Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата09.03.2017
өлшемі4,08 Mb.
#8610
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


 
ҒЫЛЫМИ  ЖУРНАЛ 
1996  жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
A.Yesevi UKTÜ Bülteni 
 
Вестник МКТУ им. А.Ясави 
 
Bulletin of IKTU named A.Yasawi  
№2 (75) 
 
мамыр-маусым
 

 
2011
 
 
 
Қ о ғ а м д ы қ   ғ ы л ы м д а р   с е р и я с ы  
  
 
 
 
 
 
БАС РЕДАКТОР 
техника ғылымдарының докторы, профессор 
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ 
 
 
 
 
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ   А Л Қ А  
 
 
 
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы 
 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
 
-Бас редактордың орынбасары 
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы  
 
-аға редактор 
БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы 
-көркемдеуші редактор 
 
 
 
 
 
 А.Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің 


 
 
 
 
ҚҰРЫЛТАЙШЫ
 
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ
-
түрік университеті
 
 
 
 
 
А қ ы л д а с т а р   а л қ а с ы :
 
Ағдарбеков  Т.А.,  Айменов  Ж.Т.,  Ақбасова  А.Ж., 
Әбілтаин  М.,  Байдәулетов  И.О.,  Байжігітов  Қ.Б.,  
Бахтыбаев  А.Н.,  Бердібай  Р.,  Беркімбаев  К., 
Ділбарханова  Р.,  Жолдасбаев  С.,  Жұмабаев  М.Ж.,  
Исмаилов  А.И.,  Кенжетай  Д.,  Мұхамеджанов  Б., 
Мырзалиев  Б.С.,  Накипов  Б.,  Нұсқабаев  О., 
Раимбердиев  Т.П.,  Тәукебаева  Р.Б.,    Тұртабаев  С.Қ.,  
Сейдинов Ш.М.,  Шалқарова Ж.Н. 
 
 
 
 
Журнал  Қазақстан  Республикасының  Баспасөз  және  бұқаралық  ақпарат  істері 
жөніндегі  ұлттық агенттігінде  1996  жылғы    8-қазанда тіркеліп, №232  куәлік  берілген. 
Индекс №75637 
 
 
 
 
 
Редакцияның мекен-жайы: 
 
161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы, 
ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы, №29, 131-бөлме  
 (8-725-33) 3-31-70 (133), E-maіl: islam2006-82
@
mail.ru. 
 
 
 
 
Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінің  
«Тұран» баспаханасында көбейтілді. 
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.  
Шартты баспа табағы 17. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425. 

 
 
 
 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
  
 
Д.ӘЛКЕБАЕВА 
филология ғылымдарының докторы, профессор  
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  
 
МӘТІНТАНУДЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
В статье рассматриваются актуальные проблемы текстоведения
 
The article reveals the topical problems of the text. 
 
Қазақстан мемлекетінің білім, ғылымын дамытуда оның іргетасын берік 
қалауда ХХІ ғасырда жаңа салалары ғана айқындалып қана отырған жоқ, оны 
өркендетуге  зор  мүмкіндіктер  туып  отыр.  Егеменді  Қазақстандағы  ғылымға 
жаңа  бетбұрыстар  жасалынып  толыққанды  нысандарын  игеруге  қазақ  тіл 
ғылымы  үлкен  табыстарға  қол  жеткізді.  Қазақ  тілінің  тілтаным,  сөзтаным 
бағыттары  жаңаша  ғылыми  ізденістерге  бет  бұрды.  Өткен  ғасырдың  60-
жылдарынан  бастап  қолға  алынып  зерттелінген  мәтін  теориясы,  мәтін 
лингвистикасы,  мәтін  стилистикасы,  мәтін  түзу,  мәтін  грамматикасы,  мәтін 
прагматикасы сияқты мәтінді жан-жақты күрделі жүйе тұрғысынан зерттеуге 
қазақ  тіл  ғылымы  жаңаша  ғылыми  зерттеу  бағыттарында  көптеген 
ізденістерге қол жеткізіп отыр. 
Мәтін лингвистикасы – қазақ тіл ғылымының жаңа бағыты ретінде қазақ 
тілді филологтарға үлкен ғылыми ізденістерді зерделеуге үлкен көңіл бөлуді 
міндет  етіп  қойды.  Мәтіннің  лексика-семантикалық,  құрылымдық, 
функционалды,  прагма-стилистикалық  ерекшеліктерін  зерттеу  мәтіннің 
күрделі  құрылымдық  тұтастығын  толық  зерттеуге,  мәтінге  қатысты  жаңа 
ғылыми-теориялық тұжырымдарды айқындауды қажет етеді.  
Қазақ тіл ғылымының соңғы табыстарының бірі – мәтін теориясын, мәтін 
лингвистикасын,  мәтін  грамматикасын,  мәтін  стилистикасын,  мәтінді 
прагматикалық аспекті арқылы зерттеу болып табылады. Бүгінде әлемдік тіл 
ғылымындағы  мәтіннің  күрделі  мәнін  ашатын  мысалы  “тіл  және  мәтін”, 
“мәтін  адам  тағдыры  сияқты”,  “табиғат  мәтін  сияқты”  [1]  мәтіннің  күрделі 
мәнін ашатын анықтамалар жиі қолданысқа еніп жатыр.  
Көркем  шығармашылықтың  биік  шыңы  болып  табылатын  прозаның 
лингвистикалық  құрылымының  прагматикалық  әлеуетін  көрсету  күрделі 
зерттеуді  талап  етеді  мәтінтанудың  басты  ерекшеліктері  төмендегідей: 
прагматиканың  шындыққа  қатысын  –  семантика,  ішкі  құрылысын  – 
синтактика,  аудиторияларға  қатысын  –  прагматика  қарастырады  деген 
теориялық  негізді  басшылыққа  ала  отырып,  прагматикалық  мағына  мен 
прагмемалардың  қызметін,  эстетикалық  қызмет  пен  эстетикалық  жүйе 
сипаттарын, кейіпкерлер сөзінің тілдік көрінісі, стильдік ерекшеліктері автор 
сөзі мен қосүнді сөздің сапалануы прагматика арқылы танылады. 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Әлкебаева Д.
 
Мәтінтанудың көкейкесті мәселелері
 
 
 
 
“Самое  сладкое  слова  для  человека  –  это  имя”  деген  қанатты  сөздің 
астарында  айтушы  мен  қабылдаушы  сөзінің  прагматикасының  әлеуеті 
ерекше, бұл бүгінгі мәдени коммуникацияда бейнелік-символдық, символды-
ассоциативті, т.б. қызметімен ерекше байқалады. 
Көркем  мәтіннің  дүниетанымдық,  прагматикалық  аспектісін  құрайтын 
тілдің көпқырлы мәнін танытатын субъект маңына топтасып тұтас мағыналы 
кешен  құрайтын  жүйесі.  Шығармашылық  мән-мәтін  сияқты  күрделі 
функционалды  семантикалық-синтаксистік  әрі  жазушының  тілдік  ерекшелік 
“бет  пердесі”  мен  синтездің  үйлескен  тіркесімі  “автор  бейнесінің”  өзі,  яғни 
прагматикалық  фактор,  мәтін  түзуші  факторлардың  барлық  түрі  логика-
психологиялық, 
когнитивті-ассоциациялық, 
ұлттық-концептуациялық 
ойларының  шындыққа  қатысты  көзқарасын  анықтауды  мақсатқа  алумен 
анықталады.  Кең  көлемдегі  мәтіннің  түріне  жататын  көркем  прозаның 
күрделі  тұтастыққа  құралған  прагматикалық  мәнін  толық  ашып  берген, 
қимыл-әрекет  арқылы  толық  сақталған  сөздің  жазбаша  формасы  болып 
табылатын 
когнитивті-ақпараттық, 
психологикалық, 
прагматикалық 
ережелер  бойынша  толық  ұйымдасқан  коммуникация  бірлігінің  негізгі 
белгілерін,  ырғақтық,  құрылымдық  семантикалық  ұйымдасуы  мен 
эмоционалды  әсер  ету  нысандарының  адам  факторы  арқылы  өтуін 
прагматикалық аспектіде түсіндіру мәтіннің ғылыми-теориялық мәнін толық 
сипаттайды. 
Кез  келген  көркем  мән-мәтінге  қатысты  тұжырымдары  белсенді 
функционалды  мәнді  әрі  белсенді  емес  тілдік  бірліктерден  тұратын  деп 
бөлуге де болады. 
Қазақ  көркем  проза  мәтінінің  прагматикалық  бағдарды  қамтамасыз 
ететін  коммуникативтік  мақсат  айтушыға  әсер  ету  тактикасы  мен 
стратегиясы  көркем  мәтіндегі  іс-әрекет  кейіпкерлердің  эмоционалдылығы, 
т.б. кешенді түрде зерттеуді талап етеді.  
Көркем  мәтіннің  прагматикалық  әлеуетін  көрсететін  басты  ұстаным 
стильдік кешен  құрайтын  стильдік  өзек  пен  стильдік  аяны  негізгі  меже етіп 
ұстайды.  Көркем  мәтіндегі  стильдік  кешен  прагматикалық  әлеуетті  толық 
жүзеге  асыратыны  ғылыми-практикалық  тұрғыдан  шынайы  әрі  нәтижелі 
талдауларға  арқау  болады.  Көркем  мәтіндегі  “көңіл  аудару  қызметі” 
эстетикалық  күйге  келтіруден  басталатын  жүйелілік  когеренттілік  (мәтін 
категорияларының  басталуы)  одан  ары  қарай  корреляция  (өзара 
байланыстылық,  арақатынастық)  деген  тұтас  ұйымдасқан  кешенді 
талдауларды басшылыққа алады.  
Көркем  мәтіндегі  “автор  бейнесі”  шығарманың  барлық  стилистикалық 
және  көркемдік  жүйесін  түзуші  екенін  автор  образы  стилистикалық 
категориясынан анық байқауға мүмкіндік береді. Ғылыми тұжырымдарының 
мейлінше    нақты    көрінетін   тұсы   
“Көркем   әдебиеттің    жаны    етістіктің” 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Әлкебаева Д.
 
Мәтінтанудың көкейкесті мәселелері
 
 
 
 
динамикалық  көрінісіне  Аристотель,  А.Толстой,  Лессинг,  т.б.  өте  ерте  назар 
аударған. “Етістікпен сурет салу аз, қимыл-әрекетті бейнелеу ішкі және сыртқы 
психологияны көрсету”,  –  деп  А.Толстой  айтқандай  етістікті  сюжеттану  немесе 
етістікті  сөзтану  (глагольное  речеведение)  деген  атаулардың  көркем 
шығармадағы әсер ету теориясы арқылы, мән-мәтін түзушілік ерекшеліктері мен 
көріктеу тәсілдерімен көрінетін тұстарының, т.б. прагматикалық әлеуетін танып 
қорытындылау  да  бүгінгі  мәтіннің  сан  қырлы  аспектілерінің  басты  міндеттері 
болып  табылады  [2].  Сондықтан  мәтін  теориясы  –  өте  күрделі  сөз  құбылысы 
ретінде  танылады.  Мәтінде  тілдік  бірліктер  тілден  тыс  тұратын  факторлармен 
эстетика-стилистика;  когнитивті-ассоциациялық,  психо-әлеуметтік,  логика-
философиялық,  ұлттық  этика  басқа  да  толып  жатқан  коммуникативті-
прагматикалық актінің жүзеге асуын қамтамасыз ететін күрделі құбылыс. Мәтін 
көрсеткіші әлемдік тіл ғылымында сөз шығармашылығының қазіргі жетістіктерін 
зерттеу лингвистикасының жаңа табыстары деп айтуға болады. 
Жалпы  мәтін  терминінің  лингвистикалық  және  лингвистикалық  емес 
мағыналарының  бірнеше  мәні  бар.  Мәтін  жалпы  лингвистикалық  тұрғыдан 
алғанда бірнеше мағына береді, оның өзі тіл мен сөзге тікелей қатысты. Мәтіннің 
таза  тілдік  категориялар  арқылы  түзілісінде  әмбебаптық  тар  мағынадағы  және 
кең  мағынадағы  екі  түсінік  қалыптасқан.  Біріншісі  күрделі  синтаксистік 
тұтастықтан  түзілген  микромәтін  деп  аталса,  екінші  кең  мағынасындағы 
макромәтін  терминімен  аталатын  мәтін,  бұл  толық  аяқталған  түрі  болып 
табылады. 
Мәтін  лингвистикасының  басты  міндеттерін  көркем  мәтіннің  түзетін 
лексикалық,  грамматикалық,  стилистикалық,  т.б.  тілдік  бірліктердің  әр  түрлі 
тіркесу,  байланысу  сипаттардың  прагматикалық  бағдарға  жету  мүмкіндіктерін 
көрсетуде жаңаша зерттеу нәтижелеріне қол жеткізген. 
Мәтінге көп ғылыми тұжырым айтқан М.Бахтин “Мәтін дегеніміз алғашқы 
шындық  әрі  барлық  гуманитарлық  пәндердің  шығу  нүктесі”  деген  еді.  Ендеше 
автор  тақырыбынан  бастап  соңғы  нүктесіне  дейін  қабылдаушының  реакциясын 
біле  алмайтын,  бірақ  өзі  айтушы  әрі  қабылдаушы  болып  отыратын  автордың 
прагматикасын зерделеу өте қиын. Сондықтан мәтін қабылдаушының қабылдауы 
мен  автор  арасындағы  “диалогқа”  құрылады,  автормен  қабылдаушы  арасында 
ортақ байланыс жүріп жатады, тіпті қабылдаушыдан үлкен жауапкершілік талап 
етіледі,  “диалогта”  қабылдаушы  автормен  бірге  іскерлік  көрсете  білуі  талап 
етіледі екен. Сондықтан мәтіннің ең кең мағынасындағы түріне жататын көркем 
мәтіннің  прагматикалық  әлеуеті  өте  маңызды  коммуникативті-прагматикалық 
актіге құралады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Одинцов В.В. Стилистика текста. – М., 2004. – С 34. 
2.
 
 Стилистика  и  литературное  редактирование  \  Практикум.  Под  ред.  В.И.Максимова.  – М.,  1998. –  С 
121. 
 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
 
 
Қ.ТҰРСЫН 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
ҚОС ӨНЕРДІҢ ҚАЗАНАТЫ 
 
В  этой  публикации  анализируются  деятельность  и  многогранность  К.Смаилова  в  кино  и  на 
телевидении, где он руководил многотысячным коллективом в постсоветское время. 
 
This published work analyses K. Smailov’s many-sided activity in cinematography and on television 
where he was heading the numerous staff of employees within the post- Soviet period.  
 
Камал  Сейітжанұлын  білетін,  ол  кісімен  аралас-құралас  болған  әрбір 
адам  оның  тірлігіндегі  тынымсыз  ізденісі  мен  көл-көсір  энциклопедиялық 
білім-біліктілігіне  әрі  тамаша  ұйымдастырушылық  қабілетіне  таң-тамаша 
қалар  еді.  Өмір  ағынында  кемшілік  болса  көре  қойып,  ертеңге  қалдырмай 
газетке жариялап, сын тезіне салатын. Ал қоғамның, не БАҚ-тың өн бойында 
жылт еткен жағымды әрі көңіл сүйсінтетін жаңалық болса, оған дер кезінде 
орнықты  баға  беріп,  төбебилігін  көрсететін.  Біз  інілері  Камал  ағаның  жанға 
жайлы  жылы  жымиысы,  әзіл-қалжыңына,  үнемі  күлімсірей  әрі  бір  көзін 
қолымен  сипай  тұрып,  бетіңе  нұрлана  қарайтын  өңді  жүзіне  сүйіспеншілік 
көңілмен жауап қататынбыз. 
Камал  ағаның  цифрлары  оқырманға  хабар,  ақпарат,  мәлімет  беріп  қана 
қоймайды,  олардың  әрбіріне  бейнебір  жан  біткендей  сөйлей  жөнеледі. 
Олардың  кез  келгені  бейнелі  суретке  айналып,  көз  алдыңа  ғаламат  әрі 
жан-дүниеңді астан-кестең күйге келтіретін картина әкеледі. Міне, публицист 
қарымдылығы, 
ойының 
қуаттылығы! 
Жезқазған 
өңіріндегі 
қазба 
байлықтардың  қоры  750  миллиард  АҚШ  доллары,  не  Қазақстанның  жер 
астындағы байлық көзі 10 триллион доллар төңірегінде деп байлам жасауы да 
кезінде  көпшілік  көкейіне  қонақтады.  Әрі  осыларды  келешекте  қалай 
пайдалану,  ұқсату,  өңдеу,  бүгінгі,  болашақ  ұрпақтың  пайдасына  жарату  да 
назардан  тыс  қалмады.  Қыруар  қазына  –  халық  байлығы,  құнды  асыл 
дүниеміз  қазір  капитализмге  жетеміз  деп  асығып-аптыққан  реформалар 
тұсында шетелдік алпауыттардың қолына өтіп кетті. Шынын айтсақ, біз жер 
қойнауындағы  мұнайымыздың,  мысымыздың,  қорғасын-мырышымыз  бен 
уран-берилийіміздің  санын  есептеп  сырттай  малданғанымыз  болмаса, 
олардың  біздің  қолымызға  тиіп,  өз  байлығымыз  болып  отырғаны  шамалы 
деген пікірдің де жаны бар. Қолындағы қаламын қай салаға болмасын әрбір 
материалының  өзегінде  өмірмен  өзектестіре,  болашақпен  байланыстыра 
қатар қонақтатып, қойындастырып жатады. Бір цифрмен, салмақты бір оймен 
сезіміңді  селт  еткізіп,  ойға  қуат,  бойға  нәр  дарытады.  Қашан  да  ізденімпаз 
жан  қазыналы  Қаратау,  мұнайлы  Маңғыстау,  көмірлі  Қарағанды  жайлы 
жазбасын, бәрінде де осынау мол байлықтың  халық  игілігіне жаратылғанын,  
 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тұрсын Қ.
 
Қос өнердің қазанаты
 
 
 
 
сонда  ғана  елдің  ырысқа  кенелетінін  айта  отырып,  толғақты  ой,  толымды 
пікір түйеді. 
Камал  әлемінің  сан  алуан  қырының  екі  тұсы  бізге  ерекше  жақын. 
Алғашқысы  –  оның  қазақ  киносының  қабырғасын  қатайтып,  шаңырағын 
тіктеп,  туын  желбіретіп,  талай  саңлақ  туындылардың  экранға  шығуына 
тікелей  атсалысқаны.  Өткен  ғасырдың  орта  тұсы  қазақ  киносының  іргедегі 
қырғыз  бен  өзбек  киносынан  артта  қалып,  шаң  қауып  жатқан  кезі  болатын. 
Ел ішінде, қазақ зиялылары арасында таланттар бола тұра соларды бір жерге 
біріктіре, намыстарын қайрайтын, жігеріне жігер қосатын ерекше, тынымсыз 
тұлғаның  орны  әсіресе  кинода  ойсырап  тұрды.  Сол  мезетте  республика 
басшылығының  көзіне  небәрі  33  жастағы  Камалға  түскен  еді.  Жас  басшы 
студияға  келе  сала  режиссерлер  Шәкеннің  сезімталдығына,  Мәжиттің 
шапшаңдығына,  Сұлтан-Ахметтің  түпсіз  философиясына,  Абдолланың 
талғампаздығына  кең  жол  аша  отырып,  он  саусағымен  домбыра  шегін 
ширықтыра,  аспандағы  аққуды  көліне  қондырған,  тума  талант,  қайталанбас 
Нұрғисаны  өз  маңына  топтастыра  отырып,  киноны  тар  шеңберден  озық 
деңгейге дейін көтерді. 
Алпысыншы жылдары экранға жол тартқан “Қилы кезең”, “Қыз Жібек”, 
“Атаманның  ақыры”,  “Ел  басына  күн  туса”,  “Шоқ  пен  Шер”,  “Алты  жасар 
Алпамыс”,  “Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?”  секілді  отандық  төл 
туындылардың  әрбірінде  Камал  жүрегінің  бір-бір  бөлшегі  тынымсыз  соғып 
тұр.  “Фильмді  түсіру  кезінде  жүйке-жүйелерің  барынша  ширап,  ақыл-ойың 
бір  мақсатқа  бағышталғанымен,  кез  келген  сәтте  туатын  кездейсоқ 
жағдайларға  да  дайындық  керек.  Түсіру  кезінде  ондай  тосын  оқиғалар 
ұшырасып  тұрады”  [1.542],  -деген  белгілі  телепублицист  Сұлтан  Оразалы 
пікірі де Камал басқарған топтың ой серіппесін дәл басқандай. Киностудияда 
білімді  әрі  дарынды  Әнуар,  тегеурінді  де  талантты  Олжас,  ойлы  әрі  ілкімді 
Әкім  секілді  танымал  тұлғалармен,  сценарийлік-редакциялық  алқада  бүгінгі 
қазақ  прозасының  ақсақалы  атанған  Әбждіжәміл,  адуынды,  өршіл  Асқар, 
сабырлы  да  салиқалы  Сайын,  ізденімпаз  Қалихан  сынды  мықтылармен  тізе 
қоса еңбек етті. Осынау атан түйенің жүгін көтерген азаматтардың тынымсыз 
еңбегі, үздіксіз ізденістерінің қазақ киноиндустриясын бүгінде қандай биікке 
көтергенін  біліп-көріп  отырмыз.  Соның  бәрінің  генераторы,  дем  берушісі, 
қолдаушысы  мен  қорғаушысы  да  Камал  болды.  Әуезов  айтқандай:  “Ешбір 
өнерді  құрғақ  тілек,  құрғақ  бұйрық  туғызбайды...  Ана  жатырында  баланың 
бітуі  сияқты  сәті  келген  сағатта  тіршілік  белгісін  бастап  тоғыз-тоқсан 
құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады”. Сол айтқандай, ол өзі әрбір 
істің  басы-қасында  болып  қана  қоймады,  ойға  алған  істің  аяқсыз  қалмауын, 
сананың мүлгімеуін қатаң қадағалады. 
Өнер  саласындағы  тарланның  кинодағы  бір  ұтысы,  ол  киноның 
синтетикалық өнер екендігін ұғына отырып (оған өзінің өнертану саласының  


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тұрсын Қ.
 
Қос өнердің қазанаты
 
 
 
 
мамандығы  себепші  болса  керек-ті),  экранда  әдебиет  пен  сахналық-актерлік 
өнердің де, музыка мен суреттің де біріге астасып, жымдаса жүйеленетіндігін 
терең түсінгендігі. Әрі осы принципті режиссерлік қауымнан шынайы талап 
еткендігі  де  анық.  Әйтпесе,  сол  шақта  осыншалық  бай  әрі  ірі  мол  мұра 
экранға  қопарыла  шығып,  орнықты  қонақтар  ма  еді?  “Кино  қазақ 
психологиясына  тереңдеп  енетін  болады.  Қазақ  киносы  қазақ  тілінде 
жасалуға  тиіс.  Өйткені,  ол  қазақтарды  көрсетеді.  Басқаша  болуы  мүмкін  де 
емес қой. Бізде екі кемшілік, екі қиыр бар. Бірі – әлем киносы классиктерінің 
ұлтсыздық әдіс-тәсілдерін көріп-көшіріп алу, соған тікелей еліктеу, екіншісі – 
қазақтар туралы, солар үшін түсіреміз деп ескі сүрлеумен кету, отбасы, ошақ 
қасында  қалу.  Соларды  қалаймыз  ба?”  [2.10],-  деп  өзі  де  кезінде  тебірене 
жазған  болатын.  Демек,  өнер  атаулы  қай  кезеңде  де  өзінің  уақытпен  үндес, 
заманымен  сырлас  келетін,  көркемдік  талғам-түсінігі  мол,  қоғамның 
толғақты мәселелерін орнымен көтерген дүниелерімен де құнды әрі салмақты 
екендігі даусыз.  
Тумысынан  байқампаз  әрі  ізденімпаз  Камал  кино  саласының  зерттеу 
бағытындағы  олқылықтарын  да  бақылап-байқайды.  Осы  бір  синтезді  салаға 
білімді  әрі  ойлы  зерттеулердің  қажет  екендігін  саралай  келіп,  өз  ойын 
былайша  жеткізеді.  “Бізде  қазір  кино  өнерін  ұлттық  мәдениет  шеңберінде, 
деңгейінде  қарай  алатын  еңбектер  жоқ.  Бізге  ендігі  керегі  сол.  Кино 
синтетикалы өнер. ... Кино мәселелерін бірқатар журналистер, әдебиетшілер 
қазақша  газет-журналдарда  жазып  жүр.  Бірақ  олар  киноның  ішкі 
қыр-сырларын  терең  түсіне  бермейді.  Бізге  киноның  өз  тұрғысынан,  қазіргі 
даму  ағымы  –  бет  алыстарын  түсінетін,  білетін,  соны  қазақтың  ұлттық 
мәдениетімен,  әдебиетімен,  өнерімен  байланыстыра  қарайтын,  бағалайтын 
зерттеушілер  қажет”  [2.11].  Міне,  бүгінгі  таңда  жоғары  оқу  орындарының 
осы бағыттағы ізденушілері мен зерттеушілерінің ден қоятын, қаза зерттейтін 
саласы  да  осы  болуы  керек.  Киноның  күрделі  өнер  екендігі  –  айқын.  Оның 
сан-салалы,  қатпарлы  қабаттарын  арши  отырып,  інжу-маржанын  сүзгілеу 
үшін  де  ізденушіге  тереңдік  пен  өнердің  қыр-сырына  қанықтық  әрі 
байқампаздық қасиеттер керек-ақ. 
Отандық  киноиндустрия  саласын  жаңа  бір  рельске  қойып,  ауыр 
салмақтағы локомотивтерді (Шәкен, Мәжит, Абдолла, Сұлтан-Ахмет, Қалтай, 
Олжас,  Әнуар,  Әкім,  Қалихан,  Алтыншаш,  Төлен,  Дүйсенбек,  т.б.) 
орындарынан қозғап, оларға кинодраматургия, кинорежиссура саласында не 
істеу  керектігін  айқындап  көрсетіп  бергеннен  кейін,  Орталық  Комитет 
Камалды  өнер  атаулының  ішіндегі  ең  бір  “қауіпті”  әрі  “қатерлі”,  ең  бір 
“қызғылықты”  әрі  “тағылымды”  телевизия  саласына  алып  келді.  Ол  жайлы 
өзі былай дейді: “Телевидение аса қиын да қауіпті дүние. Күн сайын миллион 
адам  алдына  шығу  (өзін  де,  сөзін  де,  ойын  да)  деген  қияметтің  қиыны. 
Өйткені, телевидение – журналистика мен киноның қосылған, тоғысқан жері,  


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2, 2011 
 
Тұрсын Қ.
 
Қос өнердің қазанаты
 
 
 
 
солардың ортасынан туған перзенті ғой. Журналистика мен киноның сырын 
бірдей  білген  адам  телевидениені  де  тез  игере  алады.  Өмір  бізге  осындай 
адамдардың әлі де аз екенін көрсетіп отыр” [2.67]. Елуінші жылдардың соңы 
мен  алпысыншы  жылдар  Қазақ  теледидарының  (алғашқыда  Алматы 
телестудиясы)  қалыптасуы  мен  ұжым  үшін  өнердің  жаңа  бір  түріне  үйрену 
кезеңі болды. Топыраққа түскен дәннің нәрлі болуы да оған жасалған бапқа 
байланысты  теледидар  саласына  келгендерді  тың  салаға  баулу,  үйрету 
бағытындағы  мамандар  тапшылығы  көп  іске  қолбайлау  болды.  Осы  орайда 
радио  мен  газет  журналистерінің  театр,  кино  саласындағы  мамандардың 
телевизияға көмегі өлшеусіз болды. Теледидардың алғашқы дикторы, ақылы 
мен  сымбаты  қатар  тоғысқан  Совет  Масғұтов,  экран  періштесіне  айналған 
Ләскер  Сейітов,  Мәриям  Айымбетовалар,  комментаторлық  топтағы  Қадыр 
Даутов,  Жарылқасын  Нұсқабаев,  Қажы  Қорғанов,  Құсман  Игісінов, 
Амангелді  Жақсыбеков,  Сұлтанғали  Қаратаев,  Сұлтан  Оразалинов  сынды 
тарландар еңбегінің ізденісі мен сұңғылалығының арқасында аз ғана жылдар 
ішінде  жинаған  тәжірибе  келе-келе  тәлімгерлікке  айналды.  Қазақ 
телеөнерінің  жас  буын  өкілдеріне  Орталық  теледидар  мектебінің  сабағы, 
бергені мен берері де мол болды. 
Жаңа  басшы  телевизиядағы  жұмысты  тың  бағыттағы  ізденістен  және 
кадрлық  құрамды  ширата  әрі  ширықтыра  түсуден  бастады.  Телевизиядағы 
тегеурінді  күштің  салмағын  ол  бұрынғы  басшылардай  даяр  хабарларды 
көрерменге  жеткізуші  телехабаршылар-комментаторлар  арасынан  емес, 
өзгеше  телесуреткерлер,  телережиссерлер  мен  телесценарийстер  төңірегінен 
іздеуді  мақсат  тұтты.  “Өйткені,  азаматтықтың  тарихи  формуласының  өзі 
халықтық  масштабтағы  үлкен  іс  тындырудан,  ұлттың  рухани-мәдени 
дамуына  және  әлеуметтік  прогреске  лайықты  үлес  қосудан,  адамгершілік 
ерлікке пара-пар өмірлік мәні бар өнегелі іс-әрекеттерден ғана тұратындығын 
өмір  диалектикасы  дәлелдеп  отырған  жоқ  па?”  [3.247].  Ондағы  ойы 
үштағанды театр мен кино, радионың тұтастығынан келіп туындаған өнердің 
жаңа бір түріне алдымен қуатты әрі серпінді сценарийдің керектігін, ал оны 
туындату, синтезді өнердің қыры мен сырын, ұңғылы мен шұңғылын білетін, 
әрі  соны  түсінетін  суреткер  дәрежесіне  дейін  көтерілген  таланттың  ғана 
қолынан  келетіндігін  ұғынудан  туған  ой  болатын.  Осы  шақта  режиссерлық 
құрамдағы  Ыдырыс  Қасымов,  Лұқпан  Есенов,  Шолпан  Баймолдина,  Артур 
Алипов,  Асқар  Бапишев,  Александр  Пономарев,  Жеңіс  Мұқатаевтар, 
шолушы-жүргізушілер  Қажы  Қорғанов,  Амангелді  Жақсыбеков,  Роза 
Темірғалиева, 
Гүлжан 
Ерғалиева, 
Жанна 
Ахметова, 
талантты 
телесценарийстер Сұлтан Оразалинов, Құсман Игісінов, Фатима Бегенбаева, 
Серік  Байхонов,  телесуреткерлер  Сағат  Әшімбаев,  Ғаділбек  Шалахметов, 
Бейбіт  Құсанбеков,  Қынабай  Аралбаевтардың  әрбірінің  экран  көгіндегі 
жұлдыздары биік болатын. 

10 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет