Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балабақшадағы балаларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

289 

   


 

 

 



үздіксіз  дамып  келген.  Ол  -  алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ыдырау 

кезеңінде пайда болған әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің бірі. 

Әрқашан қоғаммен, оның көп салалы қатынастарымен, рухани байлығымен 

тығыз байланыста өмір сүрген. 

М.Дулатов  өзінің  шығармаларында  бала,  ана,  ғашықтық,  денсаулық 

туралы,  т.б.  отбасына  қатысты  мәселелерді  көтереді.  Ол  отбасындағы 

тазалық тәрбиесіне аса көңіл бөлген. 

Бүкіл  саналы  өмірін  педагогика  ісіне  арнаған,  тәлім-тәрбие  туралы 

ойлы  пікірлер  айтқан,  өз  бетімен  ғылым-білім  биігіне  көтерілген 

зиялылардың тағы бір өкілі - Мұхтар Арын.  

М. Арынның пікірінше, ұлттық сананың қайнар бұлағы - отбасындағы 

тәрбие.  Осыған  орай,  ол  ойын  былай  түйіндейді:  «Отбасының  қазақ 

халқының  өмірінде  алатын  орны  тіпті  ерекше.  Халқымыз  көшпелі  болып 

келді.  Көшпелі  дегенің  бір  жерде  жұптасып,  топтасып  отырмай,  әр  жерде 

ру-румен, ел-елмен әрқайсысының өзінің көшетін, қоныстанатын орындары 

бар жағдайда өмір сүру» [1]. Бұл реттен отбасының өзгеше әлеуметтік күші 

екі  бас  бір-бірімен  жұптасып  шаңырақ  көтерген  кезде  екі  рулы  елдің 

жақындасуына  себепкер  болады.  Демек,  жаңадан  құрылған  отбасы  немесе 

көтерілген 

шаңырақтың 

ішін 

емес, 


сондай-ақ 

бүкіл 


халықты 

жақындастырушы болып табылады. 

Қазақ  балабақшасында  тәрбие  көрген  бүлдіршіндер  жөнінде  Алматы 

үй құрылысы комбинатының жұмысшысы Бөкен Жылқыбайұлы былай деп 

жазады:  «Оларға  сүйсінетінім  -  өз  ана  тілінде  еркін  сөйлеп,  халқымыздың 

тарихын,  әдет-ғұрпын,  салтын  жетік  біледі,  өздері  инабатты,  адамгершілік 

қасиеттері мол, үлкенге ізет етіп, кішіге қамқор бола біледі, өзара тату, бір-

біріне  көмектесіп  отырады.  ...Тағы  бір  ерекше  аңғарғаным,  бауырларым 

кішкене  кезінен  қазақ  халқының  ән,  күйлеріне  әуес  боп  өсті»  [2].  Бұл 

келтірілген  мазмұндаудан  қазақ  балабақшаларының  балаларға  рухани-

адамгершілік тәрбие беруді жүзеге асырудың нәтижесі емес деп айту қиын 

болар. 


Балалардың  танымдық  қабілеттерін  қалыптастыруда  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  мекемелеріндегі  тәрбиелік  жұмыстарының  сапасын 

арттырудың  маңызы  зор.  Айналадағы  ортаны  тануда  балалардың  түйсік-

сезімі ерекше роль атқарады. Өйткені сәби естиді, көреді, айналадағы болып 

жатқан өзгерістерді сезеді. 

Сәби  өскен  сайын  өзіне  әсер  еткен  кез  келген  нәрсені  ерекше 

сезімталдықпен  түсіне  бастайды.  Осыған  орай,  сәбидің  өсу  басқыштары 

оның  психологиялық  жағынан  қалыптасуымен  де  өзара  әсер  етісіп, 

қабаттаса  жүріп  отырады.  Балабақшалардағы  жұмыстардың  жүйелі  және 

мазмұнды  жүргізілуі  ғана  баланың  таным  қабілеттерінің  дұрыс 

қалыптасуына  негіз  болады.  Кейбір  тәрбиешілер  балалармен  тіл  таба 

алмайды. 

Еліміздегі  қазақ  балабақшалары  тәрбие  ісінде негізінен орыс тілінде  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балабақшадағы балаларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

290 

   


 

 

 



жарық  көрген  оқу-әдістемелік  әдебиеттерді  басшылыққа  алды.  1988  жылы 

«Бала  тәрбиелеудің  он  ережесі»  мерзімдік  басылымдарда  көпшіліктің 

назарына таратылды [3]. Алдымен ол орысшаға румын тілінен аударылып, 

1987  жылы  «Медицина»  баспасынан  шыққан  Кэрпару  Эмил  мен  Кэрпару 

Гертаның  «Ана  мен  бала»  кітабынан  алынған  бұл  ережелер  «Дошкольное 

воспитание»  журналында  (1988,  №  7)  басылған.  Халықаралық  балалар 

жылында 

қабылданған 

И. 

Песталоццидің, 



Фребельдің, 

Черннің 


педагогикалық  ұлағаттарынан  құралған  бұл  ережелерде  сол  кездегі 

педагогикалық  тәжірибелер  де  ескерілген  болатын.  Оның  негізгі  мазмұны 

төмендегідей болды: 

«1.  Балаңды  сүй!  (яғни,  оны  қорлама,  жәбірлеме,  өзіне  деген 

сенімділігінен  айырма,  нақақтан  нақақ  жазалама,  өзіңнің  сеніміңнен 

мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр). 

2.  Балаңды  қорға!  (яғни,  оны  жаны  мен  тәніне  қауіпті  нәрселерден 

сақта,  тіпті  -  егер  қажет  болса,  жеке  мүдделеріңді  құрбан  етіп,  басыңды 

қатерге байлай отырып қорға). 

3. Балаңа жақсы үлгі бол! (яғни, оның бойына дәстүрлі құндылықтарға 

деген  құрмет  сезімін  дарыт,  өзің  де  сол  құндылықтарға  сәйкес  өмір  сүр, 

балаға  жауапкершілік   сезіммен   қара;   бала   адалдық,   кішіпейілділік, 

жарастық ұялаған отбасында өмір сүруі тиіс, т.б.). 

4. Балаңмен ойна! (яғни, балаңа қажет уақыт бөл, оған қалай сөйлеп, 

қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден 

қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел). 

5.  Балаңмен  бірге  еңбектен!  (яғни,  балаң  жұмысқа  қатысқысы 

келгенде,  оны  демеп  жібер;  өсіңкірегенде  шаруашылыққа  қатыстырып 

үйрет). 

6.  Балаңа  оңай  болмаса  да,  өз  бетімен  өмірлік  тәжірибе  алуына  жол 

қой!  (яғни,  бала  өз  басынан  өткерген  тәжірибені  ғана  мойындайды;  оған 

өзінің  жеке  тәжірибесін  жинақтауға  мүмкіндік  бер;  шамадан  тыс 

қорғаштаған,  қауіптің  қай-қайсысынан  да  «қамтамасыздандырылған»  бала 

көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады). 

7. Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет! 

(яғни,  ата-ана  баланың  ерекшеліктеріне  сәйкес  адамның  жеке  басының 

дамуы  мен  тұлғалануының  тамаша  мүмкіндіктерін  ашуға  тиіс;  бала  заңды 

ұстануы және өмір салты ережелерін сақтауы тиіс). 

8.  Баланы  тіл  алғыш  етіп  үйрет!  (яғни,  ата-ана  баласының  мінез-

құлқын  қадағалап  отыруға  және  оның  іс-әрекеттерінің  өзіне  де,  басқаға  да 

нұқсан келтірмеуіне міндетті; баланы белгілеген ережелерді сақтағаны үшін 

қолпаштап   отырғаны жөн, қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді 

құрметтетіп отыруы тиіс).  

9.  Баладан    пісіп-жетілу  сатысына  және  өзіндік  тәжірибесіне  сәйкес 

шама-шарқы  жететін  пікірлер  мен  бағаларды  ғана  күт!  (яғни,  балаға 

қолыңнан  келгенше  көмектес  және  де жинақтаған  тәжірибесі  мен   өзінің  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балабақшадағы балаларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

291 

   


 

 

 



пісіп-жетілу  сатысына  сәйкес  өзіндік  пікірін  немесе  қорытындысын  айта 

алатын кезде ғана баладан оларды талап ет).  

10.  Балаға  еске  түсіруге  болатын  құндылыққа  игі  әсерлерді  басынан 

кешіруге  мүмкіндік  бер!  (яғни  бала  да,  үлкендер  сияқты,  әсерлермен 

«қоректенеді»,  олар  балаға  басқа  адамдардың  өмір-тіршілігімен  және 

айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді) [3]. 

Баланы  тәрбиелеу  жөніндегі  құнды  он  ереже  отбасы және білім  беру 

жүйесі  қызметкерлері  үшін  назарға  алу  көпшілікке  «Бастауыш  мектеп» 

журналы  қазақ  балабақшалары  үшін  берері  мол  орталық  және 

байланыстырушы  буын  болып  табылды  десек  қателеспейміз.  Оның  себебі, 

журналдың 

кейбір 


санында 

тәрбиешілердің, 

әдіскерлердің 

бала 


тәрбиелеудегі  оңды  ұсыныстары  мен  тәжірибелері  таратылса,  енді  бір 

сандарында тәрбиешілердің, әдіскерлердің өткізген озық үлгідегі оқу-тәрбие 

жұмыстары  басқалары  тарапынан  жазылды.  Солардың  бірі  ретінде 

Алматыдағы  №  29  қазақ  балабақшасында  қалалық  мұғалімдер  білімін 

жетілдіру  институтының  мектепке  дейінгі  тәрбие  бөлімінің  әдіскері  Зәуре 

Еденбаеваның  ұйымдастыруымен  математикадан  ересектер  тобында  ашық 

қайталау сабағын өткізуін айтуға болады. Бұл қайталау сабағын осы топтың 

тәрбиешісі  Сайлаухан  Әуелбаева  жүргізді.  Оған  Алматыдағы  қазақ 

балабақшаларының  тәрбиешілері  қатысты.  Ендігі  әңгіме  ашық  қайталау 

сабағының  қандай  дәрежеде  болғандығын  төмендегідей  ой-пікірлерден 

көруге болады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психикалық  дамуының 

бірқалыпты  жүрмеуі  ғылымда  айқындалған.  Зерттеушілер  аталған  жаста 

жаймен,  біртіндеп  немесе  ұдайы  өзгеретін  салыстырмалы  кезеңде 

байқалатынын, ал кейбір балалар ұзақ уақыт бойына негізгі психологиялық 

келбетті  сақтайтыны  немесе  едәуір  тез,  қарқындап  дамып,  кейде  басылып 

қалатындығын,  кейде  секірмелі  түрде  өзгеретінін  байқаймыз.  Қоршаған 

ортада  да  баланы  танып-білуге  болмайтындай  жаңа  психикалық 

ерекшеліктердің пайда болатыны да дәлелденген. Олар барлық балалардың 

бірегей  жас  шамасында  туындайтындығын  және  балалық  шақты  бірнеше 

жас кезеңдеріне бөлуге мүмкіндік береді: 

- сәбилік (туылғаннан бір жасқа дейінгі);  

- ерте балалық (бір жастан үш жасқа дейінгі); 

-  мектепке  дейінгі  балалық  (үш  жастан  жеті  жасқа  дейінгі)  [4]  –  деп 

ара жігін ашады. 

Сонымен  балалар  арасындағы  өзгешелік,  олардың  психикалық 

дамуының  әртүрлі  саласында болатыны  дәлелденген.  Олардың  барлығы  да 

өмір  және  тәрбие  үдерісінде  туындайды  және  дамиды.  Бір  сапалар  үшін, 

мысалы,  темперамент  бұл  байланыстылық  едәуір  мәнге  ие,  ал  басқалары 

үшін  мінез  ерекшеліктері,  қабілеттер  -  аз,  ал  үшіншілері  үшін  білім  - 

маңызды емес. 

Психологиялық   даму   кезеңдеріне   бөлу,   осы  дамудың   өзінің ішкі  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Сейітқұлов Н.А.

 

Балабақшадағы балаларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

292 

   


 

 

 



заңдылықтарына  негізделіп  балалардың  психологиялық  жас  кезеңдеріне 

бөлуге ұйтқы болады. 

Берілген  зерттеулерде  әрбір  нақты  кезеңдегі  психикалық  дамудың 

басты ерекшеліктеріне байланысты баланың іс-әрекет мәселесі зерттеледі. 

Сәбилік  шақта  басты  іс-әрекет  үлкендермен  болған  эмоционалдық 

қарым-қатынас,  ерте  балалық  шақтағы  бала  үшін  заттық  іс-әрекеттер, 

мектепке  дейінгі  балалар  үшін  -  ойын  болып  табылады.  XX  ғасырдың  80-

жылдарының  соңында  6  жастан  балаларды  оқуға  беруге  байланысты 

мектепке  дейінгі  ересек  топтағы  балалардың  оқу  іс-әрекеттерін  зерттеу 

бастау алды. 

Ғылыми  зерттеулер  барысында  психикалық  дамудың  жас  кезеңдері 

биологиялық  дамуымен  теңестірілмейтіні  анықталды.  Олардың  тарихи 

пайда болуы бар. Балалық уақыт бойынша дене дамуы түсінігінде оның өсуі 

үшін табиғи, жаратылыс құбылысты көрсету қажет. 

Сонымен  баланың  туылғаннан  мектепке  барғанға  дейінгі  кезеңінің 

мәні,  кез  келген  адамның  қоғамдық  өмірі  үшін  қажет  адамның  білімі  мен 

іскерлігіне,  жеке  тұлғаның  психикалық  сапасы  мен  қасиетіне  жалпы 

ұқсастық  тұрғыда  дайындаумен  сипатталады.  Оған  тіл  игеру,  тұрмыстық 

заттарды  пайдалану,  кеңістік  пен  уақытта  бағдарды  дамыту,  адамға  тән 

қабылдау,  ойлау,  елестету  және  т.б.  формаларды  дамыту,  әдеби  және  өнер 

шығармаларының  тәрбиелік  мазмұнына  алғашқы  баулу,  басқа  адамдармен 

өзара  қарым-қатынастың  негіздерін  қалыптастыру,  әдет-дағдыларын,  сана-

сезімдерін баптау қатысты. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Баймолдаев  Т.М. Қазақ  этнопедагогикасын  бүгінгі  мектептердің  оқу-тәрбие  үдерісіне  ендірудің 

жайы //Білім берудегі менеджмент. - 2009. - № 2. - 168-175 б. 

2.

 

Тлебалдина  С.  Тәрбиенің  рухани  негіздері.  Әл-Фараби  -  Абай:  сабақтастық  мәселесі. 



Халықаралық  ғылыми  конференцияның  материалдары  (9-10  қараша  2007  ж.).  -  Алматы:  Қазақ 

университеті, 2007. - 280-284 б. 

3.

 

Кэрпару  Э., Кэрпару Г. Мать и ребенок// Дошкольное воспитание.1988, №7. 



4.

 

Вульфов Б.З., Иванов В.Д. Этнопедагогика. Основы педагогики. - Москва, 1999. - С.147-160. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

С.Ш.ӘЛІМБЕКОВА  

    

                                                                                                                                           

293 

   


 

 

 



 

педагогика ғылымдарының кандидаты  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 

 

ЕҢБЕККЕ ДАЙЫНДЫҚ БАҒЫТЫНДА ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ 



ЭТНОСТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

 

В  этой  статье  разносторонне  рассмотрены  методы  в  осуществлении  этностной  культуры 



казахских девушек по направлению подготовки к труду. 

 

 The author  researches  methods  of  formation  of  ethnic  culture  of  Kazakh  girls  in  the  process of 

training for labour.

 

 

Оқу-тәрбие  процесі:  оның  мақсаты  мен  міндеттері  →  мазмұны  → 



әдістері  →  ұйымдастыру  формалары  →  нәтижесі  сияқты  компоненттерден 

тұрады  деп  қарастырсақ,  онда  бұл  компоненттерді  бір-бірінен  бөліп 

қарастыруға  болмайды.  Осыдан  оқу-тәрбие  әдістері  –  педагогикалық 

үдерістің негізгі элементі екендігін көруге болады.  

Мектептегі  педагогикалық  үдерісте  оқушыларды  еңбекке  дайындау 

жүзеге  асырылады.  Оның  ішінде  еңбекке  дайындық  бағытындағы  қазақ 

қыздарының этностық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерінің орны 

ерекше  және  ол  халықтық  және  қазіргі  заманғы  педагогиканың  әдіс-

тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. 

Қыз баланың ұжымға және оның әлеуметтік-психологиялық климатына 

ықпал жасайтын негізгі әдістерге – көзін жеткізу, сендіру, жеке үлгі көрсету. 

Көзін  жеткізу  адамдардың  қадірін,  пікірін,  қалыптасқан  мінез-құлық 

нормалары мен ережелерін нақты адамның  – көз жеткізетін етіп, тұлғаның 

түсінігіне  сәйкес  өзгертуге  бағытталады.  Осы  жағдайда  көз  жеткізуші 

факторлардың қуатын, логикасымен дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана 

емес,  әңгімелесушінің  сезіміне  де  әсер  етеді.  Сендіру  процесінде  бір 

адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз 

түрде  іске  асады.  Сендірудің  көмегімен  педагогикалық  ұжымда  көңіл-күй 

қалыптасып,  идеялар,  педагогикалық  құндылықтар  орнығады.  Ұжымдағы 

жағымды  әлеуметтік-психологиялық  климаттың  қалыптасуына  жеке 

тұлғаның  жасайтын  ықпалының  тиімділігі  жеке  үлгі  көрсету    болып 

табылады.  Ол  үлгі    адамның  өз  еңбегіне,  әріптестеріне,  ұжымдық  пікірге 

қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол әрекет пен мінез-

құлықтың  үлгісін  береді,  көңілдегі  мен  өмірдегіні  салыстыруға  мүмкіндік 

береді. 


Еңбекке  дайындау  бағыты  бойынша  оқу  жұмыстарында  қыз 

балалардың  этностық  мәдениетінің  оқып  үйрену  әдістеріне  төмендегілерді 

жатқызуға болады: 

1.

 



Жаттығу (ақыл-ой, қозғалыс, аралас). 

2.

 



Оқу эксперименті (лабораториялық-практикалық жұмыстар). 

3.

 



Оқу-өндірістік жұмыстар. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

294 

   


 

 

 



4.

 

Тапсырмаларды  шешу  (техникалық,  технологиялық,  көркем 



графикалық есептерді). 

5.

 



Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, құрастыру, схема және 

сызбаларды, техникалық және нұсқау карталарды және  т.б. қолдану). 

6.

 

Ғылыми-техникалық, 



ұлттық 

әдебиеттермен 

жұмыс 

жасау 


(анықтамалықтармен, оқу құралдарымен және т. б.). 

Мұғалімнің  оқыту  процесіндегі  қолданылатын  оқыту  әдістеріне 

төмендегілер жатады:  

1.

 



Оқу материалдарының ауызша мазмұн жасау (еңбек құралдарының 

құрылысы  мен  жұмыс  істеу  принципін,  технологиялық  процестердің 

ғылыми мәнін түсіндіру, өндіріс, кәсіп туралы және т. б. баяндау). 

2.

 



Әңгіме  (білімді  тексеру  үшін  және  оқушыға  жаңа  мағлұматтарды 

хабарлау үшін). 

3.

 

Оқу 



демонстрациясы 

(оқып 


үйренетін 

кинофильмдерді, 

диафильмдерді  және  диапозитивтерді  көрсету,  техникалық  құжаттармен 

таныстыру, еңбек тәсілдері мен операцияларын көрсету және т. б.). 

4.

 

Оқушылардың білім, ептілік және дағдыларын бағалау және тексеру 



әдістері  (ауызша  сұрақтар,  практикалық  бақылау  жұмыстары,  біліктілік 

емтихандар және т. б.). 

Еңбекке,  кәсіпке  баулудағы  әр  түрлі  әдістердің  арасынан  оқу 

материалдарын ауызша баяндау әдістері: ауызша баяндау, әңгіме, түсіндіру, 

лекция  басты  рөл  атқарады.  Оларды  пайдалану  арқылы  мұғалім 

практикалық еңбек іс-әрекетін оқушыларға хабарлайды. 

Оқу материалын ауызша баяндау және түсіндіру әдістерін қолданудың 

тиімділігі  едәуір  дәрежеде  әдістемелік  тәсілдерді  дұрыс  пайдалануға 

байланысты.  Әдістемелік  тәсілдер  –  оқу-тәрбие  мақсатына  жетуге 

бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  жекелеген  әрекеті  немесе  әдістің 

құраушы  элементтері.  Мұғалімнің  жұмыс  істеу  әдістерінде  әр  түрлі 

үйлестірілген  әдістемелік тәсілдер болады. 



Логикалық  тәсілдер  –  оқушының  ойлау  қызметін  қалыптастыру 

тәсілдері (ойлау тәсілдері). Оған жататындар: негізгісін, маңыздысын бөлу; 

себеп-салдарлық  байланыстарды  бөліп  алу;  салыстыру;  талдау;  жинақтау; 

талдап қорыту және т. б. 

Пәнаралық  байланыстың  физиологиялық,  психологиялық  негізінің 

нәтижесі  білімдер  жүйесінің  мида  орналасуы  адамның  үнемі  алға 

ұмтылушылығына  жағдай  туғызады  да  оның  шығармашылық  іс-әрекетіне 

дайын бола алатындығын дәлелдейді.  

А.А.Бейсенбаева  пәнаралық  байланыс  білімнің  мазмұнына  ғана 

қатысты емес, оның ықпалы оқыту процесінің барлық құрамды бөліктерімен 

байланысты  екенін,  сол  сияқты  пәнаралық  іскерлік  оқушының  бір  пәннен 

меңгерген  білім  іскерлік  дағдыларын,  екінші  жақын  пәндерді  меңгеруді 

пайдалана  білу  қабілетін  көрсететінін атап көрсетеді.  Зерттеуімізге   сәйкес 

этностық мәдениет мазмұнын түзетін  білімдер мектеп  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

295 

   


 

 

 



оқу  пәндері,  оның  ішінде  «технология»  пәні  мазмұнына  ендіру 

қарастырылады [1.117]. 

Пәнаралық  байланыстар  үшін  негізінен  оқу-интеллектуалдық, 

практикалық  іскерліктердің  орны  ерекше.  Ал,  оқу-интеллектуалдық 

іскерліктер  -  ұғымдарды,  заңдылықтарды,  қорытындыларды,  талдап 

қорытуларды  қалыптастыру  үшін  логикалық  ойлау  тәсілдерін  игеру 

бойынша  әрекеттер  жүйесі.  Практикалық  іскерліктер  –  алған  теориялық 

мағлұматты  тәжірибеде  жүзеге  асырудағы  іс-әрекеттер  жүйесі.  Оқу-

интеллектуалдық іскерліктерді танымдық әрекеттер құрайды. Оларды: 

а) қабылдау әрекеттері (байқау, ажырату, тану, есту, сипап сезу, көру, 

есту,  дәм  сезу,  иіс  сезу  бойынша  белгілер  көрінісінің  дәрежесін  анықтау 

және т.б.); 

б) елестету әрекеттері (объектіні ойша түзу, осының негізінде болашақ 

өнертапқыштар, тиімді ұсыныс жасаушылар дүниеге келеді); 

в) логикалық әрекеттер (талқылау, қорытынды шығару) деп ажыратуға 

болады [2]. 

Практикалық  іскерліктерді  негізінен  дене  қозғалыс  әрекеттері  (алу, 

қою,  сығымдау,  орын  ауыстыру,  күшті  азайту  немесе  көбейту  және  т.б.) 

құрайды. 

Іскерліктердің  қалыптасуы  үшін  ой  еңбегінің  дене  еңбегімен 

ұштасуының  жүзеге  асырылуындағы  мәнді  В.А.Сухомлинский  «Ой  мен 

дене еңбегінің ұласуы арқылы қолдың нәзік қозғалыстары нәзік ойды жүзеге 

асырады,  дайын  білімді  тұтынушылар  ғана  емес,  жасөспірімдер  ақылды 

ойшылдар, ақиқатты зерттеушілер және жаңа ашылым жасайтындар болып 

қалыптасады» - деп атап көрсетеді [3.15]. 

И.Д.Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру 

тәсілдерінің  сипатынсыз,  олардың  білім  беру,  дамыту  және  тәрбиелеу 

функциясының  өзара  байланыстарын  ашпайынша  бұл  мәселені  елестету 

мүмкін  еместігін  айтқан  [4].  Пәнаралық  байланыстардың  жалпы  білім 

беретін  функциялары  оқушыларда  материя  қозғалысының  әртүрлі 

формаларының  өзара  байланысын  көрсететін  әлем  жөніндегі  жалпы 

білімдер 

жүйесін 

қалыптастыруды 

қарастырады. 

Пәнаралық 

байланыстардың  тәрбиелеу  функциясы  оқушыларда  диалектикалық-

материалистік  дүниетанымды,  өнегелік-эстетикалық  идеалдарды,  жеке 

тұлғаның эмоциональдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді. 

Техникалық  тәсілдер  мұғалім  мен  оқушы  іс-әрекетіндегі  құралдарды, 

яғни  әр  түрлі  жабдықтарды,  материалдарды,  бейімдеу  құралдарын, 

техникалық оқу құралдарын және т. б. тиімді пайдалануды қарастырады. 

Технология  пәні  мазмұнындағы  еңбекке  дайындау  бағыттары 

бойынша  этностық  мәдениетті  қалыптастыруда  педагогикалық  шарт 

құраушыларының практикада жүзеге асырылуына тікелей байланыстылығы 

анықталды.  Технология  пәні  мазмұнындағы  тақырыптарды  оқытуда 

этностық  мәдениет  мазмұнын  түзетін  оқу материалдары  пәнаралық  және  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет