Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32

әсері 
 
 
 
қатқыл жүйе шеңберінде болатын. Бұл қоғамдық өндірістің қалаған сапасына 
енген адам экономикада да, тәлім, ғылым, мәдениет аймағында да теңдестіру 
принципінің  ықпалында  болды  [4].  Мысалы,  ғылым  саласында  ғалым  өз 
зерттеулерінің нәтижесін ерікті пайымдау мүмкіндігінен айрылып, алдын ала 
жоспарланған  (әсіресе,  гуманитарлық,  әлеуметтік  ғылымдарға)  қорытуларға 
жүгінуге мәжбүр болды. 
Әлеуметтік  тиімділіктің  сипаты,  адамның  қоғамдық  үдерісіне 
толыққанды етуін танытушы маңызды көрсеткіш - бұл әлеуметтік белсенділік 
пен  шапшаң  өзгеріске  келді.  Әлеуметтік  белсенділік  –  бұл  тұлғаның 
қоғамдық үдерістерге саналы араласуы мен олардың барысына ықпал жасау 
мүмкіндігінің  болуы.  Әкімшіл  жүйе  жағдайында  қоғамдық  жүйенің  қалаған 
тұсында  адам  әлеуметтік  үдерістерге  ықпал  жасай  алмайтын  еді,  оларды 
өзгертуге  бағытталған  әлеуметтік  белсенділік  көрсете  алмаушы  еді.  Осыдан 
адамның қоғамдағы өз орнын танып, табуы оның шынайы мүмкіндіктері мен 
нақты ниеттері және интеллектуалдық қабілеттерімен байланыспайды [5].   
Қорыта айтқанда тұлғаның әлеуметтік рөлі, оның қоғамдық үдеріс және 
оларды 
жіктеу 
жөніндегі 
көзқарастармен 
сәйкес 
келмейтін. 
Орталықтандырылған  қоғамдық  өмір  жағдайында  тұлғаның  әлеуметтік 
ауысым  шапшаңдығы  да,  яғни  өз  ниеттері  мен  қабілеттеріне  сәйкес  өзінің 
қоғамдағы  жағдайын  өзгерту  мүмкіндігі  де  өте  төмен  болатын.  Алайда, 
адамның  өміріндегі  өз  орны  жөніндегі  ұғымдары  мен  шынайы  болмыстық 
сәйкессіздігінің  әлеуметтік  беделді  тұлғалық  сұраныс,  қабілет  және 
құндылықты бағдарламаға орай өзгерту мүмкіндігі туындауы қажет. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері. 
Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан. 30 қаңтар, 2010. 
2.
 
Назарбаев Н.Ә. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Қазақстан халқына жолдауы. //Айқын. 28 қаңтар 
2011. 
3.
 
Развитие системы общего среднего образования в современном мире: учебное пособие / Составитель 
Абылкасымова А.Е., Ушаров Е.А., Омарова Р.С. –Алматы: НИЦ Ғылым, 2003.  
4.
 
Развитие образования и науки на пороге ХХІ века. Сборник №3. Москва: МГГУ, 1996.  
5.
 
Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е., Жумабекова Р.М. Развитие системы среднего общего образования: 
-Алматы: НИЦ Ғылым, 2002.  
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 

125 
 
Ж.КҮНПЕЙІС 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
ПРОФЕССОР О.СЫЗДЫҚОВТЫҢ ОҚУЛЫҚТАР МЕН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН 
ЖАЗУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
В  данной  статье  рассмотрены  содержание  и  значимость  учебников  и  учебных  пособий, 
написанных  профессором  О.Сыздыковым  лично  и  в  соавторстве  и  необходимых  при  подготовке 
инженерных  кадров  и  бакалавров  по  специальности  5В012000  -  „Профессиональное  образование”. 
Раскрыты их важные особенности при применении в учебном процессе.  
 
This article deals with  content and importance of textbooks and  methodical teaching guides written 
by  professor  Syzdykov  himself  and  in  co-authorship,  which  are  necessary  in  training  engineers  and 
bachelors in the field 5B012000 ”Professional Education”. The author also reveals important peculiarities of 
these text-books in the teaching process.  
 
 
Болашақ білім мен ғылымға тәуелді болатыны анық нәрсе, қазақстандық 
жас ұрпақтың білім мен тәрбиесін қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де 
сондай  дәрежеде  болмақ.  Түркістан  қаласындағы  А.Ясауи  атындағы 
Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің  «Кәсіптік  оқыту»  мамандығының 
студент  жастарын  тәрбиелеуде  ұлағатты  ұстаз  деген  ардақты  мамандық 
мәртебесін ұдайы биікке көтеріп жүрген, саналы ғұмырының қырық жылын 
ұстаздықты  өндіріспен  байланыстыра  алған  профессор  О.Сыздықұлы  осы 
жылы 75 жасқа толып отыр. Әлі де тың, әлі де ширақ.  
О.Сыздықұлы  өзінің  көп  жылдық  еңбек  өтіліне  байланысты  бірнеше 
оқулықтары  мен  оқу  құралдарын  жоғары  оқу  орындарының  студент 
жастарына және орта арнаулы оқу орындарының оқушыларына арнады.  
Әрбір ғалым, ұстаз немесе кез келген өндіріс саласының маманы өмірлік 
тәжірибеден  өте  келе  өз  мамандығын  терең  игеріп,  оқулық  немесе  оқу 
құралдарын дайындап, оқырманға ұсынатыны белгілі. Оқулық жеке тұлғаның 
білім алуы, оны кеңейту және болашақта пайдалану үшін қажетті құрал. 
Автордың  шығарған  25  кітабының  негізгілерін  былайша  талдауға 
болады:  
Профессор  О.Сыздықовтың  1993  жылы  шығарылған  «Конструкциялық 
материалдар технологиясы» Қазақстан Республикасының техникалық жоғары 
оқу орындарында қолданылып жатқан қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық. Оның 
мазмұнында  металды  өндіру,  өңдеу,  қайта  өңдеу  және  қолданылуы  сияқты 
негізгі  технологиялық  үрдістер  логикалық  жүйеде  қарастырылады  [1]. 
5В012000-«Кәсіптік  білім»  мамандары  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
бұрынғы «Еңбек» пәнінің орнына ХХІ ғасырдың басынан «Технология» пәні 
болып өзгертілгені баршаға мәлім. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік  университетінде  осы  мамандықты  бітірушілер  болашақ  «Технология» 
пәні мұғалімі болып даярланады. Жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып 
оқушыларына арналған «Технология» оқулығын және оны оқыту әдістемесін 
авторлар  ұжымымен  О.Сыздықов  бірлесіп  жазып,   2004  жылы  оқырманға  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Күнпейіс Ж.
 
Профессор О.Сыздықовтың оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы
 
педагогикалық... 
 

126 
 
 
 
ұсынған [2,3]. 
Мектеп  оқушыларына,  мұғалімдеріне,  болашақ  бакалавр,  магистратура 
бойынша кәсіптік білім алушыларға оқыту құралы ретінде терминологиялық 
[4]  және  көптомдық  терминологиялық  түсіндірме  сөздіктер  [5]  сериялының 
«Машина  жасау»  саласына  қатысты  күрделі  еңбектер  жазуға  профессор 
О.Сыздықов белсене қатысқан. Терминологиялық түсіндірме сөздікті жазған 
авторлар  құрамының  жетекшілері  2002  жылы  Қазақстан  Республикасының 
Мемлекеттік  сыйлығын  иеленді,  осы  еңбектерді  жазудағы  авторлардың  бірі 
профессор О.Сыздықовтың да едәуір үлесі бар болатын. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  болуына  байланысты  өндірістің  барлық 
салаларында,  өнер,  мәдениет,  ғылым,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында, 
адамдар  арасындағы  тілдік  қатынаста  оның  кеңінен  қолданыла  бастауда. 
Оған қоса денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, құқық қорғау, тіпті әскери 
қызмет түрлерінде де қазақ тілінің кең етек жаюын ұлтымызды сыйлағандық 
деп қарастырған жөн.  
Терминологиялық  сөздік  пен  терминологиялық  ғылыми  түсіндірме 
сөздіктер арасындағы байланысты сөздікте [4.78] құйма-отливка деп аударған 
болса,  оның  түрлері  44  сөз  тіркестерімен  беріледі.  Ал,  салалық  ғылыми 
түсіндірме  сөздікте  [5.153]  құйма-отливка  деп  нақты  аударылады  да,  оған 
мынадай анықтама беріледі – балқыған металды қалыпқа құйып, ол суынып 
қатайған  соң  алынатын  өнім  (дайындама  немесе  бөлшек).  Осы  ғылыми 
түсіндірме  сөздікте  құйма  арматура,  құйма  құрылымы,  құйма  сапасы, 
құймакесек,  т.с.с.  болып  сөзтіркестерімен  22  рет  келтіріліп,  әрқайсысына 
нақты  анықтамалар  [5.153-155]  беріледі.  Мысалы,  құйманы  шабу  (обрубка 
отливки)  –  құйма  суынғаннан  соң  балға,  қашау  сияқты  соққылау  аспаптары 
жәрдемімен  оның  жиек  және  сыртқы  беттеріндегі  артық  металл 
түйдектерінен тазарту (шабу) операциясы делінеді.  
Терминологиялық  сөздік  пен  терминологиялық  ғылыми  түсіндірме 
сөздіктер  арасындағы  байланыстар  сабақтастығы  автордың  [6]  ғылыми 
мақаласында  қарастырылып,  тұжырым  жасалған.  Онда  терминология 
ұғымына  мынадай  анықтама  беріледі:  «Терминология  –  өндіріс  пен 
техниканың,  ғылым  мен  өнердің,  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласына  тән 
термин  сөздер  жиынтығы»  делінген.  Ал,  терминологиялық  ғылыми 
түсіндірме  сөздіктер  оқырманның  сөзді  немесе  ұғымды  терең  түсінуі  мен 
білім, біліктілік сапасының арта түсуіне әсер етері күмән туғызбайды. 
Автордың  «Токарь  ісінің  негіздері»  оқулығы  ҚР  БҒМ-нің  грифімен 
шығарылған  [7],  мұны  автордың  мемлекеттік  тілде  жұмысшы  кадрларын 
даярлауға  қосқан  үлесі  деп  есептеуге  тиіспіз.  Бұл  оқулықтан  5В012000  –
«Кәсіптік білім» мамандары жоғары оқу орнында техникалық пәндер мен іс-
тәжірибелік сабақтарда едәуір мағлұмат алу мүмкіндіктеріне жол ашылады. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Күнпейіс Ж.
 
Профессор О.Сыздықовтың оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы
 
педагогикалық... 
 

127 
 
 
 
Авторлық  бірлестікте  2010  жылы  шығарылған  «Технология»  пәнін 
оқыту  әдістемесі  атты  оқу  құралы  [8]  еліміздің  барлық  мектептері 
оқушылары, 
мұғалімдері, жоғары оқу орындары студенттері мен магистранттары қолдана 
алатын, қазақ тіліндегі жарық көрген тұңғыш құнды еңбек.  
Автордың  Қазақ  Совет  энциклопедиясы  мен  Қазақстан  Ұлттық 
энциклопедиясында 
жарық 
көрген 
ғылыми 
мақалалары 
көптеген 
технологиялық  үрдістер  мен  ұғымдарға  берген  анықтамалары  ізденімпаз 
жастарға өте қажет құрал болып саналады.  
«Материалтану  және  слесарьлық  іс»  деп  аталатын  оқу  құралы  [9]  2010 
жылы  ҚР  БҒМ-нің  грифімен  шығарылды.  Бұл  кітап  та  кәсіптік  оқыту 
бакалаврларын кәсіптік техникалық төменгі буын мамандарын даярлауда өте 
қажетті оқулық болып табылады. 
ҚР  ҰҒА-ның  «Ғылым»  ғылыми  баспа  орталығынан  шыққан  автордың 
монографиясы  техникалық  жоғары  оқу  орындарында  инженер  мамандарын 
даярлауды  жетілдірудің  теориялық  және  әдістемелік  ерекшеліктерін 
қамтиды.  Кез  келген  саланың  болашақ  мамандарын  кәсіби  шеберлікке, 
техникалық  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыруға  бағдар  беретін  бұл 
еңбектің  құндылығы  күннен-күнге  арта  түсуде.  Мысалы,  монография 
мазмұнында  инженерлік  шеберліктің  әлеуметтік-педагогикалық  негіздері 
анықталып, жалпы инженерлік пәндерді оқытудың дидактикалық құралдары 
нақтыланған. Сол сияқты инженер кадрларды оқытудың жаңа педагогикалық 
технологиясы жасалып, негізгі технологиялық ұғымдар жүйесі айқындалған. 
Ұғымдар  жүйесінің  болашақ  маманның  кәсіби  технологиялық  білімі  мен 
біліктілігі арасындағы байланыстар тағайындалған. 
Жоғарыда  аталған  оқулықтар  мен  кітаптар  мазмұнын  талдасақ,  олар 
негізінен жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектептерде оқытылатын 
«Технология»  пәнін  оқытуға  арналады.  Оның  мақсатына  мыналарды 
жатқызуға болады: 
-
 
конструкциялық  материалдар  технологиясы  пәнін  игерген  студенттер 
техникалық  материалдар  туралы  толық  мағлұмат  алады.  Атап  айтсақ, 
материалды алу жолдары, олардың таңбалануы және қолданылуы; 
-
 
материалдарды  өңдеуді  тереңірек  меңгеру  үшін  материалтану  және 
конструкциялық материалдар технологиясы оқу құралы ұсынылған; 
-
 
осындай әрі іргелі, әрі күрделі техникалық пән мазмұнын дұрыс түсіну 
үшін,  оның  құралы  ретінде  терминологиялық  сөздік  пен  ғылыми 
терминологиялық түсіндірме сөздігі авторлар ұжымымен бірге даярланған; 
-
 
оқулықтар  мен  құралдарының  мазмұны  әртүрлі  технологиялық 
процестерді талдау арқылы құрастырылған; 
-
 
 
-
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Күнпейіс Ж.
 
Профессор О.Сыздықовтың оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы
 
педагогикалық... 
 

128 
 
 
 
-
 
жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін,  алдымен  сынау  оқулықтары 
даярланып,  жалпыхалықтық  талдаудан  өткен  соң  «Технология»  оқулығы 
бірнеше тілдерде шығарылған; 
-
 
жалпы  білім  беретін  мектептің  «Технология»  пәні  мұғалімдеріне 
арналған ҚР БҒМ бекіткен әдістемелік нұсқау осы кездері де қолданыста. 
Профессор  О.Сыздықовтың  оқулықтары  мен  оқу  құралдарының 
мазмұнын,  қажеттілігін, қолданылуын  және  маңыздылығын  талдау  мынадай 
қорытындылар жасауға мүмкіндіктер береді: 
-
 
автордың  жеке  және  авторлық  бірлестікте  жазған  кітаптарының 
мазмұны мен сапасы жеке мамандық стандарттарына сәйкес келеді; 
-
 
оқулықтар мен оқу құралдары оқу үрдісінде кеңінен қолданылуда; 
-
 
студенттерге  жеке  пәндерді  оқытуда  тиянақты  білім  беруге 
бағытталады; 
-
 
конструкциялық  материалдар  технологиясы  оқулығын  толықтырып, 
қайта бастыруды қажет етеді; 
-
 
терминологиялық  сөздіктері  толықтыруды  мол  тиражбен  қайта 
шығаруды қолға алған жөн.  
Қазіргі  кезде  проф.  О.Сыздықовтың жоғарыда аталған  оқулықтары,  оқу 
құралдары  көптеген  оқу  орындарының  кітапханаларында  бар  және  онымен 
оқырмандар сусындауда.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Сыздықов О. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық. Алматы, Республикалық баспа 
кабинеті, 1993, -289 б.    
2.
 
«Технология»  жалпы  білім  беретін  мектептің  8-сыныбына  арналған  оқулық.  ҚР  БҒМ  бекіткен, 
Алматы: Мектеп, 2004, -272 б. 
3.
 
Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау «Технология» 
ҚР БҒМ бекіткен. Алматы: Мектеп, 2004, -104 бет. 
4.
 
Қазақша-орысша,  орысша-қазақша  терминологиялық  сөздік.  Т.7.  Машина  жасау,  Алматы: 
Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000, -288 б. 
5.
 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі.  Машина  жасау.  –Алматы:  Мектеп, 
2007, -296 б. 
6.
 
Сыздықов О. Жалпы және терминологиялық сөздіктер мен терминологиялық түсіндірме сөздіктер 
арасындағы  байланыстар  сабақтастығы.  «Қазіргі  заманғы  үздіксіз  кәсіби  білім  беру  жүйесіндегі 
инновацияның  даму  перспективалары  мен  мәселелері»  атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция материалдары. Алматы, АГТУ, 2009, 107-110 бб. 
7.
 
Сыздықов О. Токарь ісінің негіздері. Оқулық. ҚР БҒМ бекіткен. Алматы: Дәуір, 2008 -272 б. 
8.
 
Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. 5В012000-«Кәсіптік 
оқыту» мамандығына арналған. Оқу құралы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2010 -394 б. 
9.
 
Сыздықова  Б.О.,  Сыздықов  О.  Материалтану  және  слесарлық  іс.  Оқу  құралы.  Алматы:  Нұрлы 
әлем, 2010. -240 б. 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
О.Қ.ДҮЙСЕНОВ 

129 
 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
ЖАС КӨПСАЙЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУ ЖҮКТЕМЕЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІН  
ЖОСПАРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
В этой статье рассмотрены педагогические основы планирования объема нагрузок тренировок 
юных многоборцев. 
This  article  deals  with  the  basis  of  pedagogical  planning  of  training  loadings  capacity  of  young  all-
rounders. 
Көпсайыс  –  атлеттердің  дайындығы  жүйесіне  жоғары  талаптар  қоятын 
жеңіл  атлетика  түрлерінен  тұратын  спорттық  жаттығу.  Онсайысты  
меңгерудің  қазіргі  заманғы  әдістемесі  және  онда  жоғары  шеберлікке  жету 
жеңіл атлетиканың бұл түрінің даму барысынан алшақ қарастырыла алмайды. 
Бұл 
жағдайда 
онсайысшылардың 
даму 
белсенділігі, 
олардың 
жаттығуларының  қазіргі  тәсілдері  байқалады.  Соған  байланысты  теориялық 
зерттеулерді іске асыру мәселесі туындайды [1]. 
Көпсайыс  –  ерлерде  10  және  әйелдерде  7,  болашақта  10  сайыстан 
түрлерінен тұратын жеңіл атлетиканың түрі. Түрлердің үйлестіруін сипаттай 
отырып, жаттығу жүктемелерінің ағзаға түрлі әсерін айтуға болады.  
Оқыту-жаттығу 
жүктемелерін 
жоспарлау 
спорттық 
пішіннің 
психофизиологиялық заңдылықтарын, жасы мен жеке ерекшеліктерін есепке 
алумен құрылуға тиіс.   
Дайындық  барысында  жүктемені  тиімді  үйлестіру  бір  микроцикл 
барысында  құралдар  мен  әдістерді  тиімді  бөлуге,  негізгі  дене  қасиеттерін 
дамытуға, яғни спорттық нәтижені үлкейтуге мүмкіндік береді. 
Қорларды  дайындаудағы  бағдарламалық-әдістемелік  қамтамасыз  ету 
жүйесінде  көп  жылдық  үдерістің  құрылымдық  бірлігі  ретінде  жаттығу 
тапсырмалары  жақында  ғана  танылды.  Бүгінде  жаттығу  тапсырмалары 
жаттығу құрылымының бастапқы элементі болып табылады.  
Қалыпты  жаттығу  тапсырмаларын  пайдалану  негізінде  жас  жеңіл 
атлетшілердің оқыту-жаттығу үдерісін құруы мынаған септігін тигізеді: 
а) көпсайыстық дайындықтың бір әдістемесі; 
б)  негізігі  дене  қасиеттерін  тәрбиелеуді  жақсарту  үшін  аса  жас  ағзаға 
дифференциалданған және мақсатқа бағытталған әсер; 
в)  бір  тектікті  төмендетіп,  түрлі  жаттығулар  әдісімен  тапсырмаларды 
қолдану; 
г) негізгі қозғалыс әрекетінің түрлерін арттыру; 
д) түрлілік пен қайталаудың қатынасын жалпылауға жағдай жасау; 
е)  спортпен  көп  жылдар  бойы  айналысу  кезеңдерінде  жаттығу  үдерісін 
реттеу. 
Мұнда  жас  спортшылардың  жеке  дене  дайындығының  түрлі  жақтарын 
бағалау ескеріліп, 3 деңгей ерекшеленеді: орташа, орташадан жоғары, орташадан
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Дүйсенов О.Қ.
 
Жас көпсайысшылардың жаттығу жүктемелерінің көлемін жоспарлаудың 
педагогикалық...
 
 

130 
 
 
 
төмен.  Ол  жеке  дене  дайындығының  нақты  бөлімдеріне  таңдамалы  әсер 
қажеттігін  ескеру  мен  жаттығу  тапсырмаларын  пайдалануға  және 
дифференциалданған іріктеуге септігін тигізеді.  
Жас  көпсайысшылардың  спорттық  дайындығы  үдерісінде  орындалатын 
нақты  міндеттерді  шешу  барысында  жаттықтырушылардың  жаттығу 
тапсырмаларын  іріктеуі  үшін  топтастыру  түрлі  бағыттағы  тапсырмаларды 
жүйелеуге  және  жаттығуда  жиі  қолданылатын  тәсілдер  каталогын  құруға, 
жоспарларды  оңайлатуға,  жаттығу  жүктемелерін  ескеру  мен  бақылауға, 
жаттығу үдерісін берік бақылауды жоғарылатуға септігін тигізеді. 
Ойын  мен  жаттығулар  кешені  түрінде  бағытталған  әсердің  жаттығу 
тапсырмаларының  блогын  құруға  бейімделу  оқыту-жаттығу  сағатын 
ұйымдастыру мен жоспарлау туралы дәстүрлі ойларды қайта қараудың негізі 
болып табылады. 
Жаттығу тапсырмалары шартты түрде 4 топқа бөлінеді: 
1) оқытатын; 
2) дене қасиеттерін дамытатын кешендер; 
3) дене қасиеттерін дамытатын ойындар; 
4) арнайы (жүгіру дайындығынан тұратын құралдар). 
Онсайысшының  жаттығуын  жеке  он  түрдегі  жаттығуға  бөліп  қарауға 
болмайды.  Мұндай  жұмыс  адами  мүмкіндіктердің  иелігінен  шығады. 
Мысалы,  үш  түрлі  лақтыруды  20  000  рет  орындау  үшін  жылына  1500  сағат 
қажет.  Үш  түрлі  техниканы  жетілдіру  үшін  тағы  1000  сағат,  ал  жүгіру 
қашықтықтарын  жаттықтыру  үшін  400-500  сағат  қажет.  Дене  қасиеттерін 
дамытуға  қажетті  сағатты  қосқанда,  толық  жұмыс  күні  де  аз.  Жаттығу 
жүктемелерінің  мүмкіндіктері  уақытпен  емес,  жүйке  қуатына  бұлшықет 
қорымен,  қозғалыс  аппаратының  жағдайымен  және  ағзада  қалпына  келтіру 
үдерістерінен өтумен тіркеледі. 
Онсайысшының  дайындығы  біріңғай  үдеріс  болып  табылады.  Бір  түрлі 
жаттығу  немесе  бір  қасиетті  дамыту  басқа  қасиетке  әсер  етпейді.  Қозғалыс 
аппараттарының  мүмкіндіктері  туралы  ұмытпау  қажет.  Бір  бағытқа  күш 
жұмылдыру жарақатқа, қажетті демалысқа, емделу мен  уақыттың жетпеуіне 
әкеледі. Онсайысшылардың дайындығын мұқият жоспарлау қажеттігі айқын. 
Онсайыста  көптеген  сандармен  жұмыс  істейміз.  Бұл  көрсеткіштерді  мұқият 
салыстырып  және  дайындық  жоспарын  құруда  ескеру  керек.  Әрине,  жеке 
түрлерді  жетілдіру  мен  дене  қасиеттерін  дамыту  әр  спортшыда  дербес 
болғанымен,  жаттығудың  жалпы  әдістеме  негізімен,  биологиялық 
заңдылықтарымен негізделетін, жалпы жағдайлардан шығады. Спортшының 
сабағын  немесе  жұмысын,  дайындықтың  климаттық  жағдайлары  мен 
спорттық қордың болуын ескеру қажет. 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Дүйсенов О.Қ.
 
Жас көпсайысшылардың жаттығу жүктемелерінің көлемін жоспарлаудың 
педагогикалық...
 
 

131 
 
 
 
Онсайыстың  жеке  түрлерін,  олардың  көпсайыстағы  нәтижеге  жету 
үлесін,  сонымен  қатар,  бұл  түрлердегі  онсайысшылардың  жаттығуына 
керекті кейбір жағдайларды қарастырайық. 
100  метрге  жүгіру  –  көпсайыстың  негізі.  Жылдамдыққа  бағдарламаның 
барлық  түрлерінің  нәтижелері  тәуелді.  Жылдамдықты  жаттықтыру  басқа 
түрлер мен қасиеттерге оң әсер етеді. Өкінішке орай, қозғалыс аппаратының 
жүктемеден  тыс  шығуының  алдын  алу  үшін  қаңтардан  қазанға  дейін, 
аптасына  2-3  рет  онсайыстың  бағдарламасына  спринт  сабақтарын  қосуға 
кеңес беріледі. 
Ұзындыққа  секіру  спринтпен  тығыз  байланысты.  Ұпай  кестесінде 
ұзындыққа секіру аса жоғары бағаланады. Бұл түрдегі негізгі жетістік үлкен 
жылдамдықта  итерілу  мен  жүгіру  қабілеті  болып  табылады.  Әлемнің 
танымал  онсайысшыларының  жетістіктері  жоғары  -  7,50-8,00  метр. 
Ұзындыққа  секіру  жаттығулары  итерілу  кезінде  омыртқа  мен  аяққа  үлкен 
жүктемемен  шымырланатындықтан,  толық  жүгіріп  ұзындыққа  секіру 
аптасына 2 рет жаттығу бағдарламасына қосылады. 
Ядро  лақтыру.  Онсайыстың  бұл  түрінде  жоғары  нәтижеге  мықты 
спортшылар  жетеді.  Онсайысшыларда  нәтижелер  14,5-16,0  метрді  құрайды. 
Ядро  лақтыруда  нәтижелерді  жақсарту  үшін  салмақ  қосуға  тырысып  және 
күш  пен  техниканы  дамыту  қажет.  Дегенмен,  нәтижені  жақсарту  үшін 
техника  жетілдіріледі.  Бұлшықет  салмағын  шамадан  тыс  арттыру 
онсайысшының жүгіруін 400 және 500 метрге қиындатады [2]. 
Биіктікке  секіру.  Биіктікке  секіру  техникасын  басқа  спорт  түрлерінің 
техникаларынан  бұрын  игеру  қажет.  Техниканы  жақсы  игерген  онсайысшы 
оған  одан  әрі  аз  көңіл  бөліп,  200-210  см  көрсеткішін  сақтай  алады.  Егер 
биіктікке  секіру  техникасын  уақытылы  игермесе,  ол  түр  ұзаққа  артта  қалу 
мүмкін.400  метрге  жүгіру  үлкен  жылдамдық  шыдамдылығын  талап  етеді 
және жаттығу мен жарыста онсайысшы үшін күрделі сынақ болып табылады. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  онсайысшыға  400  метр  жүгірушілердің  әдісін 
қолданудың қажеті жоқ. Ол үшін аралық және қайталау жүгіруде қайталаулар 
көлемі  қалпына келтіруге  ұзақ  уақытты  талап  ететін,  максималдық жүктеме 
болып  табылады.  Ол  қалған  8  түрде  дайындыққа  әсер  етеді  (1500  метрге 
жүгіруден басқа), ал 400 метр жүгірудегі нәтиже жақсармау да мүмкін. Егер 
онсайысшылардың дайындық кезеңінде кросстық жүгірудің көмегімен жалпы 
шыдамдылық  деңгейі  жақсарса,  онда  жүгіру  бағдарламасының  үзінділері 
мынадай:  аптасына  2  рет  3-5×200  метр,  немесе    2-3×300  метр,  немесе 
400+300+200+100 метр. 
Кедергілермен  110  метр  жүгіру  –  онсайыстың  екінші  негізгі  түрі.  Оған 
көп 
көңіл бөлу керек. 
Кедергішінің иілгіштігі, арнайы
  жаттығулары  күнделікті
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет