А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
А.ЕСЕНЖОЛОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
317
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы формирования правовой культуры
учеников в школах Республики Казахстан.
This article deals with some problems of formation of legal culture of pupils of Kazakhstan.
Мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан Республикасында құқықтық
мәдениет пен әдептiлiктiң маңызы артып келеді. Мемелекетті дамыту
материалдық ғана емес, рухани құндылықтар оның ішінде имандылық,
адамгершiлiк, әдептiлiк принциптерiн тереңдету, ғылыми негiзде оқып-
үйрету қажеттiлiгi артып отыр.
Ұлттық мiнез-құлық пен ақыл-ойды ең алдымен мектеп және орта
арнаулы оқу орындары оқушыларында қалыптастыру қажет. Өйткенi жақсы
мiнез бен ақыл екеуi бiрiксе, онда адамшылық қасиеттер, игiлiк пен iзгiлiк,
қайрымдылық, адамгершiлiк, адалдық, әдiлеттiлiк т.б. тұлғалық сапалар
қалыптасады. Бұл мәселелерді оқушы бойында қалыптастыру ұлттық
тәрбиені дамыту барысында іске жүргізіледі.
Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі. Құқықтық мәдениет
қоғамның құқықтық санасын қалыптастыру деңгейi мен қоғамның құқықтық
белсендiлiгi, құқықтық нормалар мен құқықтық iс-әрекеттердiң қарқынды
дамытумен байлынысты.
Қоғамның құқықтық мәдениетiнiң жүйелiк құрылымы мынадай
элементтерден тұрады:
1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсендiлiгiнiң деңгейi;
2) құқықтық нормалардың қарқынды дәрежесi. Бұған құқықтық даму
деңгейi, құқықтық мәтiндердiң сауаттылығы жатады.
3) құқықтық iс-әрекеттiң қарқынды дәрежесi. Бұған құқықтық
шығармашылық мәдениет, құқықты пайдалану мен құқықты қорғау iс-
әрекеттерiнiң деңгейi жатады [1.21].
Тұлғаның
құқықтық
мәдениетiн
қалыптастырудың
маңызды
мәселелерiн талдағанда мына мәселеге көңіл бөлу керек. Құқықтық
мәдениеттi қалыптастырудың негiзгi мақсаты - оқушылардың нақты
бiлiмдердi игеруi, құқықтық этиканы, қарым-қатынас нормаларын білу,
сонымен қатар, құқықтық сананы меңгерген, белсендi тұлға қалыптастыру.
Қоғамда құқықтық мәдениетті өз табиғатына болмысына сай талапта
және деңгейде қарау керек екендігі, соған сай көзқарас және тұғырнама
қажеттігі алға тартылады. Оның объективті ғылыми жобасын жасау мақсаты
әдістемелік тұғырды қайта қарап, жаңаша ой елегінен өткізуді талап
ететіндігі мойындалады [2.25].
Қоғамдағы құқықтық мәдениет қоғамдық мәдениеттің құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан қоғамдағы құқықтық мәдениеттің табиғатын
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Есенжолова А.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері
жете түсіну үшін, жалпы құқықтық мәдениет және ондағы тұлғаның сол
жүйесінде алатын орнын толыққанды жан-жақты тоқталып өтуіміз керек.
318
Бұл мәселе әртүрлі аспектілерде қарастырылып жүрген өте ауқымды
мәселенің бірі болып саналады. Тек қана құқықтық мәдениет қана емес, жалпы
«мәдениет» мәселесі ғылымда, әртүрлі ғылымдар жүйесінде зерттеліп, түрлі
тұжырымдамалық ғылыми ұғымдар мен теориялық бағыттарды ендірген. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, біріншіден, құқықтық мәдениет белсенді; қызметтік
бағыт бойынша адамның белсенді қызмет аясында қаралып, осының негізнде
ала отырып, құқықтық мәдениет ұғымын тұжырымдауға ұмтылыстар жасалады.
Құқықтық мәдениеттің теориялық және әдіснамалық мәселелерін
зерттеген ғалым В.П. Сальников. Ол құқықтық мәдениет қоғам дамуының
белгілі кезеңдеріндегі идеялық құқықтық жағдай тұрғысынан және құқық
туралы білім жиынтығы, заңдарды қолдана білу және оған деген құрметке
қатысты көзқарас қырынан келеді [2.19].
Азаматтық құқықтық мәдениеттi қоғамдағы әрекет етушi құбылыс
ретінде, құқықтық сана, салт-дәстүрлер аясында, адамдардың қарым-қатынасы
мен дүниетанымы негізінде қарастырылған жөн. Сондықтан, құқықтық
мәдениеттi аксиологиялық құндылықтарды, психология, әлеуметтану, этика,
салт-дәстүр, құқықтық дүниетаным т.б. құрайды. Оның қалыптасып, дамуында
адам iс-әрекетiнiң өрістеуі, олардың тарихи, мәдени құндылықтары маңызды
рөл атқарады. Құқықтық, саяси, адамгершiлiк мәдениеттерiнiң өзара сәйкес
болуынан қоғамдық қатынастардың өзара үйлесiмдiлiгi туындайды.
Құқықтық мәдениет адамның іс-әрекетімен байланысты. Сондықтан
құқықтық мәдениет тұлғаның құқық туралы ой-пiкiрлерi, сана-сезiмдерi мен
пайымдаулары және саналы түрдегi қажеттiлiктерi болып табылады.
Іс-әрекет пен сананың бірлігі теориясынан қарастырсақ, құқықтық
мәдениет құқықтық санамен байланысты. Құқықтық сана адамдардың қоғамық
әрекетіндегі көзқарастарының, сезiмдерi мен эмоцияларының, бағасы мен
ұстанымдарының жиынтығы ретінде қарастырылады.
Осы мәселені ескере отырып, А.Бейсембаева құқықтық сананың жүйелiк
құрылымы екi маңызды элементтен тұрады деп қарастырады. Атап айтқанда:
1)
құқықтық психология - адамның заң туралы сезiмдiк деңгейдегi
көзқарастарын бiлдiредi. Бұған заңды сақтау, бұзбау дағдысы, түсiнiктер,
дәстүрлер, құқықтық көңiл мен бағыт кiредi
2)
құқықтық идеология - бұл адамдар арасындағы құқықтық
қатынастардың мәнi, мағынасы жөнiндегi ұғымдары, принциптерi, сенiмдерi.
Оған құқықтық нанымдар, құқықтық түсiнiктер, анықтамалар, теориялар,
бiлiмдер кiредi [1.16].
Құқықтық санада құқықтық іс-әрекет пен бірліктер қарастырылады. Ал,
құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Құқықтық сананың антологиялық,
гносеологиялық, социологиялық қырлары бар. Бұдан басқа, құқықтық сенiм,
құқықтық идеал, жеке адамның құқықтық санасы, қоғамдағы әр түрлi
топтардың құқықтық санасы сияқты өте қажеттi мәселелердi зерттеу өте
маңызды.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Есенжолова А.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері
Ғылымдар салалары бойынша құқықтық сана адамдар мақсатын
басқалардың мүддесiмен байланыстыра отырып, жеке адамның мүддесiн
319
қоғамдық мақсаттың бiр бөлiгi ретiнде қарастырады. Жеке адам мен қоғам
мүддесi арасындағы келiсiм қоғамның қозғаушы күштерi арқылы қоғамдық
мәдениеттің субъектісі ретінде көрінеді.
3)
Құқықтық мәдениет қоғам дамуымен ілгері жылжып отыратын,
тарихи сабақтастықта ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыратын құқықтық болмыстың
ақиқатын іріктеп алып отырған құндылықтар мен тұлғаның құқықтық қызметін
қалыптастырған мәдени маңызды өлшемдердің озық жүйесі болып табылады
[1.12].
Құқықтық мәдениет құқықтық іс-әрекет пен сана-сезіммен байланысты
қарастырылады. Сондықтан бұл мәселенің құрылымы мен элементтерін
қарастыру тәрбие жүйесінің даму жолдарын оңтайландырады. Бұл мәселе
көптеген авторлар тарапынан әртүрлі компоненттер жүйесінен тұратын
құрылым ретінде қарастырылуда. Соған қарамастан, құқықтық мәдениетпен
айналысушы ғалымдар бұл мәселені терең талдауға ұмтылған сайын, шешуі
қиын шиыршықталған ойдың қармауында қалып отыр. Мұның өзі құқықтық
мәдениеттің сан қырлы сипаты бар құбылыс екендігін тағы бір рет дәлелдейді.
Құқықтық мәдениеттің құрылымдарын анықтау арқылы біз жалпы құқықтық
мәдениеттің тұтас құрылым ретінде қызмет етуін, оның даму бағыттары мен
ерекшеліктерін, оған тән негізгі белгілерді түсіне аламыз.
Бұл жөнінде зерттеген А.С. Ибраеваның құқықтық мәдениеттің
құрылымына қатысты пікірлеріне сүйене отырып, мына мәселелерді анықтап
алу керек. Құқықтық сана мына құрылымдардан тұрады:
1) құқықтық сана;
2) құқық;
3) құқықтық қарым-қатынас;
4) заңдылық және құқықтық тәртіп;
5) субъектілердің құқықтық жағдайы;
6) мемлекеттік-құқықтық институттар;
7) құқықтық ғылым;
8) құқықтық-нормативтік актілерден тұрады [2.115-116].
Құқықтық мәдениетті құбылыс ретінде тану үшін оның қоғам өмірінде
атқаратын негізгі қызметтерін анықтап алу керек. Құқықтық мәдениеттің
қызметтері арқылы құқықтық мәдениеттің құрылымдары анықталады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бейсембаева А. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері.
Заң.ғыл.канд. ғылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация, А., 2006.
2.
Керимов К.К. Праволық тәрбие жүйесі. – Алматы, 1991.
3.
Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы, теории и практики. – Алматы: Жеті Жарғы, 2002. 19,
115,116 б.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Г.АБДУЛЛИНА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ
320
ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
В данной статье рассматриваются некоторые проблемы деятельности сельских учителей в
духовно-воспитательной сфере.
The article concerns with some matters of spiritual and educational activities of rural teachers.
Селодағы мәдени өмірдің мазмұны мен құрылымы, тартымдылылығы
мен әсерлігі сан алуан себеп-салдармен анықталады. Оларды шартты түрде
ішкі және сыртқы деп екі топқа жіктеуге болады. Егер ішкісіне әр селода
қызмет істеп тұрған кітапханалар, клубтар, мектептер, музейлер мен
парктер, т.б. мәдениет орындары, қалың жұртшылыққа рухани қазынаны
жеткізу міндетіне жегіліп жүрген сол мекемелердегі мамандар жатса,
сыртқы себеп салдарды теледидар мен радио хабарлары, кітаптар, газет-
журналдардың таралуы, қаланың ауыл-селоларға мәдени-шефтік көмегі
құрайды.
Біз қарастырып отырған жылдарда екі факторда да көшпелі өзгерістер
болды. Айталық, Қазақстанның ауыл-селолық жерлеріндегі мәдени-ағарту
мекемелерінің жүйесі кеңіді, жарық көріп жатқан газет-журналдар мен
кітаптар саны ұлғайды. Мысалы, 1960-1985 жылдар аралығында республика
баспаларынан шыққан кітаптар саны 1,8 есе ұлғайса, қазақ тіліндегі
журналдар мен басқа да мерзімді басылымдар саны 16-дан 32-ге жетті, қазақ
газеттері 140-тан 169-ға көбейді [1.277]. Ауыл-село тұрғындарының өміріне
теледидар мықтап енді. Олар мәдениеттің басқа салаларынан да тыс қалған
жоқ.
Социологиялық
(80-ші
жылдардың
ортасында
бірнеше
республикаларда, оның ішінде Қазақстанда да жүргізілген) анкета
сұрақтарына жауап қайтарған селолықтардың 89%-ы театрға барып
тұрыпты, 93%-ы музыка әлемінен хабары бар болып шыққан.
Бірінші кезекте эстрадалық музыка тыңдауды әдетке айналдырған
екен, 36%-ы көркем өнерге ден қойса, 98%-ы киноға барып, 59%-ы көркем
әдебиет оқитынын айтқан еді. Осы орайда теледидардың рөлін ерекше
айтқан жөн. Дүбірге толы дүниенің төрт бұрышынан ілезде хабар
алдыратын онсыз ауыл-село тұрғындарының мәдени-информациялық ой-
өрісін байыту, саяси көкірек көзін қалыптастыру, эстетикалық талғамын
ұстау мүмкін емес. Тағы бір көрнекті жәйт, мәдениет байлықтарынан кенде
қалмау үшін белсенділік танытуға келгенде ерлер әйелдерден алда тұрады
екен. Бұның себептерін жоғарыда айтып кеттік: үй шаруасы, уақыттың
тапшылығы, т.б. ¤нерге ден қойғанда адамдардың білім дәрежесі белгілі рөл
атқаратыны көрініп қалды. Айталық, орта білімі бар село тұрғындарының
89%-ы театрға бару, спектакль көруге уақытын бөлсе, өндірістік емес
саладағы мамандардың 97%-ы, көркем өнермен әуестенуге келгенде орта
білімділердің 40%-ы, мамандардың 62%-ы, көркем әдебиет
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Абдуллина Г
.
Ауыл мұғалімдерінің рухани тәрбие жұмыстарындағы қызметі
оқитындар алғашқылар арасында 68%, мамандар арасында 69% боп шықты
[2.42].
321
Міне, осылайша село мәдениетін жандандыратын себеп-салдарлар
үнемі өзара байланыста болды. Бірақ тоқырау жылдарында оның
қарсаңындағыдан гөрі еңбекшілердің бос уақыты ұлғайғанына қарамастан
олар өздерінің мәдени дамуына жұмсайтын уақыттарын күрт азайтып
жіберіпті. 70-ші жылдар аяғында мәдени сұранысын қанағаттандыруға әрбір
селолық 45 минут уақытын жұмсаса, 80-ші жылдардың ортасына қарай бұл
көрсеткіш 6-7 есе кеміп кетіпті. Мәселен, респонденттердің 36%-ы
ғұмырында театрға барған емес екен, 13%-ы бес жылда бір рет қана театр
табалдырығын аттағанын мойындаған, 49%-ы көркем музейлер мен
көрмелерде болмағанын айтса, 11%-ы бес жылдың ішінде бір рет
барғандығын айтыпты.
Басқаша
айтқанда,
зерттеп
отырған
жылдарда
ауыл-село
мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құлшынысы аз қиыншылықтарға
кездескен жоқ. ¤йткені халықтың белгілі бір тобы мәдениет туындыларына,
ілім-білімге немқұрайды қарап, оны кейінгі кезекке сырғытумен таңның
атысы, күннің батысы алдындағы жұмысы мен үй тіршілігі қарекетімен
жүрсе, оларға жаңалық атаулыны жеткізсем деп тыным таппай жүгірген
мұғалімдерге, психологиялық жай-күйіне оң әсер етпегені ақиқат. Мұның
сыртында, мәдениетке деген сүлесоқ көзқарастың бүгін болмаса да ертең
келеңсіз нәтиже беретіні және бар. Ой-өрісі тар, жақсы менен жаманды
айыра білмейтін, кешеден жеткен рухани мұрадан хабары жоқ адам
ұрпағына дұрыс тәрбие беріп, жол сілтей алмайтыны былай тұрсын, қоғам
өміріндегі өзгерістер мәнін түсінбей, тұманды күні адасқан жолаушыдай
күйге түсіп жатады.
Ауыл-село тұрғындарының осынау бөлігі 60-шы жылдары да, 70-ші
жылдары да, 80-ші жылдары да азаймаса, біржолата жоғалып кеткен жоқ.
Осы себептен келіп мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени белсенділігінің ұдайы
сақтауына қажеттілік туды. Нақты өмірде солай болды да.
Мұғалім интеллигенциясының саяси және мәдени-ағартушылық
құлшынысы белгілі бір орындарда, белгілі бір уақыттарда ғана көзге түсетін
құбылысқа айналмады. Ол үздіксіз процесс ретінде тарихқа кірді. Тікелей
де, жанама түрде де жүзеге аса берді. Мәселен, мамандар оқушыларға,
балаларға сабақ арқылы білім беріп, тәрбие дәнін себу барысында тап осы
білім мен тәрбие оқушылардың ата-анасына әсер ететіні сөзсіз. Міне, осыны
ұстаздардың жанама мәдени-тәрбиелік қызметі деп атап отырмыз.
Ал тікелей тәрбиелік, мәдени-ағарту белсенділігіне келетін болсақ,
оның формасы, көрінісі, әдіс-тәсілдері сан алуан. Бірақ соның ішінде
мұғалімдер қолымен клуб, кітапхана, автоклуб, музей, т.б. орындарда
атқарылған жұмыстар өз алдына бір төбе.
Мәдениет мекендеріне мамандар жегілумен жинақталған тәжірибе
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Абдуллина Г
.
Ауыл мұғалімдерінің рухани тәрбие жұмыстарындағы қызметі
мен тағылымды қарастырмай тұрып, зерттеу тақырыбына методологиялық
322
мәні бар ұғым – “мәдени орта” деген ұғымға тоқтала кетейік. Мәдени
ортаның мазмұны мен ерекшелігін ашу үшін “табиғи орта” ұғымының мән-
жайын ашу керек. Табиғи ортаға адамның ақылы мен қолы тиместен бұрын
өздігінен қалыптасқан, сонысымен адам өмірі мен әрекетіне қатысы бар жер
бетінің болмысы жатады. Мәдени ортаның табиғи ортадан айырмашылығы
– адамның араласуымен жасалғанында. Кең мағынасында алсақ, мәдени
ортаны өндіріс саласы, әлеуметтік инфрақұрылым, құрылыстар, жолдар,
адам іс-әрекетімен бой көтерген басқа да материалдық және рухани
байлықтар құрайды. Бұл – мәдени ортаның жалпы анықтамасы. Ал оның
ерекше анықтамасы қандай десек, мәдени ортаны адамдарға тікелей қатысы
бар материалдық және рухани байлықтардың жасақтайтынында.
Ауыл-селоларда мәдени ортаның негізін клубтар, кітапханалар,
мектептер, музейлер, парктер, кітап және басқа мәдени тауарлар сататын
дүкендер құрайды. Енді, мәдениет ошақтарының сандық өсуіне көз
жіберейік.
Қазақстанның ауыл-селоларында мәдени-ағарту мекемелері жүйесінің өсуі
Кесте
Жылдар Кітапханалар
Клуб үйлері
Кино
қондырғылар
Кітапханалардағы кітаптар мен
журналдар тасымалды дұрыс
жасау керек. (мың дана)
1960
5076
4668
3963
17777
1970
6041
6235
4784
36018
1985
7732
8381
8596
60894
Кестеден көрініп тұрғандай, мәдениет мекемелерінің саны өсу үстінде
болыпты. Айта кету керек, жаңадан пайдалануға берілген мәдени-ағарту
үйлері, аз да болса, үйірме жұмысына, еңбек адамдарының демалып, көңілді
уақыт өткізуіне тәп-тәуір бейімделген еді. Егер 60-шы жылдары
көрермендер залы 1-99 орынды клубтар көптеп кездессе, 70-ші жылдардан
бастап 100-300 орынды клубтар қатары молайды. Бұл процесс оқырмандар
санының, клуб үйлеріндегі үйірмелердің көбеюімен қосарлана жүрді.
Социалистік қоғамның бар саласында, әсіресе мәдениетте, тек өркендеуді
біледі деген түсінік үстемдік құрып тұрған сол жылдары мәдениет
қызметкерлері жоғарыдағы басқарушы мекемелерге берген есептеріне
қосып жазуды әдетке айналдырғанын да естен шығармауымыз керек.
Мысалы, 70-ші жылдары Алматы облысы, Нарынқол ауданының Крупская
атындағы колхозында кітапхана меңгерушісі боп істеген І.Молдабековамен
әңгімелескенімізде осындай ақпар алдық.
Әлбетте, бұдан мәдениет орындарында көп шаралар жарытымды
жүрмепті деген асығыс та шолақ ой-түйін шықпаса керек. Қазақстан ауыл-
селоларында өз ісіне берілген, адамдар жүрегіне жол таба білуімен көпшілік
құрметіне бөленген кітапхана қызметкерлері, клуб мамандары, автоклуб
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2010
Абдуллина Г
.
Ауыл мұғалімдерінің рухани тәрбие жұмыстарындағы қызметі
323
экипаждары аз болған. 60-70-ші жылдары Орал облысы Казталов аудандық
мәдениет үйінің директоры, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет
қызметкері С.Садықов, Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғаджар
аудандарындағы автоклуб меңгерушілері С.Демеубаев пен Т.Тәжібеков,
Қызылорда облысындағы қызыл отау меңгерушісі М.Көкенов, Семей
облысы
Жаңасемей
аудандық
орталық
кітапхана
меңгерушісі
Л.Т.Илющенко, Бесқарағай ауданындағы селолық кітапхана меңгерушісі
Г.Смағұлова, т.б. алымды істерімен көзге түсті. Ал бұлардың ең жақын
серіктері ауыл мұғалімдері еді. Айталық, Шалқар станциясындағы мәдени
істердің бел ортасында әрқашан №439 орта мектептің бастауыш класс
мұғалимасы А.А.Кузьминцева жүретін, Антонина Александровна нақ осы
мектепте 1944 жылдан табан аудармай еңбек етті. Оның класында екінші
жылға қалу деген сирек кездесетін. Бастауыш класс мұғалімдерінің
методикалық бірлестігін басқарып, жас педагогтармен бай тәжірибесін
бөлісетін, оқушылардың ата-аналарымен жиі-жиі кездесіп отыруды әдетке
айналдырған еді. Оның бастамасымен станция басындағы кітапханада ата-
аналарға арналған кітаптар бұрышы ұйымдастырылып, айына бір рет
оқушылар мен ата-аналар бас қосатын, бала тәрбиесіне байланысты
оқығандарын ортаға салатын. Еңбектегі және қоғамдық жұмыстардағы
жетістігі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған А.А.Кузьминцева
1971 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат боп сайланды.
Жер-жердегі мұғалімдер мәдениет ошақтарының ырғақты жұмыс
істеуіне кедергі туғызатын себептерді, мәселен, қысқа даярлығын тездетуді,
олардағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді қамтамасыз етуді қолға
алды. Мәселен, 60-шы жылдар басында Көкшетау облысының мұғалімдері
ауыл-селолық кітапханалардың бірде-біреуінде оқу залы жоқ екенін үлкен
сынға алды. Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ұстаздар
мәдениет мекемелері қызметкерлеріне тұрғын үй беруді, білімін көтеруге
жағдай туғызуды партия органдарының алдына қойды. 1975 жылдың ерте
көктемінде Шымкент облысының Сайрам ауданындағы кітапханалардың
10%-ға жуығында от жағылмайтыны анықталды. Жағдай әсіресе
Қайнарбұлақ, Қаратөбе, Қызылқыстақ, Тассай және Самсоновка селолық
Кеңестеріне қарасты кітапханаларда ауыр еді. Бұл мәселе еңбекшілер
депутаттары аудандық Советі атқару Комитетінде егжей-тегжейлі қаралып,
жұртшылық назарына ұсынылды. Көмекке алғашқылардың бірі боп ауыл
мұғалімдері жетті. Олар комсомол мүшелерімен тізе қоса отырып,
кітапханаларда тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Алайда нысаналы жұмыста дәйексіздік те орын алып отырды. Басшы
орындардың оралымсыздығынан қолға алған іс аяқсыз қала беретін.
Айталық, 1976 жылдың 28 сентябрінде Сайрам аудандық атқару комитеті
мәдениет мекемелерін жөндеу және қысқа даярлау барысын қараған еді.
Тексеру
барысында бір ғана Қайнарбұлақ селолық Кеңесі
территориясындағы
Достарыңызбен бөлісу: |