Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата16.02.2017
өлшемі3,29 Mb.
#4226
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Битұрсын Ғ.Ш. Дәстүрлі құқықтық мәдениет элементтерін пайдалана отырып, заңгерлердің... 
 
 
Қазақ  халқының  сан  ғасырлық  қалыптасқан  құқықтық  нормалары  мен 
салт-дәстүр  қағидаларын  біліп  тану  үшін    Ресей  үкіметі  «Төтенше  билер 
съезін» құрып, жазбаша түрде Ереже жаздырды. Бірақ сол қазақ халқының 
құқықтық  мәдениет  элементтерін  толығымен  жинастырып,  өңдеп,  оның 
табиғатын  тереңдетіп  зерттеуді  толыққанды  жүргізе  алмаған.  Бұл  кезде 
билер  соты  халық  соты  деп  аталды  да,  билер  әр  болыстан  сайланатын 
болды.  Сайланған  билерді    губернатор  бекітті.  Бұл  шара  билер  сотының 
Ресей  әкімшілігіне  бағыныштылығын  арттырып,  олардың  «ұсақталуына», 
«майдалануына»  әкеп  соқты,  халық  алдындағы  беделдерінің  түсуіне  алып 
барды.  Билер  сотының  ұсақталуының  себебі  қылмыстық  дау-дамайларды 
қазақи әдет-ғұрып, сан ғасырлық салт-дәстүр  қағидаларына сүйену арқылы 
емес,  Ресей  үкіметі  бекіткен  Ережелер  негізінде  шығарған  шешімдерінде 
болды.  Осы  кезден  бастап  «қара  қылды  қақ  жарған»  деген  дана  халықтың 
теңеуіне  билер  сотының  сай  келмегенін  көре  аламыз.  Бұл  дәуірде  қазақ 
қоғамындағы саяси билік, оның іске асуын, қызметін реттеуге бағытталған 
әдет-ғұрып  құқығы  нормалары  Ресей  заңдарымен  ығыстырыла  және 
ауыстырыла  бастаған  болатын.  Дегенмен,  қазақ  әдет-ғұрып  құқығы  бұл 
кезеңде де құқықтық жүйенің айрықша тарихи типі ретінде қызмет етті және 
осы қасиетін сақтап қалды. Қазақ қоғамының рухани-мәдени, шаруашылық-
тұрмыстық,  табиғи  жаратылыстарына  тамыр  жіберген  бұл  құқықтық  жүйе 
әдет-ғұрып  негіздерінен  айрылмай,  өзін-өзі  суарып  отырды.  Демек  ұлттық 
құқықтық жүйе Ресей тұсында әдет-ғұрыптық құқықтық құбылыс есебіндегі 
тарихи  типтік  бітім-болмысынан,  түр-түсінен,  тұтастығынан  ажырамады. 
Қазақ халқының құқықтық мәдениетін сақтап қалғаны туралы: «Вопросами 
казахского  обычного  права  занимались,  главным  образом,  не  юристы,  а 
историки,  этнографы,  и  административно-должностные  лица,  побывавшие 
продолжительное  время  на  территории  Казахстана  и  исследовавшие 
казахское  право  с  точки  зрения  лучшего  примемения  его  к  интересам 
царьской колониальной политики» [6.7] – нақтылап айтып өткен әдет-ғұрып 
құқығын зерттеушілер. 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзінің сот органдары басқаратын 
билік  жүйесі  бар  демократиялық  тәуелсіз  құқықтық  мемлекет  болып 
табылады.  Егемендік  алғалы  әдет-ғұрып  нормаларын  жаңғырта  отырып, 
мемлекетіміздің алғаш Конституциясын қабылдап,  Ата заң аясында барлық 
қоғамдық  мәселелер  қамтылуда.  Ғасырлар  бойы  Ресей  империясының 
құрамдас  бөлігіне  айналып,  ресейлік  жоғары  басқару  жүйесіне  бағынып 
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу барысында қазақ халқы өзінің сан 
ғасырлық  атадан  балаға  мұра  болып  қалған  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр 
қағидаларын  сақтап  қалғанын  көріп  отырмыз.  Осындай  өзге  елге 
бағынышты  жағдайда  өзіміздің  құқықтық  мәдениетімізді  сақтай  білгенде, 
тәуелсіздік  таңы  атқан  сәтте  неге  құқықтық  мәдениетімізді  қайта 
жаңғыртпасқа? Егемендік алып, еңсемізді көтерген жас демократиялық  

 
275 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
   Битұрсын Ғ.Ш. Дәстүрлі құқықтық мәдениет элементтерін пайдалана отырып, заңгерлердің... 
 
 
құқықтық  мемлекет  үшін  құқықтық  мәдениеттің  оның  ішінде  сөйлеу 
мәдениетінің маңыздылығы қандай?  
Келер  ұрпақты  ә  дегеннен  әдептілікке  баулыған  қазақ  халқы 
мәдениеттен еш заманда кенде болған емес. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана 
қолы  жеткен  Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  басты  мақсат  – 
халықтың  рухани  байлығы  –  мәдениетті  қалпына  келтіру,  ал  мәдени 
өркендеусіз  еліміз  өркениетті  елдердің  қатарына  еш  уақытта  қосыла 
алмайтыны  ақиқат.  Өркениет  –  мәдениеттің  техникалық  дамуы,  қоғамның 
парасаттылық    деңгейі  екендігін  ғалымдарымыз  өз  зерттеулерінде  айтып 
келеді.  Еліміздің  өркениет  жолына  қадам  басқан  сәті  –  Бәсекеге  барынша 
қабілетті 50 елдің қатарына ену саясаты болып табылады. Егеменді еліміздің 
алға қойған бұл саясаты толық орындалып, өркениетті елдердің қатарынан 
орын  алуымыз  үшін  елбасының:  «Біз  өзіміздің  қасиетті  дәстүрімізді, 
тілімізді  және  мәдениетімізді  түлетіп,  жаңғыртып  отыруымыз  керек»,  – 
дегеніндей,  тәуелсіз  құқықтық  мемлекетте  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр 
қағидаларын  жаңа  заман  талабына  сай  жаңғырта  отырып,  азаматтардың, 
Қазақстан 
Республикасының 
барлық 
саладағы 
мемлекеттік  
қызметкерлерінің  оның  ішінде  заңгерлердің  құқықтық  мәдениетін  арттыру 
арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру қажет деп білеміз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» 2 наурыз 2006 
жыл. 
2.
 
Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. -Алматы: «Жеті жарғы», 1995. 
3.
 
Зиманов С.З. Проблемы казахского обычного права. -Алматы: «Заң әдебиеті», 1989. 
4.
 
Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Докторлық диссертация. 
-Алматы: 1997.  
5.
 
Сарсенбаев М.А. Международно-правовые отношения государств Центральной Азии. -Алматы: 
1995.  
6.
 
Материалы по казахскому обычному праву. -Алма-Ата: 1948. 

 
276 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Ғ.ХУДИЯРОВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистрі 
 
БАЛУАНДАРДЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТОПТАРЫНА ІРІКТЕУ 
 
В этой статье рассматриваются методы отбора борцов в учебно-тренировочные группы. 
  
This article deals with some methods of selection of wrestlers to the training groups. 
 
Соңғы  жылдары  грек-рим  және  еркін  күрес  балуандарының  халықаралық 
турнирлерінде медаль алу қиындай түсті. Өйткені кілемдегі бәсекелестік жыл өткен 
сайын  артып,  оған  қатысушы  балуандардың  ең  жүйрігі  ғана  жеңіс  тұғырына 
көтерілуде.  
Бүгінгі  күні  елдің  құрама  командасының  әсерлі  іріктелуі  құрама  команданың 
алыс  және  жақын  резервтерінің  дайындығына,  олардың  әдіс-тәсілдік  шеберлігінің 
деңгейіне байланысты. А.А.Новиковтың (1985, 1988), Г.С.Туманянның (1985, 1990) 
зерттеулері  көрсеткендей,  құрама  командаға  келген  спортшылардың  тәсілдік 
арсеналы  көбіне  тіптен  өзгермейді  де.  Сондықтан  спорттық  күрестегі  арнайы  әдет 
пен  әдістік  арсеналдарды  қалыптастырудың  негізгі  салмағы  жастармен, 
жасөспірімдермен  жұмыс  жасап  жатқан  бапкерлерге  түседі.  Солар  ғана  елдің 
болашақ  әлем  чемпиондары  мен  спорт  шеберлерін  дайындап,  іріктеп  шығарады.  
Сондықтан  ғылыми  қамту  ұйымдары  тереңдетілген  спорттық  маманданудың 
алғашқы сатыларында әсерлі әдістеменің бірінші оқыту топтарына іріктеудің негізі 
болып, спорттық маманданудың теориясы мен тәжірибесін атап көрсетеді [1.63]. 
Зерттеу болжамы бойынша маманданудың бастауыш кезеңі және тереңдетілген 
жаттығудың  негізгі  мақсаты  –  арнайы  жылжу  әдеттері  мен  әдістерін  қолдануды 
үйрену және айрықша меңгеру. Бұл меңгеру бапкердің шеберлігі мен дайындықтың 
әдістемесіне  ғана  тиісті  емес,  айтылған  спортқа  оқушының  алғырлығына  да 
байланысты. Жас спортшының арнайы жылжу мүмкіндігін анықтау арқылы, ғылыми 
әдістемеге  құрылған  іріктеу  арқылы  жас  балуандардың  дайындық  сапасын 
жақсартуға болады.  
Тәжірибелік  топты  (24  адам)  жүйелеу  жұмыстары  іріктеуге  дайындалған 
әдістеме  нәтижесі  бойынша  оқу-жаттығу  сатысында  жүргізілді.  Бақылау 
топтарының  спортшылары  (20  адам)  жас  балуандардан  іріктелген  алдыңғы 
тәжірибелерге қатысқан жастар болды.  
Іріктеудің  тәжірибелік  әдістемесі  кешенді  жұмыс  талаптарына  сай  дене, 
жылдамдық-күштілік, әдіс-тәсілдік дайындықтан өткен жас балуандармен өткізілді.  
Зерттеудің бұл сатысында жаттығу тапсырмасының 84 жаттығуы тіркеуден өтті. 
Өту  барысында  әсерлі  жаттығу  тапсырмасына  бақылау  жасалды.  Тәжірибелік 
топтағы жас балуандармен педагогикалық-тәжірибелік жұмыс кезінде, жүктемелерді 
түрлендіру (күрес түрлері) әдістемесін қолданды [2.65]. 
Тәжірибелік  зерттеу  нәтижесінде  әдістемелік  материалдар  дайындалды. 
Бұлардың  кейбіреулері  Түркістан  қаласында  ДЮСШ  құрама  командасының 
спортшыларына (бірінші және екінші) іріктеу кезінде қолданылды.  
Жоғары  дәрежелі  балуандардың  факторлық  құрылым  дайындықтары  үшін  жас 
балуандарды  іріктеудің  негізгі  талаптары  алғашқы  дайындық  сатысында 
орындалады    және    жоғары      сынып      балуандарының      кәсіптік      ерекшеліктерін 
анықтауда негізгі сапалық көріністері бөлінуі және жас балуандардың бұл саладағы 
көрсеткіштерге ұмтылуы мен осы әдістемеге дамыту енгізуге құлшыныс байқатады 
[3.19]. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Худияров Ғ. Балуандарды оқу-жаттығу топтарына іріктеу 
 
 

 
277 
 
Тәжірибелік және бақылау топтарына балуандардың апталық  
жаттығу циклін бөліп тарату 
Жаттығу бағдарламасы 
Айлары 
Апталар № 
Бақылау 
тобы 
Тәжірибелік топ 
Жылдамдық күштік 
Функционалды 
Техникалық 
Қыркүйек 




ДЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
Қазан 




ДЖД 
ӘЖД 
Б 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
Б 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
Б 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
Б 
ӘЖД 
Қараша 




ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ДЖД 
ӘЖД 
ӘЖД 
ӘЖД 
Желтоқсан 




ӘЖД 
Б 
АҚ 
Ж 
ӘЖД 
Б 
АҚ 
Ж 
ӘЖД 
Б 
АҚ 
Ж 
ӘЖД 
Б 
АҚ 
Ж 
ДЖД - дене жағынан дамушы, ӘЖД - әдістік жағынан дамушы, 
Б - бақылаудағы; АҚ - артта қалушы,  Ж - жарыстық. 
 
Қорытындылай келгенде,  ДЮСШ мен  СДЮШОР-ға  арналған грек-рим  күресінің 
ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен бағдарламалық құжаттарын тексеру нәтижесі жас 
балуандардың  спорттық  дайындыққа  іріктеудің  әр  сатыларында  ұсыныстар  мен 
өңдеулердің жетіспеушілігін көрсетті.  
Жаттықтырушылардың  тәжірибелік  тәжірибесі  бекіткендей  физикалық  сапаның 
жан-жақтылығы  жас  балуандарды  тек  алғашқы  дайындық  топтарына  біліктілік  – 
физикалық  және  әдіс-тәсідік  дайындық  байланысы  мен  ара  қатынасына,  жаттықтыру 
жұмыстарының  көлеміне  пайыз  бойынша  құрылуы:  оқытудың  үшінші  жылында 
51,5/45,0%,  төртінші  жылда  (оқу-жаттығу  топтары)  физикалық  дайындық  көлемі 
0,77%-ға  азайды,  ал  дайындық  жұмысының  байланысы  50,8/45,8%,  одан  әрі  тәсілдік 
дайындықтың үлесі жылдан жылға көбейе түседі.  
13-14  жасар  балуандар  жарыстық  қабілеттерін  физикалық  күш  пен  арнайы 
физикалық  дайындықтың  арқасында  қалыптастырады.  Заманауи  күрес  жекпе-
жектерінде  жеңіс  алып  келетін  жылдамдық-күш:  шыдамдылық  –  21,3%,  арнайы 
жылдамдық – 18%, жылдамдық-күш сапасы – 17,4%, жарылғыш күш – 6,5%, таза күш 
– 4,9%, шапшаңдық – 4,2%, қимыл координациялары – 4,2%. 
Жас балуандарды оқу-жаттығу топтарына іріктеу әдістемесі жасалды.  
Педагогикалық тәжірибелер нәтижесінде бекітілгендей жас балуандардың арнайы 
физикалық  сапасы  бастапқы  мамандандырылған  сатысында  және  оқу-жаттығу 
топтарындағы  спорттық  шеберлікті  әсерлі  жалғастыру  көрсетілген  жетістіктерді 
бағындырған.  Жарыс  нәтижелері  осыны  көрсеткен  тәжірибелік  топтың  шабуылда 
сенімділік  параметерлері  алға  жылжығаны  байқалған.      Осымен  қатар  қорғаныс 
беріктігі,  әдіс-тәсілдік  дайындық,  сенімді  шабуыл  ара  қашықтығы,  әдістік  жайдың 
орташа ұпайы және балуандардың қозғалыс белсенділігі де жоғарылаған.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Сорокин Н.Н. Отбор иологдежи по классической и вольной борьбе //Теория и практика физ. Култьтуры. 1996, №8. 
2.
 
Мазур А.Г. Некоторые вопросы ранней спортивной специализации в классической борьбе //Теория и практика физ. 
Культуры. 1996, №1.  
3.
 
Коджаспиров  Ю.Г.  Экспериментальное  исследование  методики  начальной  подготовки  по  классической  борьбе 
подростков 12-13 лет. Автореф. дисс. канд. -М.: 1970.  

 
278 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
 
Қ.О.МҰСА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аспиранты 
 
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
В  этой  статье  приведены  этапы  развития  дистанционного  обучения.  Проведены  исследования 
зарубежной и отечественной литературы и тем самым разработана схема этапов развития дистанционного 
обучения. Каждый этап отличается новшествами, введенными в учебный процесс. 
  
This article deals with stages of development of distance teaching. The author presents researches of foreign 
and home literature and in this way the scheme of stages of distance teaching development has been elaborated. 
Each stage is remarkable for its innovations introduced into the teaching process. 
 
Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру  бойынша  жүргізілген  әлемдік 
тәжірибенің 
сараптамасы, 
адамзат 
өркениетінің 
он 
жылдар 
бойы 
жинағандарының  көбісін  қашықтықтан  оқыту  өзінің  бойына  жинаған  деген 
шешімге алып келеді.  
Әлемдік және отандық білім іс-тәжірибесінде қашықтықтан оқытудың даму 
мәселесі  бойынша  жазылған  деректердің  әрқилылығында  бағдарлы  болу  үшін 
өзіміздің отандық және шетелдік деректерге сараптама жүргізіп, соның негізінде 
қашықтықтан оқытудың даму кезеңдерін құрдық. Әрбір кезең оқыту процесінің 
техникамен  жабдықталуында  және  пәндік  материалдың  құрылымдалуында 
белгілі бір ілгері дамуымен ерекшеленеді. 
Әрбір кезеңнің ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтейік. 
Бірінші  кезең  (40-50-ші  жылдар)  қашықтықтан  оқытудың  пайда  болуы, 
“аудиовизуалды”  құралдар  (магнитофондар,  оқығыш  құралдар,  теледидарлар 
және  т.б.)  деген  жалпы  ұғыммен  бірлестірілген  ақпаратты  көрсететін  әр  түрлі 
техникалық  құралдардың  пайда  болуымен  ерекшеленетін  кезең  болып 
анықталған. Бұл кезең 1946 жылы оқу процесінде Л.Ларсонның (АҚШ, Индиана 
штаты)  ақпаратты  көрсететін  әр  түрлі  техникалық  құралдарды  (таспа  және 
дыбыстың  оқылуы;  кескіннің  проекциясы  және  т.б.)  ендіруінен  бастау  алады. 
АҚШ-та  аудиовизуалды  оқытудың  ендірілуі  білім  беру  саласында  техникалық 
революцияның басталуына жол ашып берді [1.15]. 
Екінші кезең  (50-60-шы  жылдар) қашықтықтан  оқытудың  қалыптасу  кезеңі 
ретінде  анықталады.  Бұл  кезең  бағдарламаланған  оқыту  идеясының  дамуымен 
және  “оқу  пакеттері”  арқылы  оқытудың  таралуымен,  сонымен  қатар  ақпаратты 
үлкен  қашықтыққа  жөнелту  жүйесінің  пайда  болуымен  ерекшеленеді  және  де 
бұл Еуропа елдері мен АҚШ-та қашықтықтан оқыту ұйымдарының құрылуына 
түрткі болды. 
1954  жылы  американдық  математик  Б.Скиннердің  алғашқы  сызықтық 
бағдарламасы  пайда  болды,  оның  ерекшелігі  әрбір  оқушының  материалды 
меңгеріп  алуы  үшін  мүмкіндіктер  құруынан  тұрды.  Бұл  идея  50-ші  жылдарда 
бағдарламалық  оқытудың  пайда  болуында  шешуші  рөл  ойнады,  оның  негізгі 
элементі  болып  реттелген  есептердің  тізбегі  ретінде  түсінілетін    бағдарлама  
болып  табылады.  Бұл  бағдарлама  дидактикалық  машинамен  немесе 
бағдарламаланған  оқулықпен  беріледі  және  білім  алушылармен  орындалады. 
Сол  кезеңдегі  кеңес  ғалымдарының  (Н.Ф.Талызина,  П.Я.Гальперин  және  т.б.) 
ізденістері  бағдарламалық  оқытудың  қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты.  Олар 
ойлау  қызметінің  қалыптасуының  психологиялық концепциясына негізделген, 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Мұса Қ.О. Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының даму кезеңдері     
 

 
279 
 
 
өздерінің  бағдарламалау  тәсілін  ұсынды.  П.Я.Гальпериннің  концепциясы  білім 
алушы  қызметінің  нәтижелері  әдістерден  және  оған  әсер  ету  тәсілдерінен 
тәуелділігін  анықтауға  ғана  емес,  өзін-өзі  тану  қызметінің  сараптамасына  да 
бағытталған.  Осы  концепцияға  сәйкес,  білім  алушының  әрекеті  -  танымдық 
қызметтің сараптама бірлігі болып табылады [2.236-277]. 
Бағдарламалық оқытудың әсерлігін жоғарылатуға деген ұмтылыс, Шеффилд 
қаласындағы  университеттің  ағылшын  психологтары  жасап  шығарған 
(Шеффилдтік  бағдарлама)  аралас  бағдарламалаудың  пайда  болуына  әкеп 
соқтырды.  Аралас  бағдарламалау  бағдарламалық  оқытудың  екі  әдісінің 
комбинациясы болып табылады: сызықтық және тармақталған. 
Бағдарламаны  білім  алушының  мүмкіндіктеріне  бейімдеу  жағынан, 
педагогикалық  элементтердің  басым  болуы  жағынан  Ч.Куписевичтің  блоктық 
бағдарламалау  әдісі  ерекше  көзге  түседі,  мұндағы  мәтін  бағдарламалық 
түсіндірмелермен араласып кетеді.  
1967  жылы  басталған,  Американың  педагогикалық  зерттеу  институтында 
орта  мектептер  үшін  оқу  пакеттерінің  жасалынуы  осы кезеңнің  үлкен  жетістігі 
болып табылады [3.18-186].  
Білім алушылар “оқу пакеттерімен” өзіне қолайлы қарқында жұмыс істеген, 
бұл өз кезегінде оқу материалының сапалы меңгерілуін қамтамасыз еткен. 1969 
жылдан  бастап  АҚШ-тың  колледждері  мен  университеттерінде  “пакеттерді” 
кеңінен қолдану бастау алды. Мұндай оқытуды құру идеясы америкалық ғалым 
С.Н.Постлезвейттің 
еншісіне 
тиесілі, 
себебі 
ол 
ботаника 
курсын 
“микрокурстарға”  бөлген және  кейінірек  өзі оларды  “миникурстар”  деп  атаған. 
С.Н.Постлезвейттің  еңбегінде  әрбір  студенттің  жұмыс  орны  магнитофонмен, 
визуалды  құралдармен,  әдістемелік  оқу  құралымен,  биологиялық  үлгілермен 
жабдықталған  болатын.  Студент  берілген  бағдарлама  бойынша  өзіне  ыңғайлы 
қарқынмен  оқытылған,  ал  керек  жағдайда  аса  қиын  материалды  қайталауға 
мүмкіндігі болатын. “Оқу пакеттерінің” көмегімен оқыту тек АҚШ-та ғана емес, 
сонымен  қатар,  Швеция,  Англия  және  т.б.  елдердің  мектептерінде  кеңінен 
таралды. Әр  түрлі  оқу  пәндерін  үйрену  үшін  мұндай  оқытудың  тартымдылығы 
оқу  процесінің  икемділігімен  және  де  білімді  көпшілік  студенттің  меңгеру 
жетістігімен және әсерлілігімен түсіндіріледі. 
60-шы  жылдардың  соңында  АҚШ-тың  әскери  мекемесінің  ғалымдары 
ақпаратты алыс қашықтықтарға жөнелту жүйесін жасады, мұның басты сапасы 
ақауларға  мейлінше  төтеп  беру  болып  табылатын,  кейінірек  бұл  жүйе 
“жаһандық  компьютерлік  желілер”  деген  атауға  ие  болды.  Мұндай  жүйенің  
басты  идеясы  елдің  әр  бөлігінде   орналасқан   және   бір-бірімен  
телефон  кабельдерімен  жалғасқан  компьютерлердің  негізінде  бірыңғай  желіні 
құру  болып  табылады.  Зерттеу  барысында  мұндай  желіні  құруға  және  оның 
негізгі  компоненттерін  белгілеуге  сәті  түсті,  ең  алдымен  модем  деп  аталатын 
құрылғы жасап шығарылды, соның көмегімен компьютерлік екілік код – нөлдер 
мен  бірлер  түріндегі  мәліметтерді  телефон  арқылы  жөнелту  процесінің  өзі 
мүмкін  болды.  Жүйелік  желілердің  дамуында  айтарлықтай  ілгері  кету, 
пакеттерді коммуникациялау технологияларының іс жүзінде жүзеге асуы болып 
табылады,    оның    негізінде    жөнелтілетін    файлдың    жекелеген     “шағын 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2009 
 
Мұса Қ.О. Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларының даму кезеңдері     
 
 
пакетшелерге” бөліну принципі жатыр. Әрбір “шағын пакет” өзінің жеткізілетін  

 
280 
 
компьютерінің  адресімен  қамтамасыз  етіледі.  Әрбір  осындай  “шағын  пакет” 
басқаларынан  тәуелсіз  жөнелтіледі,  соның  арқасында  жалғыз  телефон  кабелі 
арқылы  бір  мезетте  бір-біріне  кедергі  жасамайтын  көптеген  қолданушылар 
жұмыс жасай алады. 
Осы  кезеңде  Еуропа  мен  АҚШ-та  “ашық  білім”  деген  термин  кеңінен 
таралды. Мұндай оқытудың ерекшелігі, қашықтықтан оқыту университеттерінің 
(“ашық  университеттердің”)  студенттері  арнайы  оқу  құралдарының  көмегімен 
білімді  өздері  алатын,  оның  үстіне  курстың  көп  бөлігін  жоғары  оқу 
орындарының  оқытушылары  теледидарға  және  радиоға  негіздеп  жасайтын. 
Мұндай  оқыту  студенттердің  көп  санын  сабақтармен  қамтуға  мүмкіндік  береді 
және білім  алушылардың өндірістік  қызметінен қол үзіп  қалуын талап  етпейді. 
Осы кезеңде қашықтықтан оқыту саласында Еуропа мекемелерінің көшбасшысы 
ретінде Британ Ашық Университетінің Ашық Бизнес Мектебі болып табылады. 
John  S.  Daniel,  Ұлыбританияда  басқару  саласындағы  магистр  дәрежесіне 
арналған  бағдарламалардың  50%-дан  астамы  қашықтықтан  оқыту  әдістерін 
қолданып жүргізіледі – деп, жазады [4.77]. 
Үшінші  кезеңге  (70-80-ші  жылдар)  қашықтықтан  оқытудың  дамуына 
компьютерлік  зертханалардың,  компьютерлік  кластардың,  интерактивті  видео 
құралдарының,  оқу  ісіне  арналған  компьютерлік  бағдарламалық  өнімдердің 
құрылуы  тән  және  де  осы  жайттар  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  қалыптасуы 
мен дамуында жаңа асулы кезең болған. 
Ғалымдардың  көпжылдық  зерттеулерінің  нәтижесі  ретінде  70-ші 
жылдардың  басында  ARPANET  деп  аталатын  алғашқы  “жаһандық  желінің” 
құрылуы  болып  табылады.  Ақпаратты  жөнелту  алғашқыда,  жылдамдығының 
төмендігіне  және  оқтын-оқтын  бұзылулар  мен  қателердің  болуына  қарамастан, 
шалғай жатқан компьютерлер арасында ақпаратты жіберу мүмкіндігі іс жүзінде 
дәлелденді.  Осы  кезеңде  компьютер  нарығындағы  төңкеріс  бар  қарқынмен 
жүріп  жатты:  олар  университеттерге,  офистерге,  мектептерге  еніп,  жергілікті 
желіге  бірігіп  жатты,  телефон  желісі  арқылы  компьютерлерді  байланыстыруға 
мүмкіндік беретін құралдар тез жетілдіріліп жатты. 
Дәл  осы  уақытта  Американың  кейбір  инженерлік  колледждері  жақын 
маңдағы  корпорациялардың  жұмысшыларына  оқу  курстарын   беру   үшін  
телекөрсетілімді  қолдануға  кірісіп  кетті,  осы  идея  АҚШ-та  қашықтықтан 
оқытудың таралуына негіз болған. 
1976  жылы  америкалық  ғалымдар  (С.Джонс,  С.Уозник)  “Apple” 
компьютерлік бағдарламасын ойлап шығарды. 70-ші жылдардың соңы мен 80-ші 
жылдардың  басындағы  компьютерлік  төңкеріс  шетелде  оқытудың  жаппай 
компьютерленуіне  әкеп  соқтырды.  Есептеуіш  техникалардың  қарқынды 
дамуының  және  жаңа  аппараттық  бағдарламалық  құралдардың  құрылуы 
нәтижесінде  компьютердің  қолданылу  аясы  айтарлықтай  кеңейе  түсті.  I.Belov, 
A.Dovgiallo    өз  зерттеулерінде,  осы  кезеңдерде  шетелде  оқытуды  қашықтық 
технологиялары бойынша жүргізетін университеттердің желісі дамып жатыр деп 
жазады.  Олардың  ішінде  мынандай  атақты  университеттер  бар:  Ұлыбритания    
Ашық    Университеті,   Хагендегі   сырттай   оқу   университеті  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет