М.А.АЙДАРХАНОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ОҚУ-ҮЙРЕТІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖЕКЕ ДАРАЛАНДЫРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ
В статье рассматривается сущность новой технологии
индивидуализации в
образовательном и воспитательном процессах.
This article deals with the essence of a new technology of an individualization in educational and
upbringing process.
Соңғы
уақыттары
оқу-үйретім
үдерісін
жеке
дараландыру
(индивидуализация) қазіргі заман жас әулетінің сапалық өзгешелікті тәлімдік
ақпарат алуға құштарлығынан көкейкесті мәселеге айналып отыр. Ұстаз бен
шәкірттің тығыз әрекесттестігі үйренушінің білім деңгейін едәуір көтеруге
мүмкіндік береді, ал ұстаз өз тарапынан өз тәрбиесіндегі баланың әрқилы жеке
және психикалық ерекшеліктерін тікелей танумен, тұлғаның күшті де, олқы
тараптарын анықтаумен, тәрбиеленушінің өзіне тән ерекшеліктері мен арнайы
сапаларын білумен өзінің кәсіби деңгейін көтеріп, педагогикалық ықпал, әдіс,
тәсілдері мен құрал-жабдықтарын таңдайды. Ол үшін ең тиімді жол-оқу-
үйретім үдерісін педагогикалық технологияның бір түрі – оқу-үйретімді жеке-
дараландыру арқылы құрастыру.
Жеке-дараландыру – бұл дидактикалық принциптеріндегі оқу-үйретім
барысында ұжымдық істермен қатар жүретін, әр шәкірттің жеке қасиеттерін
ескерумен орындалатын даралықты үйретім-үйренім жұмыстары [1].
Өткен ғасырдың екінші он жылдығында бірінші дүниежүзілік соғыс
зардабынан болған рухани күйзелістен әлемде, оның ішінде әсіресе Еуропада,
даралықты психология кең тарады. Оның негізінде адам тегінің биологиялық
әлсіздігін жеңіп, оған қуат берер көздерін табу идеясы жатқан. Психологиядағы
бұл бағыт батыстық педагогикаға, социология мен психологияға күшті ықпал
жасады.
Осылайша, тәлім барысындағы шәкірттердің жеке басы ерекшеліктерін
зерттеп тану және оларды ескеру проблемалары тарих тереңінен бастау алған,
осы идеяны іске асыру мақсатында қолданымға келген әдіспен шәкірттер саны
көп болмаған ықшам топпен жұмыс істей отырып, педагог балалардың нақты
тұлғалық сапаларын дамытуға, олардың белгілі ептіліктері мен дағдыларын
орнықтыруға бағытталған оқу-үйретім үдерісін түзіп, пайдаланады. Жаппай
(ұжымдық) оқу-үйретім ен жая бастауымен әр шәкірттің өзіндік ерекшеліктерін
ескеру мүмкіндігі төмендеді, тіпті мүмкін де болмай қалды.
Мұғалім қызметі ауырлады: шәкірттердің үлкен топтарымен жұмыс
жасай отырып, әрбір тәрбиеленушінің жеке жоғары деңгейлі оқу-үйретім
деңгейіне жетуіне болған жауапкерліктен ол босатылмайды.
Ақиқаты сол, шынайы оқу-үйретім үдерісінде білімдерді әрбір шәкірт
жеке-дара игереді. Алайда, білімдерді игеру үдерісі бірдей келіп, бір топ не
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Бабаева С.Б., Айдарханова М.А. Оқу-үйретім және тәрбие үдірісінде жеке дараландыру...
236
сыныптағы жеке балалар үшін деңгейісәйкес болуы мүмкін. Жалпылығы
балалардың даму деңгейінің сипатында, іс-әрекеті мен қылықтарының
ұқсастығында сипатталады. әдетте, мұндай жалпыланған деңгейі біркелкі
жастағы балаларға тән. Сондықтан нақты топтағы әрі жастағы балалардың
жалпы психологиялық ерекшеліктерін білу әрбір шәкірттің оқу-үйретім
материалын игеру барысындағы түсіну мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Шәкірттердің дара ерекшеліктерін зерттеудің негізгі тәсілдері: баланы
жоспарлы да жүйелі бақылауға алу, алдын-ала белгіленген [2].
Тақырыпта жеке және топтық сұхбаттар жүргізу, қосымша оқу-үйретім
тапсырмаларын беріп, олар бойынша шәкірт ой топшылауын байқастыру,
балаға топтағы жағдайына байланысты міндеттер тапсырып, оның жолдастары
мен қарым-қатынасын, топтағы беделін анықтау. Ең бастысы, баланы жан-
жақты танумен, оның бойында қалыптасқан кемшіліктерді жою үшін оған тән
ұнамды сапа-қасиеттерді сүйеніш ету. Жеке-даралықты бағыт-бағдар мәнін
түсіну негізі осында.
Педагогикалық
теорияда
жеке-даралықты
бағыт
оқу-үйретім
принциптерінің аса маңыздысы ретінде қарастырылады. Біріншіден, жеке-
даралықты бағдар басқа дидактикалық принциптерден ерекше, әрбір шәкірт
тұлғасындағы тек әлеуметтік-типтік қана емес, сонымен бірге жеке, қайталанбас
құбылыстарды жүйелі есепке алып отыру қажеттігін алға тартады. Екіншіден,
қарым-қатынасқа, көмекке кез-келген шәкірт мұқтаж. Қарастырылған принцип
шәкірт тұлғасына деген адамгершілікті көзқарас жөніндегі ережелерден
туындайды. Үшіншіден, даралықты бағыт әрекеттері принципі белсенділігі,
қалыптастырушылығы, дамытушылығымен танылып, осыдан ол шәкірттің жеке
басының шығармашылықпен дамуының кепілі бола алады.
Сонымен, жеке-даралықты бағыт шәкірттің жеке-психологиялық
ерекшеліктеріне орайласып, белгілі әдістер мен тәсілдерді, тапсырмалардың
әрқилы баламаларын қолдануға бағдарланған педагогикалық қадамдар ретіндегі
түсінімге сай келеді, ал оқу-үйретім үдерісін ұйымдастыруға бағышталған
реттеу-түзетуші дидактикалық технология принциптері ретінде оқу-үйретім
және тәрбие қызметтері қолданылады.
Оқу-үйретімді
жеке-дараландыру
технологиясы
тәрбие
үдерісін
ұйымдастырушы дидактикалық элемент сипатына анықталып, шәкірттің
кезкелген жеке-дара ерекшеліктерін ескеруді талап етеді [3]:
1.
Шағын түрлендіру мен топтап үйретуден бастап, толық еркін, білім
игеруге дейінгі тәуелсіз әрекеттерге басымдық беру;
2.
Оқу-үйретім формаларын, мақсаттарын және таным, біліктілік
материалдарын ауыстырып беру;
3.
Жеке даралықты оқу-үйретімді барша пәндер, пән бөліктері және сабақ
материалының жекелеген тараулары бойынша пайдалану.
Бір кездері бұл технологиялық әдіс сырқатты баламен үйде, не дарынды
шәкірттермен өз алдына шұғылдануға арналатын. Ал бүгінгі таңда
педагогиканың барша ұмтылыстарына қарамастан аталмыш технология кейбір
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Бабаева С.Б., Айдарханова М.А. Оқу-үйретім және тәрбие үдірісінде жеке дараландыру...
себептерден мектеп тәжірбиесінде толық қолданымын таба алмай жатыр: ондай
себептер:
237
1. Жеке даралық, әдетте, салыстырмалы. Тәжірибеде шамалап ұқсас
даралығына мән беріп отыру мүмкін емес;
2. Оқу-үйретім тұрғысынан ғана маңызды танымал ерекшеліктерді (мыс.:
мінез, темперамент) есепке ала берудің көмегі шамалы;
3. Кей уақыттары нақты бала үшін маңызды жайттарға көз салу (мыс.:
дарындылығы, денсаулығы)
4. Жеке-даралық оқу-үйретімнің бүкіл барысында іске асырылып жатпай,
тек қажетті сәттерінде, даралықты керек қылатын жұмыстар өрісіне орай
қолданылуы. Сондай-ақ, жеке дараландыруды оқу-үйретім үдерісі, тәлім
мазмұны, мектептің жүйелік құрылымы тұрғысынан қарастырған жөн. Себебі,
дидактикалық үдеріске орай оқу-үйретім формасы, әдістері және тәсілдері
таңдалады, ал тәлім мазмұнын ескеруден оқу-үйретім жоспарлары,
бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және шәкірттерге берілетін
тапсырмалар сипаты анықталады, мектеп жүйесін танудан әрқилы салалық
мектептер мен сыныптар ажыралады. Оқу-үйретім жоспарлары мен
бағдарламаларын жасау, әртүрлі бағытты үйретім іс-әрекеттерін қолдануда
дараланған ерекшеліктерді ескеру әбден қажет, алайда ол жалпыланған сипатта
болып, шәкірттерді қандай да белгілері бойынша топқа біріктіреді, нәтижеде
жіктемелі оқу-үйретім туындайды. Орта мектептің жоғары сыныптарындағы
оқу-үйретім жоспарлары мен бағдарламаларын жіктеу, мектептерді салалар
бойынша жабдықтау шәкірттердің бейімдіктері мен қызығулары бойынша іске
асырылады. Шәкірттер типтік оқу-үйретім жоспарында көрсетілген барша
пәндер арқылы жалпы орта тәлім алады да, ал тереңдетілген білімдерді игеруге,
салалық пәндерді меңгеруге көбірек назар аударылады. Осылайша
пайымдаудан жіктемелі оқу-үйретім жеке-дараландыру технологиясының
құралы ретінде қызмет атқарады.
Оқу-үйретімді жеке-дараландыру қырынан алсақ, «жіктеме» ұғымы
адамның тұлғалық сапаларынан бастау алады. Дегенмен, ескеретін жәйт,
«жіктеме» ұғымы кеңірек мағынада қолданылып жүр: тәлім мазмұнын
қалыптастыру және оқу-үйретім жұмыстарын ұйымдастырудағы жіктеме
тәрбиеленушілер жасына, жынысына, ұлттық және басқа да белгілеріне орай
жүргізіледі. Осылайша, жіктемелік іске асып, бір жағынан - әрқилы
шәкірттердің дер мезеттегі тек өздеріне тән даму және білім деңгейін сүйеніш
етсе, екіншіден- олардың «жақын даму аймағын» ашу арқылы біртіндеп
білімдерді тереңдей игеру мен оларды меңгеру жолдарын жетілдіруге
көмектеседі. Мұндай бағыт-бағдар тәрбиеге адами-ізгіліктік негіз беріп, әрбір
шәкірттің болашақ кемелі мен дамуына бастау қалайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Таубаева Ш. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. 1999. №3.
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии учебной пособии. – М.,1998.
3. Рубинштейн Л.С. Принципы творческой самодейтельности //Вопросы психологии. 1986. №3.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Р. ИБРАГИМОВ
педагогика ғылымдарының докторы
Г.Ж.НАЗАНОВА
238
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА МӘДЕНИЕТ
РӘМІЗДЕРІНІҢ
РӨЛІН ЖЕТІЛДІРУ
В статье описаны цели, содержание, методы и формы преподавания педагогики.
Приведены материалы по технологии обучения.
The article presents some aims, content, methods and ways of teaching pedagogy. Some
technological materials of teaching have been researched in this article as well.
Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жандануы, ұлтымыздың
ішкі әлеуметтік мүмкіндігі қазақ мәдениет рәміздерінің рөлін, ұлттық
мәдени дәстүрлерді зерделеп, заман талабына қарай пайдалануға, жеке
тұлғаға әлемдік және этнопедагогикалық білім беруді нәтижелі
ұштастыруды жүзеге асыруға байланысты. Халықтың тәлім-тәрбиелік
тәжірибелерін, өміршең идеяларын және өнегелі дәстүрлерін, Қазақстан
Республикасы мәдени рәміздерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде
пайдалану арқылы жастарымыздың бойында ұлттық құндылықтарды
қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің мақсаты. Халықтың рухани
мәдениетінің мөлдір бастау бұлағынан жас кезден нәр алып өсу сан
ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар қазақ этнопедагогикасы идеяларын
ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды көре білуге
үйретеді. Ұлттық тәрбие тағылымдары материалдарын халық даналығының
сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды қалыптастыру ісінде
пайдаланудың қажеттілігіне қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт-ата, әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Ясауи, педагогтар мен
ағартушылары
(Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б.) өз
еңбектерінде дәлелді сипаттама бергені мәлім. Қазіргі таңда жас ұрпаққа
ұлттық тәрбие беру міндеті, қазақ мәдениетінің рәміздерінің рөлін жетілдіру
уақыт талабы екендігі және білім беруде басшылықа алатын нормативтік
құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық.
Қазақстан Республикасында білім беру салсындағы педагогикалық
инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева,
Н.Н.Нұрахметов,
С.Н.Лактинова,
Е.З.Батталханов,
Қ.Қ.Қадашева,
Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова,
Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және .т.б.
педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы
педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру
үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады. Атап айтар
болсақ, С.А.Көшіметова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Ибрагимов Р., Назанова Г.Ж.
Инновациялық технологиялар жағдайында мәдениет рәміздерінің...
әдіс-тәсілдерін пайдалану,
Қ.М.Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің
инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д.Р. Принбекова мектеп
239
басқарушыларының
инновациялық
дайындығын негіздеп, кәсіптік
ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, К.А.Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш
сынып
мұғалімдерін
дайындау
үдерісін
зерттеп,
инновациялық
педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық
педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын
дамыту жолдары белгіленген.
С.А.Абдыманапов заманауи университет білімінің құрылымдық
диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін
(функциялары,
макропринциптері,
бағыт-бағдарлары,
инновациялық
технологиялары) жетілдірген. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны
жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді
ақпараттану қажеттілігін көрсеткен.
Е.Ш.Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім
жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару
жүйесіндегі субъект – субъектілік өзара әрекет, өз бетінше жұмыс істеу,
білім
сапасын
басқарудың
инновациялық
механизмдері
арқылы
бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз
етуге қабілетті екендігін анықтаған.
Т.А.Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі
инновациялық үдерістерді қарастырып, «инновациялық мектеп» түсінігі мен
оның тұжырымының маңызын айындаған. Қазақстан Республикасында
инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі
жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.
Қ.С.Құдайбергенов жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің «өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыру», «мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін
жүзеге асыруға даярлығы», «атаулы мектеп», «инновациялық топ» базалық
ұғымдарын нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге
асырудың дайын үлгісін әзірлеген.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындарындағы инновациялық
білім беру үдерістері арқылы студенттердің өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыру, қазақ мәдениет рәміздерінің рөлін жетілдіруді басқару
мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту
бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-
бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары
тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай
айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-
құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің рөлін), осыдан
барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін
қанағаттандырудағы (қазақ мәдениетінің рәміздерінің рөлін жетілдіру)
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Ибрагимов Р., Назанова Г.Ж.
Инновациялық технологиялар жағдайында мәдениет рәміздерінің...
және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі
түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, қоғамдық-саяси жүйелермен
240
ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі
мақсаттармен, тәсілдермен, атаулармен енгізіледі де, олардан түрлі
нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі
қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация»
мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті.
Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның анықтамалары кездеседі.
Инновация ұғымының энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі
анықтамаларын кездестіруге болады.
Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында
«инновация – жаңалық, жаңару – техникалы және технологиялық
жетістіктер мен ашылулардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі
қолданысы» деген анықтама беріледі.
Ал, сөздікте «новация – әр нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да
бір бөліктің, қасиеттің, байланыстың өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем
жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады.
«Инновация» сөзі латын тіліндегі in (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен
құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған
ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп
отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деп көрсетеді.
Ал, К.Құдайбергенова «инновация» - нақты қойылған мақсатқа сай
алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
«инновация» – жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа,
«новшество» – жаңалық, «инновационный процесс» – жаңарту үдерісі.
Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау
мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану
ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне
экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында
кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері
жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ
ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты
себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.
Кейбір ғалымдар инновациялардың анықтамасын берер кезде оның
түрлеріне де ерекше тоқталып өтеді. Кейбіреулер білім берудің мақсаты мен
міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани,
құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар
деп бөлсе; ал біеулері білім беру саласы мен ұйымдарындағы
жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі және
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Ибрагимов Р., Назанова Г.Ж.
Инновациялық технологиялар жағдайында мәдениет рәміздерінің...
ұсақ, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам
қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті
241
қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық
құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін
емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға
соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде
ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып
отырады.
Қазіргі уақытқа дейінгі ғылыми әдебиеттерде (Исхахова П. және
басқалары) инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:
1) Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі,
мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі
болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
2) Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе
рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
3) Жаңалықты енгізу кезеңі, мұндай ойлап табылған жаңалық іс
жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже
алынады.
Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да,
инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда
келесі кезеңге аяқ басады.
Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады:
4) Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа
енгізіліп, жаңа салаларға кіреді.
5) Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда
жаңалық бұрынғы жаңашыл қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір
тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады.
6) Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық
жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше,
оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды
нарықта сату және әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер
тізбегін қамтитындығынан көрінеді. Жоғары оқу орындарындағы
инновациялық білім беруде мәдениет рәміздерінің рөлін жетілдірудің
педагогикалық ұйымдастыру шарттар жүйесі:
- инновациялық білім беру үдерістері жұмыс істейтін оқу және білім
беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;
- жоғары оқу орындарының инновациялық құрылымын құру кезінде
білім беру, ғылыми-зерттеу және коммерциялық (инновациялық білім беру
үдерістеріне кететін шығынды өтеу және келешектегі инновациялық білім
Достарыңызбен бөлісу: |