Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ж.Қ.ОМАРОВ  

ҚР БҒМ

 

философия және саясатттану  



    

                                                                                                                                           

442 

   


 

 

 



институтының ізденушісі 

 

МАЙЛЫҚОЖА МҰРАСЫНЫҢ ДІНИ-РУХАНИ НЕГІЗДЕРІ 

 

В статье рассматриваются воспитательные смыслы религиозно-духовных мотивов в 

произведениях Майлыхожа Султанхожаулы. 

 

 

The article deals with educational meanings of religious and spiritual motives in the works of 

Mailykhozha Sultankhozhauly. 

 

Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  термелері,  рухани  туындылары 



адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді 

жырлауға  арналған.  Бұл  дүниедегі  адамдар  арасындағы  әр  алуан  қарым-

қатынас: мансап пен байлық, билік, кедейлік пен қанағатшылдық, нәпсі мен 

тәубашылдық, Хаққа сыйыну секілді түйінді жәйттер дін талабы, қарапайым 

тұрмыстық  талаптар  тұрғысынан  сарапталады.  Осыған  орай,  ол  Мұхаммед 

пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі 

көрмей,  өзге  жетім-жесір,  мүсәпірлерге  де  қайырымды  болу,  жасаған 

күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден 

жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.  

Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  ендігі  бір  мән  берген,  аяусыз 

әшкерелеген  тақырыбы  –  ғылым-білім  мәселесі,  осыған  қарама-қарсы 

надандық  дер  едік.  Өйткені  оның  түсінігінше,  надандық  бүкіл  жауыздық, 

зұлымдықтың  таусылмас  қайнар  көзі.  Мұнда  арсыздық  пен  бәлеқорлық, 

өтірік-өсек,  әділетсіздік  те  содан  табылады  деп  түйіндейді.  Жоғарыда 

айтылғандай,  осы  надандыққа  ғылым-білім  мен  даналықты  үнемі  қарама-

қарсы  қойып  отырады.  Сондықтан  наданның  көзін  ашып,  Құдайдың  сара 

жолына түсіруге ол бар ықыласын сарқа жұмсайды.  

Дешті  Қыпшақ  даласының  қоғамдық,  әлеуметтік,  рухани,  мәдени, 

әдеби  өміріне  белсене  араласып,  адамгершілік,  педагогикалық  идеяларды 

насихаттаған  әулиелердің  патшасы,  Сұлтан-ул-Ғарифин,  Пири-Түркістан, 

Шейх-ул-Ислам  Хазіреті  Ахмет  Ясауи  мен  оның  шәкірті  Сүлеймен 

Бақырғанидің,  Асанқайғы  мен  Бұқар  жыраудың  еңбектерін  өте  жақсы 

білген.  Зеңгір  аспандағы  бұлттар  буырқанған  сипатта  бір-бірімен  біте 

қайнаса араласып кететіні сияқты, ұлттың аса көрнекті алып тұлғаларының 

былайша  ғажайып  түрде  тұтасып  және  тілдесіп  кетуі  –  бүкіл  дүниежүзілік 

әдебиет  тарихындағы,  көркем  ойдағы  өзіндік  бір  ерекше  құбылыс.  Тап 

осындай  ғажап  ұқсастық  Ахмет  Ясауи,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының 

шығармаларымен  Майлықожа  Сұлтанқожа  еңбектерінде  көптеп  көрініс 

береді. Әзірет Сұлтан хикметтерінде: 

Машайықтың сыры мол, қызмет қыл да жалбарын, 

Пайғамбардан мұра боп, келе жатыр дәруіштер. 

Құл Қожа Ахмет, міскін бол, міскіндерден жөн сұра

Дәруіштікі біл, өмір мәні Зікір дүр - десе,  

енді бірде: 



           

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Ж.Қ.  Майлықожа мұрасының діни-рухани негіздері

 

 

 



Зікірші боп, шүкірші боп Хақты сүйсең, 

    

                                                                                                                                           

443 

   


 

 

 



Таңсәріде тұрып нәпсі көзін ойсаң, 

Баязидтей ғашық болып дүние қойсаң, 

Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын [3]. 

Шәкәрім Құдайбердіұлы сыр сөздерінде: 

Анық асық әулие, 

Кереметке сол ие. 

Жаны құрбан Жарына, 

Керексіз оған дүние. 

 

Жарынан бөлек жаны жоқ,  



Табатын басқа жары жоқ. 

Асықтан аяп қалатын 

Иманы, малы, ары жоқ… 

 

Шын қасиет соларда 



Дегенім күнә болар ма. 

Құбылма мінез, тайғақ ой, 

Екі сөз болмас оларда… десе [4], 

 

Майлықожа атамыз өз ойын жинақтай келе:  



Алымға мойын ұсынбасаң,  

Мұсылман емес бір түгің!  

Мүсәпірлік тартпасаң,  

Білмессің қадірін жұртыңның...  

-  деп  аса  ұлы  шындықтың  бетін  ашады.  Құрғақ  құлшылық  қылушылардың 

бұл істері өздеріне де, өзгеге де пайда бермейтіндіктерін, сондықтан өмірдің 

мәні  болар  құлшылықтың  сырына  қанығып,  пайғамбар  көрсеткен  жолмен 

жүрген  ұлы  ұстаздардың  ғылымына  мойын  ұсынып,  оны  игермейінше 

жасаған  амалдарының  қабыл  болуы  екіталай  екендігін  жеткізеді.  Бұл 

шындық  –  түркі  дүниесінің  ұлы  ұстазы  Қожа  Ахмет  Ясауиден  бері 

жалғасып  келе  жатқан  рухани  саланың  сарыны.  Бұған  қатысты 

Ясауитанушы  ғалым  Д.Кенжетай  мынадай  пікір  айтады:  «Ясауи  адамның 

ішкі  әлеміндегі  ыдырауды  реттеуге  ықпал  ететін  күшті  уағыздайды,  ол  - 

Тәңірге деген махаббат. Ясауиде адамға жөн сілтер, жол көрсетуші серігі — 

ақыл  (басират-көңілдің  көзі).  Адам  ақылы  арқасында  періштеден  де  үстем 

тұрады.  Ақыл  –  адамның  өзін-өзі  тануына  ықпал  ететін  Тәңір  тарапынан 

берілген қуат. Адам өзін-өзі тану арқылы менмендік, кекшілдік, ашу, өтірік, 

жамандық, құмарлық сияқты адамның ішкі әлемін балталайтын пессимистік 

психологиядан  арылады.  Ясауи  адамды  имандылық,  тобашылдық,  қанағат, 

махаббат, сабыр, игілік, жомарттық, шыншылдық, әділет, қарапайымдылық,  

өзара сүйіспеншілік және құрмет сияқты сезімдерді байытуға үндейді» [2]. 

           

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Ж.Қ.  Майлықожа мұрасының діни-рухани негіздері

 

 

 



    

                                                                                                                                           

444 

   


 

 

 



Ұлы  ұстаз  уағыздаған  насихаттардың  барлығы  Құранды  түсіндіруге 

құрылған.  Оның  «Даналық  хикметінде»  «Менің  хикметтерім  Алладан 

пәрман,  сөзін  ұққанға  бар  мағынасы  -  Құран»  деген  хикмет  те  бар. 

Сондықтан, ең алдымен, ұлы кітап Құрандағы адам тәрбиесіне байланысты 

анықтамаларға ой жүгіртейік.  

Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте 

көп.  Сонымен  қатар  адамның  рухани  даму  сатылары,  адам  типологиясы 

сияқты  мәселелер  кеңінен  қамтылған.  Құранда  адам  ең  жоғарғы  мақамда 

жаратылғанымен,  оның  нәпсінің  зынданына  түсіп,  төрдегі  басын  есікке 

сүйрейтін,  «ең  төменгі  дәрежеге  дейін  құлдилатып  моральдық  азғындауға 

берілген анықтамаларда оның әлсіз, қан төгуші, жоюшы, залым, қиянатшыл, 

ашкөз,  арамтамақ,  сараң,  надан»  екендігі  сыналып,  осылардан  қашуға, 

жиіркенуге үндейді. Өйткені Құдайдың адамға қояр талабы  – оның көркем 

құлықты,  жамандыққа  жаны  қас,  жақсылыққа  жаршы,  болатын,  Құдайдың 

шынайы  құлы  болу  үшін  адам,  ең  алдымен,  өз  болмысымен  тұтастықта 

болып,  содан  кейін  қоршаған  әлеммен  үйлесімділік  құруы  тиіс.  Ал 

Құрандағы  Құдайдың  пенделеріне  бұйырған  осы  талаптары  Майлықожа 

ақынның шығармаларында былайша бедерленеді:  

Алла тағала дос тұтар  

Алалы момын адамды,  

Алымдарға ілессең,  

Ұғарсың адал-арамды.  

Залымдарға ілессең,  

Көрерсің ақыр залалды,  

Басыңа сауда болады  

Жолдас қылсаң жаманды [1.37].  

Адамның  жақсылық,  парасат,  парасатты  іспен,  сөзбен  және  оймен 

қарулануы  оның  иманының  қуатына  тікелей  қатысты.  Өйткені  Құранда 

имандылық  адамгершіліктің  тұтқасы,  негізгі  көзі  ретінде  түсіндірілген. 

Имандылықтан  туатын  құндылықтарды  әділеттілік,  турашылдық,  ар-ұят, 

намыс,  сабыр,  төзімділік,  жомарттық,  шыншылдық,  мейірімділік,  ата-анаға 

құрмет,  отансүйгіштік,  қанағатшылдық,  тазалық  махаббат,  адамды  сүю, 

жүректілік  деп  тізіп,  жалпы  парасат  (фазилат)  құндылықтарына,  ал 

имансыздықтан  туындаған  зұлымдық,  жалғандық,  екіжүзділік,  опасыздық, 

менмендік,  риякерлік,  қорқақтық  сияқты  жаман  қылықтарды  масқаралық 

(разилат)  сипатына  жатқызып,  бұлардан  аулақ  болуын  ескертеді.  Осы 

Құрандағы  бұйырылған  талап  Майлықожаның  шығармаларында  да  көрініс 

тапқан:  

Егерде намаз палуан пасық шықса,  

Олардан ыбырат алып жұрт не білмек?  

«Мың рекет намаздан артық – деген –   

Кісіге істеген бір ізет – үрмет!» [1.515] 



           

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Ж.Қ.  Майлықожа мұрасының діни-рухани негіздері

 

 

 



    

                                                                                                                                           

445 

   


 

 

 



Кез  келген  адам  жоқтан  бар  болып,  ананың  құрсағына  түседі,  одан 

кейін  Алла  тағаланың  «Раббы»  деген  сипатының  сәулесінде  өсіп-өнеді, 

сонда  дене  бітімі  жетіліп,  жарық  дүниеге  шығуға  алғашқы  дайындықтар 

жасалады.  Бұл  жетіліс  жолы  барлық  қазақ  ақын-жырауларының 

толғауларында  кездеседі.  Сол  сияқты  Майлықожа  Сұлтанқожаұлының  да 

төкпе термесінде бар:  

Атамыздың белінен  

Бір тамшы жалқақ су қылды,  

Ерлі-зайыпты қосылып,    

Әйелден бала тудырды,  

Бағзыларды патша қып  

Алтыннан пайтақ міндірді,  

Біреулерді бай қылып  

Дүниенің малын жиғызды.  

Мұның  өзі  Құрандағы:  «Өздеріңнің  неден  шыққандарыңа  ой 

жіберіңдер» деген аятының көркем тәпсірі деуге саяды. Осы айтылғандарды 

зерделеп  отырсақ,  Майлықожа  мен  ол  қатарлы  діни-рухани  төңіректе  сөз 

өрбіткен  шайырлар,  сүлейлер,  ең  алдымен,  адамның  өзінің  әлсіз 

жаратылысына байыптап назар салуға шақырады екен.  

Майлықожа  ақынның  көп  ұйықтауға,  кеш  тұруға  қарсы  ұсынатын 

күрес  құралы  –  ерте  тұру,  таңсәріде  тұрып,  Құдайдың  бұйырған 

құлшылықтарын  орындау.  Барлық  ақын  термелерінде,  толғауларында  бұл 

кеңес кездесіп отырады:  

«Тілеуін тәңірім тез берер,  

Сәһәрда тұрған пәнданың»... 

«Ерте жатып, кеш тұрсаң,  

Ен дәулетің кемілер, 

Ерте тұрып, кеш жатсаң,  

Кең қазына келінер»... 

 «Хақ бұйрығын қылыңыз,  

Сәһәрменен тұрыңыз»...  

Таңсәріде  тұрып,  құлшылық  қылу  адамның  тән  қуатының  да,  жан 

қуатының да қарқындап өсуіне үлкен көмек. Өйткені «ерте тұрған еркектің 

ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген мақал осы ақиқатты 

жарқырата  ашып  тұр.  Ал  таңсәріде  тұрудағы  мақсат  –  Жаратушы  Иені 

үздіксіз мадақтау, оны еске алу.  

Саһар уақыт болғанда  

                    

Пәленің бәрі қайтады, 

Көңілінде Құдай жоқ адам  

Күн шыққанша жатады,  

Күн шыққанша жатқан соң,   

Сайтанға дінін сатады!  

           

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Омаров Ж.Қ.  Майлықожа мұрасының діни-рухани негіздері

 

 

 



    

                                                                                                                                           

446 

   


 

 

 



Тағат қылған пендесі  

Сауапқа ақыр батады [1.36]. 

Адамның бойындағы артық кеселінен арылудың, атап айтқанда нәпсі 

қалауларының  торынан  босануының  кепілі  –  сәһәр  тұруда.  Өзін-өзі  қинап, 

тән  құмары  үшін  емес,  «рухтың  азығын  берем»  деп  талап  еткен  адам  өз 

ішіндегі  барлық  айыптардан  арыла  алады, жан-жүрегін  тазартып,  елге  үлгі 

бола  алатын  кемеңгер  кісіге  айналады.  Тәнін,  жанын  тәрбиелеу  оның 

ғұмырлық  мақсатын  дұрыс  таңдауына  әкеледі,  «тәрбие»  сөзінің  жоғарыда 

айтылған  «Раббы»  деген  Алла  тағаланың  бір  сипаты  екендігін 

ескергендігіміз жөн. Яғни осы сипатты пенде өз өміріне дұрыс қолдана алса, 

онда  кемелдік  дәрежеге  жеткені.  Осы  діни  қағидалардың  барлығы  қазақ 

топырағында  өткен  данышпан  ата-бабаларымыздың  үлгілі  сөздерінде, 

қалыптастырған салт-дәстүрлерінде тұнып тұр.  

Түйіндесек,  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  –  нағыз  тәлімгер  ұстаз. 

Ғұмырлық мақсат-мүддесі адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне бағышталған. Бұл 

Құранда  сан  мәрте  қайталанып  айтылған,  пайғамбар  хадистерінде  жан-

жақты  көрсетілген,  қазақ  даласында  өткен  әулие-ғұламалардың  сыр 

сөздерінде,  жыр-толғауларында  насихат  етілген  «нәпсімен  күрес» 

төңірегінде  өрбиді.  Қазақтың  бір  мақалындағы  «жауды  жеңген  жарты 

батыр,  өзін  жеңген  бүтін  батыр»  деп  келетін  шындықтың  астарында  бүкіл 

адам бас июге тұрарлық ұлы мұрат жатыр.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Майлықожа. Шығармалар. Ә. Оспанұлы. - Алматы, 2005. - 869 бет.  

2.

 



Кенжатаев Д. «Қожа Ахмет Ясауи дүние танымы» - Алматы: Арыс, 2008. -360бет.  

3.

 



Қ.А.Иасауи. Диуани хикмет 57б. Тегеран: «Әл-Хұда» халықаралық баспасы. 2000. 

4.

 



Құдайбердіұлы Ш. Иманым. - Алматы: Арыс, 2000 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

ӨНЕРТАНУ 

 

 



 

    

                                                                                                                                           

447 

   


 

 

 



Қ.БЕКБОСЫН 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, 

 ҚР халық әртісі  

 

«ЖАНБОТА» 

 

Статья  раскрывает  историю  появления  двух  песен  широко  известного  Биржана  Сала 

Қожагулова,  оставившего  неугасаемый  след  своим  искусством  пения,  исполнительским  и 

композиторским мастерством в казахской культуре. 

 

This article reveals the history of origin of two songs of famous Birzhan Sal Kozhagulov who left a 

remarkable trace in the Kazakh culture by his art of singing and by his technical and composer mastery. 

 

ХІХ ғасыр қазақтың ұлттық әншілік өнері үшін бұрын-соңды болмаған 

үлкен жетістік мерзімі болды. 

Біржан  сал,  Ақан  сері,  Құлтума,  Мәди,  Үкілі  Ыбырай,  Әсет,  Балуан 

Шолақ,  Майра,  Жарылғапберді,  Қанапия,  Естай,  Кемпірбай,  Шашубай, 

Иманжүсіп,  Жамбыл,  Кенен,  Мұхит,  Шайқы,  Мәрия  Жагорқызы,  Жаяу 

Мұса, т.б., солардың ішінде Жамбыл, Кенен кеңестік дәуірдің үлкен ақын-

жыршысы,  әншісі  атанып,  өзінің  шығармашылығын  сол  жүйеге  молынан 

шаттана, шабыттана арнаған адамдар.  

Бірақ  осы  адамдардың  өмірде,  өнерде  тіршілігі  әр  қилы  оқиғаға 

байланысты  болып,  артына  түрлі  тақырыпта  әндерін  (шығармаларын) 

қалдырды. 

Мысалы: 

Ақан 


серінің 

“Құлагері”, 

“Көкжендеті”, 

“Балқадишасы”;  Балуан  Шолақтың  “Ғалиясы”;  Қанапияның  “Қанапиясы”; 

Біржан  салдың  “Жанботасы”,  “Адасқағы”,  “Теміртасы”;  Естайдың 

“Қорланы”,  Мәдидің  “Үшқарасы”,  “Қарқаралысы”,  Жаяу  Мұсаның 

“Сұршақызы”,  “Сапары”,  “Хау-лауы”,  “Ақсисасы”;  Мұхиттың  “Зәуреші”, 

“Ақиісі”, “Үлкен айдайы”, “Гүлжансарасы”. 

Сол  әндердің  шығуына  әр  түрлі:  ғашықтық,  атқұмарлық,  құсбегілік, 

жастық  шақтың  желігімен  болатын  серілік  немесе  басына  түскен  жаладан 

жапа  шегіп,  қуғын-сүргінге  ұшырап,  абақтыға  қамалып,  айдау  жолында 

көрген қиыншылықтан немесе жеке адамның атқа мінер би, болыс, старшын 

сияқты  жуандардан  көрген  зорлық-зомбылығынан,  ыза-кегінен,  намыстан 

туып,  халық  арасында  бір  оқиғаның  желісінде  тарихи  ән  болып,  ұзақ 

жылдар  халқымен  бірге  жасап  келеді.  “Жанбота”,  “Адасқақ”  әндерінің 

шығуына  Біржанның  басынан  өткен,  халық  арасына  кең  тараған,  бір 

шытырман  оқиға  себеп  болған.  Жүсіпбек  Елебековтың  айтқан  әңгімесі 

бойынша, болыстар өзінің қасына қысылған жерде сөзін сөйлейтін шешен, 

жұдырықтасса, білек сыбанып кірісетін білекті сотқарын, ән айтса, жұртты 

аузына  қаратқан  әншілер  ертіп,  басқа  болыстардың  мысын  басып,  өзін 

айбынды көрсету жолдары да болған. 

Жанбота  болыс  Біржанды  қасына  ерткенде,  осы  мақсат  ойында 

болғаны айдан анық. “Жанбота Біржанды жақсы киіндіріп, астына жақсы ат 

береді, болыс бастаған нөкерлер ауыл тұсына келгенде, жұрт болысы қайсы, 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бекбосын Қ.

 «

Жанбота» 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

448 

   


 

 

 



Біржан қайсысы екенін ажырата алмайтын еді”, - дейтін Жүсекең (Жүсіпбек 

Елебеков). Бұл жақсылық Біржан үшін ұзаққа бармады. Бір күні “Көкшетау 

аймағында  Боқты  тауының  етегінде  тоғыз  болыстың  бас  қосқан  мәжілісі 

болады, соған дайындалсын” деген Жанбота болыстан Біржанға жаз айының 

басында хабар келеді. 

Мерзімді уақыты жеткенде, “Боқты” тауының баурайындағы жазыққа 

тоғыз  болыстың  елінен  жиналған  ел  жақсылары,  би-болыстар,  атқосшы 

поштабайымен, өнер көрсетуге әнші-жыршы, күйші, қобызшылар да ағылып 

келген. Сойысқа деп айдап келген үйір-үйір жылқы, қора-қора қой, у да шу 

болып, жаздай мал аузы тимеген шүйгін шалғын, адам аяғы баспаған жұпар 

иісті тау етегі аяқ астында бір үлкен мерекенің ордасы болды да қалды. Ана 

үйден  мына  үйге  көптен  көрмеген  сыйластары  елдің  жасы  үлкен  би-

болыстары,  бай  манаптарын  қонаққа  шақырған  қошемет  –  сапырылыс. 

Жорға  ат  мініп,  ас  үйден  қонақтар  отырған  боз  үйге  сый  табақ  тасып, 

сыпылдап жаланған жас жігіттер. Ауыл  сыртында алтыбақанға тербетілген 

қыздың  сиқырлы,  сүйкімді  сылдырлаған  күлкісі,  оған  ынтазар  жігіттің 

сүйсіне  қарап,  алыстағы  арманына  қолын  жеткізгендей  шаттанып,  қыздың 

алтыбақанын тербетуі, өмірдің әп-сәтіндегі кино лентасындай жылжып өтіп 

жатқан бір шаттық мезгілді көрсетеді. Әр үйден би- болыстардың алдында 

айтқан ән-күйлері естіледі. 

Біржан  өзін  қолқалап  шақырған  қарапайым  халықтың  қараша  үйінде 

тыңдарманның  шаттанған  күйін  сезіп,  жәудіреген  көздерін  көріп,  өзінің 

шабытына  мініп,  бар  ынтасымен  әннің  неше  атасын  шырқап  отырған 

кезінде  дауысы  Азнабай  болыстың  құлағына  жетіп,  өзінің  поштабайына 

(шабарманына) “Біржанды осында алып кел” деп бұйырады [1.146]. 

Поштабай  келіп,  Азнабай  болыстың  бұйрығын  айтады.  Біржан  өзінің 

жиналған  халық  алдында  ән  салып  отырғанын,  оларды  тастап  кете 

алмайтынын айтып,  бармай қалады. Поштабай Азнабай болысқа Біржанның 

айтқанын  жеткізгенде,  ашуланған  болыс  қаһарланып,  “менің  бұйрығымды 

орындамайтын  ол  кім  еді”  деп,    “қалай  етсең  де,  Біржанды  алып  кел”  деп 

қайыра бұйрық беріп поштабайын жібереді.  

Болыстан  сөгіс  алған,  қалай  әкелсең  де  әкел  деп  тапсырма  алған 

поштабай  үйге  кірген  бойда  Біржанды  сүйрелеп  алып  кетпекші  болады. 

“Мен  бармаймын”  деп  себебін  айтқан  Біржанды  қамшының  астына  алып,  

сабап,  домбырасын  сындырмақшы  болғанда  араға  ән  тыңдаушы  көпшілік 

түсіп, Біржанның домбырасын сындыртпай, өзін арашалап алып қалады. 

Осы қорлыққа ыза болған Біржан өзін қолқалап ертіп келген Жанбота 

болыстың алдына барып, мән-жайды әнмен баяндайды: 



“Жанбота, осы ма еді өлген жерім,  

Көкшетау Боқтығына көмген жерің. 

Кісісін бір болыстың біреу сабап,  

Бар ма еді статьяда көргендерің. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Бекбосын Қ.

 «

Жанбота» 

 

 

 



Оу, ооооу – қойып қалды-ау,  

    

                                                                                                                                           

449 

   


 

 

 



Жанбота өзің болыс, әкең қапық. 

Ішінде тоғыз болыс шенің артық,  

Өзіңдей Азнабайдың поштабайы. 

Бір қойып домбырамды алды-ау тартып,  

Оу-ооооу, сабап кетті-ау. 

 

Соқса да домбырамды бергенім жоқ.      

Есерді поштабайдай көргенім жоқ,  

Қамшымен көп ішінде сабап еді. 

Намыстан  –  уа,    дариға  өлгенім  жоқ”  [2.156]  –  дегенде,  “Қарға 

қарғаның  көзін  шұқымайды”  дегендей,  Біржанның  шеккен  азабына,  көрген 

қорлығына  бола  Азнабай  болысқа  қарсы  сөз  айтып  арасын  суытпайтынын 

білдіріп: “Бас сынса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде” деген мақалды желеу 

етіп, Біржанның сөзін сөйлемек тұрмақ өзін кінәлі адамдай жекіп тастайды. 

Жапа шеккен Біржан өзі жазықты адамдай болып үйден шығып кетеді де,  

сыртқа  шығып  қапаланып,  әттеген-ай  болыстың  алдына  бекер  келіппін, 

“Қарғаның  көзін  қарға  шұқымас”  дегендей,  болыс  болысты  жақтайды,  қараны 

даттайды  –“Осыны  біле  тұра  мен  адасып  Жанботаға  арыз  айта  барғаным  қате 

болды,  мен  адасыппын”  деп  “Адасқан”  әні  дүниеге  келіп,  осы  оқиғаға  куә 

болған  көпшіліктің  алдында  Біржанның  өкінгенін,  адасқанын  сездіретін 

трагилирикалық  ән  зарлап  қоя  берді.  Жылдан-жыл,  айдан-ай  өтіп,  бұл  оқиға 

бүкіл қазақ даласына “Жанбота”,  “Адасқан” әндері арқылы тарады. 

Созады Біржан даусын қоңыр қаздай,  

Басқадан бір өзіңді жүрмін жазбай. 

“Бас қосқан мәжілісіміз болады” деп,  

Жанбота мазамды ала жаздай,  

 

 

Беу,  ха-ла-ла, ай-ай-ай 

Созады Біржан даусын ентелетіп,  

Біржанды өзің қойдың еркелетіп,  

Өзіңдей Азнабайдың поштабайға,  

Біржанды қойғаныңда желкелетіп. 

 

Беу, ха-ла-ла, ләй-ләй-ай. 

Бұл әңгіменің ең алғаш желісін Жүсіпбек Елебеков ағадан естідім. Кейін 

әдебиеттерде, газеттерде шыққан әр түрлі мақалаларды оқып толықтырдым. 

Ендігі  мақсат  –  болашақ  дәстүрлі  ән  орындаушы  жеткіншектермен 

тыңдаушы  қауымға  оқиғаның  мағынасын  түсіндіріп,  әннің  тарихын  ашып,  зар 

заманда қазақ даласына асқақтаған әнімен аты тарихта қалған Біржанның шерлі 

күндері дүниеге келген зарлы әнінің шығу тарихын халыққа құлағдар ету. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Ашанов Б., Мухамбетова А. Казахская традиционная музыка и ХХ сек. Алматы: Дайк-пресс, 

2002, 544 стр. 

2.

 

Бес ғасыр жырлайды. Құр:  М. Байділдаев, М.Мағауин. Алматы: Жазушы. 1984. -333 б. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет