бір  типтес 
жаттығулар  орындаумен  айналысады.  Мұндай  жаттығулар  бір  ғана  шешім 
іздеу, баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымша қазіргі 
қоғам талабына сай, оның дамуына орай, бастауыш сынып  оқушыларының 
кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табысты меңгере алады. 
Бастауыш  сыныпта  қазақ  тілі  сабағынан  оқушы  шығармашылығын  
дамытудың   алар   орны   ерекше.   Бастауыш   сыныпта  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Сейтметова А.А. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін...  
 
 

 
215 
 
оқылатын  қазақ  тілі  курсы  оқушыларға  фонетика,  морфология,  синтаксис, 
лексикологиядан   мәліметтер   береді.   Бұл   пән   бойынша   оқушылардың  
қызығушылық  қабілеттерін  ойын  әрекеті  арқылы  арттыра  отырып,  пәнге 
деген  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыруға  көптеген  септігін  тигізеді. 
Оқушы ойын әрекеті арқылы пәнге қызықса, оның шығармашылық қабілетін 
де  дамытуға    болады.  Ол  үшін  мынадай  жұмыстар  жасадым.  Бағдарлама 
бойынша тақырыпты өткен кезде, оқулықтан тыс тапсырмалар беріп отыруға 
болады.  
1.
 
Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы, нәтижесінде одан сөйлем 
құратып, мәтін жаздырту. 
2.
 
Салыстыру арқылы сөйлем құрату. 
3.
 
Сөзден сөз тудыру жұмысы. 
4.
 
Сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз құрату. 
5.
 
Бірнеше тақырыпта сөйлемдер құрату. 
Оқушы  шығармашылығын  дамытудың  тағы  бір  түрі  шығарма  жаздыру.  
Яғни олар:  
1.
 
Сурет бойынша. 
2.
 
Өмірмен байланыстыра. 
3.
 
Тірек сөздер арқылы. 
4.
 
Ойды жалғастыру. 
Келесі бір түрі бұл белгілі мақал негізінде әңгіме жаздыру.  
1.
 
Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру. 
2.
 
Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру. 
3.
 
Табиғат құбылыстарына байланысты ойдан жұмбақтар шығару. 
Шығармашылық  тапсырма  түрлерін  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшелігіне,  психологиялық  саралығы,  шығармашылық  қабілетінің 
даралығына қарап әрі қарай жалғастырып отыру қажет деп санаймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика.  -Алматы: 2002. 
2.
 
Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы: 1990. 
3.
 
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. -Алматы: 2003. 
4.
 
Қазақ тілін оқыту методикасы ( ред. Әуелбаев Ш.). -Алматы: 1987.   
5.
 
Мұқанова  Ж.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттыруда  тиімді  әдістерді  қолдану.                
-Алматы: Бастауыш мектеп. №11, 2002.  
6.
 
Ильина П.Т. Педагогика.  -Алматы: Мектеп баспасы. 1977. 

 
216 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ж.ДҮЙСЕНОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі 
 
ГУМАНИТАРЛЫ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСКЕ БОЛАШАҚ  
ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  влияния  гуманитарно-педагогических  процессов  на 
подготовку будущих педагогов. 
 
This article deals with some problems of influence of humane and pedagogical process on the training 
of future teachers. 
 
Еліміздегі  қазіргі  орын  алып  отырған  әлеуметтік-экономикалық  
қиындықтар,  тәртіптің  осалдауы,  кейбір  жерлерде  қылмысты  топтардың 
орын  алуы,  жастардың  санасын,  сезімін,  мінез-құлқын,  іс-әрекеттерін 
қалыптастыруда  гуманитарлық  білім  берудің  нақтылығы  өте  қажет  болып 
отыр.  Туындап  отырған  қымбатшылық,  тұрмыстағы  қайшылықтар, 
жайсыздықтар 
адамдарды 
психологиялық 
жағынан 
ойланбастан 
қызбалылыққа, төзбеушілікке жетелейді. Мұндайда ең қатерлісі адамдардың 
кейбір  тобының  өрт  тұтатуға  да  дайын  тұратындығы.  Оның  үстіне  дәл 
осыған  мүдделілер,  әсіресе  оқушы  жастар  ортасына  шоқ  тастап  ұсақ 
қақтығыстарды,  тұрмыстық  келіспеушіліктерді  оп-оңай  ушықтыруға  да 
бейім  тұрады,  сөйтіп  оған  кейіннен  ұлтшылдық  не  шовинистік  сипат  бере 
салудан  да  тайынбайды.  Сондықтан  гуманистік  қарым-қатынас  саласында 
терең ойластырылған мазмұнды жұмыстар жүйесі айқын болуы керек. 
Осыған  орай  бүгінгі  таңдағы  қоғамның  тәрбиеге  мүдделі  арнайы 
педагогикалық  мекемелерінің барлық саласы  жастар  тәрбиесіне  ат салысуы 
қажеттігі  айқын  сезілуде.  Осы  орайда  А.А.Бейсенбаева  ол  үшін  мына 
төмендегі негізгі міндеттерді жүзеге асыру көзделінетінін атап көрсетеді [1]: 
-оқушы жастарды гуманитарлық дүниетанымға даярлау; өмірлік мақсат- 
мүддесін  айқындауға,  өзіндік  сананы  қалыптастыруға,  жеке  басының 
қасиеттерін, өмірлік қажеттіліктерін іске асыруына көмектесу; 
-жастарды мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы адамзаттық  рухани 
құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу; 
-  қазақ  ұлтының  қайта  түлеуіне,  өзінің  қайталанбас  төл  мәдениетінің, 
ұлттық  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрпының  гүлдеуіне  хақылы  екенін  санасына 
сіңіру, т.с.с. 
Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты білім беру жүйесінде де 
әр  кезеңде  жаңа,  күрделі  өзгерістердің  туындайтыны  белгілі.  Қазіргі 
кезеңдегі  тәрбиенің  басты  мақсаты  –  оқушылардың  тұлғалық  қасиеттерін 
гуманистік  бағытта  дамыту.  Гуманизм  (адамшылық)  жалпы  алғанда 
дүниетаным  принципі  десек,  адам  мүмкіншілігінің  шексіз  екендігін 
мойындау,  өзін-өзі  дамыту  қабілетіне  деген  сенімі  мен  ерік  бостандығын 
және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның 
барлық  сұраныстарын қамтамасыз ету – қоғамның түпкілікті мақсаты. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Дүйсенова Ж. Гуманитарлы-педагогикалық процеске болашақ педагогтарды дайындаудың...  
 

 
217 
 
 
Педагогикалық  және  психологиялық  тұрғыдан  қарастырсақ,  адамдар 
арасындағы  қатынастардың  сүйіспеншілікке  негізделуі,  олардың  ар- 
намысын,  абыройын,  ұжданын  құрметтеу,  адамгершілік,  парасаттылық 
тұрғыда қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу де гуманизмге жатады 
[2]. 
Педагогика  және  психология  қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми 
түсіндірме  сөздігінде:  «Гуманизм  (лат  –  gumanus  –  адамгершілік)  – 
дүниетаным  принципі.  Оның  негізінде  адамның  мүмкіншілігінің 
шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, 
абыройын  қорғау,  адамның  бақытқа  жету  жолындағы  құқығы  мен  оның 
барлық  сұраныстарын  қамтамасыз  ету  қоғамның  түпкілікті  мақсаты  деген 
мұрат  жатады»,  –  деп  анықтама  берілген  [3.66].  Бұл  жеке  тұлға  қабілеті 
адами  дамытудың  шексіз  мүмкіндігіне  бағыттай  отырып,  оның  қауымдық 
қатынастарының өлшемі ретіндегі қызметі де берілгені аңғарылады.      
Жастарды  елжандылыққа,  ұлтжандылыққа,  отаншылдыққа  тәрбиелеу 
шартты түрде мынадай қасиеттерді бойға сіңіруді қажет етеді, оны қысқаша 
былай жүйелеуге болады [4]: 
1.
 
Туған анасын білу, сыйлау, құрметтеу
2.
 
Ана тілін білу, сыйлау, құрметтеу; 
3.
 
Туған жерін, ата-мекенін білу, сыйлау, құрметтеу; 
4.
 
Туған халқының тарихын білу,  сыйлау құрметтеу; 
Сонымен  гуманизмді  адамға  тән  адамгершіліктің,  парасаттылықтың 
және  ой-шабыттың  ерекше  жиынтығы  ретінде  қарастырып,  адамды  еркін 
ойлаудың,  адамшылықтың  шынайы  иесі  деп  қабылдауға  болады.  Ал  ұрпақ 
тәрбиесіндегі  басты  мәселе  –  мектеп  оқушыларын  рухани  дамыту.  Рухани 
даму  дегеніміз  –  өзінің  өмірдегі  орнын,  атқаратын  міндетін,  қазіргі  және 
болашақ  ұрпақ    алдындағы  жауапкершілігін,  дүниенің  күрделі  құрылымын 
түсіну  және  өзін-өзі  үздіксіз,  бірқалыпты  жетілдіру.  Адамның  тәндік, 
физиологиялық,  психикалық  және  әлеуметтік  дамуын  рухани  дамудың 
өлшемі ретінде алуға болады. 
Тұлғаның  рухани-адамгершілік  ұғымының  мәні  –  біздің  ойымызша, 
төмендегідей: басқаларға жанашырлық білдіру; өзге адамға жақсылық тілеу; 
адамдарға көмек көрсету; айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылу; оны жүзеге 
асыру; өмір туралы мәселелер жайында толғану; өмірдің мәнін іздеу; өзін-өзі 
дамыту, жетілу арқылы бүкіл дүниені жетілдіру. 
Бұл мәселе бойынша, яғни гуманды педагогика және баланы ізгілендіру 
жөнінде  айтқанда  Ш.Амонашвилиді  айтпай  кетуге  болмайды.  Гуманды-
тұлғалық қатынас немесе Ш.Амонашвилидің «Өмір мектебі» атты трактаты 
педагогикада  ерекше  мәнге  ие  болады.  Онда  ол  бастауыш  сынып 
оқушыларын  рухани  дамытудың  басты  мәселелеріне  тоқталады.  Бұл 
мектептің басты мақсаты:  
-білім  үрдісінің  барлық  құрамында  гуманды-педагогика  принциптерін 
қолдану; 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Дүйсенова Ж. Гуманитарлы-педагогикалық процеске болашақ педагогтарды дайындаудың...  
 
 
-мұғалімдерге 
және 
педагогикалық 
ұжымға 
гуманды-тұлғалық 
педагогиканы шығармашылықпен қоса игеруге мүмкіндіктер беру; 

 
218 
 
-гуманды-тұлғалық  педагогика  идеясын  кеңінен  таратып,  бедел  арқылы 
тәрбиелеуді мектеп өмірінен бірте-бірте ығыстыру.  
Осы мақсатты іске асыру міндеттері мыналар: 
-гуманды-тұлғалық  қатынасты  бастауыш  сынып  оқушылары  арасында 
қалай жүзеге асыруға болатынын көрсету; 
-осы  жүйенің  түсініктеме  ақпаратын  айқындап,  баланың  табиғатына 
лайықты оның тұжырымдамасын ұсыну; 
-білімнің базалық деңгейін суреттеп, оның ұйымдастыру принциптерінде 
білімдік-танымдық бірлік негізін ұстану;  
-мұғалім  мен  оқушы  қарым-қатынасында  оқушы  өмірінің  мәнін  ашуға 
сипаттама беру; 
-гуманды-тұлғалық  педагогикамен  айналысатын  мұғалімге  қойылатын 
талаптарды белгілеу; 
-мектеп пен отбасы байланыстарының нысандарын анықтау
-гуманды-тұлғалық  білім  үрдісіндегі  оқушыны  дамытатын  нәтижелерді 
анықтау. 
Ш.Амонашвилидің  трактаты  баланың  рухани,  адамгершілік,  тұлғалық, 
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді [5.2]. 
Табиғаттың тұғырлы заңдарын, дүниені, психиканы меңгеріп, игеру үшін 
адамды  рухани  тұрғыда  дамыту  керек.  «Өмір  мектебі»  трактатында  балаға 
өмірді  таныту,  одан  тәжірибе  алуына  ықпал  ету,  өмірдің  шексіздігін, 
мәңгілігін түсіндіру, «Мен не үшін өмір сүремін?» деген ізденіс барысында 
«Дүниені  тану,  өзін-өзі  жетілдіру,  рақымдылықты  ұлғайту,  адам 
эволюциясын  дамыту»  талаптарын  нысанаға  алу  қарастырылады.  Сонымен 
гуманды-тұлғалық  мектептің  басты  ұстанымы  –  баланы  өмір  арқылы 
дамытып тәрбиелеу. 
Ш.А.Амонашвилидің 
ғылымға 
қосқан 
үлесі 
тұтас 
гуманды 
педагогикалық процестің принциптер жүйесін құруы деп есептеуге болады. 
Бұл  жүйенің  негізіне  ол  тұлғалық-гуманды  идеясын:  балаларда  тұлғаны 
тәрбиелеу мен дамыту идеясын қояды. Педагогтың сенімі бойынша, төменде 
аталған  принциптер  оқушылардың  айналасында  гуманды,  адамшылық 
ортаны  құру  туралы  қамқорлық  жасауға  және  оларға  жалпы  адамзаттық 
мәдениетті игеруіне көмектесуге мүмкіндік береді. Осы принциптерді ұстану 
мұғалімге  оның  авторитарлық,  императивтік  педагогика  жағында  болуына 
мүмкіндік бермейді. Бұл принциптерге: 
1.  Шынайылық,  әділеттілік,  қайырымдылық,  ғылыми,  адамгершілік, 
пайдалы  нағыз  адамгершілікті  педагогикалық  процесте  баланың  тану  мен 
игеру принципі. 
2.  Қайырымды  адамгершілік    істер  жасау,  еңбек  және  шығармашылық 
үшін,  өмірді  байыту  мен  адамгершілік  үшін  баланың  педагогикалық 
процесте өзін адам ретінде тану принципі. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Дүйсенова Ж. Гуманитарлы-педагогикалық процеске болашақ педагогтарды дайындаудың...  
 
 
3.  Баланың  мүдделерінің  жалпы  адамзаттық  мүдделермен  (жалпы 
адамзаттық  құндылықтар,  мәдениет,  білім,  адамгершілік,  еңбек)  сәйкес 
келуі.  Бұл  кезде  балаларға    жалпы  адамзаттық  мүдделерді  алып  барушы 
ретінде  ересек  адамдар  (ата-аналар,  мұғалімдер,  айналадағы  адамдар) 
көрінеді.  

 
219 
 
4.  Педагогикалық  процесте  балаларды  әлеуметтікке  қарсы  көріністерге 
(дөрекілік  көрсетуге,  жазалау  шаралары,  тұлғаның  қадірін  аяқ  асты  ету, 
әділетсіздік және т.б.) итермелеуге қабілетті құралдарды пайдалануына жол 
бермеу. 
5.  Педагогикалық  процесте  балаларға  өздерінің  шынайы  даралығының 
жақсы  жақтарын  көрсету  үшін  қажетті  қоғамдық  кеңістікті  беру,  яғни 
«адамгершіліктің  шынайы  табиғатын»  жан-жақты  дамыту  үшін  адамзаттық 
жағдай жасау принципі. 
6.  Баланың  қалыптасушы  қасиетін  анықтау,  оның  білімділігін  және 
педагогикалық  процестің  өзінің  сапасына  қатысты  тәрбиелілік  принципін 
анықтау [6]. 
Ш.А.Амонашвилидің  тұжырымдамасында  тәрбие  мақсатының  негізі 
ретінде  Мейірімді  Адам,  Мейірімді  Тұлға,  Мейірімді  Азамат  көрінеді. 
Педагог  былай  деп  түсіндіреді:  мұғалім  бұл  түсінікке  мейірімді  адамның 
қасиетін  қаншалықты  қосса  да  өз  бағытынан  ауытқымайды.  Мектеп  осы 
мақсатты  жүзеге  асыруы  тиіс.  Ш.А.Амонашвили  «Мұғалімнің  жұмысының 
мәні мен мағынасы мынада, балада Мейірімді Адамның қалыптасуы, дамуы, 
тәрбиеленуіне  үлес  қосатын  өзінің  бүкіл  білім  беру  құралдарымен  баланың 
тұлғалық қасиетін анықтауда» - деп атап көрсетті [5, 33]. Мейірімді адамды 
тәрбиелеу  мазмұнына  Ш.А.Амонашвили  тұлғаның  келесі  негізгі  ерекшелік 
белгілерін қалыптастыруды қосады: 
-
 
қайырымды істер жасаудың тартымдылығы; 
-
 
еңбекқорлық, ұқыптылық; 
-
 
қайырымдылық, сезімталдық; 
-
 
өзінің ісі, әрекеті, ойларына жауаптылығы; 
-
 
борышы мен ары; 
-
 
махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық, уайымдау, мейірімділік, жақсы 
істерімен адамдарды қуантуға ұмтылу
-
 
сыпайылық, ұяттылық, ұялшақтық; 
-
 
аялау, қамқорлық; 
-
 
Отанын, өзінің ұлтын сезіну
-
 
ерік, ерік күші, табандылық; 
-
 
қатынаста болу сән-салтанаты; 
-
 
шынайылық, адалдық, мейірімділік; 
-
 
рухани өмірге, рухани баюға қызығу және ұмтылу; 
-
 
өз бетінше әрекет ету, өзін-өзі тануға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу 
[5.33-34].  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Дүйсенова Ж. Гуманитарлы-педагогикалық процеске болашақ педагогтарды дайындаудың...  
 
 
Педагогикалық  ғылыми  зерттеулер  еңбектерді  зерделеу  рухани  тұрғыда 
жетілген 
тұлғаның 
бойындағы 
адамгершілік 
ұстанымдардардың 
төмендегідей болуын көрсетеді: 
-
 
өзінің  қадір-қасиетін  сақтау,  яғни  кісінің  кісілігін  сақтап,    өзіне-өзі 
сенімді болу: 
-
 
жауапкершілік таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық, алдап-
арбаудан аулақ болу
-
 
ержүрек болу, қорқынышты, үрейді жеңе білу; 

 
220 
 
-
 
өзін-өзі  бірқалыпты  ұстау,  өз  ойын,  сезімін,  талап-тілегін,  іс-
қылықтарын үйлесімділікте ұстай білу; 
-
 
ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу
-
 
сергектік,  іскерлік  таныту,  яғни  көздеген  мақсатқа  өз  мүмкіндігін 
шамалап, қажымай талмай жете білу; 
-
 
көрегендік – алға қойылған әрбір мақсаттың нәтижесін алдын-ала көре 
білу; 
-
 
тән  және  жан  сұлулығын  қалыптастыру,  өмірдің  құндылығын  сезіну, 
денсаулығын сақтап, нығайту. 
Болашақ  мұғалімдердің  тұлғалық  рухани  –  адамгершілік,  гумандық 
қасиеттері: 
- басқаларға жанашырлық білдіруі; 
- өзге адамға жақсылық тілеуі; 
- адамдарға көмек көрсетуі; 
- айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылу, оны жүзеге асыруы; 
- өмір туралы мәселелер жайында толғануы; 
- өмірдің мәнін іздеуге ұмтылысы; 
- өзін-өзі дамыту, жетілу арқылы бүкіл дүниені жетілдіруге ұмтылысы. 
Дегенмен жеке тұлғаның, оның ішінде болашақ мұғалімдердің бойында 
гуманды қасиеттердің және келешекте олардың оқушыларды ізгілікке баулу 
бойынша  дайындығын  қалыптасуы  ол  басқа  мәселе  екендігі  белгілі. 
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазіргі таңда жаңа мазмұнда білім 
беру  жүзеге  асырылуда.  Олардың  мазмұнында  гумандық  қасиеттері 
мазмұндық аспектіде тіркелген. Ол нормативті құжаттар: 
1.Жоғары кәсіптік білім стандарты. 
2.Гуманитарлық пәндердің білім мазмұнын айқындайтын бағдарламалар 
(оның ішінде типтік және таңдау пәндері). 
3.Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құжаттар. 
Педагогикалық  шеберлікпен  таныстыруды  көздейтін  жаңа  мазмұндағы 
оқу-әдістемелік  құралдарға  «Педагогикалық  шеберлік»,  «Педагогикалық 
ізденіс»,  тағы  басқа  пәндерді  айтуға  болады.  Мәселен,  «Педагогикалық 
ізденіс»  оқу-әдістемелік  әдебиеттері  құрастырушысы  И.Н.Баженова 
(Алматы,  “Рауан”,  1990  ж.).  Бұл  еңбек  ұстаздар  қауымына  танымал  болған 
жаңашыл  педагогтар  –  Ш.А.Амонашвили,  С.Н.Лысенкова,  Е.И.Ильин, 
Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, В.Ф.Шаталов т.б. тәжірибелеріне арналған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет