Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


    А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47

 

 
206 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Г.А.ХУДАЙБЕРГЕНОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің  аға оқытушысы 
 
 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
В данной статье рассматриваются основные пути организации свободного времени учащихся 
в дополнительных образовательных организациях. 
 
This article reveals the main ways of organization of pupils' free time in supplementary educational 
institutions. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  қосымша  білім 
беру  азаматтардың,  қоғамның,  мемлекеттің  білімдік  және  мәдени 
қажеттіліктерін  жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатында  білім  берудің 
қосымша дамыту бағдарламалары негізінде іске асырылатын тәрбиелеу және 
оқыту үрдісі деп көрсетілген. 
Мектептен  тыс  ұйымдар  жеке  тұлғаның  дамуына,  кәсіптік  бағдарын 
айқындауына,  балалардың  шығармашылық  еңбегіне,  олардың  қабілеттерін 
жүзеге  асыруға,  қоғамда  өмір  сүруге  бейімделулеріне,  азаматтық  сана-
сезімдерінің,  жалпы  мәдениетінің  қалыптасуына,  салауатты  өмір  салтына, 
бос  уақытының  мазмұнды  ұйымдастырылуына  ықпал  ететін  мекеме  болуы 
тиіс [1].  
Бүгінгі  таңда  еліміздегі  білім беру  ісі балалардың  жас  ерекшелігіне  сай 
бағытталуы,  ортаның  әлеуметтік-мәдени  өзгеруіне  икемделіп  отыруы,  ең 
алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы  мен жалпы дамуға дайындығы 
мәселелерінің  бірлігін  шешуі    керек.  Сондықтан  да  баланың  әр  уақытта 
қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі  мен 
шығармашылық  қабілеті қалыптасқан  адам болып  өсуі  өзекті  де  көкейкесті 
мәселе болып отыр.  
Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында    өзін-өзі  тануға 
ұмтылуы,  ізденуі,  еңбек  етуге  құлшынысы.  Өмірге  дұрыс  жол  табу  үшін 
адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуде 
мектептен тыс мекемелердің өткізетін іс-шараларының  тәрбиелік мәні зор.  
Қосымша  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  әр  түрлі  үйірмелермен 
қамтылған 
оқушылардың 
қоғамдық, 
шығармашылық 
белсенділігін 
көтермелеу,  яғни  қосымша  білім  беру  мазмұны  әр  түрлі  іскерліктерді, 
дағдыларды қалыптастырады.  
Ол  үшін  оқу-тәрбие  барысында  сабақ  пен  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының  өзара  байланыстылығын  жетілдіру,  оқушылардың  білімге, 
пәнге  деген  құштарлығын  арттыру,  сондай-ақ  оларды  қоғамдық  пайдалы 
еңбекке  неғұрлым  белсенді  қатыстырып,  белгілі  бір  кәсіптік  мамандықты 
игеруге әзірлеу – мұғалімдердің негізгі міндеті [3]. 
Қосымша білім беру ұйымдары, балалар мен жасөспірімдерді  қоғамдық 
өмірге  бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы 
қарым-қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске 
асыратын   әлеуметтік   ортаның   бөлігі   болып   табылады.   Қазіргі    таңда  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Худайбергенова Г.А. Қосымша білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілетін... 
 

 
207 
 
 
қосымша білім беруді дамыту сипатындағы білім беру  бағдарламалары жүзеге 
асырылуда.  Қосымша  білім  беру  ұйымдары  әрбір  жеке  тұлғаның  жан-жақты 
дамуына, қоғамдағы өмірге бейімделіп, оған белсене араласуына, салауатты өмір 
салтын  қалыптастырып,  өз  уақытын  мазмұнды  әрі  қызықты  етіп  өткізуіне  өз 
септігін тигізеді [2].  
Еліміздегі    мектептен  тыс  ұйымдардың  қосымша  білім  беру  және  бос 
уақытты  ұйымдастыру  қызметтерінің  бірнеше    негізгі  бағыттары  жолға 
қойылған. Қосымша білім беру жүйесінде негізгі бағыттар мыналар: 
а)  туризм  және  өлкетану  жұмыстарын  дамыту;  ә)  ғылыми-техникалық 
шығармашылығын  ұйымдастыру;  б)  білім  беру  жүйесіндегі    дене  шынықтыру-
сауықтыру    жұмыстары;  в)  баланың  дене  тәрбиесін  жетілдірудегі  спорттық-
бұқаралық  жұмыстар;  г)  жасөспірімдердің  салауатты  өмір 
салтын 
қалыптастыруда ұлттық спортқа тәрбиелеу.  
Қазақстан  Республикасындағы  қосымша  білім  берудің  алдында  тұрған 
бірнеше  міндеттер бар. Атап айтсақ:  
-
 
Мектептен тыс ұйымдардың жұмысын жетілдіру; 
-
 
Қазақстандық  елжандылық  пен  азаматтық    идеяның  қалыптасуына 
бағытталған тәрбие бағдарламасын жүзеге  асыру; 
-
 
Баланың өмірдегі орнын өзі белгілеуге көмектесу
-
 
Дәстүрлі және қазіргі тәрбие технологияларына қолдау көрсету; 
-
 
Озық дәстүрлі халықтық  педагогиканы жүзеге асыру. 
-
 
Мектептен тыс ұйымдардың қызметтерінің ерекшеліктерін зерделеу; 
-
 
Қосымша  білім    мен  тәрбие  мәселелерін  шешуде  отбасы  мүшелерімен   
байланыстылықты арттыру [3]. 
Осындай  міндеттерді    негізге  ала  отырып,  қосымша  білім  беру 
ұйымдарының 
 
жұмыс 
формаларының 
әр 
алуандығы 
балалардың 
шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  толық  мүмкіндік  жасайды.  Қосымша 
білім  беру  ұйымдары  жүйелі  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  ғана 
шығармашылық  әрекет  түрлері  өз  нәтижесін  береді.  Яғни,    шәкірттің  білімі, 
біліктілігі, 
шығармашылықпен 
ойлауы, 
ұйымдастыра 
білу 
қабілеті, 
ізденімпаздығы    қалыптасады.  Балалалар  мен  жасөспірімдердің  қосымша  білім 
беру  жүйесін  дамыту  көптеген  тәрбиелік  жұмыстарын жүргізу  барысында  ғана 
жүзеге  асады.    Мысалы:  білім  беру    мен  бос  уақытты  дұрыс  ұйымдастыруда, 
білім  алушылардың  қажеттіліктерін  толық  қанағаттандыруда,  адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастыруда,  нашақорлық  пен  ішімдіктің  алдын  алуда.  Қорыта 
айтқанда,  осындай  бағыттарда  жүргізілген  жұмыстар  арқылы  оқушылардың 
қосымша  білім  беру  ұйымдарында  әр  түрлі  танымдық  шығармашылық 
қабілеттерін  қалыптастыра  аламыз.  Оқушылардың  пәнге  қызығуын  оқу 
бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін  емес, сондықтан да қосымша 
білім  беру  ұйымдарының  атқаратын  қызметінің  ролі  зор.  Қосымша  білім  беру 
ұйымдары  арқылы  жүргізілген  іс-шаралар  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беріп, 
білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, мамандық таңдауға көмектеседі.      
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Омар Е.О. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. Түркістан. 2004. 
2.
 
Жамаділов Н. Мектептен тыс мекемелерінде //Қазақстан мектебі. №5, 2006. 
3.
 
Омарова Р., Нұрмұханова Г. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру //Қазақстан мектебі. №5, 2006.  

 
208 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
С.Б.АҚНАЗАРОВ 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
«ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ОЙЫНЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ОРТАҚ ДҮНИЕ 
 
В  этой  статье  речь  идет  о  правилах  и  особенностях  общей  игры  тюркских  народов 
«тогузкумалак». 
 
The article is about rules and peculiarities of togyzkumalak, the common game for Turkic nations. 
 
«Тоғызқұмалақ»  –  әлемдік  мәдениеттің  озық  үлгілерімен  бой  теңестіре 
алатын  рухани  ойын,  логикалық  ойлау  өнері.  Бұл  өнердің  басты  міндеті  – 
адам  санасын  жетілдіруге,  ақыл-ойын  кемелдендіруге  ерекше  күш  салады. 
Түркі  халықтарының  ұрпақ  тәрбиесіне жауапкершілікпен  қарайтынына  осы 
ойынның  өзі  де  дәлел  бола  алады.  Жасөспірімнің  дене  күшінің  мол 
болуымен  қатар,  ақылды  болуына  да  көп  мән  берген  бабаларымыз  осы 
ойынды ойлап тапқан. 
«Тоғызқұмалақ»  – адамның есептеу қабілетін арттыруда, ойлау жүйесін 
дамытуда «алгебра» пәнінің қызметін атқарған. 
 «Тоғызқұмалақ»  ойынының  сақ,  ғұндар  дәуірінен  бері  қарай  3  мың 
жылдық  тарихы  бар.  Оны  түркі  тілдес  халықтарда:  қырғыз,  өзбек,  қазақ, 
қарақалпақ,  түрік,  алтай  елдерінде  ойнайды.  Сонымен  қатар  осы  қозғалыс 
ойындарының  6,  7,  8  құмалақты  шағын  түрлері  Азия,  Америка,  Арабия, 
Африка  елдерінен  табылған.  Оған  дәлел  АҚШ  мұражайларындағы,  Египет 
пирамидаларындағы  тақталар  үлгілері.  Бірақ  бұл  ойындар  осы  аталған 
елдерде ұмытылып кеткен. 
 «Тоғызқұмалақ»  ойыны  қазіргі  кезде  тек  түркі  тектес  халықтарда  ғана 
сақталып  қалған.  Қазақ,  қырғыз  елдерінде  республика  көлемінде  ойналады. 
Оның түркі тектес халықтарда осы уақытқа дейін сақталып қалуында үлкен 
мән  бар.  Ол  мән  –  «тоғызқұмалақ»  ойынының  ережелері  түркі 
халықтарының  наным-сенімдерінің  негізінде  жасалған.  «Тоғызқұмалақ»  – 
көшпенді  өмір  салтының  айнасы.  Ол  –  тірі  тарих.  Тарихты  білу  –  тектілік. 
Бабаларымыз  ұрпағын  ақылды  болсын,  тектілік  құрсын  деп  осы  ойынды 
бізге аманат етіп қалдырған. 
 «Тоғызқұмалақ»  ойынының  ұлы  тектеріміз  жасаған  рухани  негізі  оны 
әлі де сан ғасыр бойы қорғап, өзінің  жұмбақтарымен, рухани құндылығымен 
көптеген халықтарды тамсандыра береді. 
«Тоғызқұмалақ»  ойынының  негізгі  ережелері.  «Тоғызқұмалақ» 
ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 18 отау, 
162 құмалақ, екі қазаннан тұрады. 
Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей: 
 









 
 









 

 
209 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ақназаров С.Б.  «Тоғызқұмалақ» ойыны түркі әлеміне ортақ дүние 
 
 
Жүріс жасау ерекшеліктері. 
1.
 
Жүріс  жасау  үшін  кез  келген  отаудағы  құмалақтарды  қолға  алып, 
солдан  оңға  қарай  біреуін  орнына  қалдырып,  бір-бірлеп  таратамыз.  Егер 
соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды отауына барып жұп қылса (2, 4, 6, 12), 
онда сол отаудағы құмалақтар ұтып алынады да, өз қазанымызға салынады. 
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды отауына барып тақ қылса (5, 7, 
9) немесе өз отауымызға асып түссе, онда құмалақтар ұтып алынбайды. 
2.
 
Отаудағы жалғыз құмалақты көрші отауға жүргенде орны бос қалады. 
3.
 
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. 
4.
 
Жүріс жасаған кезде, отауларға құмалақ салмай аттап өтуге немесе 3-4 
құмалағы бар отаудан бір құмалақты бөліп алып, жүруге болмайды. 
 
«Тұздық» алу ерекшеліктері. 
1.
 
«Тоғызқұмалақ» ойынында «тұздық» алу ережесі бар. Бұл ерекшелік 
–  түркі  халықтарының  тәңірге  «құрбандық»  шалу  дәстүрінен  қалған. 
«Тұздықтың»  атқаратын  қызметі  жүріс  жасаған  кезде  «тұздық»  алынған 
отаудан  құмалақтар  өтетін  болса,  бір  құмалақты  міндетті  түрде  «тұздық» 
алынған отауға тастау керек. 
2.
 
«Тұздық»  алу  үшін  жүріс  жасаған  кезде  қарсыластың  екі  құмалағы 
бар  отауына  үшінші  құмалақты  түсіру  керек.  Соңғы  құмалақ  түскен  жер 
«тұздық»  деп  аталынады  және  ол  отауға  арнайы  белгі  қойылады.  Жазбаша 
түрде (х) белгісі. Мысалы: 
 
 
 
51 













13 
х 



 
 
56 
 
Мына тақтадағы жағдайда жүріс қара жағынан. Ақ жағының «тұздығы» 
№6  отауда.  Қара  жағы  «тұздық»  алу  үшін  №5  отаудағы  13  құмалағын 
таратып, соңғы құмалағын №8 отауға түсіру керек. Қара жағы жүріс жасаған 
кезде №6 отаудағы «тұздыққа» бір құмалақ салу керек. 
3.
 
«Тұздық» №9 отаудан ешқашан алынбайды. 
4.
 
«Тұздық» аттас отаулардан алынбайды. Мысалы: ақ жағы №5 отаудан 
«тұздық» алса, қара жағы енді №5 отаудан «тұздық» ала алмайды. 
5.
 
Тұздық ойында бір рет қана алынады. 
 
«Ат сұрау» ережесі. 
1.  Ойын  аяқталуға  жақындаған  сайын,  қарсыластардың  отауларындағы 
құмалақтар саны  азая бастайды.  Әр құмалақ  ұтып  алынған сайын  отаудағы 
жүріс мөлшері де кеми береді. 
Қарсыластардың  қайсысы  отаулардағы  құмалақтарын  бірінші  тауысып 
алып,  жүрісі  жоқ  болса  сол  ойынның  «ат  сұрау»  белгісіне  ұшырайды.  «Ат 
сұрау»  белгісі  дегеніміз  –  отаудағы   құмалақтардың   таусылып,   жүретін  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Ақназаров С.Б.  «Тоғызқұмалақ» ойыны түркі әлеміне ортақ дүние 
 
 

 
210 
 
жүрістерінің жоқ болуы. 
2.  «Ат  сұрау»  белгісіне  ұшыраған  адамның  қарсыласы  мұндай  жағдайда, 
отаудағы барлық құмалақтарын өз қазанына салып алады. Ойын осылай аяқталады. 
Мысылы: 
 
 
 
74 




Х 







Х 





 
 
77 
 
Ақ  жағының  қазаныныда  –  74,  қара  жағының  қазаныныда  –  77  құмалақ  бар. 
Жүріс  қара  жағынан.  Екі  жүрістен  кейін,  қара  жағының  құмалақтары  тоғызыншы 
отауға жиналып, жүрістері таусылады. Ол «ат сұрау» белгісіне ұшырайды. Ақ жағы 
отаулардағы  –  8  құмалақты  және  қарсыластың  3  құмалағын  қазанына  салып  85:77 
есебімен ұтады. 
3.  «Тоғызқұмалақ»    ойынында  отаулардағы  құмалақтар  арқылы  түрлі  әдіс-
тәсілдер жасап, 82 құмалақ жинаған адам  ұтады. 
4. Егер екі ойыншы да 81 құмалақтан жинаса, ойын тең аяқталады. 
Әрине, бұл ережелер  бірден қалыптаса  қойған  жоқ. Уақыт талқысына  ұшырап,  
өзгеріске түсті.  Кейде шарттылыққа (№9 отаудан тұздық алмау) да ұрынды,  кейде 
кейбір  ережелерді  (мәселен,    қоздату)  алып  тастауға  да  тура  келді.  Бірақ  ойынның 
қазіргі нұсқасының қалыптасуына да көп уақыт кетті және республикалық деңгейде 
мойындалып,  негізгі  ережеге  айналды.  Сонымен  қатар  жоғарыда  айтылған 
ережелердің  әрқайсысын  қабылдаудың  өзіне    қаншама  ғасырлар  кетсе  де  әлі  күнге 
дейін осы ережелердің  танымдық мәні арнайы  қарастырылмай отыр.  Көне  түркілік 
дүниетаным,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыппен байланысты жақтары жеткілікті дәрежеде 
сөз етілген жоқ. 
Қазан  төңкерісіне  дейінгі  кезеңде  ойын  ережелері  ұрпақтан-ұрпаққа  ауызша 
жеткендіктен, жазбаша түрдегі мұрагерліктер қалмаса, ХХ ғасырдың басынан еліміз 
тәуелсіздік алғанға  дейінгі  кезеңде жазылған еңбектерде    тоғызқұмалақ қойшылар 
ойыны  ретінде  қарастырылып,  ойын  ережелері  мал  шаруашылығына  қатысты 
ұғымдардың  аясында  ғана  көрсетілді.  Ал  мал  шаруашылығының  өзі  көшпенді 
өркениеттің  бір  бөлшегі  екенін  білгенімізбен,  «қойшылар  ойыны»  деген 
догматикалық  қағида  ұлттық  өнерімізді  жаңаша  бағытта  қарастыруға  мүмкіндік 
бермеді.  Мүмкіндік  болғанымен  қасаң  сана  бұдан  басқа  тұжырымдардың  болуын 
жоққа  шығарды.  Ал  тоғызқұмалақты  көне  түркілік  дүниетаныммен  бірлікте 
қарастыру еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ғана көрініс табуда. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Сұлтанбеков Т. Шахмат,  дойбы, тоғызқұмалақ. -Алматы:  "Қазақстан",  1967.  
2.
 
Анаркулов Х. Кыргыз эл оюндары. -Бишкек:  "Кыргызстан",  1991.   
3.
 
Шотаев  М.  Тоғызқұмалақ  ойынындағы  тәңірлік  дүниетаным  көріністері//  І  халықаралық  түркология  конгресінің 
жинағы. -Түркістан: ХҚТУ баспасы,  2003. 
4.
 
Сапарбеков Қ. Тағлымы мол тоғызқұмалақ// "Оңтүстік Қазақстан" газеті. 28 шілде, 1999.  
5.
 
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы:  "Қайнар", 1994. 
6.
 
Сартқожаұлы Қ. "Байырғы түрік алфавиті және көне түрік дүниетанымы"// "Түркология" журналы. 
№ 1, 2004. 
7.
 
Тілеубаев С. Тоғызқұмалақ әліппесі. -Алматы:  "Қағанат", 2000. 
8.
 
Ақшораев Ә. 60 сабақтық тоғызқұмалақ ойынының оқулығы. -Тараз: 2001.     
9.
 
Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ даналығы. -Тараз. 2000. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
А.А.СЕЙТМЕТОВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы  
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ  

 
211 
 
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
   
В 
данной 
статье 
рассматриваются 
методы 
развития 
учебно-познавательной 
заинтересованности  и  творческих  способностей  у  детей  начальных  классов  на  уроках  казахского 
языка. 
 
This article deals with the ways of development of school and cognitive interest and creative abilities 
of children of primary school at the lessons of the Kazakh language.  
 
Бастауыш білім  –  үздіксіз  білім берудің алғашқы басқышы.  Оқу  тәрбие 
процесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынастың  атқаратын 
ролі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі 
оқытатын  пәнге  қызығуын  арттыруы  тиіс.  Осы  қызығушылық  қабілетін 
арттыру  арқылы  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  қажет.  Жалпы 
қызығу – бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? 
Баланың  қызығуы  үшін  оның  көңіл-күйі  көтеріңкі  болуы  тиіс.  Бала  бір 
нәрсеге  қызығуы  үшін  адамға  жағымды  эмоциялық  сезімдер  туғызу  керек. 
Жалпы  адамның  қызығулары  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Қызығу  туралы 
психолог-педагогтар  көптеген  еңбектер  жазған.  Көрнекті  ғалымдар  У.Мак 
Дугал  (1871-1938),  Э.Торндайк,  И.Ф.Гербарт  қызығушылықты  зерттеп  қана 
қоймай  оның  беретін  жетістіктерін  де  атап  өткен.  Мысалы,  қызығушылық 
қабілетті  арттыра  отырып,  оқушының  шығармашылық  қабілетін  оятуға 
немесе  дамытуға  болады.  «Шығармашылық»  –  бұл  адамның  өмір 
шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін 
адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  саналы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге 
үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін  дамытып, олардың өшуіне жол 
бермеу  адамның  рухани  күшін  нығайтып,  өзін-өзі  табуына  көмектеседі. 
Өйткені  адам  туынды  ғана  емес,  тудырушы.    Адам  әрқашан  өзін-өзі 
жетілдіруге  де,  өзін-өзі  жойып  жіберуге  де  қабілетті  болады.  «Адамның  өз 
болмысын  тануға  ұмтылуға  көмектесіп,  тереңде  жатқан  талап-тілегін, 
қабілеттерін  дамыту,  сол  арқылы  оған  толыққанды  өмір  сүру  үшін  жаңа 
рухани  күш  беру  білімнің  ең  негізгі  мақсаты  болып  табылады»,  –  деп 
көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасын 
да.  Көтеріліп  отырған  мәселе  туралы  жазылған  ойлар,  тұжырымдамалар, 
көзқарастар,  еңбектер  баршылық,  атап  айтсақ  қазақтың  ұлы  ойшылдары 
Ж.Баласағұнды, Әл-Фарабиді, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан 
еңбектерінде  адамның  жеке  басының  қабілеттерінің  дамуын  қарастырып, 
тиімді жолдарын көрсеткен.  
Кеңестік  психологтар  мен  ғалымдар  Л.Р.Выготский,  В.В.Давыдов, 
В.А.Крутецкий,  Б.М.Теплов,  Л.В.Занков,  С.Л.Рубинштейн,  Б.Г.Ананьев, 
А.Н.Леонтьев, 
И.Л.Лернер, 
А.Н.Лук, 
В.И.Андреев, 
А.Л.Яковлев, 
Д.Б.Богоявленская,  қазақтың  ағартушы  ғалымдарынан  А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұханов, Т.С.Сабыров,  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 Сейтметова А.А. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін...  
 
 
т.б.  еңбектерін  жеке  тұлғаны  дамыту  мәселесінің  теориясы  мен 
практикасына  қосқан  зор  үлесі  деп  білеміз.  Осы  ғалымдардың  еңбектерін, 
ғылыми тұжырымдама, пікірлерін оқи отырып, ойымызда мынадай сұрақтар 
туындады.  Қазақ  тілі  сабақтарында  шығармашылық  қабілетті  қалай 
дамытамыз? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты, 

 
212 
 
оны  қалай  жүзеге  асыруға  болады?  Біз  осы  сұрақтарға  жауап  іздеу 
мақсатымен  бастауыш  мектепте  қазақ  тілі  сабағын  оқыту  барысында 
оқушылардың  оқу-танымдық  қызығушылықтары  мен  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту үшін қолдалынатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыруды 
жөн көрдік. 
Республикада  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  жаңа  буын  оқулықтарының 
негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, 
әрбір  мұғалімнен  жаңаша  жұмыс  істеуін,  батыл  шығармашылық  ізденісін, 
оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. 
К.Д.Ушинский  оқушыларды  сабаққа  тарта  білу,  олардың  оқуға 
қызығушылығын  арттырып,  білімге  құмарту  керектігіне  аса  көңіл  бөлді. 
Оның  пайымдауынша,  қызығушылық  сапалы  оқудың  негізгі  жолы,  ешбір 
қызығусыз  тек  қана  зорлық  күшімен  жүргізілген  оқу,  оқушы  бойындағы 
білім  алуға  деген  құштарлықты  жояды.  Мұндағы  қызығушылық  дегеніміз 
не?  Қызығушылық  дегеніміз  –  шындықтағы  заттар  мен  құбылыстарды 
белсенділікпен  танып  білуге  бағытталған  адамның  біршама  тұрақты  жеке 
ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар  қызығуда бала зейінін бір нәрсеге 
аударып,  оны  ерекше  таңдап  алуы  тиіс.  Баланы  еліктіріп,  өзіне  тартқан 
нәрсенің  бәрі  қызығудың  объектісі  болады.  Қызығу  -  баланың  саналы  іс-
әрекеті.  Бала  алдына  мақсат  қойып  ерік-жігерін  жұмсап,  кейбір  заттармен 
үнемі  шұғылданып  отырады.  Мәселен,  бала  оқуға  қызығу  үшін  олар 
оқулықтың,  пәннің  мазмұнын  білу,  түсінулері керек.  Егер  оқушының  оқуға 
ешбір  ынтасы  болмаса,  оларда  қызығу  да  болмайды.  Баланың  негізгі 
қызығуларын мына төмендегідей етіп бөлуге болады [1]. 
1.
 
Мақсатты қызығу – оқушы кейбір уақытта алдына бір мақсат қойып, 
оған  жету  үшін  міндеттерді  орындап,  алдына  қойған  мақсатына  жетуді 
қызық  көреді.  Бұл  қызығу  түрі  көбіне  бастауыш  сынып  оқушыларына 
үлкендердің ықпалымен, әңгімесімен болатын жай.  
2.
 
Әрекетті  қызығу  –  мұнда  бала  алдына  бір  үлкен  міндет  қоймай 
істейтін  ісінің  нәтижесіне,  оның  қандай  болатынына  қызықпай,  тек 
атқаратын еңбегінің ағымына қызығады.  
3.
 
Қорытындыға  қызығу  –  мұнда  бала  істейтін  еңбегінің  нәтижесіне 
қызығады.  Бір  нәтижеге  жетуді  көздеп,  әрекет  етеді,  барлық  күшін  соған 
жұмсайды.  
Баланың қызығуын осылайша үш түрге бөлу шартты нәрсе. 
Жас  бала  не  нәрсені болса  да  білуге құмар, қызыққыш,  қолымен  ұстап, 
көзбен  көргенді  жақсы  көреді.  Оқушылардың  қызығушылықтарын  арттыру 
жақсы  ұйымдастырылған  сабаққа   байланысты.  Сондықтан   әрбір сабақта  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет