Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Бердалиева Р. Невербальные средства коммуникации в процессе обучения 
 
коммуникации 
представителей 
различных 
языковых 
сообществ. 
Следовательно,  на  уроке  нужно  обучать  не  только  словам  и  языку,  но  и 
невербальным  средствам  коммуникации  (жестам,  мимике,  телодвижениям). 
Студенты  подражают  носителям  языка,  в  том  числе  и  жестикуляции,  что 
позволяет приблизить студента к полноценному коммуникативному акту. 
В  овладении  невербальными  средствами  иноязычной  коммуникации 
различают три этапа: 
1.  осознание  невербальных  средств  общения  родного  языка  и 
сопоставление их с аналогичными средствами изучаемого языка (сравнение); 
2. осознанная имитация невербальных средств общения на иностранном 
языке; 
3. активация и использование невербальных средств иностранного языка 
в  общении:  в  «проигрывании»  различных  социальных  ролей,  при 
инсценировке различных иноязычных пьес и фильмов, их отрывков [4.52]. 
При  изучении  невербальных  средств  наряду  с  вербальными  средствами 
иноязычной коммуникации следут выделить: 
-  группа  жестов  и  мимических  выражений  лица,  совпадающих  как  в 
исполнении,  так  и  в  сфере  употребления  (передаче  смысла).  Это  обычно 
жесты приветствия, прощания, знакомства, удивления и т.д.; 
-  группа  жестов  и  мимических  выражений  лица,  совпадающие  в 
исполнении,  но  имеющие  расхождение  в  их  смыслах,  в  их  сфере 
употребления; 
-  группа  жестов  и  мимических  выражений  лица,  совпадающие  по 
смыслу, в сфере употребления, но различные в исполнении. Например, чтобы 
выразить  состояние  «сыт  по  горло»  русский  проводит  рукой  по  горлу,  а 
француз на уровне носа
- невербальные средства, отсутствующие в коммуникативном поведении 
носителей изучаемого языка [3.45]. 
Ориентировочной  основой  для  формирования  навыков  и  умений 
использования  невербальных  средств  иноязычного  общения  является 
использование  видео,  просмотр  видеосюжетов.  Просмотр  видеосюжета 
создает  условия  для  функционирования  речи  в  естественных  условиях, 
который должен проводиться в 4 этапа: 
1.  показ  видео-сюжета  с  последующим  выделением  невербальных 
средств общения; 
2.
 
создание  микроситуаций  с  использованием  невербальных  средств 
общения; 

100 
 
3.
 
проведение  управляемого  микро-диалога  (речевые  ситуации  с 
использованием невербальных средств коммуникации); 
4.
 
ролевая игра. 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Бердалиева Р. Невербальные средства коммуникации в процессе обучения 
 
 
 
С 
этой 
целью 
в 
учебный  процесс 
необходимо 
включать 
лингвострановедческие  материалы,  призванные  побудить  студента  к 
самовыражению, к активности, к живой речевой реакции. 
При  изучении  языка  большую  роль  играет  память:  студенты  должны 
накопить  лексический  запас,  запомнить  множество  форм  слова,  моделей 
предложения.  Заучить  слово  –  это  еще  не  значит  суметь  его  употребить  в 
нужный  момент  речевой  деятельности.  Запоминание  нужных  языковых  и 
речевых  единиц  достигается  путем  многократного  их  употребления  и 
использования  в  обиходно-бытовой  сфере  деятельности.  Как  построить 
работу  так,  чтобы  запомнить  новую  лексику?  Запоминанию  лексики 
помогают  следующие  факторы:  мелодия,  ритм  и  рифма,  жест  и  мимика, 
мотивация,  наглядность,  целевое  многократное  повторение,  различные 
ролевые и языковые игры. 
Еще  один  немаловажный  фактор,  который  вносит  свою  специфику  в 
преподавании  языка  –  это  не  только  осознание  невербальных  средств 
общения  изучаемого  языка,  но  и  сопоставление  их  с  аналогичными 
средствами  родного  языка  (сравнение).  Отсюда  следует  учитывать 
национальную  специфику  аудитории.  При  использовании  невербальных 
средств  коммуникации  русского  языка  в  турецкой  аудитории  следует 
учитывать следующее: 
1.
 
отличительные особенности невербального поведения турков, манера 
и способы исполнения жеста
2.
 
содержательная  сторона  набора  жестов  и  мимики,  основанная  на 
психологических процессах памяти
3.
 
эмоциональная  окрашенность  жестовой  коммуникации  турецкой 
аудитории; 
4.
 
сходство  и  различие  невербального  поведения  турков  и  носителей 
изучаемого языка. 
Каждый  человек  обладет  своим  жестовым  языком,  отражающим 
определенные  особенности  той  или  иной  культуры.  Но  у  него  может  быть 
особый жестовый «акцент» - географический, этнический, социальный и т.д.  
Учитывая  все  необходимые  условия  для  результативного  применения 
невербальных  средств  коммуникации  достигается  главная  цель  – 
полноценное овладение языком. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 

101 
 
1.
 
Колшанский Г. Паралингвистика. М., 1974. 
2.
 
Татубаев С.С. Жесты как компонент искусства. Алматы, 1979. 
3.
 
Лабунская В.А. Невербальное поведение. Ростов, 1986. 
4.
 
Алексеева Л.И. Этикет и национальные особенности невербального общения. М., 2001. 
5.
 
Тер-Минасова С. Язык и межкультурная коммуникация. М., 2000. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ 
  
 
 К.М.БЕРКИМБАЕВ  
 педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
 А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
 
Қ.Б.ХАЛИЛАЕВА  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУДЫҢ “БІРЫҢҒАЙ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН 
ЖҮЙЕСІН” ҚҰРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
В  статье  рассматриваются  особенности  построения  единой  автоматизированной  системы 
управления образования. 
This  article  deals  with  some  peculiarities  of  formation  of  the  integrated  automatic  system  of 
educational management.  
 
Жоғары  білім  беруді  ақпараттандыру  дегеніміз  –  жоғары  оқу 
орындарындағы оқыту, ғылыми-зерттеу мен тәрбиелеу ісінің психологиялық-
педагогикалық  мақсаттарын  жүзеге  асыру  бағытында  заманауи  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  жасау  және  пайдалану  жұмыстарының 
теориясымен, тәжірибесімен қамтамасыз ету. 
Қазіргі кезде жоғары білім берудің ақпараттану деңгейлері: 
1)  Көптеген  жоғары  оқу  орындарында  материалдық-техникалық 
базалары  бай,  Internet  желісіне  қосылуға  мүмкіндік  туғызатын  талшықты-
оптикалық  байланыс  тізбектері  жүргізілген,  ақпараттық-білім  беру  және 
әдістемелік ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бар; 
2) Жоғары оқу орнындағы мамандар өз саласының шеберлері ғана емес, 
сонымен  қатар  ақпараттық  технологиялар,  оқыту  әдістемесі  саласынан  да 
білікті маман болып келеді; 
3)  Жоғары  оқу  орнындағы  оқу  қызметін  ұйымдастырудың  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Білім  беруді  ұйымдастыру  барысында  жоғары  оқу 
орнының құрылымының күрделілігін, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеулердің 
байланысын, жоғары оқу орны құрылымының тармақталуы ескерілген. 
 Ақпараттанудың  әрі  қарай  дамуы  жергілікті  және  университеттік 
ақпаратты-транспорттық желілердің, ақпараттық жүйелердің және білім беру 
бағдарлама  қорларының  бірігуі  негізінде  ақпараттық  кеңістікпен  тығыз 
байланыста  болатын  кешенді  мәселелерді  шешуін  талап  етеді.  Негізгі 
мәселелер ретінде төмендегілерді атап өтуге болады: 
1)  Жоғары  оқу  орнының  бірыңғай  ақпараттық  кеңістігін  жасау,  яғни 
барлық 
әкімшілік-шаруашылық 
қызметтерді, 
кітапханаларды, 
оқу 

102 
 
бөлімшелерін  компьютерлендіру,  жергілікті,  ауқымды  және  халықаралық 
желілерге қостыру. 
2)  Жоғары  оқу  орнының  құрылымдық  бөлімшелерін  басқарудың 
жинақталған автоматтандырылған жүйесін жасау. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Беркимбаев К.М., Халилаева Қ.Б.
 
Білім беруді басқарудың “бірыңғай автоматтандырылған
 
жүйесін”...
 
 
 
 
 
3)  Студенттердің  өздігінен  білім  алуына  мүмкіндік  беретін  жаңа 
ақпараттық  технологиялар  негізінде  арнайы  және  әмбебап  оқу-әдістемелік 
кешендер жасау. 
Қазіргі  таңда  жоғарыда  аталған  мәселелердің  тиімді  шешімі  ретінде 
порталды  технологияны  қарастырғанымыз  жөн.  Порталды  технология  деп 
отырғанымыз  бірыңғай  ақпараттық  кеңістіктің  дамуы  мен  ақпараттық 
ресурстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құрал. 
Портал 
– 
бұл 
шапшаң 
қатынау 
қасиетіне 
ие 
желілік 
телекоммуникациялық  торап  болып  табылады.  Алғашқы  ақпараттық 
порталдар  1994-1995  ж.ж.  шыға  бастады,  бұған  себепші  болған  Интернет 
желісіндегі  коммерциялық  сайттардың  пайда  болуы  болды  (мысалы  Yahoo, 
AltaVista,  Lycos  және  т.б.).  Телекоммуникациялық  технологиялардың 
дамуымен  мұндай  жобалардың  қоғамдағы  рөлі  де  өсті.  «Портал»  термині 
негізінен  1998  жылы  корпоративті  ақпараттық  портал  жөнінде  баяндама 
жасаған  Merrill  Lynch  компаниясымен  тікелей  байланысты.  Ол  баяндамада 
ішкі және сыртқы желілерде орналасқан Web-браузер көмегімен ақпараттарға 
қатынауды  қамтамасыз 
ететін  қолданбалы 
бағдарламалар  дестесі 
қарастырылған болатын [1]. 
Қазіргі  кездегі  интернет-порталдар  бұл  күрделі  желілік  ақпаратты-
технологиялық  кешен  болып  табылады  және  де  олар  анықтамалық, 
аналитикалық,  коммуникациялық,  білімдік  және  басқа  да  ақпараттық 
қызметтер атқаруға бағытталған.  
Портал  дамуының  түрлі  жолдары  бар.  Көптеген  қазіргі  кезде  әлемге 
әйгілі  мегапорталдар,  мысалға  Yahoo,  Lycos  және  т.б.  алғашқысында  жай 
ғана  іздеу  тетігі  болып  құрылды,  бірақ  уақыт  өткен  сайын  қолданушыларға 
ақпараттарды  құрылымды  түрде  жеткізу  мүмкіндігіне  ие  болып  қосымша 
қызмет,  яғни  электрондық  пошта  және  т.б.  қызметтерді  жүзеге  асыратын 
болды.  Қазіргі  кезде  мега-порталдармен  электронды  медиа-компаниялар 
тығыз  байланыста.  Соның  нәтижесінде  мегапорталдар  дәстүрлі  медиа-
ақпараттарды жеткізуші бір арна болып есептеледі [2]. 
Жалпы,  портал  идеясы  қарапайым,  яғни  пайдаланушы  порталға  алғаш 
кірген бойдан танымдық ақпаратқа қол жеткізе алуы тиіс. Егер де ақпараттық 
орта  неғұрлым  ыңғайлы  болса,  соғұрлым  білім  беру  порталын  пайдалану 
тиімділігі арта түседі. Бұл жағдайда пайдаланушының порталдың ақпараттық 
кеңістігімен  тиімді  іс-әрекетін  жүзеге  асыру  үшін  педагогикалық  және 
дидактикалық ұстанымдармен әдістерді пайдалану қажеттілігі туады. 

103 
 
Білім  беруде  порталды  технологияны  пайдалану  білімді  ары  қарай 
игерудегі  оның  тиімділігіне,  білім  беру  қызметінің  желіні  пайдаланушылар 
жұмысының  психологиялық  ерекшеліктерін  ескеруді  негізге  алуында.  Бұл 
жағдайда  пайдаланушының  порталды-ақпараттық  кеңістігімен  тиімді  өзара 
байланысын ұйымдастыруда педагогикалық және дидактикалық 
ұстанымдары
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Беркимбаев К.М., Халилаева Қ.Б.
 
Білім беруді басқарудың “бірыңғай автоматтандырылған
 
жүйесін”...
 
 
 
 
 
мен  әдістерін  пайдалану  қажеттігі  туындайды.  Егер  тиісті  психологиялық 
және педагогикалық әдебиеттерді талдайтын болсақ, білімді игеру үдерісін не 
білдіретіні  туралы  бірегей  пікір  жоқ.  Қазіргі  уақытта  оқыту  теориясының 
арасынан  ең  көп  тарағанын  бөліп-бөліп  көрсетуге  болады.  Бұл  теориялар 
нақты  білім  алушыға  да,  білім  беру  порталының  ақпараттық  ресурстарын 
абстрактілі пайдаланушыға да бірдей пайдалануға болады. 
Қазіргі  қоғамның  дамуы  еліміздің  ақпараттанудың  жаңа  сатысына 
кіруіне,  яғни  желілі  технологияны  дамытуға,  мониторингтің  ақпараттық 
жүйесін енгізуге, білім сапасын талдауға тікелей байланысты. Университетте 
оқытудың  кредиттік  жүйесін  басқаруды  автоматтандырудың,  оның  ішінде 
офис-тіркеуші  ақпараттық  жүйесі,  тестілеу  секторы,  құрамында  білім 
ордасының  корпоративтік  желісі,  www-сервері,  мәліметтер  базасы  сервері, 
университеттің  пошта  сервері  бар  құрылымдық  бөлімшелерінің  мүмкіндігі 
кеңейтілу үстінде.  
“Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс 
істеу  ережесін  бекіту  туралы”  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің  2008  жылғы  3  қазандағы  №  548  Бұйрығына  сәйкес  Қ.А.Ясауи 
атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің  кешенді  стратегиялық 
жоспары  мен  Өкілетті  Кеңестің  автоматтандырылған  жүйенің  қосылуы 
туралы  шешімдеріне  сәйкес,  университеттің  барлық  құрылымдарын 
автоматтандыру 
мақсатында 
“Бірыңғай  автоматтандырылған 
жүйе” 
құрылған. 
 Білім  беру  порталы  білім  беру  саласында  заманауи  ақпараттық  және 
телекоммуникациялық  технологияларды  енгізудегі  базалық  құрылым  болып 
табылады.  Бұл  портал  университеттегі  негізгі  бизнес-процесстерді,  басты 
ақпараттық  ресурстар  мен  қызметті  тиімді  басқаруда  аппаратық-
бағдарламалық  кешен  болып  саналады.  Сонымен  қатар,  мұндай  кешен 
біртұтас  университеттегі  оқу-ақпараттық  кеңістікті  жасауға  мүмкіндік  бере 
отырып,  А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ-і  барлық  қызметкерлерінің  электронды 
өзара әрекеттерін жүзеге асырады.  
Университет  білім  беру  порталының  негізгі  міндеттері  -  жоғары  білім 
беруді  қолдаумен  байланысты  және  білім  берудің  ақпараттық  ортасы 
тұтастығының дамуына пайдалы ықпал ете алатын маңызды функциялармен 
толықтырылады.  Порталдың  білім  беру  мен  техникалық саясаты және  оның 
ағартушылық  қызметі,  ақпараттанудың  әдістемелік  пен  технологиялық 

104 
 
шешімдерін  бірқалыпты енгізу  үшін  қолданылатын  құралы  болып  саналады 
[3].  
“Бірыңғай автоматтандырылған жүйе” құрудың негізгі стратегиялық 
мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:  
1.  Білім  беруде  түлектерді  дайындау  шараларының  сапасын  арттыру, 
білім  беру  қызметі  нарығында  университет  рейтингін   өсіру, университет  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Беркимбаев К.М., Халилаева Қ.Б.
 
Білім беруді басқарудың “бірыңғай автоматтандырылған
 
жүйесін”...
 
 
 
 
 
студенттері  мен  түлектерін  барлық  оқу  және  ғылыми  шаралардың 
ақпараттану  есебінен  тұтастық  пен  бәсекеге  қабілеттіліктің  жаңа  деңгейіне 
қол жеткізу.  
2.  Оқу  процесінде  түрлі  электронды  ақпараттық  ресурстары  негізінде 
инновациялық  және  ұзақтан  оқыту  технологияларын  енгізу.  Бұл  арқылы 
оқытушы-профессорлар  құрамы  қызметінің  өнімділігін  арттыруда  және 
студенттердің  аудиторияда  немесе  өзіндік  жұмыс  жасауда,  шеберлікті  және 
дағдыны тиімді меңгерудің жетістіктеріне жетуді едәуір арттырады.  
3. Түлектердің білім сапасын белгілейтін компьютерлік тестілеу жүйесін 
енгізу, университетте озық сапа менеджмент жүйесін қалыптастыру.  
4.  Негізгі  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеулердің  сапасы  мен  тиімділік 
деңгейін  арттыру,  барлық  ғылыми  зерттеу  кезеңдерінде  ақпараттық 
технологияларды  енгізу  негізінде  шаруашылық  келісім  қызметін  кеңейту, 
ғылыми-басылымдық,  нормативтік-әдістемелік  құжаттар  мен  анықтама 
кітапшаларының электронды нұсқаларына қол жеткізуді ұйымдастыру.  
5.  Университетті  тиімді  басқарудың  жүйесін  құру,  есеп  пен  түгендеу, 
жылдамдықты  арттыру,  басқаруда  сапалы  шешім  қабылдау  және  олардың 
орындалуын бақылауды жетілдіру.  
“Бірыңғай  автоматтандырылған  жүйе”  құрудың  негізгі  бағыттары  – 
университет корпоративтік желісі;  
-  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  білім  беру  мен 
тәрбиелеу үдерісіне кеңінен енгізу;  
-  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  қолдана  отырып, 
ұзақтан білім беруді дамыту;  
- ғылыми-зерттеу үдерісін ақпараттандыру;  
- университетті жан-жақты қамтылған және бір платформаға негізделген 
басқарудың автоматты ақпараттық жүйесін жасау;  
-ұжымдық  инфрақұрылымды  құру  және  енгізу  үдерісін  құқықтық 
қамтамасыз ету; 
 -  оқытушы-профессорлар  құрамы  мен  оқытушы-көмекші  қызметкерлер 
біліктілігін арттыру және оқыту іс-шараларын жүргізу; 
-  университеттің  бірыңғай  ақпараттық  кеңістігін  әлемдік  ЖОО 
жүйесімен біріктіру.  
Білім  беру  порталының  іргетасы  университетте  жасалған  “Бірыңғай 
автоматтандырылған жүйе” кешенді бағдарламасы болып табылады. Бұл оқу 

105 
 
процесін  жылдам  басқару,  студенттер  үлгерімін  бақылау,  мемлекеттік 
стандарттарға  сәйкес  оқу  жоспарларын  жасау,  оқу  жүктемесін  есептеу, 
ағымдағы  қажетті  есептік  құжаттарды  дайындау,  талдау,  ақпараттық 
сұраныстарды  өңдеу,  сабақ  кестесін  талдау  және  түзу  сияқты  негізгі 
функцияларды жүйелеуді қамтамасыз етеді.  
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Беркимбаев К.М., Халилаева Қ.Б.
 
Білім беруді басқарудың “бірыңғай автоматтандырылған
 
жүйесін”...
 
 
 
 
 
“Бірыңғай  автоматтандырылған  жүйе”  кешенінің  бағдарламасы 
құрамына  мына  жүйелер  кіреді:  «Кызметкерлер»,  «Ғылыми-зерттеу 
жобалары»,  «Электронды  іс-қағаздар»,  «Студент»,  «Электронды  пошта», 
«Құрал-жабдықтар», «Оқу құралы», «Электрондық кітапхана», 
 «Қаржы 
және  бухгалтерия»,  «Тестілеу»,  «Бітіруші  түлектер»,  «Жатақхана»,  «Оқу 
жоспары»,  «Ұзақтан  оқыту  технологиясы»,  «Асхана»,  «Оқу  қызметі»;  
«Корпоративтік  желі»,  «Сабақ  кестесі»,  «Куратор  және  жетекшілік», 
«Электрондық журнал».   
Осы  кешеннің  математикалық  қамсыздандырылуы  тест  материалдар 
сапасының  бағалау  жүйесі,  аудитория  санын  тиімді  пайдалану,  білім  беру 
траекторияларын  қалыптастыру,  құнды  IT-ресурстарды  тиімді  пайдалану, 
оқытушы-профессорлардың  ғылыми  қызметін  бағалау  және  т.б.  модельдер 
көрсетіледі.  
Университетте  білім  беру  порталымен  қатар  әлемдік  ақпараттық 
кеңістіктегі 
ақпараттық 
және 
таныстыру 
функциясын 
атқаратын 
университеттің ресми www.turkistan.kz сайты жұмыс істейді.  
Қорыта айтқанда, ХҚТУ білім беру порталы – университетте білім алуға 
қатысты  экономикалық,  құқықтық  және  т.б.  ерекшеліктерді  негізге  ала 
отырып,  білім  беру  саласы  мен  ғылымда  заманауи  инновациялық 
технологияларды  қолдануға  мүмкіндік  беретін  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 
және  басқару  жүйесі  болып  табылады.  Университет  туралы  мәліметтерді 
Интернет  желісінде  ұсынатын  бағыт  ретінде  Internet  және  Intranet 
технологияларын да тиімді қолдануға жол ашады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Норенков  И.П.  Информационно-образовательные  среды  на  базе  онтологического  подхода/ 
И.П.Норенков,  М.Ю.Уваров  //  Интернет-порталы:  содержание  и  технологии:  сб.науч.ст./ 
редкол.: А.Н. Тихонов (пред.) и др.; ФГУ ГНИИ ИТТ «Информика». - М.: Просвещение, 2005. 
Вып.3. 
2.
 
Тихонов  А.Н.  (пред.)  и  др.;  Интернет-порталы:  содержание  и  технологии:  Сб.  науч.  ст.  Вып.  1 
\ГНИИ ИТТ «Информика». – Просвещение, 2003. – 720 с. 
3.
 
Осин А.В. Мультимедиа в образовании: контекст информатизации/А.В.Осин. - М.: Издательский 
сервис, 2004. 
 
 
 

106 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
А.Қ.ЕРАЛИНА 
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
Т.ҚАРЫНБАЕВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ АКТЕРЛІК ӨНЕРДЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ  
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
 
В  данной  статье  рассматривается  важность  формирования  познавательной  деятельности  в 
актерском искусстве с помощью инновационных технологий. 
The author of the article reveals the importance of formation of cognitive activity in the art of acting 
through innovative technologies.
 
 
 
Қазіргі  кезде  студенттердің  актерлік  өнердегі  танымдық  іс-әрекетін 
инновациялық  технологиялар  арқылы  қалыптастыратын  педагогикалық 
шарттарды  негіздеу  және  оны  оқу  үрдісінде  қамтамасыз  етудің  маңызы 
ерекше. 
Қазіргі  қоғам  талабына  сай  жоғары  оқу  орындарында  студенттерге 
актерлік  өнерді  білім  беру  сапасын  жақсартуды  жүзеге  асыратын, 
студенттердің танымдық іс-әркеттерін қалыптастыру мәселесі әлі де зерттеуді 
қажет етеді. 
Сонымен бірге, актерлік өнерді оқыту үрдісінде студенттердің танымдық 
іс-әрекетін  жаңа  технологиялар  арқылы  қалыптастыру  мүмкіндіктерін 
қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді.  
Студенттерде оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын 
қалыптастыру 

  оқытудың  аса  маңызды  мақсаттарының  бірі.  Мұны  жүзеге 
асыру студенттерді өзін-өзі дұрыс басқаруға, білімді саналы түрде игеріп, оны 
танымдық, шығармашылық жұмыс барысында дұрыс қолдана білуге үйретеді. 
Студенттердің дамуындағы негізгі таным әрекеті 

  ол  оқу.  Cтуденттердің  іс-
әрекетіндегі  күрделі  үрдістердің  маңыздысы 

  оның  танымдық  іс-әрекеті 
болып табылады. Студенттердің кез-келген әрекетін психологиялық тұрғыдан 
талдайтын  болсақ,  ол  күрделі  психологиялық  қасиеттері  мен  әрекеттерінің 
нәтижесінде  пайда  болады.  Мұнда  оның  ақыл-ойы,  қызығушылығы  мен 
қажеттіліктері,  сезімі  сияқты  психикалық  процестер  іске  қосылады. 
Сондықтан  студенттердің  оқу  іс-әрекетінің  табысты  болуында  оның  ақыл-ой 
еңбегінің  дағдыларын  қалыптастыру  маңызды  саналады.  Студенттердің 

107 
 
танымдық  іс-әрекетін  арттыруда  алдымен  оның  ақыл-ой  еңбегін  дамытуға 
көңіл аудару қажет.  
Оқыту  барысында  студенттерді  өз  жұмысының  мақсат-міндеттерін 
анықтауға үйрету қажет. Егер студенттер әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) 
не  үшін,  қандай  мақсатпен  жасау  керектігін,  ол  қандай  жаңа  нәтиже  (жаңа 
білім,  дағды)  беретінін  білсе,  онда  ол  өз  іс-әрекетін  саналы  түрде  басқаруға 
үйренеді. Оқу жұмысының міндеттеріне сай студенттерді өз бетімен жұмысын  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет