А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Р.ҚАСЫМОВА
252
Түркістан медициналық колледжінің оқытушысы
ШИИЗМНІҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ ИРАНДА ХVІ ғ. РЕСМИ
ДІНГЕ АЙНАЛУЫ
В научной статье рассматриваются некоторые проблемы становления исламской религии
шиитского толка в Иране в ХVІ в.
This article deals with some problems of the formation of Schiism persuasion of Islam in Iran in the
16-th century.
Пайда болу кезеңі жағынан үшінші орында тұратын әлемдік діндердің
бірі – ислам діні. Ол Солтүстік Африкада, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік және
Оңтүстік-Шығыс Азияда, сондай-ақ Орталық Азияда кең тараған діни наным.
Ислам дінін бүгінде араб-иран тілді халықтар толығымен дерлік, түрік тілді
халықтардың басым көпшілігі мойындайды. Солтүстік үнді жерлерінде
мұсылмандар өте көп, ал Индонезия тұрғындары түгелімен дерлік ислам
дініне ғибадат етеді.
Ислам б.э. VII ғ. Арабияда қалыптасып, буддизм және христиан дінімен
салыстырғанда шығу кезеңінен бастап жазба деректер көзі көп
сақталғандықтан, зерттеуі нақты дін болып табылады. Ислам дінінің негізін
қалаушы - Меккенің тұрғыны, араб отбасынан шыққан Мұхаммед саналады.
Мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құран. Оның мұсылмандар үшін
маңызы еврейлердің "Мойсейдің бес кітабы" мен христиандардың
"Інжіліндей" ерекше орын алады [1.216].
Шиизм ирандықтардың туындысы емес деген болжам қазіргі кезде
толығымен дәлелденіп отыр. Велльхаузен, алғашқы шииттер мавалилер
(парсылар) емес, арабтар, ал шиизм негізін қалаушы адам Абдаллах ибн Саба
иемендік иудей екендігін атай отырып, шиизм қағидасы ирандықтардан емес,
иудейлерден шықты деген тұжырым жасайды. Расында, пайғамбарлардың
"қайта оралуы" (раджа) жөніндегі ілім алғашында библейлік иудаизмде
(Илия, Әнох қайта оралуына сенім) пайда болып, олардан христиандарға
(Иоанн Крестительді "қайта оралған Илия" деп таныған) өткен. Велльхаузен
пікірі бойынша пайғамбар - монарх - құдайдың жердегі тәуелсіз өкілі деген
мызғымайтын қағида, ислам қоғамына иудей дінінен ауысуы.
Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, алғашқы халифті сайлау барысында,
Әли халифаттығы құқығын қорғауға тек үш сахаб шыққан екен, олар Әбу
Зарр ал-Гифари, Микдад ибн ал-Асбад және парсы Сальман ал-Фариси. Бұл
адамдар ұсынысы қабылданбай, көпшілікпен Әли халифаттыққа өтпей
қалады. Тағы да парсы деректеріне, профессор Табатабаи еңбегіне сүйенер
болсақ, пайғамбарлық борышын атқарып жүрген алғашқы күндерде-ақ,
Құран кітапта көрсетілгендей, Мұхаммед ең жақын туыстарын Құдай талап
еткендей дінге енуге шақыра отырып, былай деген: қайсыларың ең алғашқы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасымова Р.
Шиизмнің тарихи дамуы және Иранда ХVІ ғ. ресми дінге айналуы
253
болып дінге шақыруды қабыл алсаңдар, сол менің ісімді жалғастырып
орныма келетін мұрагер болады. Ең алғаш болып исламды қабылдаған адам
Әли болып, Мұхаммед өз уәдесін орындауды міндетіне алған екен. Тіпті,
пайғамбар Ғадир-е Хом жерінде Әлиді халыққа таныстырып өзінің мұрагері
ретінде жария еткен [2.128]. Шииттердің халифат сайлау жолымен емес, хан
мұрагерлігі арқылы басқарылуы қажет деп санайтыны осыдан болар...
Тарихқа жүгінер болсақ, жоғарыда аталғандай Әли халифаттыққа
алғашқыда сайланбай қалады. Дегенмен, халиф Осман билігі кезінде араб
қоғамының төменгі тап өкілдерін қамтыған жалпыхалықтық наразылық Әли
есімін танымал етті. 653 ж. қайтыс болған Әбу Зарр шиат Әли партиясының,
шииттердің нағыз ұйымдастырушысы болды. Дамаскіде Әбу Зарр Муавийдің
аймақ басшысының көзінше халықты әлеуметтік теңсіздікке, жоғарғы
билеуші топ өкілдерінің сараңдығы мен байлығына қарсы шақырып,
имаматтыққа пайғамбар әулетінен шыққандар, Әли мен оның Фатимадан
туған екі ұлы Хасан (624/5 ж. туған) және Хусейн (625/6 ж. туған) хақылы
екендігін уағыздады. Аймақ басшысы Әбу Заррды халиф Османға Мединаға
қоныс аудартты. Дегенмен, ол жерде де Әбу Зарр уағызын жалғастырды
[3.67].
Ақырында шиизмнің әртүрлі ағымдары Иранда, сондай-ақ арабтық,
кейбір түріктік ортада, ал сунниттік ислам керісінше араб, түрік, иран
орталықтарында тарады. Тарихи деректер бойынша Х-ХV ғғ. барысында
суннизм ағымы да, шиизм ағымы да Иранда тарағаны айқьшдалады [1.218].
Б.э. 656 ж. сәуір айында кіші қажылық (умра) атқару сылтауымен Куфа,
Басра, Египеттен жиналған үш әскер Меккеге жақын келіп, қала алдындағы
қақпа маңында әскери лагерь құрды. Куфа әскері басында Малик ибн әл-
Аштар тұрды. Абдаллах ибн Саба египеттік әскерді басқарды. Бұл "қажылық
етушілер" арабтың төменгі тап өкілдерінен құралған топ еді, олардың басым
көпшілігі шииттік қағиданы ұстанушылар болды. Олар Әли тарапынан демеу
күтті. Дегенмен, Әли тартқыншақтық көрсетті. Тальха мен әз-Зубейр, сырт
жағына бейтараптық танытқан болып, жасырын наразылық білдірушілерді
айдап салып отырды. Қарсы тұрған ақсүйектік күштер Мединаға
наразыларды кіргізуге қорықты, олар тек топтардың қала қақпасына
жиналғанын пайдаланып, өздері билік басына келмекші болды [1.220].
Шииттердің жоғары билеуші топтары, кейінірек феодалдарға айналған
жаңа ақсүйектік топтың осындай өкілдерінен тұрса керек. Омейядтық партия
басында тұрғандар да осындай сипат алды. Әли мен оның жақтастарының
Муавийе жағындағылармен ымыраға келуін осы әлеуметтік жақындық
арқылы түсіндіруге болады. Ал Муавийе жақтастарына келісімге келу уақыт
ұту үшін өте қажет болды. 658 ж. өзара тартыс қайта қалыптасты. Әли өз
кеңесшілерінің талабы бойынша хариджиттерге қарсы шығып, Нахраван
бекінісін бұзуға мәжбүр болды. Дегенмен, хариджиттік ағым жойылып
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасымова Р.
Шиизмнің тарихи дамуы және Иранда ХVІ ғ. ресми дінге айналуы
254
кеткен жоқ. Осы кезден бастап шииттер мен хариджиттер татуласуы мүмкін
емес болды. Әли Куфа мешітінен шыға бергенде хариджит Ибн Мульджам
оның басынан қылышпен ұрып ауыр жарақаттайды. Екі күн өткен соң (40 ж.
17 рамадан (хиджра) - 661 ж. 24 қаңтар) Әли қайтыс болды. Оны Неджеф
қаласында жерлеп, үлкен күмбезді кесене тұрғызады [3.157].
Алғашқы шииттер басында тек қана арабтар болса, Омейялықтар
тұсында шииттерге өте көп мавалилер, әсіресе Ирак пен Ирандағы мавалилер
қосылды. Мавалилер араб тайпаларына қорлық бағыныштылығынан арылып,
арабтармен тең құқықты болғылары келді. Нақ осы мақсатты орындауға
шииттер ант етті. 680 ж. Муавийе халиф қайтыс болды. Табатабаи еңбегінде
Муавийе билік еткен 20 жыл шииттер үшін азапты жылдар болғаны
айтылады. Ол билік еткенде өмір сүрген екі шииттік көсемдер (екінші және
үшінші
имам)
қалыптасқан
жағдайды
өзгертуге
кішкентай
да
мүмкіншіліктері болмады. Тіпті үшінші имам-Хусейн Язид билік басында
болған алғашқы алты айда қарсылық бүлікке тап келіп, барлық
қолдаушыларымен, балаларымен бірге азапты өлімге кесілген болатын. Ал
сунниттер Муавийе жақындары мен сахабалардың жауыздық қылмыстарына,
"сахабалар муджтахит болып саналады, ал олардың ісі алдын-ала кешіріледі"
деген бүркенішті пайдаланып олардың істерін ақтайды деген [2.185].
Муавийе өлімінен кейінгі оқиғаларға кезек бойынша дәлірек тоқталар
болсақ, халиф I Муавийе өлімі омейядтарға қарсы оппозициялық топтардың
көтерілуіне берілген белгі болды. Куфа тұрғындарының бір бөлігі Әлидің
екінші ұлы - Хусейнге, Меккеге бір топ өкіл жібере отырып, Куфаға келіп
омейядтық халиф I Йазид ибн Муавийеге қарсы көтерілісті басқаруға шақыру
ұсынысын айтады. Хусейн өзінен бұрын немере ағасы Муслим ибн Анилді
жіберіп, аз әскерімен жолға шығады. Дегенмен, Куфа басшысы Убейдаллах
ибн Зийад Куфадағы, нағыз қайнар көзіндегі шииттік бас көтеруді басып
тастайды. Муслим Куфаға жетпей жан тәсілім береді. Бұл қайғылы хабарды
Хусейн жол үстінде алады, бірақ қайта орала алмады. Кейбір жауынгерлері
оны тастап кетеді де, ол өзіне берілген қалған айнымас жақтастарымен Куфа
маңындағы Кербаланың сусыз шөлінде лагерін құрады. Ақырында, оның 18
немере ағаларын, олардың әйелдері мен балаларын қосқанда, барлығы 70
жауынгерлерімен қалады. Кербалаға Омея әскер басы Омар ибн Сад ибн Әби
Ваккас 4000 әскерімен келіп Хусейн лагерін қоршауға алады. Хусейн халиф
Иазидтің берілу талабын жауапсыз қалдырады. Бір жұма уақыт шамасында
Хусейн адамдары шөлден азап шегеді. 61 ж. 9-мухаррам айында (680 ж. 9-
қазан) Хусейн өсиет қағазын жазып, ең соңғы бұйрығын береді де, түннің
қалған бөлігін құдайға құлшылық етумен өткізеді. 10-мухаррам күні, таңғы
намаздан соң Хусейн өз жауынгерлерімен, жылаған әйелдер мен балалардың
көзінше жауларына қарсы шығады. Алғашында халиф жауынгерлерінің
ешқайсысы,
пайғамбардың немересін өлтірді деген жаман атаққа қалмас
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасымова Р.
Шиизмнің тарихи дамуы және Иранда ХVІ ғ. ресми дінге айналуы
255
үшін, Хусейнге қол тигізбейді. Одан кейін, жауапкершілік барлығымызға
бірдей түссін деп, барлығы лап қояды. Хусейн әділетсіз ұрыста қаза болады,
оның денесіне 33 сұғылған және 34 кесілген жара түскен екен. Оның
жақтастары да қаза болады. Олардың бастарын I Йазидке Дамаск қаласына
жібереді. Ал ол Хусейнді өлтіру туралы бұйрық берген жоқпын деп,
қынжылған сипат білдіреді. Ол тұтқынға алынған Хусейннің және оның
туыстарының әйелдері мен балаларына бостандық беріп, Мединаға оралуына
рұқсат етеді [4.98].
Кербалада болған қайғылы оқиға сол заманда-ақ үлкен әсер қалдырған
болатын. Шииттер арасында үшінші имам азаппен өлтірілген деп танылып,
Хусейн дәстүрі қалыптастырылды. Ал, Кербала, Хусейн денесі қойылған
жер, шииттер қажылық жасайтын бірден-бір негізгі орталыққа айналды.
Қазіргі күндері бұл жерге жыл сайын басқа елдерден келетін шииттерді
қоспағанда бір Ираннан мыңдаған адамдар қажылыққа келеді екен.
Бұдан өзге жыл сайын шииттер осы оқиғаға байланысты шахсей-вахсей
еске алу күндерін өткізеді. Бұл еске алу күндері Иранда ашура деп те
аталады. Бұл күндері азаппен өлтірілген шииттерге діни берілгендіктерін
көрсету мақсатында сенімділер өткір қарумен өз денелерін жарақаттайды
[5.100].
Алғашында саяси партия ретінде негізі қаланған шиизм, Хусейн (680 ж.)
өлімі мен Аббасаидтер династиясының негізделуі (749/50 ж.) арасындағы
уақытты қамтитын 70 жыл ішінде діни ағымға айналды. Әли мен Хусейн
дәстүрі шиизмді діни ағымға айналдырудың алғашқы мезгілі еді.
Ю.Велльхаузен пікірі бойынша, шиизмнің ертедегі тарихының сенімді
деректері болып 774 ж. қайтыс болған хадис жинаушы әрі пайғамбардың
оқушы жақтастарының (сахаб) бірі болған Әбу Михнаф саналады. Оның өз
еңбектері бізге жетпегенімен Табари жазба деректері арқылы көп бөлігі
сақталған. Хусейн өлімінен кейін Куфада жүздік шииттердің құпия одағы
ұйымдастырылды. Олардың ешқайсыларының жасы алпыстан төмен
болмаған көрінеді. Олардың шейхтері кәрі сахаб Сулейман ибн Сурад, ал
ұрандары "Хусейн өліміне кек алу" болды. Бұл одақ тез арада ұлғайды. 684 ж.
қыркүйек айында мыңдаған көтерілісшілер Кербалаға басып кірді, содан соң
Евфрат өзенінен өтіп Рейшанға бет бұрды, дегенмен 685 ж. қаңтар айында
соққыға жығылып, толығымен дерлік жойылды [6.234].
Дегенмен, шииттердің көп бөлігі Мұхаммед ибн ал-Ханафияның жеке
басын құрметтегенімен, ол пайғамбар қызының баласы болмағандықтан оны
имам деп танымады. Ақырында, бұл пікірді жақтаушылар шииттік ерекше
кайсаниттер сектасын құрды [5.102].
685 ж. қазан айында халифтік билікке қарсы болған Абдаллах ибн аз-
Зубейр әскері басып тұрған Куфа қаласында шииттік бас көтеру болып, қала
толығымен басып алынды. Бұл көтерілістің басында, мешітте белсенді уағыз
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасымова Р.
Шиизмнің тарихи дамуы және Иранда ХVІ ғ. ресми дінге айналуы
256
жүргізуші Мұхтар тұрды. Әскери басшылықты ол - Әлидің атақты
әскербасшысы болған Малик ал-Аштардың ұлы Ибрахимге тапсырды.
Мұхтар Куфада қолға түскен қазынаны көтеріліске қатысқандарға таратты.
Ол Хусейннің өліміне қатыстылардың көпшілігін және Омейялықтардың
жақтастарын жазалаған болатын. Ибрахим Жоғарғы Иранда 686 ж. тамызда
омейялықтар әскерін тамаша жеңіспен талқандады. Дегенмен, Мұхтардың
жақтастары арасында екі топ пайда болды: ақсүйектік (ашраф) тобы және
мавали, ирандықтар тобы. Соңғы топ кедейлер өкілдерінен құралып, барлық
мұсылмандар үшін теңдік ұранын ұсынды. Мұхтар екінші топты таңдады.
Бұл ашрафтардың қозғалысқа көзқарасын өзгертті.
Шииттердің әскері Басра аймағы маңында, кейін Куфаға басып кірген
Абдаллах аз-Зубейр әскерінен жеңіліп қалады. Мұхтар өз жақтастарымен
Куфа қамалында бекініп алып, төрт айлық шабуылға төтеп береді, сосын 687
ж. сәуірге қамаудан шабуылға шығып ұрыста қайтыс болады [7.74].
Шиизмнің әртүрлі ағымдары Аббасид халифатына қарсы бағытта
(оппозиция) болып шықты, бұл кейбір жағдайларда шииттердің халықтық
төменгі таптарына арқа сүйеуіне үлкен көмек көрсетіп отырды.
IX ғ. екінші жартысында Иранда шиизмнің әртүрлі тармақтарының
идеологиясын жалау еткен бірқатар халық көтерілістері болды. Каспий
маңындағы
Табаристан,
Гилян,
Дейлам
аудандарында
шииттік
көтерілістердің жеңісінен кейін бұл жерде Әлидтер (зейдиттер) мемлекеті
(864-928 жж.) кұрылды. Бұл мемлекетті Аббасид халифаты мойындамады
[7.82].
Ардебильден шыққан Сефи әд Дін шейх ұрпақтары, шииттік
қызалбашылар руының қолдауымен шаһ Исмаил басшылығымен 1501 ж.
алғашқы шииттік Сефевидтер мемлекетін құрды.
Сефевидтік биліктің орнауы ел билеуінде де, Иранның ресми діні —
исламдық шиизмнің қалыптасуында да маңызды тарихи орынға ие болды.
Қорыта келе, шииттер де суниттер сипаттас бір Алланың, Мұхаммед
пайғамбардың, Құран мен суннаның басым бөлігін мойындай отырып,
өздерінің пайғамбар мен шииттік имам Әли ибн Әбу Тәліб жайлы хабарлары
бар екенін ұмытпайды. Пайғамбар қайтыс болған алғашқы жылы саяси билік
үшін күресте шииттер мен суниттердің арақатынасы күрт күрделеніп кеткені
белгілі. Бұл қайшылықтың халифті "сайлау" жайлы суниттік мемлекеттік-
құқықтық ұстанымға қатысы көбірек болды. Мұсылман қоғамы
беделділердің пікірі - иджмаға негізделген бұл шешімге шииттер қарсы
болды. Шииттер пайғамбардың "қасиетті жанұясының" ("ахль әл-бейт")
ұрпақтары - имам Әли, Хасан мен Хусейн және Әли немерелері мұрагерлік
тәртіппен умманы басқаруы қажет деп санады.
Шиизмнің VIII ғ. екінші жартысы мен IX ғ. басында қалыптасқан
алғашқы догматикасы бойынша, Мұхаммедтің орнын басатын, пайғамбар
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Қасымова Р.
Шиизмнің тарихи дамуы және Иранда ХVІ ғ. ресми дінге айналуы
257
өлімінен кейінгі көшбасшы мұсылман халық сайлауымен белгілене алмайды,
оны құдай бұйрығымен Мұхаммед арқылы анықтайды. Тек "ахль әл-бейт"
жанұясының ұрпақтарына ғана білім және Құранның жасырын мағынасын
түсіндіру құпиясы берілген және тек солар арқылы ғана Құдаймен мұсылман
қоғамының байланысы мүмкін. Сондықтан, имамит-шииттер аз уақыт
билікте болып 661 ж. өлтірілген Әлиді ғана халиф деп таниды, алдыңғы үш
халиф - Әбу Бекір, Омар, Османдарды халиф ретінде мойындамайды [8.146].
871-878 жж. арасында жоғалып кеткен 12 шииттік имам Мұхаммед әл-
Асқари жайлы шииттер "тірідей аспанға" алынған, бүгінгі күнге дейін сол
жерде және қиямет күніне дейін қайтып оралады деп пайымдайды.
"Жасырын" имам жерге қайтып оралғанша оның қызметін сенімді өкілетті
адамдары атқарады [9.234].
Аббасидтер билігі заманында шииттік догматика мен ІХ-Х ғғ. сол
негізде пайда болған "жасырын" имам өкілдері жайлы доктрина маңызды
өзгерістерді басынан өткізді. Имамат жайлы пікірлік ерекше жүйе
қалыптастырылды, бұл жүйені Иранда бүгінгі күні де мойындайды [9.234].
Осылайша, исламның бір тармағы ретінде бөліне отырып, шиизм сол
замандағы халифатқа тәуелді мемлекеттер арасындағы Иран жерінде
таралып қана қоймай, тамырланып ғасырларға қалып қойды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Грюнебаум Г.Ә. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). –М.:
Наука,
1988.
2.
Грюнебаум Г.Ә. Основные черты арабо-мусульманской культуры. –М.: Наука, 1981.
3.
Петрушевский И.П. Ислам в Иране VІІ-ХV вв. Л.,
Издательство Ленинградского университета,
1966.
4.
Иванов М.С. История Ирана. М.: Издательсво МГУ, 1977. - 488 с.
5.
Гафуров Б. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая история. –М.: Наука,
1972.
6.
Шабани Р. Иран тарихы. –Алматы: Зерде,
2002.
7.
Жигалина О.И. Этносоциальная эволюция Иранского общества. –М.:
Восточная литература РАН,
1996.
8.
Фрай Р.Н. Наследие Ирана. –М.: Наука, 1972.
9.
Зарринкуб А.Х. Исламская цивилизация. –М.: Андалус,
2004.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
258
ӨНЕРТАНУ
К.СЕЙТМЕТОВ
өнертану ғылымдарының кандидаты,
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры
А.СЕЙТМЕТОВА
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
1932-40 ЖЫЛДАРДАҒЫ АКТЕРЛІК ӨНЕР
В статье анализируются особенности актерского искусcтва 1932-40 гг.
The article deals with peculiarities of art of acting in 1932-1940.
1932-40 жылдардағы актерлік өнердің дамып қалыптасуы М.Әуезовтің
театр ұжымына әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып келуімен тікелей
байланысты. Ұлы жазушының бұл процестің басы-қасында болып, шын
мағынасында ерекше ұстаздық қызмет атқаруы – ұлт актерлерінің бақыты.
Классикалық драматургия мен әлемдік театр өнерінің тәжірибесін меңгеріп,
олардың ұлттық тар шеңберде қалып қоймауында ұлы драматургтың ықпалы
ұшан теңіз. Бұған сол тұстағы қазақ актерлері мен олардың өнері жайында
ұлы жазушының жазып қалдырған баға жетпес мұралары дәлел. Мұнан
бұрынғы кезеңде ұлы драматург театрдың қойылымдарын талдап, ұлттық
актерлік өнердің қат-қабат сыры жайлы сын мен зерттеу мақалалар жазса,
енді олардың шеберліктеріне, өсуіне ұстаз-режиссер, өте жан-жақты
тұжырым беретін интерпретатор, репертуар саясатын жүргізуші-көркемдік
жетекшіге айналды. Ең алдымен М.Әуезов ұлттық театрдың көркем-идеялық
деңгейін көтеретін шартының бастысы – репертуар жасақтауға ерекше көңіл
бөлді.
Орыс
режиссерлерінің
қазақ
ұлттық
драматургиясының
шығармаларындағы халық өмірінің алуан түрлі мінез-құлықтарын, жеке
сипаттарын кеңінен түсініп, ойдағыдай меңгеріп кетуіне де Әуезовтің
шығармашылық ықпалы мол. Қазақ тарихынан хабары жоқ, ұлтымыздың
әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтын білмейтін оларға пьеса авторы ретінде
көрсеткен көмегі, тигізген пайдасы жан-жақты, сан-саналы болды.
Қ.Қуандықовтың "Орыс театрына А.Островский, М.Горький, А.Чехов қандай
еңбек сіңірсе, М.Әуезов те қазақ театрына сондай еңбек еткен адам" [1] – деп
орыстың ұлы драматургтерімен теңестіре айтуының өзі – Әуезовтің қазақ
театры мен актерлеріне сіңірген еңбегінің көптігі мен молдығына күмән
келтірмесе керек.
Мемлекеттік театрдың құрылғанына алты жыл бола тұра театр өз
деңгейіне көтеріліп, кәсіби дәрежеге жете алмады, ол әлі де алға талпыну,
іздену сәттерін басынан кешіп жатты. Оның қабырғасына сахна мен актерлік
өнерді жетілдіретін,
кәсіби дайындығы бар, тәжірибелі мамандар шақырылып,
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2011
Сейтметов К., Сейтметова А. 1932-40 жылдардағы актерлік өнер
259
шақырылып, актерлердің кәсіби дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Театрға
өз жұмыстарының маманы – білімді режиссер, музыканттар шақыру,
актерлер құрамының арнайы және жалпы білім деңгейін көтеру,
спектакльдердің көркемдік-идеялық мазмұнына тереңдеп бару, ілгері кеткен
ұлт театрларының тәжірибелерін пайдалану тәріздес іс-шаралар қолға алына
бастады.
Алғашқы актерлеріміз өмірдің талаптарына байланысты туындайтын
тіршілік болмысына қатысты құбылыстарды жаңа бағытта, жаңаша
көзқараста түсініп сахналауға тырысты. Заман талабына сай қойылған әрбір
қойылым актерлік өнерге жаңаша бетбұрыс, тың мазмұн, бейнелеу тәсілдерін
әкелді.
"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" спектаклін қоюшы режиссер М.Г.Насонов
пен театр актерлері пьесаның фольклорлық ерекшеліктеріне жіті назар
аударып, қойылымда халқымыздың ұлттық болмыс-тірлігін білдіретін
ерекшеліктерді суреттеуді көздеген.
Ойын өзегінде "Ұлттық салттар мен эпикалық қаһармандар өмірінің
тұрмыстық жеке көріністері спектакльдің қанына сіңіп, оған театрлық форма
беріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сахналық оқиғалардың драматизмін
күшейте түсті" [2]. Ал актерлер болса эпикалық тұрмыс суреттерін тұтас
шығарма бойынан қарастырып, кейіпкерлер бейнелерінің даралықтарын
ашуға ұмтылған. Жастайынан эпос-дастандар мен жырларды жаттап өскен
аға
буын
актерлеріміз
кейіпкерлердің
іс-әрекеттері
мен
мінез-
құлықтарындағы ұлттық сипаттар мен дәстүрлердің ашылуына көңіл
аударған. Алғашқы орындаушылардың эпикалық стильді актерлік ойын
өрнегінде дамытуы, дәстүрлік, ғұрыптық түрді ұстана отырып, алуан түрлі
актерлік ойын тәсілдерін пайдалануы спектакльдің ұлттық болмысы мен
идеясын ашуға әсері мол болған. С.Қожамқұлов Қарабай әлемінен
сараңдықтың-сараңдығын, Қарабайлықтың-қарабайлығын, бар ықыласы
малға ауған қазақтың Қарынбайын қарастырған. Ал драматург суреттеген
Қарабай туралы Ә.Тәжібаев былай дейді: "Гобсектен, Гарпогоннан біздің
Қарабай титтей де кем емес қой. Сараң жарыстыру бәйгесіне түссек озып-ақ
келер едік дейміз, өзімізді бақытты санағандаймыз. Сондықтан Ғабит
Мүсірепов Қарабайдың образын жасауда Мольер сараңының үлгісіне
еліктеген емес, онымен жарысқан деген дұрысырақ сияқты" [3]. Міне, осы ой
мен пікірді дәлелдей түскендей С.Қожамқұлов өз Қарабайының сырт пішіні
мен мінез-құлқында, қимыл-қозғалысында сараңдықтың бояуын қалыңдату
принципін қатал ұстанған, мал десе жаны мен арын аямайтын, сол үшін өмір
бақи қалтырап тірлік кешіп келе жатқан нағыз сараң адам бейнесін жасаған.
Әрине, бұл рөлді сомдауда ол өзінің өмірден көрген, естіген, сезгендеріне
сүйене отырып, қазақтың қисса-дастандарындағы сараңдар образын да
негізге алған дей аламыз. Мәселен, актер оның үнемі үрейлі бет-әлпетінен,
Достарыңызбен бөлісу: |