1
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ
1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
A.Yesevi UKTÜ Bülteni
Вестник МКТУ им. А.Ясави
Bulletin of IKTU named A.Yasawi
№1 (69)
Қаңтар-ақпан
2010
Қ о ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы
БАС РЕДАКТОР
техника ғылымдарының докторы, профессор
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы
филология ғылымдарының докторы,
профессор
-Бас редактордың орынбасары
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы
-аға редактор
БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы
-көркемдеуші редактор
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
2
ҚҰ
РЫЛТАЙШЫ
Ахмет Ясауи атындағ ы Халық аралық қ азақ -тү рік университеті
А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :
Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова
А.Ж., Әбілтаин М., Байдәулетов И.О.,
Байжігітов Қ.Б., Балабеков О., Бахтыбаев
А.Н.,
Бердібай
Р.,
Беркімбаев
К.,
Ділбарханова Р., Жолдасбаев С., Жұмабаев
М.Ж., Исламқұлов Қ.М., Кенжетай Д.Т.,
Құдайқұлов
А.Қ.,
Мұхамеджанов
Б.,
Мырзалиев Б., Нұсқабаев О., Оңалбек Ж.,
Раимбердиев
Т.П.,
Тәукебаева
Р.Б.,
Тұртабаев С.Қ., Шалқарова Ж.Н.
Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері
жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.
Индекс №75637
Редакцияның мекен-жайы:
161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан
қаласы, ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы,
№29, 131-бөлме
(8-725-33) 6-36-36, 6-36-40, 6-36-41 (133)
E-maіl: islam2006-82
@
mail.ru.
Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің
«Тұран» баспаханасында көбейтілді.
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.
3
Шартты баспа табағы 30. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
ФИЛОЛОГИЯ
Қ.Т. ЖАНҰЗАҚОВА
филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті
Т.АХМЕТЖАННЫҢ «СҰЛУ МЕН СУРЕТШІ» ПОВЕСІНДЕГІ
РОМАНТИКАЛЫҚ САРЫН
В статье рассматриваются индивидуальный художественный мир и романтические
стилевые особенности в прозе Т.Ахметжан.
This article considers individual artistic world and romantic genre-style peculiarities in
T.Akhmetjan’s prose.
Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» шығармасы адамзатты ықылым
заманнан бері толғандырып келе жатқан мәңгілік тақырыпты: қоғамның
махаббат пен өнерге деген қарым-қатынасын суреттейді. Повестің негізінде
драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематика жатыр. Жазушы
повесте адам тағдырының рухани драмасын жан-жақты талдайды.
Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның
санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар
талданады.
Адамзаттың даму тарихында, жеке адамның ғұмыры мен тағдырында,
жүрегінде терең із қалдыратын мәңгілік махаббат сезімі – нағыз
романтикалық тақырыптардың бірі. Әлем әдебиетінің алтын қорына кірген
мәдени-рухани жәдігерлердің арқауы - жастық пен махаббат. Романтиктер
махаббатты айрықша сезіммен бейнелейді. Махаббат арқылы әлемді тануға,
ең жоғарғы үйлесімге жетуге болады. Махаббат - күйкі тірлікке ұлы өзгеріс
әкелетін, адам жанын түлететін, жаңартатын қуатты күш. Романтиктер
махаббатты – «адамды адаммен ғана емес, барлық тірі дүниемен
жақындастыратын, біріктіретін ұлы құпиялардың бірі» (Шелли «Махаббат
философиясы») деп таныды. Махаббат туралы шығармалар көркем
әдебиетте бұрын да жазылған, алайда романтиктер туындыларында
махаббат киелі, рухани толымды қасиетке, құрбандыққа, өлімге бас тігетін
мазмұнға ие болды.
Махаббат мәселесі қазіргі қазақ әдебиетіндегі тым тереңдемеген
тақырып болғанымен, жалпы қазақ әдебиетінде бұл бағыттағы нәрлі
ізденістеріміз бен рухани олжаларымыз мол. Бұған халық ауыз әдебиетінің
үлгілері, лиро-эпостық жырларымыз, ежелгі әдебиет пен жыраулар
поэзиясы, Абайдан, Мағжанға, одан Әуезовтің көркемдік әлеміне ұласқан
ғашықтық иірімдері мысал бола алады. Т.Ахметжанның біз қарастырғалы
отырған «Сұлу мен суретші» повесі де нағыз махаббатты бейнелейді.
Шығарма кейіпкерлерінің аты аталмаған. Олар – Суретші, Қожайын,
Сұлу, Бойжеткен. Олар кейде мәтін ішінде жай әріппен де жазылады. Осы
арқылы жазушының синтетизмге, ауқымдылыққа ұмтылысын байқаймыз.
4
Мұндай символикалық жинақтау арқылы тұлғаларға жалпылық сипат
дарытылып, типтік қалыпта көрсетілген. Сана ағымы арқылы бейнеленген
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесіндегі романтикалық сарын
ішкі әлем қалпы реалистік баяндаудан гөрі субъектінің қабылдауы
бағытында ашылған. Шығарма үшінші жақтан, яки баяндаушы тарапынан
беріледі. Оқиға Шалдың сурет салып тұрған сәтінен басталады.
Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы оқиғамен қатар қарт суретшінің
өткен өмірінен сыр шертуі шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі
монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге ой жіберу,
лирикалық шегіністер молынан пайдаланылады. Шалдың өмірін күрт
өзгерткен белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде
тығылып жатқан сан түрлі әсерлердің, ұғым-түсініктердің тууына түрткі
болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты шақтарын еске ала отырып,
тұңғиық ойға беріледі. Шығармада өткен мен қазіргі уақыт жымдасып,
өткен күндер елесі кейіпкер жадында қайта жаңғырады. Повестің
композициялық бітімінде уақыт ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы
қаламгер Шалдың бүгінгі пұшайман халімен бұрынғы бақытты өмір
тынысын жинақты қалыпта жарыстыра баяндайды.
Шығарма композициясы қосәлемділік принципі бойынша құрылған.
Екі жастың бір-бірін құлай сүйген кіршіксіз таза махаббаты, құштарлығы
және қожайын мен бойжеткеннің кездесуі, екеуінің махаббаты сақиналы
композиция арқылы қатар суреттелген. Повесте өмірдің өзінде өркен жайған
мәңгілік трагедиялық қайшылықтарды бейнелеу тәсілі болған контраст
поэтикасы үлкен көркемдік қызмет атқарады. Шалдың арманшыл да таза,
бірақ әлеуметтік ортадан көп таяқ жеп, теперіш көрген сыршыл сезіміне
Қожайынның атақ пен ақшаны барлығынан жоғары қоятын, жалғанды
жалпағынан басып, адамгершілік заңдарынан да аттап кете алатын есебі
қарсы қойылған. Екі кейіпкердің әлемі, екі дүниетаным параллель өрбиді.
Бүгінгі күн «ғашықтарының» сауда заңына бағынған «сезіміне» махаббаттан
адалдық, тазалық іздеген сұлу мен суретшінің шынайы махаббаты қарсы
қойылған.
Қожайынның әлемі бүгінгі болып жатқан оқиғалармен өзектес болса,
Шалдың оқиғасы өткен күндерді қозғайды. Екі әлем, екі сана, екі дүние
қайшылығы повесте қатар дамиды. Екі кейіпкердің әлемін суреттеудің өзіне
сай лексикалық, стилистикалық бейнелеу құралдары бар. Романтикалық
шығармалардың образдық құрылымында екіұдайылық деп аталатын
принципиалды ерекшелік бар: өз қоғамының реалды болмысынан алшақтай
отырып, романтикалық тұлға өзінің қалауындағы, ішкі дүниесінің талабына
сай өзге әлемге ұмтылады.
Шал да реалды болмыстан алшақ, оның өз әлемі бар. Ол қиялдың
жетегімен өз «әлеміне» саяхат жасайды. Шал «әлемінің», ой толғауының
композициялық құрылымы, баяндау тәсілі кейіпкер өмірінің сезім
қозғалысының интонациясын, динамикасын танытарлық сөйлем соңындағы
леп белгілер, көп нүктелер үзік-үзік ойдың желісі арқылы беріледі. Бұл тек
5
Шалдың жан дүниесінде болып жатқан ішкі өмірінен, сезім
құбылыстарынан сыр шертеді. Суретші сұлумен кездесетін сарайға кіргенде
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесіндегі романтикалық сарын
«ертегі әлеміне енгендей». Шалға қатысты желінің тілі де әсерлі, оқыс.
Повесте романтикалық әдебиетке тән «мәңгілік», «сиқырлы», «ғажайып»,
«ертегідей» сөздері өте жиі кездеседі. Әсіресе, Т.Ахметжанның сөздік
қорында мистикалық «сиқырлы» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын
мәнінде, жазушы концепциясында өнер мен сұлулық ғажайып, сиқырлы
күшке ие.
Шығармада қос әлемді жалғастырып тұрған ортақ нәрсе - «Жұмбақ
келіншек» суреті. Өтіп кеткен сәттің, бұрынғы елестің бүгінгі көрінісі.
Суретші он бес жыл бойы осы суретті салу барысында «адами биіктен гөрі
ғалами ғарыштан көріп отырғандай көңілі қанаттанып, жан дүниесін рухани
таза сезініп, түс әлеміне, бостандық, еркіндік әлеміне есік ашылғандай
ғажайып күй» [1.105] кешеді. «Бостандық», «шексіздік», «еркіндік»
романтиктер лексикасындағы жиі қолданылатын сөздер. Сурет - Шалдың
бұрынғы махаббатының бүгінгі жұрнағы, символы. Сол сурет оны өткенді
ойға түсіруге, ғашығын есіне алуына себепкер болды. Шығарманың осы
тұсы лиризмге, романтикалық пафосқа толы.
Повесте махаббат романтикалық концепциясымен ерекшеленеді.
Әдетте махаббатты ер кісі мен әйелдің арасындағы құштарлық сезімі,
ынтықтық деп қарайтын түсінік бар. Ал түптеп келгенде, махаббат
ұғымының аясы кең. Дүниенің қозғаушы күші, тірегі - махаббат. Небір ұлы
істер, ерліктер тек махаббат арқылы ғана жүзеге асады. Шалдың ғашығына
деген саф сезімімен бірге, өнерге деген адалдығын, ессіз махаббатын да
аңғарамыз.
Шығармада автордың идеялық-эстетикалық позициясы Шалдың
романтикалық образ болмысымен сабақтасады. Бүкіл болмысымен
арманшыл, мәңгілік махаббатты, мәңгілік өнер туындысын жасауды
көксейтін, альтруист, өз ортасынан орын таба алмай, қоғамнан тыс қалған
Шалды романтизм жемісі демеуге бола ма? Автордың лирикалық
баяндауынан туған, махаббат сезімімен суарылған Шал – романтикалық
дүниетанымнан туған бейне. Ол романтикалық қаһармандар сынды өз
дәуіріндегі қоғамда жалғыз, қасіретті тұлға ретінде көрінеді. Қиялға ілесіп,
соны серік етеді. Шал характері уақыт пен кеңістікте дами отырып,
оқиғаның
хронологиялық
тәртібіне
бағынбайды.
Романтикалық
символиканың мезгіл мен мекен аясындағы еркіндікке ұмтылысы
жазушының болмысқа, өнерге, махаббатқа философиялық көзқарасынан,
ауқымды рухани серпілістерінен танылады.
Шал да, оның ғашығы да көбінесе қалыптағы адамдардан өзгеше,
оқшау кейіпкерлер қатарында екенін көреміз. Жүрегі өнері деп соққан
Шалды «қарынбайлар», «көрсоқыр көп» қабылдамаса да, тағдырдың
теперішін көп көрсе де, ол жүрегіндегі адамдарға деген махаббатын,
6
тазалығын, адамдық болмысын жоғалтпайды. Ол рухани биікке көтеріліп,
өнері мәңгілік, ерекше деңгейге жеткен. Бірақ оның қарапайым тірлігі,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесіндегі романтикалық сарын
атақты болуды аңсамайтын адамдық болмысы Қожайынға да, басқа
адамдарға түсініксіз, жат, күлкілі, аянышты. Күнделікті күйкі тіршілікті
күйттеген көпшілік ортасында мәңгілік мәселелерді қузаған жанның ақымақ
әрі шынайы болмыстан алыс «Дон Кихот» көрінетіні бар.
Зерттеуші Ш.Елеукенов повесті бүгінгі әдеби процестегі махаббат
тақырыбына жазылған романтикалық әуені басым, «ішкі тартысы
символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын» шығарма қатарына жатқыза
отырып, Шалдың романтикалық мінез ерекшелігі турасында былай дейді:
«Талаптың туындысы адам жаны мен тәнінің екі ұдайылығын еске салады.
Ұлы Абай айтқан «мен» және «менікі» арасындағы мәңгі қайшыластық
заманына қарай не асқынады, не бәсеңсиді. Шал – романтиканың адамы.
Қожайын секілді «боқтың қабы» емес. Рухани адам. Ал тиын-тебенді тәңірі
еткен нарық заманында ондай идеал адамның қалыпты өмір сүруіне жол
қайсы ... дегізеді... мына заманның «ғашықтарына» махаббаттан ақтықты,
тазалықты тапқысы келген кешегі заман сүйгендерінің романтикасы қарсы
қойылады» [2. 189].
Шығармада мистикалық «сиқырлы күй», әуен маңызды орын алады.
Оны басқалар ести алмайды, тек оны сезіну таңдаулылардың – Шалдың,
сұлудың ғана еншісінде. Осы таңғажайып, мұңды күй Шалдың құлағынан
«Жұмбақ келіншекті» салып жатқан кездері де сыңсып кетпей қояды.
«Мынау тап сол күй... таныс әуен... Жүрек суырар сазды күй... Міне, көктен
қырандай сорғалаған алапат күш жанын зіл батпан салмақпен жаншыды-ай.
Өткір тырнақтың улы бізі қабырғасына қадалған сайын тынысы тарылып,
жүрегі қапасқа түскендей тыпыршыды-ай. Ең соңғы дем, ақтық дем... қазір
қапасқа жарық сәуле түспесе бәрі біткені... Қиналыс... аласұру... жанұшыра
жарыққа талпыну... Үзілді-ау, әттең, үзілді-ау... жо-жоқ, тар қапасқа нәзік
бір сәуле түсті... бастыққан балапан көңіл қайтадан қанат қаға бастады; алып
бүркіттің өткір тұяғы жазыла берді; ақ нұр бойға қуат дарытты; бебеулеген
мұңды әуен салқын сабырға көшті де, екі күш таразы басында алма-кезек
алмасып жеңіліс таба алмай тоқтады; біраз уақытқа дейін тербеліп тұрып
аяқ астынан бөгетті быт-шыт қылған селдің жойқын қуатындай тылсым
күш қолтықтан демеп әкеткенде қыстыққан сырлы әуен қалықтап көкке бір-
ақ шықты... Еркіндік... шексіздік... мәңгілік... мың құбылған кербез әуен
қанатын сусылдата қаққан аққудай күнді айналып қалықтап барады... Күй
әуенімен қоса шалдың да жаны күнді айналып қалықтап бара жатқандай...»
[1.105].
Шығарма мәтініндегі әуезділік қайталаулар, сөздердің ерекше орын
тәртібі мен эпитеттердің ерекше орналасуы, эллипсис арқылы жүзеге асқан.
Үзіндідегі әуезділік терең мазмұндық мән жүктеген: оқырманның күнделікті
көрінетін дүниелердің астарындағы тереңдікті, адам сезімдерінің әлеммен
жасырын байланысын сезінуге меңзейді. Бұл «таңғажайып, мұңды күй» -
7
Шалды еркіндікке, мәңгілікке әкететін, оның «жанының сонау шексіздікпен
тылсым байланысы». Бұл күй оның жанын ғарышпен байланыстырады.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесіндегі романтикалық сарын
Қаһарман
көңіл-күйінің
романтикалық
сипаттамасы
өз
семантикасында асқақтықты, жоғарғы экспрессия элементтерін құрайтын
эмоционалдық бояуы мол лексикалық сөздерді іріктеу арқылы берілген: көк,
қапас, сәуле, нұр, күй әуені, шексіздік, мәңгілік, жан және т.б. Эпитеттер де
экспрессивті мәнге ие: тылсым күш, жүрек суырар саз балапан көңіл,
қыстыққан сырлы әуен, нәзік сәуле, бебеулеген мұңды әуен және т.б. Мұнда
қалыпты романтикалық метафоралар да кездеседі: қыстыққан сырлы әуен
жүрегі қапасқа түскендей тыпыршыды-ай, көңіл қайтадан қанат қаға
бастады. Сонымен қатар айрықша, қалыптан тыс антонимиялық ұғымдарға
(зеңгір көк пен тар қапас, бастыққан балапан - алып бүркіт, т.б.), ерекше сөз
тіркестері мен дыбыстық қайталауларға көңіл бөлінген. Зеңгір көк пен
қапастың антиномиясы сан қырлы өмірдің мәңгілік бітіспес қарама-
қайшылығын суггестивті аяда астармен бейнелеген.
Лирикалық сарын кейіпкердің ішкі арпалысынан ғана емес, автордың
кейіпкер тағдырына алаңдап отыруынан да байқалады. Үзіндідегі
«жаншыды-ай», «тыпыршыды-ай», «үзілді-ау, әттең, үзілді-ау» деген
жолдарда автор өз кейіпкерлеріне ықыласын, оның іс-әрекетін сюжет
шеңберінде емес, өзінің субъективті көзқарасы арқылы көрсетіп отырады.
Өйткені қаламгердің пайымдауында, Шал – қарапайым суретші
болғанымен, көптің бірі емес, өз ортасының «ерекше» жаны таза адам.
Мұнда автор дауысындағы өз кейіпкеріне деген жанашырлығын аңғарамыз.
Қаламгер өмір құбылыстарын өз жүрегінен өткізіп, оған қатынасын
танытады.
Шалға қарама-қарсы кейіпкер Қожайынның басты ұраны, өмірлік
ұстанымы - «атақ-даңққа жеткізер жолдың қай-қайсысынан болсын
тайынбау, тартынбау, тайсалмау». Характерлер негізінде контраст жатыр.
Шығармадағы оқиға өмір шындығына жанасымды болса да, кейіпкерлерге
тән іс-әрекет, сезім күй де романтизм үлгісіне ыңғайластырылады.
Кейіпкерлерді дағдыдан тыс жағдайларға тап еткен, әрекет пен мінез-
құлықтағы төтенше рухани ерлікке бастайтын түйін есебінде махаббат
алынған.
Повесте Шалдың күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс
секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Монологтың драмалық кернеуі
үлкен ойларға мегзейді. Авторлық баяндаудан біз болмысты Шалдың
өмірге, өнерге, махаббатқа көзқарасы, дүниетанымы арқылы танимыз. Шал
үшін маңыздысы - жүлделер алып, атағыңды шығару емес, өзіңнің сүйетін
ісіңмен айналысу, сурет салу. Қожайынның шартына сол себепті де амалсыз
көнеді. Бірақ өнердің адам ақылына сыймас, тылсым, құдіретті күші бар.
Дарындылық - құдайдың сыйы. Оны қадірлеп, аялай алмасаң, киесі ұрады.
Жан-жүрегімен
салған
қайталанбас
таңғажайып
туындыларының
қожайынның қанжығасында кетуі суретшіні бейжай қалдыра алмайды.
8
Тағдыр тәлкегіне түскен Шал өз еңбегін, таланты мен өнерін қожайынға
сатуға мәжбүр болғаны үшін ар азабына түсіп, іштей қиналады. Махаббат
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші» повесіндегі романтикалық сарын
та, өнер де саудаға түскен мына алмағайып заманда суретшінің де тірлігі
үшін туындысын біреуге бере салғаны жанына қатты батады. Әлемде
авторы белгісіз таңғажайып өнер туындыларының бар екені туралы оймен
өзін жұбатпақ болады. Шалдың танымы бойынша өмір - аз күндік қызық, ал
өнер - мәңгілік. Қорқыт ата аңызынан тамыр тартатын «өнер – мәңгілік»
философиясы - «Сұлу мен суретші» шығармасының да алтын арқауы.
Өмірде жолы болмаған Шал бар болмысын, бойындағы бар нәрін,
махаббатын өнеріне, «Жұмбақ келіншек» суретіне сарқып береді. Тіпті ол
суретке «жанын» да берді. Қылқалам құдіретінің арқасында өзі де сол
картинаның өзіне айналып кетеді. Өнердің түбі зар екенін айрықша
көңілмен түйсіну - романтикалық сипаттағы суреткер үшін толымды қасиет.
Ендеше, Шалдың жаны, рухы «Жұмбақ келіншек» суретімен бірге кеткен
болса, шығарма финалындағы суретшінің өлімі де заңдылық есебінде
қабылданады.
Шығарма шешімінде шалдың ажалының суреттен келуінің сыры бар.
Суретшінің қазасы өзі салған «Қуғыншы» суретіндегі сойылдың
соққысынан болады. «...Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына
түскен қуғыншыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін
сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады... жарау ат мінген
қуғыншы қыр соңынан қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара
тұмсықтан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі
бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан
дірдектеді... Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды... Қып-қызыл қан...» [1.67]
деген үзіндінің шығармада бірнеше рет қайталануы сюжеттік баяндаумен
тығыз байланысты. Ол сюжет түйінінің күрделі және шешуші тұсында
баяндаудағы ширыққан сәтке эмоциялық ажар береді. Лейтмотив болған
үзіндідегі антитеза (қара тұмсық, қызыл қан, әппақ қар), бірнеше рет әдейі
қайталанған «қып-қызыл қан» сөзі символдық, әрі эмоционалдық мән
арқалаған.
«Қуғыншы» суретіндегі көрініс қожайынның болмысын ашады.
Суреттегі қуғыншы «түлкібұлаң дүниені қуған» қожайынның символдық
бейнесін мегзейді. Тіпті шығармада қуғыншының қожайын екені нақты
атымен аталады. Қожайын суретшінің өнерін де, оның жиырма жыл
бұрынғы махаббатынан жаратылған перзентін да иемденіп отыр. Бұлардың
барлығы Қожайынның олжасына айналды. Мең-зең болған Шал араққа
тойып алып, бөлмесіне келгенде жаңа біткен суреттегі қуғыншымен
жанарлары түйісіп қалады. Осы сәтте сурет жанданып, тіріліп кетеді.
«Картинадағы обыр көз тірі... Иә-иә, кәдімгі қарағанда өңменіңнен өтетін
жебе-көз... Шал тіксініп қалды. Сөйткенше болған жоқ, қуғыншы бұған
сүзіле қарап тұрып-тұрып, ақсия күлді де, қолындағы қанды сойылын сілтеп
кеп өтті» [1.117-118]. Шал алғашында не болғанын түсінбей де қалады. Өзі
салған суреттегі қуғыншының сойылы қақ басына тигенде, ол
тәлтіректей
9
құлайды да, маңдайынан «қып-қызыл қан» ағады. Суреттегі қан суретшінің
қанына айналады. Шал қожайын сияқтылардың, «дүниені қомағай
Достарыңызбен бөлісу: |