Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жанұзақова Қ.Т. Т.Ахметжанның «Сұлу мен суретші»  повесіндегі  романтикалық сарын 

 

 



іштарлықпен  қуған  дүниеқоңыздардың»    құрбаны  болады.  Шалдың 

суреттегі қуғыншының, яғни қожайынның сілтеген сойылынан мерт болуы 

да - повестің романтикалық финалы.  

Повесть  стиліндегі  көркемдік  жаңалық  бірден  көзге  түседі. 

Шығармада  бейнелеу  тәсілінің  контраст  (Шал  мен  қожайын,  бүгінгі 

дүниетаным мен өткен күн), драматизм, әсірелеу формасын (кейіпкерлердің 

махаббатын суреттеуде) көреміз. Шығармадағы материалды құндылықтарға: 

атаққа,  даңққа,  мансапқорлыққа  күшті,  қуатты  сезімдер  (махаббат)  және 

рухани  өмір,  әсіресе  оның  ең  жоғарғы  саласы  -  өнер    қарсы  қойылған. 

Жазушы  композициялық  баяндау  формаларының  көмегімен  интуитивтік, 

иррационалды  сана  тәрізді  күрделі  күйлерді  де  бейнелеуге  тырысады. 

Шалға    өңі,  я  түсі екені белгісіз  халде    ғашығының  Бойжеткеннің  жиырма 

жыл  бұрын  өз  махаббаттарынан  туғанын,  өздерінің  қызы  екенін  хабарлап 

кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты күйге түсіреді. 

Қиял  мен  шындық    арасындағы  суретшінің  өлімі  де    шығарманың  жұмбақ 

сипатын  қалыңдатқан.  «Сұлу  мен  суретші»  повесінің  романтизмі 

әдеттегіден өзгеше, айрықша сипатты ерекше адам сезімдеріне (махаббатқа 

берік  адалдық,  шынайы тазалық,  құлай  сүю,  т.б.),  сирек  кездесетін  ерекше 

жағдайларға  (суреттің  тірілуі,  оның  адам  өміріне  әсері,  т.б.)  көңіл 

аударуында жатыр. Романтикалық бастау  шығарма сюжетінен, оның тосын 

шешімінен  де  көрінеді.  Т.Ахметжан  символикалық  нышандар  арқылы  өз 

шығармаларындағы  нақтылы  болмыс  пен    фантастикалық  сарынды 

үйлестіре біледі.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Ахметжан Т. Мұң. Хикаяттар мен әңгімелер жинағы. – Алматы, 2003.  

2.

 



Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 т. –Алматы, 2006.  

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

    

 

10 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

Н.Ә.ИЛЬЯСОВА 

филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті 



 

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СӨЙЛЕСІМ 

ӘРЕКЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ  

 

В этой статье рассматривается роль управляемых словосочетаний в речевой деятельности 



в казахском языке

 

In this article deals with the role of managed phrases in speech activity. 

                                 

                                                                    

Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері  тілдік  қатынас  үстіне  ең  жиі 

қолданысқа  түсіп,  белсенді  қызмет  атқарады.  «Адам  тілдік  қатынаста 

үлкенді-кішілі,  ірілі-ұсақты  мәтіндерді  сөйлесім  әрекетінің  кез  келген 

кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» [1.25]. Мәтіндердің сөйлесім әрекеті 

барысының  кез  келген  кезеңінде  өмір  сүруіне  тікелей  қызмет  атқаратын 

қатысымдық  тұлғалардың  бірі  ─  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері. 

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің сөйлесім әрекетінде алатын  орны 

оның 

грамматикалық 



құрылымымен, 

семантикалық 

өрісімен, 

функционалдық  қызметімен  айқындалады.  Меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркестерінің 

грамматикалық 

құрылымы 

құрамындағы 

сөздердің 

грамматикалық  сипаты,  байланысу  жолдары  арқылы  анықталады. 

Семантикалық  өрісі  сөз  тіркесі  құрамындағы  синтаксистік  қатынастың 

негізінде  туындаған  морфосемантикалық  мағыналар  негізінде  танылады. 

Функционалдық  қызметі  айтылатын  ойдың  мазмұндық  бірлігін  құрайды. 

Ендеше,  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері  әрі  тілдің  құрылымдық 

бөлшегі,  әрі  тілдік  қатынас  құралы  ретінде  ажырамас  диалектикалық 

бірлікте  өмір  сүріп,  сөйлеу  мен  ойлаудың  тұтастығын  танытады.  Адамның 

ойлау  процесі  олардың  табиғатына  тән  сөйлеу  әрекеті  негізінде  әрі  қарай 

дамып, жетіліп отырады. Сөйлеу әрекеті үстінде меңгеру әр түрлі қырынан 

танылады.    Тілдің  құрылымдық  сипаты  тұрғысынан  алғанда,  меңгеру  атау 

мен  іліктен  басқа  септік  жалғаулары  арқылы  байланысатын  форма  болса, 

сөйлесім әрекеті тұрғысынан алғанда, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 

әр  түрлі  семантикалық  өрісте  жұмсалып,  ол  өз  ішінде  бірнеше 

морфосемантикалық  мағыналарда  жұмсалады.  Меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркестерінің  сөйлесім  әрекетіндегі  қызметі  тіркес  құрамындағы  сөздердің 

семасы  мен  лексикалық  мағынасы  және  олардың  семантикалық 

абстракцияға түсуінен қалыптасқан жалпы грамматикалық мағыналары мен 

қатысымдық 

грамматикалық 

мағыналарының 

тұтастығы 

негізінде 

анықталады.  Мәселен,  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестерінің  басыңқы 

сыңарына  тән  лексикалық  мағына  семантикалық  абстракцияға  түсу 

нәтижесінде  есім  атауы  болса,    ол  есімді  сөз  тіркесі  ретінде  танылатыны 

баршаға  аян.    Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестері  объектілік 

қатынаста 

жұмсалып, 

одан 


сөйлесім 

әрекетіне 

тән 

мынадай 


морфосемантикалық мағыналар қалыптасады: 

    

 

11 



1.

 

Бір  зат  пен  екінші  заттың  арасындағы  қатыстық  мағына:  бір-біріңе 



қонақсыңдар, т.б. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

  Ильясова Н.Ә. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің сөйлесім әрекетінде алатын орны 

 

 



2.

 

Сынның белгілі бір затқа қатысты мәні: малға бай, сөзге сараң, т.б. 



3.

 

Сапалық  сындық  сипаттағы  сөздердің  салыстырма  мәні:  бәйбішеден 



кіші, т.б. 

4.

 

Бір  зат  пен  екінші  заттың  арасындағы  арнаулық  мән:    құдаға  құрмет, 



т.б. 

Сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңарына  тән  лексикалық  мағына  семантикалық 

абстракцияға  түсіп,  қимыл-әрекетті  білдірсе,    етістікті  меңгеру  болып,  оның  

семантикалық  өрісі  сөз  бен  сөзді    байланыстырушы  барыс,  табыс,  жатыс, 

шығыс,  көмектес  септік  жалғауларының  қызметі  негізінде  айқындалады.  Олар 

сөз  тіркесі  құрамындағы  синтаксистік  қатынас  түрлерін  және  сөз  тіркесі 

құрамындағы  сөздердің  семантикалық  үйлесімін  анықтайды.  Сөз  тіркесі 

құрамындағы  сөздердің  семантикалық  үйлесуіне  қарай  синтаксистік  қатынас 

түрлері  бірнеше морфосемантикалық мағынаның туындауына негіз болады.  

Етістікті  меңгерудің  құрамындағы  синтаксистік  қатынас  объектілік  және 

адвербиалдық болып екіге бөлінеді. 

Объектілік  қатынастағы  меңгерудің  сөйлесім  әрекетінде  алатын 

өзіндік орны.   

Объектілік  қатынас  қимыл-әрекеттің  объектісі  болып  тұрған  заттың 

мөлшерін,  дербестілігін  саралайды.  Осыған  орай,  ол  тура    және  жанама 

объектілі, конкретті және абстракт объектілі қатынас  болып  бөлінеді.  

Тура  объектілік  қатынаста  меңгерілетін  сөздер  табыс  септік  жалғауында  

тұрып,  одан  туындайтын  морфосемантика  қимыл-әрекеттің  объектісі  болған 

заттың  бірбүтін екенін анықтайды. Мысалы, басын көтерді.  

Жанама  объектілік  қатынаста  меңгерілетін  сөздер  шығыс  септік 

жалғауында  тұрып,  одан  туындайтын  морфосемантика  қимыл-әрекеттің 

объектісі болған затты бүтіннің бөлшегі екендігін танытады.  Мысалы, басынан 



көтерді. Тура және жанама объектілік қатынаста жұмсалатын меңгеру формасы 

қимыл-әрекеттің  объектісі  болған  заттың  мөлшерін  анықтау  мақсатымен 

сөйлесім әрекетінде орын алады.  

Конкретті  объектілі,  абстракт  объектілі  қатынас  қимыл-әрекеттің 

объектісі  болып  тұрған  заттың  дербестілігін  анықтау  мақсатында  жұмсалады. 

Олар  барыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес  септік  жалғауларының    байланыстыру 

қызметі  арқылы  орындалады.  Конкретті  объектілік  қатынаста    іс-әрекет  

көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын  объектіге бағытталады. Сөйлесім әрекеті 

үстінде барыс септік жалғауы арқылы байланысқанда: қимыл-әрекеттің нақты 

кімге, неге бағытталғанын білдіретін морфосемантика туындайды; балаға берді, 

араға талатты,  астыққа толды, т.б  

Жатыс септік жалғауы арқылы байланысқанда: Белгілі бір заттың  

нақты орнын білдіретін морфосемантика туындайды: оқушыда бар. 



Шығыс септік жалғауы арқылы байланысқанда: 

Бір  заттың  екінші  затқа  қарым-қатынасын  білдіретін  морфосемантика 

туындайды:  баладан озды, апасынан білді.  


    

 

12 



Заттың  материалдық  құралы  мағынасын  білдіретін  морфосемантика 

туындайды: тастан жасау. 



Көмектес септік жалғау арқылы байланысқанда: 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

  Ильясова Н.Ә. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің сөйлесім әрекетінде алатын орны 

 

 



Қимыл-әрекеттің 

материалдық 

құралы 

мағынасын 



білдіретін 

морфосемантика туындайды: балтамен шабу, арамен кесу, балшықпен сылау.  

Қимылға  ортақтасу  мәнін  білдіретін  морфосемантика  туындайды: 

баламен ойнау. 



Абстрактілі  объектілік  қатынас  мағынасы  ой  арқылы  қабылданатын 

сөздердің  меңгерілуінен  туындайды.  Меңгерілетін  сөз  жалпыланған, 

дерексізденген  сөздер  болғандықтан  абстрактілі  объектілік  қатынастан 

тарайтын морфосемантикалық мағыналардың  өзіндік ерекшелігі болады. 



Барыс  септік  жалғауы  арқылы  байланысқан  сөз  тіркесінің 

құрамындағы абстракт объектілік қатынастан:   

Себеп,  мақсат  мәнді  морфосемантикалық  мағына  туындайды:  айтуға 



келді, көруге келді. 

Жатыс септік жалғауы арқылы байланысқан абстрактілі объектілік 

қатынастан:  

Тұрақты қимыл мәнді морфосемантика  туындайды: сөзде тұру,  



Шығыс септікті абстрактілі объектілік қатынастан:  

Қимыл-әрекеттің  белгісін  айқындайтын  морфосемантикалық  мағына 

туындайды: аурудан айығу. 

Көмектес септікті абстрактілі объектілік қатынастан:  

Қимыл-әрекеттің  амалын  айқындайтын  морфосемантикалық  мағына 

туындайды:  ақылмен шешу, сабырлықпен ойлау 

Адвербиалдық    қатынастағы  меңгеруде    барыс,  жатыс,  шығыс, 

көмектес  септік  жалғаулары    арқылы  қимыл-әрекеттің  мезгілін,  мақсатын,  не 

үшін  істелгенін,  қайда  бағытталғанын  т.б  білдіретін  морфосемантикалық 

мағыналар туындайды.  



Барыс  септік  жалғауы  арқылы  қалыптасқан  адвербиалдық 

қатынастан туындайтын морфосемантикалық мағыналар: 

Қимыл-әрекеттің  барып  тірелер  жерін,  аяқталар  шегін  анықтайтын 

морфосемантикалық мағына: үйге кетті, қалаға келді,  т.б. 

Қимылдың  мөлшерін  білдіретін  морфосемантикалық  мағына:  он 



шақырымға жүгірді, т.б. 

Мезгілдің шегін білдіретін морфосемантикалық мағына: қысқа жетті 



Жатыс  септік  жалғауы  арқылы  қалыптасқан  адвербиалдық 

қатынастан туындайтын морфосемантикалық мағыналар: 

Қимыл-әрекеттің иесі болған заттың  тұрағын білдіретін мағына: үйде 



бар, т.б. 

Қимыл-әрекеттің  иесі  болған  заттың  мекенін  білдіретін  мағына:  үйде 



отыр, т.б. 

Қимыл-әрекеттің болу орнын білдіретін мағына: далада ойнау, т.б. 

Қимыл-әрекеттің  мезгілін  білдіретін  мағына:  түнде  келді,  көргенде 

айттым, т.б. 

Шығыс  септік  жалғаулы  адвербиалдық  қатынастан  туындайтын 

морфосемантикалық мағыналар: 


    

 

13 



Қимыл-әрекеттің амалын білдіреді: қолдан ұзатты, т.б. 

Қимыл-әрекеттің  мөлшер,  өлшем,  сапаға  қатысын  білдіреді:  үлкендерден 



келді, т.б.  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

  Ильясова Н.Ә. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің сөйлесім әрекетінде алатын орны 

 

 



Қимыл-әрекеттің мекенін білдіреді: орнынан табылады, ауылдан көрді. 

Қимыл-әрекеттің  ақпаратқа  қатысын  білдіреді:  елден  естіді,  газеттен 



оқыды, телефонмен сөйлесті, т.б. 

Қимыл-әрекеттің мезгілге қатысын білдіреді: жаздан басталады, т.б. 



Көмектес  септік  жалғаулы  адвербиалдық  қатынастан  туындайтын 

морфосемантикалық мағыналар

Қимыл-әрекеттің  амалын  білдіреді:  зейінімен  тыңдады,  қуанышпен  қарсы 



алды, т.б. 

Қимыл-әрекеттің мақсатын білдіреді: арамдықпен келді, т.б. 

Қимыл-әрекеттің себебін білдіреді: сөйлеумен естімей қалды, т.б. 

Қимыл-әрекеттің мекендік мәнін білдіреді: жолмен жүрді, т.б. 

Меңгеріле 

байланысқан 

сөз 

тіркестері 



негізінде 

қалыптасқан 

морфосемантикалық  мағыналар  сөз    тіркестерінің  сөйлесімдегі  орны  мен 

қызметін  анықтайды.  Меңгеру  формасының  сөйлеудегі  қызметі  айтылатын 

ойдың  мазмұнын  таза  синтаксистік  жұмсалым  арқылы  жеткізеді.  Оны  

параллелизм    әдісімен  дәлелдеуге  болады.  Мәселен,    себеп,  мақсат  мәнді 

морфосемантикалық  мағынасы  арқылы  тілдік  қатынас  құралына  айналған 

айтуға  келді,  көруге  келді  сөз  тіркестерін    айту  үшін  келді,  көру  үшін  келді  

түрінде,  қимыл-әрекеттің  ақпаратқа  қатысын  білдіру  үшін  жұмсалатын 



радиодан  естіді,  телефонмен  сөйлесті  сөз  тіркестерін  радио  арқылы  естіді, 

телефон  арқылы  сөйлесті  түрінде  қолдануға  болады.  Одан  сөз  тіркестерінің 

сөйлесім  әрекетіндегі  мәні  өзгермейді.  Тек  функционалдық  қызметі  артып, 

коммуникативтік  мәні  арта  түседі.  Сондай-ақ,  меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркестері  сөйлесім  әрекеті  барысында  эллипсистік  сипат  алып,  тілдік 

қолданыста сөздердің ықшамдалып, мағыналық тұтастыққа ие болуына қызмет 

атқарады.  Мәселен, Роза  ән  айтты,  Асқар  сурет  салды сөйлемдерінде ән  сөзі 

мен айту сөзінің, сурет сөзі мен салу сөзінің байланысуына негіз болған табыс 

септік  жалғауы.  Сөйлесім  әрекеті  барысында  табыс  септік  жалғауы 

ықшамдалып,  сөз тіркесі айтылатын ойдың мазмұнымен тұтастыққа ие болады.  

Меңгеру  формасы  тілдің  мазмұны   мен     мағынасын    қозғалыстың 

объектіге  қатысы  тұрғысында  саралап,  күнделікті  қарым-қатынас  тілін  жете 

меңгеруде басты рөл атқарады. Сөйлесім әрекетінде меңгеру формасы арқылы 

түрліше  мағынаның  берілуі  палеонтологиялық  әдіс  негізінде  жүзеге  асады. 

«Палеонтология дегеніміз – тілдің даму жолын сөйленіс материалдары негізінде  

тарихи  шарттылықты  ескере  отырып,    тілдің  өз  табиғатына  тән  даму 

заңдылықтарын басшылыққа алатын негізгі әдіс» [2. 5-6]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы: Арыс, 2000. 208.  

2.

 



Труды  казахского  института    национальной  культуры.  Том  І.  Редакторы:  Х.Жубанов, 

С.Асфендияров, Б.Алманов. Алма-Ата. Казахское краевое издательство,  1935. С. 158.   



    

 

14 



 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

З.ОРАЗБЕКОВА 

филология ғылымдарының кандидаты, доцент 



 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МАҒЖАНТАНУ САЛАСЫ  

 

В статье рассмотрены вопросы магжановедения в современной казахской литературе. 

 

This paper deals with the matters of  Magjan Studies in contemporary Kazakh Literature. 

 

 

Қазіргі  қазақ  әдебиеті  басынан  бастап-ақ  өзінің  алыптар  шоғырының 



қаламынан  туған  шығармалар  арқылы  шырқау  биікке  көтерілді,  ең  әуелі 

сайын  сахара  мен  асқар  Алатауды  мекендеген  «қазақ»  деген  халықтың 

ұлттық  болмысын,  ойлау  жүйесін,  салт-дәстүрін,  өзге  халықпен  ара 

қатынасын  егжей-тегжейлі  хатқа  түсірді.  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы» 

эпопеясы, Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы, Бейімбет Майлиннің 

«Мөлдіреген  жақұт»  әңгімелері,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»  романы, 

Мағжан  Жұмабаев,  Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс  Жансүгіров,  Сәбит 

Мұқановтардың  жыр  маржандары  ұлттың  барша  бояулы  болмысын  ашып 

көрсетті.  Қазақы  мінездердің  қайталанбас  галереясын  түзе  білген  осы 

тұлғалардың    өмірі  мен  шығармашылығы  арнайы  зерттеу  салаларын  талап 

етуде.  Солардың  қатарындағы  Мағжантану  саласы  қазір  өрістеу  үстінде, 

бұдан былай да өрістей бермек.  

 

Мағжанның  ақталуы,  ардақты  есімінің  халқымен  қауышып,  саф 



алтындай  жарқыраған  жырларының  әдебиетіміздің  алтын  қазынасынан 

орын  алуы  –  тұншығып  келген  өрісті  ойлардың,  ақын-жырларына  деген 

құштарлық  сезімдердің  тығынын  ашып  жібергендей  болды,  таза  поэзияға 

деген іңкәрлік арнасынан аса  лықсып, түйдек-түйдегімен ағытылды.  

 

Мағжан  ақын  туралы  айтылған  пікірлердің  ішінен  сол  тар  заманда 



айтылған  екі  пікір  ерекше  ден  қойдырады:  оның  бірі  –  М.Әуезовтің  оған 

берген  қысқа  да  болса  нұсқа  айтқан,  ақындық  қасиетіне  терең  бойлаған 

бағасы,  екіншісі  -  Ж.Аймауытовтың  «Мағжанның  ақындығы  туралы»  атты 

көлемді зерттеу мақаласы.  

 

Қалай  болған  күнде  де,  сол  бір  күрмеуі  қиын  күрделі,  алмағайып 



заманды  жан-тәнімен  сезінген,  сезініп  қана  қоймай,  қызу  оттың  ен 

ортасында, зорлықшыл саясаттың қанды қылышы үнемі желкесіне төнумен 

жүрген  осы  екі  аяулы  тұлғаның  Мағжандай  ерен  ақын  туралы  айтқаны 

қандай бағалардан да оқшау, дара тұратыны анық.  

 

Ең алдымен данышпан Абайды атаған Мұхтар Әуезов: 



 

«...Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған әшекейін 

сүйемін» деп, оған деген сүйіспеншілігін жоғары пафоспен бастайды да не 

үшін  сүйетіндігін  өрнекті  кестелі  ойларымен  былайша  түйеді:  «Қазақ 

ақындарының  қара  қордалы  ауылында  туып,  Еуропадағы   мәдениет   пен 

сұлулық  сарайына  барып,   жайлауы  жарасқан Арқа қызын көріп сезгендей 



    

 

15 



боламын.  Мағжан  мәдениеті  зор  ақын.  Сыртқы  кестенің  келісімі  мен 

күйшілдігіне   қарағанда   бұл   бір   заманның   тегінен     асқандай. Сезімі  

жетілмеген   қазақ  қауымынан  ертерек  шыққандай, бірақ,  түбінде  әдебиет   

таратушылары   газетпен  қосақталып,   күндегі   өмірінің    тереңін 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

  Оразбекова З. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі мағжантану саласы 

 

 



терген  ақын  болмайды,  заманынан  басы  озып,  ілгерілеп  кеткен  ақын 

болады.  Әдебиет  әдебиет  үшін  деген  таңба  айқын  болмай  нәрлі  әдебиет 

болуға  жол  жоқ.  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар  жазушысының  ішінен 

келешекке  бой  ұрып,  артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз  Мағжанның 

сөзі.  Одан  басқамыздың  бәріміздікі  күмәнді,  өте  сенімсіз  деп  білемін» 

[1.294].  Бір  жағынан  ақынның  артықшылығын  көре  алмастықпен, 

күншілдікпен, 

бір 


жағынан 

саясат 


сойылын 

соғушылардың 

оспадарсыздығынан  Мағжан  жаппай  қараланып  жатқанда  мынадай  зор 

махаббатты  пікір  білдіру  Мұхтар  Әуезовтің  ұлылығын  дәлелдей  түседі. 

Кемел  дарынның  қалтқысыз  қас  талантты  қапысыз  тануы,  аз  сөзбен 

ақындық өресіне баға беруі десек, әрі дүлей шоқпарлы саясаттан қаймықпай 

араша  түскендігі  сүйсіндіреді,  таңдандырады.  Бұл  –  біздің  әдебиетте  көп 

жағдайда  жетіспей  жататын  ақиқат  адалдық.  Өзі  де  дара  талантты 

Мұхтардың  асқан  кішіпейілділікпен,  «артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын 

сөз – Мағжан сөзі. Басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз» деуі аса 

тағылымды пікір. Әдебиетіміздің шалқар көшін осындай дарыны мен кісілік 

қасиеттері  астасып  жатқан  тұлғалар  бастап  тұрса,  қазақ  рухы  қашан  да 

көтеріңкі болары хақ.  

 

Кеңестік  солақай  саясат  шоқпары  аямай  соққының  астына  алып 



жатқанда  ақынын  арашалап  қалуға  ұмтылған  М.Әуезовтің  пікірінде 

Мағжанның  шығармаларының  санқырлылығы  айтылмаса  да  Мағжанның 

ақындық  мәдениеті,  «артқы  күнге  анық  қалуға  жарайтын  сөз»  дегенінде 

үлкен  астарлы  ой  жатыр.  Бұл  –  Мағжан  сөзінің  тамырын  тереңнен 

тартқандығын, өрісі әріде жатқандығын аңғартар емеурін.  

 

Мағжан  кезеңдік  қана  ақын  емес  еді,  ол  шын  мәніндегі  ұлтының 



ақыны  еді.  Ол  тек  қана  ұлтының  жоғын  түгендеді,  оның  арғы  тегіне 

бойлады,  бабаларының  шалқыған,  дүрілдеген  ел  болған,  азат  болған  күнін 

аңсады.  Бірақ  осы  азат  ойы,  ақындық  арман-шері  өзіне  қасірет  болып 

жабысты.  Мағжан  саясатпен  айналысқан  жоқ  еді,  бірақ  саясат  онымен 

айналысты.  Қазақ  елін  түбін,  тамырын  танып,  бауырларымен  табысқан 

іргелі ел қатарында емес, өз езгісінде жаншылып жатқан құл есебінде көріп 

келген,  бұдан  былай  да  солай  көруге  аса  ынталы  отаршыл  империяға 

Мағжанның  жырларындағы  түркішілдік  сарыны,  бабалар  тарихына 

құштарлық  қатты  шошытқан  еді.  Отар  елге  осыншама  азат  ойлы  поэзия, 

шалқыған еркіндік оларға артық болып көрінді. Құлдық қамытын арқалаған 

елдің талайына жазылған әдебиет те сол орайдан табылуға тиіс. Сондықтан 

Мағжандардың көзі құртылып, жаңашыл бағыттағы әдебиет өрістетілуі тиіс 

болатын. Кеңестік жүйе әдебиетімізді осылайша түзу бағытынан адастырып, 

өз саясаттарына бейімдегендері белгілі.  Мұның әдебиетке тигізген  зардабы 



    

 

16 



орасан  болды:  өткен  тарихтың  тамырына  балта  шабылды.  Кеңесшіл 

марксизм-ленинизм  саясатына  негізделген,  саясатпен  мұздай   қаруланған 

әдеби   көркемдігі   жұтаң,   жасанды   жалған  әдебиет  өрбіді.  Дарындылар 

саясатқа   «жем»   болып,     әдебиет    белесіне     дарынсыз,    жағымпаз,

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет