Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

296 

   


 

 

 



пәнішілік  байланыс  негізінде  толық  мәнді  болды.  5-9  сынып  оқушы-

қыздары  еңбекке  дайындау  бағыттары  бойынша  этностық  мәдениетке  тән 

қазақы ұғымдарды бастауыш сыныпқа арналған «Ұлттық дүниетаным» оқу 

құралынан  алады.  Сондай-ақ  «технология»  пәнін  оқыту  бойынша  қазақы 

ұғымдардың  және  соларға  сәйкес  іс-әрекеттердің  толық  мәнді  орындалуы 

үшін  «теориялық»  және  «қолданбалы»  байланыстардың  орны  ерекше 

екендігі анықталды. 

Технология пән мазмұнындағы еңбекке дайындау бағыттары бойынша 

этностық мәдениетті қалыптастырудың нәтижесі: 

-  пәнаралық  байланыс  оқу  материалдарын,  қазақы  ұғымдарды  оқушы-

қыздар теориялық байланыстар негізінде тереңінен меңгереді; 

 -  пәнаралық  байланыс  іскерліктері,  қолданбалы  байланыс  этностық 

мәдениет үлгілерін танып білуге негіз қалайды; 

- оқушы-қыздардың «Технология» пәні бойынша этностық мәдениет іс-

әрекеттерін  орындауы  теориялық  білімдерді  тереңдетеді,  практикада 

бекітілуін қамтамасыз етеді; 

-  еңбек  іс-әрекеттеріндегі  этностық  мәдениеттің  ұрпақ  сабақтастығын 

жалғастырады. 

Этностық мәдениетке баулудың технологиясы. 

Ұлттық  мәдениетке  баулу  педагогикалық  жүйенің  тәрбие  процесінде 

жүзеге  асырылады.  Педагогикалық  жүйе  жөнінде  көптеген  педагог-

ғалымдарымыз  өздерінің  ой-пікірлерін  білдірген.  “Технология”  деген 

термин  гректің  түп  тамыры  techne  -  өнер,  шеберлік,  кәсіп  және  logos  - 

ғылым,  білім  деген  сөздерінен  шыққан.  Технология  сөзі  негізінен 

материалдық  өндіріске  қатысты  шыққандығы  белгілі.  “Технология” 

ұғымына берілген анықтамалардың мазмұнына байланысты, оны:  

- өндірісті нәтижелі етудің жолын қарастыратын ғылым; 

- процесті нәтижелі етудегі нұсқау; 

- оңды нәтиже беретін процесс ретінде қарастыруға болады. 

Педагогикалық  тұрғыдан  В.П.Беспалько  «педагогикалық  технология- 

оқу  мен  тәрбие  процестерінің  (теориялық  негізделген)  еске  түсіру 

барысында  қолданған  құралдар  мен  әдістер  жиынтығы»  десе,  В.А. 

Сластенин  педагогикалық  технологияны  қатаң  ғылыми  жоспарлау  және 

дәлірек  айтқанда,  педагогикалық  әрекеттің  жетістігін  қамтамасыз  ететін 

елестету ретінде сипаттайды. 

Оқыту және тәрбиелеу ұғымдарын көбіне біз “педагогикалық” ұғыммен 

алмастыра  қолданамыз.  Осыған  байланысты  педагогикалық  әдебиеттерде 

“оқыту 


технологиясы” 

және 


“тәрбие 

технологиясы” 

ұғымдарын 

кездестіреміз.  Н.Ф.Талызинаның  пікірі  бойынша,  оқыту  технологиясы 

негізгі үш құраушыға байланысты: 

1. Мұғалімнің оқыту процесін конструкциялаудағы білім жиынтығы. 

2. Оқыту процесінің өзі және оның технологиялылығы. 

3. Процестің техникалық жарақтандырылуы. 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

297 

   


 

 

 



Тәрбие  технологиясы  тұрғысынан  мектеп  тәрбиесі  мен  өндіріс 

түсініктері  бір-бірінен  алыс  еместігі  және  өндіріс  сияқты  мектептің  де 

алдына  қойылған  міндеттерді  шешуге  өндірістегідей  тәрбие  процесі 

бағытталатыны белгілі. 

Оқыту  теориясы  «Нені  оқыту  керек»,  «Не  үшін  оқыту  керек»,  «Қалай 

оқыту керек» сұрақтарды шешуге ұмтылыс жасаса, педагогикалық тұрғыдан 

технологияның  негізгі  мәселесі  –  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек». 

Тәрбие  технологиясы  қалай  педагогикалық  жүйеде  баланы  балада  сапалы 

қасиеттерді қалай нәтижелі қалыптастыру сұрағын шешуі тиіс. 

Тәрбие  технологиясы  биологиялық  және  динамикалық  сипаттағы 

жүйеге  тән  болып  табылғандықтан  бұл  мәселе  қиындық  тудырады. 

Сондықтанда біз технология ұғымы шыққан өндірістегі процестерге сәйкес, 

А.С.Макаренко  атап  өткендей,  педагогикалық  процестерде  кейбір  негізгі 

құраушыларға көңіл аударуды жөн санадық. 

 Біз  оқытудың  тәрбиелік аспектісін  қарастыра  отырып  Д.Қ.Пошаевтың 

оқыту  технологиясы  жөніндегі  пікірін  басшылыққа  алдық.  Оқытудың 

нәтижелі  болуы  үшін  оқытудың  әрбір  кезеңіндегі  техника,  технологиялық 

құралдарға,  олардың  алатын  орны  мен  маңызы  арқылы  оқыту  процесін 

басқару  мәселелерінің  шешілуі  керектігін  орынды  атап  өтеді  және  ол 

кезеңдерді төмендегіше тұжырымдайды. 



Бірінші  кезең  –  арнайы  қарастырылған  оқыту  құралдары  арқылы,  

оқушыларды  алдын-ала  оқытудың  мақсатымен  таныстыру,  оқу  барысында 

қандай  мәселелерге,  сұрақтарға  неге  осы  нәрсені  оқу  керек  екендігіне, 

оқытылып  жатқан  материалдың  практикалық  мәніне,  маңызына  көңіл 

аударту. 

Екінші  кезең  –  оқушылар  алдында  ойлауға  бағдарлық  әрекет  беретін 

негізгі  ғылыми  техникалық  ұғымдар  жүйесімен  таныстыра  отырып, 

жалпылама  ұғымдарды  қалыптастыру.  Ұғымдарды  жекеден  →  ерекшеге, 

одан → жалпыға (индуктивтік тәсіл); жалпыдан → ерекшеге, одан → жекеге 

(дедуктивті тәсіл) меңгерту (меңгеру). 

Үшінші  кезең  –  оқушылардың  іс-әрекеті  моделін  жасауға  мұғалім 

қызметінің  бағытталуы.  Бұл  үшін  мұғалім  оқушылардың  іс-әрекеті 



материалдық  (техника)    және  материалдандырылған  технологиялық 

процестерді  (нұсқаларды)  қарастырады.  Егер  де  үйретіп  жатқан  әрекет  ой 

әрекетінен тысқары әрекетке үйлессе, онда мұндай әрекет материалдық, ал 

әрекет  кез  келген  бір  кескін,  схемалар  көмегімен  жүзеге  асатын  болса, 

мұндай әрекет материалдандырылған деп атауға болады. 

Төртінші  кезең  –  оқушылар  әрекетінің  белгілі  модельге  ұқсас 

орындалуы.  Бұл  кезде  оқытудың  оқу  құралы  болып:  схемалар  (принципті, 

функционалды,  жұмысшы,  олардың  орындалу  шарттары  (ойда)  т.т. 

пайдаланылады. 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

298 

   


 

 

 



Бесінші  кезең  –  оқытушы  әрекетінің  қимылын  біртіндеп  азайтып, 

соңында  оларды  автоматтандыру  жағдайына  дейін  жеткізу.  Оқытудың  бұл 

кезеңі  үшін  мұғалім  арнайы  тапсырмалар,  технологиялық  есептер 

пайдалануына болады. 



Алтыншы  кезең  –  оқушыларды  оқытуда  олардың  кешенді 

тапсырмаларды,  жаттығуларды  орындауын  керекті  тапсырмалар  арқылы 

жүзеге асыру. Бұл кезеңде оқушылар өз бетінше жұмыс істей алуы және ол 

өз әрекетіне шығармашылық әрекеттерін қарастыруы керек. 

Жоғарыдағы  оқыту  процесінде  білімді  басқарудың  алты  бірдей 

кезеңінде  іс-әрекет  теориясы  пайдаланылып  отырғандығын  педагог-ғалым 

айта  келіп,  мұндай  құрылымдағы  оқу  процесі  іс-әрекет  логикасын  түзуге, 

оның  үстіне  іс-әрекет  логикасы  мен  танымдық  қабілеттерді  жинақтап 

(интеграциялап) 

беруге 


септігін 

тигізеді 

деп 

қорытады. 



Оқу 

материалдарының  күрделілігіне,  сипатына  қарай  ұсынылған  әдістемелік 

жүйе  бойынша  оқыту  жағдайлары  бір  немесе  бірнеше  етіп  жасалатынын 

беретінін,  айта  келіп,  оқыту  процесінің  танымдық  және  іс-әрекет 

теориясының  негізінде  құрылған  “Оқыту  жағдайларының”  жиынтық 

кестесінің құраушы элементтеріне төмендегілерді енгізеді: 

1.

 

Оқыту мақсаты. 



2.

 

Сабақтың аталуы (бағыты). 



3.

 

Өтілетін уақыты (кететін уақыт). 



4.

 

Оқытушының  (мұғалімнің)  сабақ  барысындағы  барлық  әрекеті 



(оның ішінде, білімді меңгерту мен іскерлік дағдыны қалыптастырудағы). 

5.

 



Оқушының білімді ұғынудағы барлық әрекеті. 

6.

 



Оқыту 

процесінде 

пайдаланылатын 

оқытудың 

техникалық 

құралдары. 

7.

 

Оқыту  процесінде  пайдаланылатын  оқытудың  технологиялық 



құралдары. 

Жоғарыдағы 

айтылғандардан 

“оқыту 


технологиясы 

оқыту 


жағдайларының 

негізінде 

оқытушы 

мен 


оқушының 

іс-әрекетін 

алгоритмизациялау  (реттеу)  болып  табылады”.  Оқытудың  әрбір  кезеңдері 

бойынша “...педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқыту мақсаты оқу циклдері 

деп  қабылданады”.  Оқыту  циклдері  бойынша  оқу-тәрбие  іс-әрекеттерінің 

мақсатқа сәйкес жетуі “оқыту технологиясы” ұғымының мәнін толық ашады 

және “қалай нәтижелі етіп оқыту керек” мәселесін шешеді деп білеміз. 

Мектептің  оқу-тәрбие  үдерісінде  педагогикалық  тапсырмалардың 

өзіндік  орны  бар.  Есептер,  жаттығулар,  сұрақтар,  тестік  және  тестік  емес 

формадағы  тапсырмалардың  -  барлығы  “педагогикалық  тапсырма”  деген 

ұғымға кіреді. Оқу үдерісінде тапсырма мен өзіндік жұмысты өзіндік және 

педагогикалық бақылауды ұйымдастыру үшін негіз ретінде пайдаланады. 

Еңбекке  баулуда  технология  пән  мұғалімнің  әртүрлі  тапсырмаларды 

пайдалануы,   мұғалімнің    және      оқушының       өз      бетінше    оқуының  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Әлімбекова С.Ш.

 

Еңбекке дайындық бағытында қазақ қыздарының этностық мәдениетін... 

 

 

 



    

                                                                                                                                           

299 

   


 

 

 



психологиялық  және  педагогикалық  мақсатынан,  білімді  бекітуден 

туындағаны даусыз. 

Жалпы 

орта 


білім 

беретін 


мектептерде 

негізгі 


дәстүрлі 

тапсырмалардың  формалары  –  сұрақтар,  есептер,  жаттығулар,  мысалдар 

екендігі  белгілі.  Соңғы  кездерде  олар  тестік  тапсырмаларда  кеңінен 

қолданыс  табуда.  Жоғарыда  келтірілгендердің  ішінен  тесттік  тапсырмаға 

жақыны сұрақтар мен есептер болып саналады. 

Педагогикалық  тапсырма  –  оқу  процесін  тиімді  және  сапасын 

арттыруға,  белсенділендіруге  қабілетті  ететін,  дайындықтың  деңгейін 

бақылау  құралы  және  оқыту  құралы.  Белсенділендіру  деген  мұғалімнің 

оқыту іс-әрекетін және оқушының іс-әрекетін күшейтуді, тірілтуді білдіреді. 

Педагогикалық  тапсырма  оқу  процесінде  оқушыны  дамыту  және 

олардың  өзінің  оқу  іс-әрекетін  (оқу)  белсендіру  үшін  пайдаланатын  сұрақ, 

есептер және басқа да құралдар сияқты ұғымдар жіктемесін қамтиды. 

Барлық  тапсырмаларды  екі  шартты  топқа:  оқыту  (немесе  оқу)  үшін 

тапсырмалар  және  бақылау  үшін  тапсырмалар  деп  бөлуге  болады.  Басым 

көпшілік тапсырмаларды оқушыларды оқыту үшін және олардың білімдерін 

бақылау  үшін  қолдануға  болады.  Объективті  бақылау  үшін  бәрінен  бұрын 

тестік  тапсырмалар  ыңғайлы  келеді,  оларды  пайдалану  мұғалімнің 

көмегінсіз баға қоюға мүмкіндік береді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Бейсенбаева  А.А.  Пәнаралық  байланыс  негізінде  оқу  процесін  ұйымдастыру  /оқу  құралы/. 

Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995.  

2.

 

Климов Е.А. Как выбирать профессию: Кн. Для учащихся. –М.: Посвещение, 1984. –160 с. 



3.

 

Сухомлинский  В.А.  Павлышская  средняя  школа:  Обобщение  опыта  учебно-воспитательной 

работы в сельской средней школе. –М.: Просвещение, 1979. –393 с. (бб.15-108)  

4.

 



Зверев И.Д., Максимова В.Н. Межпредметные связи в современной школе. – М.: Педагогика, 

1981. – 160 с. 

5.

 

Пошаев  Д.Қ.  Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  –Шымкент  М.Әуезов  атындағы 



ОҚМУ, 2003. –113б. 

6.

 



Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. –М.: Педагогика, 1989. - 192 с. 

7.

 



Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Общая педагогика: Учеб. Пособие для студ. Высш. 

Учеб. Заведений / Под ред. В.А.Сластенина: В 2 ч. – М.: Гуманит. Изд. Цент ВЛАДОС, 2002. –

Ч.1. –288 с. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

Қ. ОРАЗБЕКҰЛЫ                                                                                                                  

педагогика ғылымдарының кандидаты, 

 А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы  


    

                                                                                                                                           

300 

   


 

 

 



  

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН БҮГІНГІ ЕРЛІК  НЕГІЗІНДЕ 

ҚАҺАРМАНДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

В  этой  статье  автор  на  примере  жизни  чекистов  находит  наиболее  приемлемые  пути 

решения воспитания у учащихся чувства патриотизма. 

 

The author of the article brings forward the idea of some acceptable ways of developing feelings of 

patriotism of pupils following the example of life of secret service men. 

                                                                                      

Бүгінгі  таңдағы  ең  өткір  мәселе  –  жас  ұрпақты  отансүйгіштікке, 

отанын  қорғауға  даяр  болуға,  қаһармандыққа  тәрбиелеу  [1].  Бұл,  шын 

мәнінде  өткір  ғана  емес,  әдістемелік  тұрғыдан  алғанда  терең  зерттеліп 

бітпеген  мәселе.  Жас  ұрпақты  кімдерді  үлгі  ете  отырып  тәрбиелейміз? 

Қолымызда қандай нақты мысалдар бар? Бұл сұрақтарға қатысты ғалымдар 

бірқатар ұсыныстар жасаған. 

Бірақ 


әлі 

де 


болса 

жеткіліксіз, 

немесе 

жартыкеш.                                                                                             



Осы орайда,  өз басым Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің ерлік 

істерін  мысал  ретінде  жастар  тәрбиесі  барысында  пайдалануды  ұсынған 

болар  едім.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихынан  тікелей  Қазақстанға  қатысты 

мысалдарды  кәдеге  жарату  тиімді  болады.  Бұл  жерде  әңгіме  біздің  батыр 

бабаларымыз  бен олардың ерліктері  туралы ғана болып отырған жоқ.                                                                                                                                       

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Қазақстан  аумағында  соғыс 

қимылдары  болған  жоқ.  Осылай  дейміз.  Бірақ  біз  тарихшылар  аттап  өте 

алмайтын    екі  оқиғаны  білеміз.  1942  жылдың  10  қыркүйегінде  Гурьев 

қаласының төбесінен “Ю-88” деп аталатын  неміс ұшағы өткені белгілі.  Ол 

тегін  келмеген  екен.  Қазақстандықтардың  төбесінен      үнпарақтар  шашып 

кетіпті.  Онда  “Беріліңдер,  неміске  қызмет  етіңдер”  делінген.  Сол 

үнпарақтардың бір данасы  қазір  Астанада    Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің 

мұражайында құнды жәдігерлердің бірі  ретінде  тұр.                                                                                                         

Әлгі  үнпарақтар  гурьевтіктердің  ашу-ызасын  туғызған.  Оны  оқыған 

жерлестеріміз 

немістерге 

қызмет 

ету 


былай 

тұрсын 


әскери 

комиссариаттарға барып,  өз  еріктерімен  соғысқа аттанғылары  келетіндерін 

айтыпты. Тіпті, жасы жетпегендіктен әскерге шақырыла қоймаған жастарда 

әскери комиссариаттарға барып, өтініштерін өткізгені белгілі.                                                                                                                                       

1944  жылдың  мамыр  айында  Маңғыстау  маңына  неміс  фашистері  15  

парашютші  жауынгерін  түсіріпті.  Мақсаттары  қандай  болғаны  туралы 

болжам  көп.  Олар  лаңкестік  іс-әрекеттер  жасауы  мүмкін  еді.  Ол  жылдары 

әскери техникалар Қазақстанда құрастырылатын. Оқ-дәрілер де Қазақстанда 

шығарылатын.  Соғысқа  аттанар  алдында  жауынгерлерді  алғашқы  әскери 

даярлықтан  өткізетін  мектептердің  дені  бізде  болатын.  Сондай-ақ  әлігі 

парашютші  неміс  жауынгерлері  шпион  ретінде  еліміздің  аумағында  қалып 

кетуге тырысулары ықтимал деген болжамдар 

жасалыпты.                                                                        

 

  



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Оразбекұлы Қ. Мектеп оқушыларын бүгінгі ерлік негізде қаһармандыққа тәрбиелеу

 

 

 



    

                                                                                                                                           

301 

   


 

 

 



Екі  болжам  да  құлаққа  қонымды  сияқты.  Сол  15  неміс  жауынгерін 

Маңғыстау маңынан тауып, көзін жою оп-оңай іске аса қоймапты. Қарулы 

қақтығыстар  болыпты.  Қазір    осы  операцияға  қатысқан  кеңес 

жауынгерлерінің  есімдері  түгел  дерлік  белгілі.  Олардың  шын  мәнінде 

қаһармандықтың  үлгісін  көрсеткені  туралы  тарихи  деректер  бар.  Олардың 

бірқатарының  суреттері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұражайынан орын 

алған.                                                                      

Қазақстандық  жастарды  қаһармандыққа  тәрбиелеу  барысында 

осындай  жергілікті  материалдардың  алар  орны  ерекше  екеніне  ешкім 

дауласпас  деп  ойлаймын.  1941-1945  жылдары  соғыс  қимылдары  жүрген 

мемлекеттердің барлығы қазір дербес ел болып кеткен. Сол мемлекеттердің 

аумақтарында  жасалған  ерлік  іс-қимылдармен  салыстырғанда    Қазақстан 

аумағында  болған  ұрыс  қимылдары  барысында  жасалған  ерліктің  әсері 

молдау  болады.  Бұл  мәселенің  жылдар  өткен  сайын  маңызы  арта 

түсетіндігіне сену керек.  

Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  қызметкерлерінің  үлгісінде  жастарды 

қаһармандыққа тәрбиелеуге мүмкіндік беретін өзге де  мысалдар  көп.                                                                                                     

Айталық...                                                                                                                                                              

1999  жылдың  қараша  айында  ҰҚК-нің  қарсы  барлау  қызметі  Шығыс 

Қазақстан  жерінде  қауіпті  қылмыстық  топты  әшкереледі.  Топ  басшысы 

өзіне  “Пугачев”  деген  лақап  ат  қойып  алған  екен.  Ол  ниеті  жаман    

Казимирчук  деген  азамат  екен.  Пугачевтің  жымысқы  әркеттері  чекистерге  

белгілі  екен.  Ол  басқаратын  қылмыскерлер  Қазақстан  аумағында 

тұрғанымен, қазақтың қонақжайлылығының арқасында жағдайларын жасап 

алғанымен,  елімізге  жақсылық  ойламапты.  Казимирчук  басқаратын  топты 

әшкерелеу  үшін  біраз  уақыт  чекистердің  соңынан  жүруіне  тура  келіпті. 

Олар  Қазақстанның  шығыс  өңірін  “Русский  Алтай”  деп  атауды  дағдыға 

айналдырып, жерлестерінің құлағын осы атауға үйретуге тырысып бағыпты. 

Сөйтіп,  Қазақстанның  Шығыс  облыстарын  Ресейге  қосуға  әрекет 

жасағандары  белгілі  болады.  Олар  осы  мақсаттарына  жету  үшін  қарулы 

қақтығыстар  ұйымдастырудан  да  кетәрі  емес  болып  шықты.    Сол  үшін 

автоматтар,  оқ-дәрілер,  жарылғыш  заттар,  жалған  құжаттар  жинағандары 

дәлелденді.  Ел  ішіне  іріткі  салмақ  болғандарды  чекистер  бұлтартпас 

айғақтармен ұстады.                                                                                   

Қазақстан  халқын  ала  тайдай  бөлуді  мақсат  тұтқандар  тек  қана  олар 

емес  еді.  Шығыс  Қазақстандағы  әлгі  оқиғадан  сәл  ғана  уақыт  бұрын  

Ақмоланың  шойын  құю  зауытында  қылмыстық  топ  ұсталған  болатын. 

Топтың мүшелері  танкіге қарсы қолданылатын миналар, қол гранаталарын, 

Израильдің  “Узи”  автоматтарын  қолдан  жасап  келгені  анықталыпты.  Олар 

осы  қылмыспен  тұрақты    айналысқан.  Осы  екі  оқиғаның  артында  да 

мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жымысқы әрекеттер жатты.  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Оразбекұлы Қ. Мектеп оқушыларын бүгінгі ерлік негізде қаһармандыққа тәрбиелеу

 

 

 



Қара  ниетті  қылмыскерлер  Қазақстанның  тұтастығын  бұзуға 

бағытталған  өте  қауіпті    іс-әрекеттерді  жоспарлапты.  Әрине,  жымысқы  іс-



    

                                                                                                                                           

302 

   


 

 

 



қимылдарды  ұйымдастырушылардың  барлығы  анықталды.  Олардың 

еліміздің тәуелсіздігіне нұқсан келтіруге тырысқан қылмыстық әрекеттеріне 

құқықтық баға берілді.                                                                                                                                           

«Жау  жоқ  деме,  жар  астында»  деген  сөз  осындайда  еске  түседі. 

Чекистердің  қырағылығының,  олардың  бейбіт  уақыттың  өзінде  соғыс 

кезіндегіден  де  бетер  қауіп-қатердің  алдын  алып  жататыны  жастарға  үлгі-

өнеге ретінде ұсынылғаны дұрыс. 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінде    қарсы  барлау  департаменті  бар.  Бұл 

мемлекеттік құпия емес. Мұндай құрылым әлемдегі барлық  мемлекеттердің 

қауіпсіздік органдарында құрылған. Осы қарсы барлау қызметінің чекистері 

орасан  зор  міндеттерді  орындап  жатады.  Қазақстан  чекистері  де  солай. 

Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздік органының тарихында тұңғыш рет 1998 

жылдың  шілдесінде  Алматы  қаласында  Қытай  Халық  Республикасының 

азаматы  Дун  Цзюйчуан  нақты    айғақтармен  ұсталды.  Оған    Қылмыстық 

кодекстің  «Шпионаж»  деп  аталатын  166-бабы    бойынша  айып  тағылды. 

Әлгі  Қытай  қауіпсіздік  қызметі    әскери  барлаушысының  ісі    “Ван”  деп 

аталыпты.  Осы    іс  бойынша  ол  өз  қылмысын,  яғни  тыңшылықпен 

айналысқанын мойындады. Қылмыстық істі  Алматы гарнизонының әскери 

соты қарады. Сот тергеуі барысында  да шетелдік азаматтың  тыңшылықпен 

айналысқаны  толық  дәлелденді.  Сөйтіп,  сот  оны    он  жылға  бас 

бостандығынан  айырып,  жазасын  өтеу  үшін  қатал  тәртіптегі    колонияға 

жіберді. Чекистердің осы операция барысында жинаған айғақтары да қазір 

Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің    мұражайында  тұр.  Олардың  ішінде 

тыңшының  атына  жазылған  жалған  құжаттарды,  жеке  күнделігін,  одан 

алынған  Маңғыстау  облысының  картасын  мұражайға  келушілер  қызыға 

тамашалауда.                                                                                                              

Біз  Қазақстан  чекистерінің  еліміздің  тәуелсіздігін,  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  үшін  атқарып  жүрген  еңбегін  жастарға  өнеге  етіп  ұсына 

отырып,  олардың  бойында  отансүйгіштікті  қалыптастыруға  тиістіміз. 

Қазақстанның  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  –  республикамызбен  түйдей 

құрдас  мемлекеттік  орган.  Біздің  чекистеріміз  кеңестік  кезеңде  қуғын-

сүргінге  ұшыраған,  сөйтіп  жазықсыз  жазаланған  отандастарымызды 

анықтап, олардың ақталуы үшін де аз тер төгіп жүрген жоқ.                                                                                                                                                            

Қазақстанның  Кеңес  одағының  құрамында  болған  уақыты  басқа.  Сол 

жылдардағы  саяси    қуғын-сүргін  кездерінде  118  мың  қазақстандық  

тоталитарлық  жүйенің  құрбаны  болыпты.  Қазірге  дейін  солардың  102 

мыңнан  астамы  ақталды.  Осы  істермен  айналысатын,  қуғын-сүргінге 

ұшырағандардың  құжаттарымен  жұмыс  істейтін  арнайы  мемлекеттік 

мұрағат  басқармасы  бар.  Жақында  «Егемен  Қазақстан»  газетінде 

жарияланған  мақаласында  журналист  Александр  Тасболатов  Ұлттық 

қауіпсіздік  комитетінің  мұражайында  осы  мұрағат  істері  басқармасының  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет