Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет14/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8313
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Б.Т.ОРТАЕВ 
 
педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
 
Қ.АБДУЛЛАЕВА
  

105 
 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Мақалада оқыту ҥдерісі ҥшін маңызды оқушының жеке басына қатысты факторлар, оқушыға 
ақпараттың берілуі мен оны қабылдауы, мҧғалім тарапынан оқушыға қойылатын бағаның ықпалы 
және оларды оқыту технологиясын жобалауда басшылыққа алу мәселелері қарастырылады. 
 
This  article  touches  on  the  main  factors  concerning  students,  giving  and  getting  information, 
evaluating them and taking all these aspects into consideration in designing teaching technology. 
 
Білім  беру  жҥйесі  қҧрылымдарының  ӛз  жҧмыстарын  дҧрыс 
ҧйымдастыруы, ел тізгінін болашақта ҧстайтын сауатты тҧлға даярлауға негіз 
болатыны,  елдің  экономикасын,  халықтың  ӛмір  сҥру  жағдайын 
жақсартатыны  даусыз.  Ал,  сапалы  білім  беру  жоспарлы,  нәтижелі  етіп 
ҧйымдастырылған  оқу-тәрбие  ҥдерісіне  байланысты.  Оқушыларды  оқу-
тәрбие  ҥдерісінде  тәрбиелеу,  дамыту  және  кәсіптік  бағдар  беру  міндеттері 
кӛп  жағдайда  кешенді  тҥрде  жоспарланып,  жҥзеге  асырылуы  мҥмкін. 
Сондықтан  да  әрбір  оқыту  ҥдерісін  жан-жақты  ойластырып  алып 
ҧйымдастырған орынды болады.  
Оқушылардың  оқу-тәрбие  ҥдерісін  ҧйымдастырудың  тиімділігі  кӛбіне 
оның  тәрбие,  дамыту  және  кәсіптік  бағдар  беру  міндеттерін  сәтті  шешумен 
анықталады.  Бҧл  негізінен  пән  мҧғалімдерінің  даярлығына  да  байланысты. 
Қазіргі  кезеңде  жоспарлы,  нәтижелі  оқытуды  жҥзеге  асыру  оқыту 
технологиясына байланысты болып табылуда. Себебі, «оқыту технологиясы, 
оқушыларды  қалай  нәтижелі  етіп  оқытамын?»-  деген  сҧрағын  шешуге 
бағытталатыны  белгілі.  Сондықтан  да  оқушылардың  сабақ  барысында 
назарға алынуы ҥшін, оқушыға қатысты мәселелердің негізгілерін білу шарт. 
Оларды  психологиялық,  педагогикалық  еңбектерге  сәйкес  [1,  2,  3] 
тӛмендегіше мазмҧндауға болады. 
1. Оқушы жеке тҧлға қасиеттеріне байланысты тӛрт тобы басты мәнге ие, 
олар: 
1)  Бағыттылығы:  сенімі,  дҥниетанымы,  идеалы,  қызығушылығы 
(Бағыттылық  дегенде,  қандай  да  бір  мақсатқа  бағытталған  ойдың, 
қызығушылықтың топтастырылуын тҥсінеміз). Жеке адам психологиясының 
неге  бағытталғандығын  кӛрсететін  негізгі  компоненттердің  бірі  –  адамның 
дҥниетанымы  мен  сенімі.  Дҥниетаным  –  адамның  табиғат,  қоғамдық  ӛмір 
туралы  білімдерінің  жҥйесі.  Адамзаттың  сан  ғасырлық  тарихында 
адамгершілік  пен  имандылықтың  ҧлы  қозғаушы  кҥші  –  сенім.  Сенім 
жоғалған  жерде  тіршіліктің,  мәні  де  шамалы.  Сенім  –  адамның  білімінің 
негізінде  туындайды.  Ол  ӛзінің  сенімін  қандай  бір  жағдай  болмасын оны  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ортаев Б.Т.,
 
Абдуллаева Қ.
 
Оқыту технологиясын жобалаудағы кейбір мәселелер 
 
 
 
қорғауға және ӛзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. 
Идеал – іс-әрекеттің жоғары мақсаты, ҧмтылыс. 

 
106 
2)  Тәжірибесі  (адамның  даярлығы,  оның  білімі,  дағдысы,  іскерлігі  мен 
әдеті). 
3) Психикалық ҥдерістері (қабылдау, ойлау, тҥйсік, зейін, ес, ерік, сезім, 
эмоция, сенсомоторика). Психика - ӛмір дамуының белгілі сатысында пайда 
болатын және шындықты белсенді формада бейнелейтін жоғары ҧйымдасқан 
материяның қасиеті. Қабылдау – материалдық дҥние қҧбылыстары мен оның 
заттарын кӛру, есіту, сезіну және басқа бейнелер арқылы адамның санасынан 
сыртқа  тарайтын  психикалық  ҥдеріс.  Тҥйсіну  –  адам  танымының  алғашқы 
сатысы,  ішкі  және  сыртқы  материалдық  ортаның  заттары  мен 
қҧбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелей кӛрсету. Зейін – психикалық іс-
әрекеттің  объектіге  бағытталуы  мен  шоғырлануы.  Ес  –  кӛкейге  тоқу, 
орнықтыру және кейін елестету арқылы жеке адамның тәжірибесін кӛре білу. 
Сезім  дегеніміз  (толғаныстар)  -  әлеуметтік  және  табиғи  ӛмірдің  сан  алуаын 
жақтарына  эмоциялық  қатынас.  Сенсорика  -  сезімдік  таным  элементтерінің: 
тҥйсінулердің, қабылдаулардың, тҥсініктердің жиынтығы. 
4)  Темперамент  (адамның  жоғары  жҥйке  қызметінің  типологиялық 
негіздері, жеке тҧлғаның жас және жыныстық қасиеттері және патологиялық 
ӛзгерісі).  Жҥйке  жҥйесі  қасиеттерінің  кӛп  кездесетін  комбинациясы  – 
сангвиник, флегматик, холерик және мелонхолик темпераменттері. 
Темперамент  –  жҥйке  жҥйесінің  тума  қасиеттерінен,  туындайтын 
адамның  жеке  ӛзгешеліктерінің  бірі.  Ол  адамдардың  эмоциялық 
қозғыштығынан,  қимыл  қозғалысынан,  жалпы  белсенділігінен  жақсы 
байқалады.  Темперамент  –  организмнің  физиологиялық  ӛзгешеліктерімен, 
әсіресе,  жоғары  жҥйке  қызметінің  тума  қасиеттерімен  шарттас  психикалық 
қҧбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен,  біреулер 
шапшаң  қозғалады,  тез  қимылдайды,  енді  біреулер  жай  қимылдап,  асықпай 
істейді),  психиканың  кҥші  мен  тереңдігінен  де  (мәселен,  біреу  ӛжет,  алғыр 
болса,  екінші  біреу  керісінше,  сылбыр,  жігерсіз  болады),  адамның  кӛңіл-
кҥйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тҧрақты, жеңіл, тҧрақсыз т. б) эмоция 
сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу кҥйгелек т.б.) жақсы байқалып 
отырады.Темперамент  ерекшеліктері  тӛмендегіше  сипатталады:  сангвиник 
темперамент  –  еті  тірі,  әрекеттік  қозуы,  белсенділігі,  тез  ӛзгермелі  әрекет 
жағдайында 
жігерлі, 
жағдайдың 
ҧдайы 
жаңаруын 
қажет 
етеді, 
бірсарындылық  жалықтырады;  меланхолик  темперамент  –  психикалық 
ҥдерістердің  жҥруі  жай,  олардың  әлсіздігі,  жоғары  сезімталдығы,  жоғары 
әсерленуші, ішкі әсерлер кезінде шаршауы жоғары; флегматик темперамент – 
жайбасар, асықпаушылық, бірқалыпты, сабырлы, қозу әлсіз, сыртқы әрекетке 
қозуы  әлсіз,  т.б.;  холерик  темперамент  –  мимикасы,  әрекеті  тез,  тез 
қозғалғыш, ҧшқалақ, тез қозады, кейде  ҧстай  алмайды;  барлық  психикалық  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ортаев Б.Т.,
 
Абдуллаева Қ.
 
Оқыту технологиясын жобалаудағы кейбір мәселелер 
 
  

107 
 
ҥдерістері  холерик  темперамент  адамдарда  тез  және  интенсивті  жҥреді. 
Оқушы темпераменті оқыту ҥдерісінде назарға алынады. 
2.  Оқушыға  оқу  материалының  берілуі.  Материалдың  берілуі  оқушы 
танымына және осы оқу материалын қайта ӛңдеу психикасына сәйкес келмеуі 
мҥмкін және оның себептері әр алуан болады. Мҧнда, мҧғалім тӛмендегідей 
оқыту әдістерін жҥзеге асыруды ойластырады: 
1)  Оқу  материалдарын  ауызша  мазмҧндау  (еңбек  қҧралдарының 
қҧрылысы мен жҧмыс істеу принципін, технологиялық ҥдерістердің ғылыми 
мәнін тҥсіндіру, ӛндіріс, кәсіп туралы және т. б. баяндау). 
2)  Әңгіме  (білімді  тексеру  ҥшін  және  оқушыға  жаңа  мағлҧматтарды 
хабарлау ҥшін). 
3) Оқу демонстрациясы (оқып ҥйренетін механизмдер мен машиналарды, 
ҥлгілерді  және  т.б.,  кинофильмдерді,  диафильмдерді  және  диапозативтерді 
кӛрсету,  техникалық  қҧжаттармен  таныстыру,  еңбек  тәсілдері  мен 
операцияларын кӛрсету және т. б.; интерактивті тақтаны пайдалану, т.с.с.). 
4) Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын бағалау және тексеру 
әдістері  (ауызша  сҧрақтар,  практикалық  бақылау  жҧмыстары,  біліктілік 
емтихандар және т. б.). 
Бҧл  әдістердің  жиынтығы  оқушыларға  білімді  жеткізу  ҥшін  ғана  емес, 
сондай-ақ  мектеп  оқушыларында  дҥниетанымды  қалыптастыру  ҥшін,  жеке 
тҧлғаны  жан-жақты  жетілдіру  мен  оларда  ӛнегелілікті,  адамгершілікті 
тәрбиелеуі мҥмкін. 
Оқу  материалының  мазмҧнына,  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне, 
олардың  дайындық  деңгейіне  және  нақты  оқу  мҥмкіндіктеріне  байланысты 
мҧғалім  біріне-бірі  ҥйлестірілген  әр  тҥрлі  оқыту  әдістерін  пайдалануды 
жоспарлайды. Мҧнда дедуктивті немесе индуктивті баяндау тәсілдері оқыту 
технологиясын қҧрастыруда мҧғалім назарында болады. 
3. Энергия қоры. Оқушы ӛзіне энергия қорын жинақтайды. Егер энергия 
қоры жоқ болса, онда ақпаратты меңгеру ҥдерісі тиімсіз жҥреді. Қарапайым 
психикалық  энергияның  қайнар  кӛзі  тамақтану,  демалыс,  ҧйқы,  демалу, 
физикалық  әрекеттер  және  т.б.  Сондықтан  да  оқушы  энергиясының  қоры 
толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. 
4. Оқушының оқуға деген мотивациясы. Егер ол (мотивация) жоқ болған 
жағдайда  оқу-тәрбие  ҥдерісіндегі  оқушының  оқу  жҧмыстарын  орындауы 
әрекет  тҥрінде  қалуы  мҥмкін,  яғни  оқушының  мотивациясының  жоқ  болуы 
оқу ҥлгерімінің тӛмендеуіне әкеліп соқтырады. 
Ал  мотив,  оқу  іс-әрекетінің  негізгі  қҧраушы  элементі  болып  табылады. 
Сондықтан да, мҧнда мотив іс-әрекет ҥшін негізгі буын ғана емес, іс-әрекет, 
оқушының жалпы оқу жҧмыстары ҥшін басымдыққа ие болады. 
Іс-әрекеттің  қҧрылымын  В.И.Смирнов  мынадай  жҥйеде  қарастыруды 
ҧсынады:
 
іс-әрекет- мҧқтаждық – мотив – мақсат – шарттар – міндет – әрекет 
операция. Адам іс-әрекетінің қҧрылымын В.Г.Крысько: іс - әрекет – мотив – 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ортаев Б.Т.,
 
Абдуллаева Қ.
 
Оқыту технологиясын жобалаудағы кейбір мәселелер 

 
108 
 
  
әрекет - мақсат – интериоризация – экстериоризация - операция деген тізбек 
тҥрінде  зерттеуді  дҧрыс  деп  санайды.  Бҧл  жҥйелердің  қателігін 
М.Қҧдайқҧлов  іс-әрекеттен  бастауы  таным  философиясына  сәйкес 
келмейтіндігі,  себебі  қажеттілік  тумай  одан  ешуақытта  да  әрекет 
жасалмайтынын  айтады  [2.48-49].  Сондай-ақ  педагог  ғалым  бірінші 
зерттеушінің  қателігі  ретінде  міндет  іс-әрекеттің  орындалу  шартының 
алдында болуы керек деп біледі. 
5.  Оқушының  ақпаратты  қабылдауы.  Оқушылардың  сабақты  тҥсінбеу, 
ҥлгермеу себептерінің бірі тақтадан немесе мҧғалімнен алынатын ақпараттың 
қабылданатын қашықтыққа сәйкес келмеуінен, яғни есту немесе кӛруі тӛмен 
болады.  Оқушылар  материалды  кӛрмейді  немесе  естімейді.  Оның 
себептерінің  бірі  дәрігерлік  байқаудың  сапасыздығы,  оқушының  кӛзілдірік 
немесе  есту  аппаратын  тағуға  қарсылық  білдіруі.  Оны  мҧғалім  байқамайды 
және  бірінші  партаға  отырғызбайды.  Кейде  ол  материалды  оқушының 
тҥсінбеу  себептерінен  болуы  мҥмкін:  арнайы  терминдерді  тҥсінбейді; 
мҧғалімнің  пайдаланған  сӛзі  оқушының  семантикалық  ӛрісіне  сәйкес  емес; 
оқу материалы баяндалатын тілді оқушы нашар білуі және т.б. 
Сондай-ақ  мҧнда,  таным  ҥдерісі  жӛніндегі  мәселелер  назарда  болғаны 
абзал.  Профессор  М.Қҧдайқҧлов  ғылыми  зерттеулердегі  іс-әрекет  жӛніндегі 
мәселелерді зерделеп және ӛзінің пайымдауымен оны тӛмендегідей жинақты 
етіп сызбада ҧсынады (Сурет 1) [2. 23]. 
 
Таным ҥдерісінің 
психологиялық 
формалары 
Таным ҥдерісінің тҥрлері мен кезеңдері 
Таным ҥдерісінің 
философиялық деңгейлері 
 
І. Сезімдік формалары 
 
1.Тҥйсік→2. Қабылдау→3. Елестету 
 
А. Тікелей нақты сезіну 
 
 
ІІ. Логикалық 
формалары 
 
 
4. Ҧғым                               6. Ойлау 
  (Білім)                                 (Білім) 
                      5.Пікір 
                       (Білім) 
 
 
 
Б. Абстракты ойлау 
 
 
ІІІ. Практикалық 
формалары 
 
7. Қарекет                       9. Іс-тәжірибе 
  (білім, 
  ебдейлік)     8. Дағды, 
                        Жаттығу 
 
 
В. Практикалық қолдануы 
Сурет 1 .Таным ҥдерісінің психологиялық және философиялық формаларының қҧрылымдық байланысы 
(профессор М.Ә.Қҧдайқҧловтың еңбегі бойынша) 
 
Сондай-ақ  мҧнда,  оқушының  ерік-жігері  назардан  тыс  қалмауы  тиіс. 
Ерік-жігердің  жеткілікті  емес  дамуы  оқушының  қиындықты  жеңуіне 
мҥмкіндік  бермейді  және  оқу  материалын  меңгеру  кезінде  жалқаулықтың 
пайда болуына негіз қалайды. 
Оқушылардың  оқу  танымдық  қызметі   белгілі  бір  теорияға   сҥйенеді  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ортаев Б.Т.,
 
Абдуллаева Қ.
 
Оқыту технологиясын жобалаудағы кейбір мәселелер 

109 
 
 
  
(В.В.Давыдов,  П.Я.Гальперин  т.б.).  Теорияларға  сҥйене  отырып,  оқушының 
берілген материалды меңгеру алгоритмін де жасауға болады және бҧл алгоритм 
оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік бере алады. 
6.  Оқушының  оқу  іскерліктері.  Оқу  іскерліктерін  теориялық  оқу  мен 
практикалық  іс-әрекеттерге  сәйкес  бӛлуге  болады.  Оқушының  теориялық  оқуға 
байланысты  оқу  іс-әрекеттерінің  нәтижелілігі  оның  есте  ҧстау,  тҥсіну  және 
сӛйлем тҥрінде қалыптастыру, яғни кӛпшілік алдында оқу материалын баяндауға 
байланысты.  Қазіргі  уақытқа  дейін  мектепте  оқушылар  осы  саладағы 
жинақталған  технологияларды  пайдалануды  жеткілікті  ҥйренбеуде.  Бҧл 
жекелеген  оқушылардың  оқуға  деген  ықыласының  тӛмендеуінің  бірден  бір 
себебі. 
Оқушының оқу іскерліктері тӛмендегідей оқу әдістерін:   
1) Жаттығуды (ақыл-ой, қозғалыс, аралас); 
2) Оқу экспериментін (лабораториялық-практикалық жҧмыстар); 
3) Оқу-ӛндірістік жҧмыстарды; 
4) Есептерді шешуді (техникалық, технологиялық, экономикалық есептерді); 
5)  Техникалық  қҧжаттармен  жҧмыс  жасауды  (оқу,  қҧрастыру,  схема  және 
сызбаларды, техникалық және нҧсқау карталарды және   т.б. қолдану); 
6)  Ғылыми-техникалық  әдебиеттермен  жҧмыс  жасауды  (анықтамалықтар-
мен, оқу қҧралдарымен, техника бойынша жалпыға тҥсінікті кітаптармен және т. 
б.) жҥзеге асыруға шарттар жасайды. 
Педагогикалық технологияларда оқушы іс-әрекетінің (мҧғалім іс-әрекетімен 
қатар)  жобаланатыны  педагог  ғалымдар  тарапынан  кеңінен  қарастырылған. 
Белгілі  ғалым  Ж.Қараев  «Педагогикалық  технология  деп  нақты  ӛмірлік 
тәжірибеде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жҥйенің жобасын айтады. 
Ал кҥнделікті сабақ ӛткізуге арналған мҧғалімнің жоспарын технология ретінде 
қабылдауға  болмайды»,  -  дейді  [4.3].  Педагог  ғалымның  ойынша  (нақты  және 
ҧғынықты  болу  ҥшін)  оқу  ҥдерісін  (Опр)  мынадай  формуламен  ӛрнектеуге 
болады: 
Опр  ═  Ы  (ынта)  +  Тқ  (танымдық  қызмет)  +  Б  (басқару).  Баланың  (немесе 
оқушының)  мҧндағы  танымдық  қызметі  тӛмендегідей  ӛрнекпен  анықталады: 
Тқ═ӘБН+ОРә+Ан+Тә+ТҤЗә  (Бҧл  жердегі  ӘБН  -  әрекеттердің  бағдарлық 
негіздері,  ОРә  -  орындау  әрекеттері,  Ан  –  аралық  нәтиже,  Тә  -  тексеру  әрекеті, 
ТҤЗә - тҥзету енгізу әрекеті). 
Білім  берудің  әлсіз  буындарының  бірі  –  оқу  ҥдерісін  басқару.  Ӛйткені 
мҧнда,  басқару  мҧғалімнің  аралық  және  қорытынды  бақылауынан  ғана  тҧрады, 
ал  оқушының  ӛзін-ӛзі  басқаруы  мен  қадағалауы  кері  байланыстың  әлсіздігінен 
ӛте  нашар  жҥреді.  Жаңа  технологияда  бҧл  кемшілік  жойылады,  себебі  мҧнда 
басқарудың  белгілі  бір алгоритмдері  жасалады.  Сондықтан да,  атап  кӛрсетілген 
компонеттерді  (оқушының  жеке  тҧлғалық  сапасына  және  оқыту  ҥдерісіне 
қатысты) пайдалану ҥлкен жетістіктерге жеткізеді. 
7.  Оқушының  оқу  жҧмыстарына  мҧғалімнің  бағасы.  Бағдарламалық 
талаптарды  орындау  деңгейі  (теориялық  және  практикалық)  оқушы  бағасының 
критерийін  анықтайды.  Бағаның  объективті  қойылмауы  да   оқушының   оқуға  

 
110 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ортаев Б.Т.,
 
Абдуллаева Қ.
 
Оқыту технологиясын жобалаудағы кейбір мәселелер 
 
  
деген ықпалын білдіреді. 
Оқушыға  қойылған  бағаның  объективті  қойылмауы,  яғни  оқушы  білімін, 
іскерлігін  тӛмен  бағалау  баланың  оқуға  деген  ынта-ықыласын  «қҧм»  етуі  де 
мҥмкін.  Екінші  жағынан  бағаны  жоғары  қою,  оның  қадір-қасиетін  кетіреді. 
Сондықтан  да  бағалауды  ғылыми  негізде  жҥзеге  асыру  талабының  орындалуы 
шарт деп білу қажет. 
Осы  айтылғандар  оқушылардың  оқу  іс-әрекеттерінің  нәтижелілігіне  негіз 
қалайды.  Дегенмен  де,  оқушының  оқу  жҧмыстары  барысындағы  іс-әрекеттерін 
оқыту  технологиясында  қамтып,  оны  жобалауда  жҥзеге  асыруда  негізінен  оқу 
әдістері мен психикалық ҥдерістер ішіндегі логикалық тәсілдер басты мәнге ие. 
Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  білім  сапасын  оқыту  технологиясы 
тҧрғысынан қамтамасыз  етуде  оқушы  тарапынан  орындалатын  іс-әрекеттер  мен 
оқытудағы оқушыға тән  ішкі және сыртқы факторлар ӛзара байланысты. Оның 
ішінде тӛмендегілерді атап кӛрсетуге болады: 
1.
 
Оқушының интеллектуалдық сферасының белсенділігі; 
2.
 
Ішкі энергиясының толық мәнділігі; 
3.
 
Мотивацияның  болуы  (оның  ішінде  ішкі  және  сыртқы  ықпалдан 
болатын); 
4.
 
Еріктік компоненттердің кҥшті болуы; 
5.
 
Оқушылардың оқу іскерліктерін меңгеруі (әрбір сыныпқа тән) және олар 
оқу-тәрбие міндетті тҥрде назарға алынуы қажеттілік болып табылады. 
Оқыту технологиясын қҧрастыруда, оқушы іс-әрекеттерін (оқу жҧмыстарын, 
логикалық тәсілдерін, т.с.с. жҥзеге асыру) назарға алу: оқытуды дҧрыс жобалауға 
және  оны  нәтижелі  ҧйымдастыруға;  оқытуды  басқаруға  мол  мҥмкіндіктер 
жасайды. 
Жоғарыдағы  айтылғандар,  ӛз  кезегінде  оқушыларды  деңгейлеп,  даралап 
оқытуды ҧйымдастыруға алып келеді. 
Сондай-ақ,  оқыту  технологиясын  қҧрастыруда  мҧғалімнің  іс-әрекеттері  де 
оқушының  оқу-іс-әрекетімен  сабақтастығын  сақтайды.  Оқыту  әдістеріне 
қатыстыларының ішінен мҧғалім тарапынан ақпараттардың дәл, айқын, тҥсінікті 
берілуін, бағаның объективті жҥзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағдар береді. 
Оқу-тәрбие  ҥдерісінің  нәтижелілігі  негізінен  оқыту  технологиясын 
қҧрастырудағы  оқушы  мен  оның  іс-әрекетінің  мҧғалім  дайындығында  дҧрыс 
жобалануына байланысты. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Кыверялг А.А. Методы исследования в профессиональной педагогике. –Таллин: Валгус. 1980. – 333 
с. 
2.
 
Қҧдайқҧлов М.Ә. ж.б. Нарықтық педагогика негіздері: студенттер мен мҧғалімдерге арналған оқу-
әдістемелік қҧрал. - Алматы, 2007. – 276 б. 
3.
 
Колеченко  А.К.  Энциклопедия  педагогических  технологий:  Пособие  для  преподавателей.  –СПб.: 
КАРО, 2002. 
4.
 
Аманкелдиев Ә. Педагогикаға да технология қажет // Зерде. -1994. -№5, 3-4 б. 
 
 
 

111 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Т.А.ДАНИЯРОВ  
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
Т.С.ҚАРЫНБАЕВ  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
БОЛАШАҚ АКТЕРЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҦРҒЫДА ДАЙЫНДАУ - 
КЕЛЕШЕК ҦРПАҚТЫ РУХЫ БИІК ТҦЛҒА РЕТІНДЕ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ 
 
В статье рассматриваются оценка будущих актеров и наших будущих поколений, подготовка 
их по педагогическому направлению к духовному развитию.   
 
This  article  considers  the  degree  of  spiritual  development  and  emotional  charm  of  personality  as  a 
result of the formation of its teaching acting. 
 
Педагогикалык  әртістік  шеберлік  ҧғымы  мазмҧнын  анықтауда 
«педагогикалық техника» ҧғымына мән беріледі. Оқытушы әр сӛзін орынды 
айтуы  тиіс,  оның  жҥріс-тҧрысы,  қимыл-қозғалысы,  отырып-тҧруы 
оқушыларға эстетикалық талаптар деңгейінде болуы керек. Демек, бҧл актер 
сомдаған  бейненің  кӛрерменге  қимыл-қозғалысы  мен  сӛйлеу  мәнерінің 
мақамы  анық,  таза,  кӛркем,  тҥсінікті  жеткізілуі,  бҧл  «актерлік  ӛнер» 
мамандығындағы  оқытылатын  актер  шеберлігі,  сахна  тілі,  сахна  қозғалысы 
сияқты пәндер мазмҧнындағы шарттармен ҥйлеседі. 
Педагогикалық  тәсіл  -  болашақ  актердің  ӛзінің  рухани  қҧндылықтарын 
ҥйлесімді, терең және нақты жағдайда кӛрсетуте мҥмкіндік беретін біртҧтас 
педагогикалық  ҥдерісте оң  нәтижелерге  қол  жеткізуте  бағыттайтын  біліктер 
жиынтығы. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  икемділігі,  сӛйлеу  техникасы  мен 
мәдениеті  (дыбыстау,  тыныс  алу,  дауыс  мәнері,  дауыс  ырғағы,  сӛйлеу 
мәдениеті,  т.б.).  сезім  мен  қатынастарды  мәнерлі  кӛрсетуі  (ымдау, 
пантомимика,  мҧғалімінің  жалпы  сыртқы  кӛрінісі),  болашақ  актердің 
психикалық жағдайын кәсіби ӛзіндік реттеуі (ӛзін-ӛзі бақылау, шыдамдылық 
т.с.с.) педагогикалық әртістік шеберлік әлементтері болып саналады. 
Педагогикалық  әртістік  шеберлікті  меңгерген  актердің  міндеті  - 
аудиторияға  эмоциялды  ықпал  ету,  олардың  ҥн  қосуына,  белгілі  сезімдік 
ҥдерістерге  себепкер  болуы,  ӛмірді  және  ондағы  ӛнердің  мәнін  терең 
қабылдауына  ықпалы;  олардың  ой-санасын  белсендіру  мен  жан-жҥрегін 
шабыттандыру,  ӛзіне  деген  сенімді  нығайту,  ӛзінің  мәдениетке  қарым-
қатынасы мен сезімдерін дамыту арқылы шығармашыл тҧлға қалыптастыруға 
бағдар беру. 
Педагогикалық әртістік шеберлікті меңгерген актердің негізгі мақсаты  - 
оқушының  ӛзін-ӛзі  дамыту  ҧстанымын,  қоршаған  ортаға  бейімділігі  мен 
толеранттылығының қалыптасуына ықпал ету; жалпы - оқу-тәрбие ҥдерісіне, 
барлық  іс-шараларға  белсенділігін  арттыру,  эстетикалық  бағдары  мен 

 
112 
талғамының жоғары ҥлгісіне талаптандыру. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Данияров Т.А., Қарынбаев Т.С.
 
Болашақ актерларды педагогикалық тҧрғыда дайындау - келешек... 
 
 
  
Педагогикалық  әртістік  шеберлікті  меңгерген  актердің  негізгі  жанры- 
тапсырмалар  топтамасы  арқылы  эмоциялық  толыққандылық  пен  бірлескен 
тҥрде жҧмыс нәтижесінің шығармашылық еркіндігін қалыптастыру [1]. 
Педагогикалық  әртістік  шеберлікті  меңгерген  актердің  еңбегінің  басты 
нәтижесі - шығармашылық ҥдерісті белсендіру, білім мен біліктілікті меңгеру 
деңгейін арттыру арқылы шығармашыл тҧлғаның қалыптасуы. 
Болашақ  актердің  педагогикалық  әртістік  шеберлікті  меңгеру 
қҧрылымын былайша қарастыруға болады: 
1.Сезімдік 
әртістік 
шеберлігі 

актердің 
мәдениеті, 
эмоциялылығы,  қиялдау  ҧшқырлығы,  сезімдік  нәзіктігі  мен  бейнелі  ойлауы, 
креативті    шешім  қабылдауы,  педагог  пен  студенттің  ӛзара  әрекетінің; 
шығармашылық  бағдары  және  оған  талаптануы,  ӛзін-ӛзі  мәдениетті  ҧстауы 
т.б. 
2.  Іс-әрекеттік  әртістік  шеберлік  -  педагогикалық  шеберлік  техникасын 
меңгеруі,  пәндік  мазмҧнға  ӛзінің  қарым-қатынасын  білдіруі,  іс-әрекетті 
эмоциялық  сипатта  жҥзеге  асыруы,  оқушылардың  шығармашылық  деңгейін 
кӛтеруі, сабақтың шебер режиссурасын қҧрастырады. 
Актердің  ғылыми,  абстрактілі  материалдарға  ӛмірлік  кҧбылыстарды 
сабақтастыруы,  ал  ғылыми  шешімдерді  қоғамдық  мәнділік  сипатта,  одан 
әлеуметтік  мәселелерді  кӛруі  және  оны  оқытылатын  материалға  қҧнды 
қарым-қатынасын  кҧру  шеберлігі  педагогикальтқ  әртістік  шеберліктің 
танылуына, ӛнегелі әсер қалыптастыруға негіз болады. 
Осылайша,  педагогикалық  қарым-қатынас  ҥдерісінде  кәсіби  әртістік 
шеберлікті қалыптастыру келесі міндеттерді орындауға мҥмкіндік береді: 
- оқытушы студенттің танымдық мотивациясын артгыруға жағдай жасай 
келе,  пәндік  мазмҧнды  эмоциялык  қабылдауымен  сабақтаетырады.  Бҧл 
болашақ  актердің  педагогикалык  әртістік  шеберлігін  қалыптастыруда  ӛте 
тиімді бағдар больтп табылады; 
-  педагогикалық  әртістік  шеберлікті  меңгерген  актерлер  мәдениетті, 
пікірді объективті қабылдауға және тҥсінуге, қарым-қатынаста шыдамдылық 
таныта алады; 
-  шығармашылық 
кӛңіл-кҥйге 
ынталандыру, 
шығармашылық 
белсенділігін қалыптастыру; сыртқы және ішкі жеке кӛріністердің ҥйлесімін 
ықпалдастыра отырып, эмоциялық қанағат алуға ҥйретуге жағдай жасайды. 
С.Ҧзақбаева,  Қ.Шалғынбаева:  «Жаңа  тҧрпаттағы,  адамгершілігі  жоғары 
адамды  тәрбиелеу,  жан-жақты  дамыған  жеке  адамды  қалыптастыру  бҥгінгі 
коғам  кҧрьтлысының  аса  маңызды  буыны»  деп  ӛз  пікірлерін  білдіре  келе, 
болашақ  маман  даярлаудағы  педагогикалық  шеберлікті  қалыптастыру 
талаптарытның  ішінде  адамгершілік  мәселесіне  басты  назар  аудару 
қажеттігін негіздейді [2]. 
Қ.Байқуатҧлы:  «Негізгі  мақсат  әрбір  студенттің  мҥмкіндігіне  қарай, 

113 
 
оқыту  барысында  белгілі  бір  ӛсу  ҥдерісіне,  жетістік   дәрежесіне  қолайлы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет