1. Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы – Маңғыстау территориясындағы көтерілістің ерекшелігі болып табылады.Бұл көтерілістің болған жылы:
А.1830 ж. В.1870 ж. С.1840 ж. Д.1860 ж. Е.1850 ж.
2. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:
А.негізгі қозғаушы күш феодалдар болды
В.жалдамалы жұмысшылар қатысты
С.адайлықтардың арасындағы рулық – патриарх халдық құбылыстар сақталып қалды
Д.буржуазиялық төңкеріс болды
Е.діни сипаты
3.ХІХ ғ.ұлт-азаттық қозғалыстардың ортақ мақсаты:
А.Жеке хандық құру
В.Ресей отаршылдығын тежеу
С.Қоқан озбырлығын тежеу
Д.Отырықшылдықты өркендету
Е.Патша үкіметін құлату
4.Сәкен Сейфулиннің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы ,Ақпан және Қазан революциясы,азамат соғысы кезіндегі қазақ халқының жайын суреттеген романы:
А. «Жүсіпхан»
В. «Құлагер»
С. «Көкшетау»
Д. «Тар жол,тайғақ кешу»
Е. «өмір жолы»
5. Қазақстанда 1924 жылдың сәуір айында құрылған қоғам:
А.суретшілер қоғамы
В.сәулетшілер қоғамы
С.дінсіздер қоғамы
Д. «Сауатсыздықпен күрес»қоғамы
Е.кітапқұмарлар қоғамы
6. Қазақстандағы 1921жылғы аштық себептерінің бірін көрсетіңіз:
А.шаруалар көтерілісінің жиі болуы
В.нөсер жауындар мол болуы
С.солақай саясат
Д.шаруалардан ауыл шаруашылық өнімінің 80%`-ның тартып алынуы
Е.халықтық Қазақстаннан сыртқа көшу ағынының мол болуы
7. Қазақстанды индустриализациялау:
А.теміржол құрылысын салуданбасталады
В.зауыттар мен фабрика құрылысын салудан басталады
С.кадрлар дайындацдан басталады
Д.табиғи ресурстарды зерттеуден басталады
Е.колхоздар құрудан басталады
8. Индустриализациялауды жүзеге асыру кезінде болған проблемалар:
А.індеттер туындады
В.техникалық-экономикалық артта қалушылық проблемасы пайда болды
С.шаруалар қарсылығы туды
Д.қаржы жетіспеді
Е.шикізат жетіспеді
9. Алғашқы бесжылдық жылдарында салынған Түрксібтің әлеуметтік-экономикалық маңызды:
А.Түрксіб Орта Азия мен Сібір аудандары жалғастырды
В.елдің шығыс аудандарының экономикасының өркендеуіне әсер етті
С.елдің шығыс аудандарының мәдениетінің өркендеуіне әсер
Д.Қазақстанның жұмысшы табының өсіп-шыңдалу мектебі болды
Е.Барлығы дұрыс
10. 1921 жылғы жер-су реформасының негізгі мақсаты:
А.барлық жерді мемлекет қарамағына беру
В.жерлерді колхоздарға тарату
С.жерді халыққа жалға беру
Д.патша үкіметі тартып алған жерлерді қазақтарға қайтару
Е.жерді байларға сату
11. Азық-түлік салғырты енгізілген саясат:
А.әскери коммунизм В.ұжымдастыру
С.индустриализация Д.қайта құру Е.ЖЭС(НЭП)
12. Қазақ АКСР-іқұрылуы жөніндегі Декрет:
А.1920жылдың 20 тамызында жарыққа шықты
В.1920жылдың 6 қазанында жарыққа шықты
С.1290жылдың 1 тамызында жарыққа шықты
Д.1290жылдың 6 тамызында жарыққа шықты
Е.1919жылдың 26 тамызында жарыққа шықты
13. Қазақстан Республикасының тұңғыш астанасы болған қала:
А.Ташкент В.Қызылорда С.Орынбор
Д.Орал Е.Омбы
14. Қазақстанда патшалық саясатты әшкерелеуде,қазақ халқының ұлттық өзіндік сана-сезімін қайта өркендеуінде үлкен рөлге ие болған газет:
А. «Ұшқын» В. «Алаш» С. «Түркістан ведомостары»
Д. «Қазақ» Е. «Сібір ведомостары»
15. Ақпан буржуазиялық – демократиялық революциясы кезінде елде қос өкімет орнықты:
А.Пролетариат диктатурасы мен Құрылтай кеңесі
В.Уақытша үкімет пен Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңестері
С.Уақытша үкімет пен Қазақ округтерінің әскери үкіметтері
Д.Уақытша үкімет пен Мұсылмандық партиялары
Е.Уақытша үкімет пен Құрылтай кеңесі
16. Азамат соғысы жылдарында В.И.Лениннің тапсыруымен Ақтобе майданында қару-жарақ жеткізген интернационалдық экспедицияның басшысы:
А.Тоқаш Бокин
В.Амангелді Иманов С.Әліби Жангелдин Д.А.Розыбақиев Е.Тұрар Рысқұлов
17. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері 1917 жылғы Ақпан революциясына кейін Қазақстанның қандай бағытта дамуын қалағанын көрсетіңіз:
А.Хан билігінің орнауын қалады
В.Монархияның құлауына өкініш білдірді
С.Демократиялық мемлекет құруды қалады
Д.Толық тәуелсіздікке қол жеткізуді қалады
Е.Ұлттық автономия құруды қалады
18. Патша үкіметін көптен ұстанып келе жатқан «бөліп ал да,билей бер»тактикасын қазақ даласында тағыла қолданып ,1916жылдың тамыз айында кімдерді әскерге шақырудан босатқанын көрсетіңіз:
А.Болыс.село және ауыл билеушілерін
В.Имандарды,молдаларды,қазыларды
С.Есепшілер мен бухгалтерлерді
Д.Бұратана халықтан шыққан төмен шенді полицейлерді
Е.Барлығы дұрыс
19. 1916 жылғы көтерілістің сипаты:
А.социалистік В.буржуазиялық С.ұлт-азаттық Д.буржуазиялық-демократиялық
Е.соғысқа қарсы
20.Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстанның дамуына тигізген әсері:
А.экономикалық дағдарыс күшейді
В.аумақтағы әлеуметтік қайшылықтар күшейді
С.революция күрестің алғашарттры туындады.
Д.ер адамдар қол күшінің жетіспеуі салдарынан ауыл шаруашылығы құлдырады
Е.Барлығы дұрыс
21. Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің басталуына түрткі болған жағдай:
А.Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
В.Патшаның 1916жылдың 25 маусымында бұратана халықтарды тыл жұмыстарына шақыру жөніндегі жарлығы
С.қазақ жерлерін жаппай тартып алу
Д.қазақ жеріне қамалдар салу Е.көтерілістің қатыгездікпен басып-жаншылуы
22. Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдары:
А.1918-1922 В.1914-1917 С.1941-1945
Д.1939-1945 Е.1914-1918
23. ХХғ.басында Қазақстанды өз шикізат базасы мен экономика өнімінің нарығына айналдырған мемлекет
А.Франция В.Германия С.Ресей Д.Америка Е.Англия
24. Түркісіб-Орта Азияны сібір аймақтарымен жалғаған жол:
А.Орталық Ресей үшін жүк тасымалдаудыжүзеге асырды
В.Украинамен сауданы дамытуға әсер етті
С.елдің шығыс аймақтарының экономикасы мен мәдениетінің көтерілуіне әкелді
Д.КСРО-ның Шығысы мен Батысын қосты
Е.елдің сауда айналымына Шығыс Европа елдерін қосты
25. А.Байтұрсынов негізін қалаған газет:
А. «Омбы жаршысын» В. «Орынбор өлкесі» С. «Қазақ»
Д. «Орал күнделігі» Е. «Түркістан курьері»
26. 1917 жылы самодержавиенің құлауын қазақтар:
А.пікірлері бөлініп кетті В.айыптады С.қолдаған жоқ
Д.құптады Е.немқұайлықпен қарсы алды
27. 1905-1907 жж.Успен кенішіндегі ереуілшілердің негізгі талаптары
А.қоныс аударушылық саясатқа қарсы болды
В.саяси сипатта С.ұлттық сипатта
Д.әлеуметтік-экономикалық сипатта Е.шовинистік сипатта
28. Ресей І дүниежүзілік соғыстың басында Жетісу облысынан 34 миллион рубль сомаға тең
А.өндірістік шикізат В.нан өнімдерін әкетті
С.мал шаруашылығы шикізатын әкетті Д.көмір және отынның басқа да түрлерін әкетті
Е.мақта-мата бұйымдарын әкетті
29. Қазақстанда ХХ ғ басында дамыған өнеркәсіп түрі;
А.машина жасау В.жеңіл өнеркәсіп
С. тау-кен өнеркәсіп Д.химия өнеркәсіп Е.түрлі-түсті металургия
30. Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы аштық алдындағы халық санын; аштықтан қанша адам өлгенін көрсетіңіз.
А) 10 млн адам болды; 4 млн адам өлді.
В) 7,4 млн адам болды; 3,1 млн адам өлді.
С) 6,2 млн адам болды; 2,1 млн адам өлді.
Д) 5,5 млн адам болды; 2,5 млн адам өлді.
Е) 4 млн адам болды; 1,6 млн адам өлді.
31. Жаңа экономикалық саясат рұқсат берген іс-әрекеттер:
А) жерді жалға беруге және жалға алуға рұқсат етілді.
В) жалдамалы еңбек қолдануға рұқсат етілді.
С) кооперацияны дамытуға рұқсат етілді.
Д) салықты азық-түлікпен өтеуге рұқсат етілді.
Е) жерді жалға беруге және жалға алуға рұқсат етілді;жалдамалы еңбек қолдануға рұқсат етілді;кооперацияны дамытуға рұқсат етілді; салықты азық-түлікпен өтеуге рұқсат етілді.
32. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарында Қазақстан кәсіподақтары атқарған істер:
А) жұмысшыларды сақтандыру жүргізді.
В) сауатсыздықты жоюға қатысты.
С) сенбіліктер өткізді.
Д) кәсіподаққа қазақ пролетариаттарын тартты.
Е) жұмысшыларды сақтандыру жүргізді; сауатсыздықты жоюға қатысты; сенбіліктер өткізді; кәсіподаққа қазақ пролетариаттарын тартты.
33. Қазақ даласына жіберілген «Қызыл керуен» кешенді экспедиясының басшысы:
А) Ғани Мұратбаев.
В) Әліби Жангелдин.
С) Ахмет Байтұрсынов.
Д) Сәкен Сейфуллин.
Е) Тұрар Рысқұлов.
34. Бірінші бесжылдық жылдары:
А) 1927-1931 жж. В) 1928-1932 жж. С) 1928-1934 жж.
Д) 1927-1932 жж. Е) 1929-1934 жж.
35. Бұрын кәсіпқой революционер болған, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстандық «социализм теоретигі», «Кіші Октябрь» идеясының авторы:
А) С.Сәдуақасов. В) Ж.Мыңбаев. С) Ф.Голощекин.
Д) С.Меңдешев. Е) І.Құрамысов.
36. 20 ғасырдың 20-шы жылдарында айтылған: «Жолдас Голощекин! Осы хатта көрсетілген саясат – жалғыз ғана дұрыс саясат болып табылады деп ойлаймын» деген сөздердің авторы:
А) В.И Ленин. В) М.В.Фрунзе. С) И.В.Сталин.
Д) Я.Свердлов. Е) А.Андреев.
37. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» курсына қарсы шыққан қазақ қоғам қайраткері:
А) С.Рысқұлов.
В) І.Құрамысов.
С) С.Сәдуақасов пен Ж.Мыңбаев.
Д) М.Нұрмақов пен Д.Омаров.
Е) М.Курнаков.
38. Ұжымдастыру барысында ірі байлардың мал – мүлкін тәркілеу кезінде ескерілмеген жағдайлар:
А) көшпелі мал шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері ескерілмеді.
В) көшпелі мал шаруашылығы өндірісі процесінің ерекшеліктері ескерілмеді.
С) шаруашылық аудандарының ерекшеліктері ескерілмеді.
Д) қоғамдастыру ерекшеліктері ескерілмеді.
Е) көшпелі мал шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері ескерілмеді; көшпелі мал шаруашылығы өндірісі процесінің ерекшеліктері ескерілмеді; шаруашылық аудандарының ерекшеліктері ескерілмеді; қоғамдастыру ерекшеліктері ескерілмеді.
39. Ұжымдастыру жылдарындағы «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранының авторы:
А) Семей белсенділері. В) Торғай белсенділері.
С) Орал белсенділері. Д) Петропавл белсенділері.
Е) Жетісу белсенділері.
40. Қазақстанда күштеп ұжымдастыру жылдарында болған көтерілістер мен жаппай толқулардың саны:
А) 217. В) 372. С) 392. Д) 460. Е) 550.
41. Тарихқа «Ұлы нәубет жылдары» атауымен енген, қазақ халқының басына түскен қасірет – Қазақстан ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру қай жылдары жүргізілгенін көрсетіңіз.
А) 1927-1930 жж. В) 1928-1932 жж. С) 1930-1932 жж.
Д) 1930-1934 жж. Е) 1932-1934 жж.
42. «Қазақстан бұрын отар болған және сол отар күйінде қалып отыр», - деп күйінішпен айтқан қоғам қайраткері:
А) С.Сәдуақасов. В) Ж.Мыңбаев. С) А.Розыбакиев.
Д) І.Құрамысов. Е) Т.Рысқұлов.
43. Қазақстан КСРО-да қорғасын өндіру бойынша Ұлы Отан соғысы қарсаңында нешінші орынды иеленгенін көрсетіңіз.
А) Бірінші. В) Екінші. С) Үшінші.
Д) Бесінші. Е) Соңғы.
44. Қазақстан ОАК мен Халық Комиссарлары Кеңесінің «Ірі бай – феодалдардың мал – мүлкін тәркілеу жөніндегі» Декреті:
А) 1931 жылдың 10 маусымында қабылданды.
В) 1928 жылдың 27 тамызында қабылданды.
С) 1930 жылдың 17 шілдесінде қабылданды. Д) 1927 жылдың 13 сәуірінде қабылданды.
Е) 1929 жылдың 5 қарашасында қабылданды.
45. ЖЭС-ке көшудің басты себептерінің бірі:
А) суармалы егістік көлемінің азаюы.
В) «әскери коммунизм» саясаты бағдарламасын орындау.
С) азық – түлік салғыртын (продразверстка) әрі қарай дамыту.
Д) Еділ бойындағы аштық.
Е) шаруалардың «әскери коммунизм» саясатына қарсы бас көтерулері.
46. Репрессия жылдары кінәсіз атылған қазақстандық азаматтардың саны:
А) 35 мыңға жуық. В) 43 мыңға жуық.
С) 27 мыңға жуық. Д) 50 мыңға жуық. Е) 30 мыңға жуық.
47. Екінші Дүниежүзілік соғыс
А) Кеңес - фин соғысының басталуымен байланыстырады.
В) Германияның Норвегияға басып кіруімен байланыстырады.
С) Германияның КСРО-ға шабуыл жасауымен байланыстырады.
Д) Германияның Польшаға басып кіруімен байланыстырады.
Е) Австрия аншлюсімен байланыстырады.
48. 1940 жылдың желтоқсан айында қабылданған гитлерлік «Барбаросса» жоспарынның негізгі мәні:
А) қарсыластардың бірі ретінде Ұлыбританияны талқандау.
В) Тынық мұхиты бассейнінде өз үстемдігін жүргізу.
С) Рейх құрамына Скандинавия түбегін қосып алу.
Д) Румынияның мұнай ресурстарын рейх мүддесіне жұмыс істету.
Е) КСРО-ны талқандау арқылы шығыс жақтағы «өмірлік кеңістігін» кеңейту.
49. Ұлы Отан соғысы майдандарында қанша ақын-жазушы шайқасқанын көрсетіңіз.
А) 70-ке жуық. В) 90-ға жуық. С) 80-ге жуық. Д) 60-қа жуық.
Е) 110-ға жуық.
50. Ұлы Отан соғысы жылдарында ауылдар мен деревнялар еңбеккерлерінің онсыз да төмен хал-қуаты деңгейінің күрт төмендеуіне алып келген себептер:
А) колхоздарда еңбекке жарамды адамдар азайды.
В) әйел еңбегінің үлес салмағы өсті.
С) еңбеккүнге азық-түлік беру тоқтатылды.
Д) жұмыс лагерьлік жүйе түрінде ұйымдастырылды.
Е) колхоздарда еңбекке жарамды адамдар азайды, әйел еңбегінің үлес салмағы өсті, еңбеккүнге азық-түлік беру тоқтатылды, жұмыс лагерьлік жүйе түрінде ұйымдастырылды.
51. Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталу мерзімі:
А) 1945 жылдың 2 мамыры. В) 1945 жылдың 9 мамыры.
С) 1945 жылдың 1 тамызы. Д) 1945 жылдың 2 қыркүйегі. Е) 1945 жылдың 1 қазаны.
52. Рейхстагқа ту тіккен қазақстандық батырлар:
А) И. Сьянов пен Х. Қайдауов.
В) К.Мәденов пен Р.Қараманов.
С) Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов.
Д) З.Тұрарбеков пен А.Еремеев.
Е) Х.Көбеков пен Н.Шелихов.
53. Қазақ радиосы 1942 жылдың 23 қазаны күні ... арнайы хабар ұйымдастырған.
А) Одесса қаласының қорғаушыларына арнап
В) Сталинград қаласының қорғаушыларына арнап
С) Ленинград қаласының қорғаушыларына арнап
Д) Мәскеу қаласының қорғаушыларына арнап
Е) Севастополь қаласының қорғаушыларына арнап
54. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу түбінде шайқасқан 316-шы атқыштар дивизиясын басқарған генерал-майор:
А) Б.Момышұлы. В) К.А.Семенченко.
С) И.В.Панфилов. Д) С.Баймағамбетов. Е) Т.Тоқтаров.
55. Сталинград майданына Қазақстанның қай аумағынан ресурстар көптеп жеткізілгенін көрсетіңіз.
А) Оңтүстік Қазақстаннан. В) Орталық Қазақстаннан.
С) Солтүстік Қазақстаннан. Д) Батыс Қазақстан облысынан.
Е) Шығыс Қазақстан облысынан.
56. Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру
А) 1946 жылы басталды. В) 1949 жылы басталды.
С) 1951 жылы басталды. Д) 1954 жылы басталды.
Е) 1959 жылы басталды.
57. Тың игеру жылдарында Қазақстанға Кеңес Одағы республикаларынан көшіп келген адам саны:
А) 10 млн адам. В) 5 млн адам. С) 2 млн адам.
Д) 1 млн адам. Е) 0,5 млн адам.
58. Тың жерлерді игеру үшін 1954-1955 жылдары Солтүстік Қазақстанға 650 мың адам келді. Ал нақты қажет болған адам саны:
А) 500 мың адам. В) 230 мың адам. С) 270 мың адам.
Д) 180 мың адам. Е) 130 мың адам.
59. Тың және тыңайған жерлерді игерудің теріс салдары:
А) топырақ эрозиясы пайда болды.
В) экологиялық тепе-теңдік бұзылды.
С) шыбындық және жайылым жерлер қысқарды.
Д) қоныстар елді мекендер салуға тартып алынды.
Е) топырақ эрозиясы пайда болды, экологиялық тепе-теңдік бұзылды, шыбындық және жайылым жерлер қысқарды, қоныстар елді мекендер салуға тартып алынды.
60. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында мал шаруашылығының артта қалуының басты себептері:
А) материалдық-техникалық база жетіспеді.
В) тиімділігі төмен экологиялық заңдар қолданылды.
С) жерді ойсыз жырту нәтижесінде жайылымдық жерлер қысқартылды.
Д) күшпен ұжымдастыру салдары әсер етті.
Е) материалдық-техникалық база жетіспеді, тиімділігі төмен экологиялық заңдар қолданылды, жерді ойсыз жырту нәтижесінде жайылымдық жерлер қысқартылды, күшпен ұжымдастыру салдары әсер етті.
61. Репрессияға ұшыраған тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмахановтың «қылмысы»:
А) Қазақстанның сыртқы байланыстарына баға берді.
В) Қазақстанның мәдениетінің дамуына баға берді.
С) қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресін шынайы ашып көрсетті.
Д) Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуына баға берді.
Е) тарихтағы жеке тұлға рөлінің бағасын берді.
62. Сегіз жылдық жалпыға міндетті білім жүйесіне көшудің негізін салған 1959 жылы қабылданған заң:
А) «Қазақ КСР-дегі халық ағарту ісін жақсарту жөніндегі» Заңы.
В) «Қазақ КСР-дегі жоғары және орта білім жүйесін одан әрі дамыту шаралары жқніндегі» Заңы.
С) «Қазақ КСР-і ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтындағы өрескел саяси қателіктер жөніндегі» Қаулы.
Д) «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі» Заңы.
Е) «Өнеркәсіп басқару органдарына өзгерістер енгізу және мемлекеттік басқару органдарын қайта құру жөіндегі» Заңы.
63. Өнеркәсіптік және азық-түлік тауарлары карточкалық жүйесі 1947 жылдың аяғына қарай
А) жартылай жойылды. В) жойылды.
С) уақытша тоқтатылды. Д) күшейтілді. Е) енгізілді.
64. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстан экономикасы бойынша жатқан елдер қатары:
А) жоғары дамыған ел болды.
В) индустриялды ел болды.
С) аграрлық ел болды.
Д) аграрлық - өнеркәсіптік ел болды.
Е) дамыған ел болды.
65. Семей полигонындағы алғашқы ядролық сынақ болған жыл:
А) 1948 жылы. В) 1945 жылы. С) 1950 жылы.
Д) 1951 жылы. Е) 1949 жылы.
66. Қазақ КСР- нің экономикасындағы 60-жылдары ҒТР-дың басымыққа ие болған бағыты:
А) ғарышты игеру.
В) биотехнологиялық.
С) нано технологиялық.
Д) электрлендіру.
Е) интернет жүйесінің дамуы.
67. 1979 жылы Неміс автономиясының құрамына енгізу жоспарланған Қазақстан облыстары:
А) Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары.
В) Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары.
С) Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстары.
Д) Орал, Торғай, Ақмола, Көкшетау облыстары.
Е) Жамбыл, Торғай, Көкшетау, Ақмола облыстары.
68. 1989 жылы Жаңаөзен қаласында болған оқиғаның себебі:
А) партияның кадр мәселесіне наразылық.
В) әлеуметтік қайшылықтар.
С) бағаның өсуі.
Д) жалақының уақытында төленбеуі.
Е) басқарудың отаршылдық әдістері.
69. Қайта құру бағытына бет түзеудің басталған жылы:
А) 1983 жылы. В) 1984 жылы. С) 1985 жылы. Д) 1986 жылы.
Е) 1991 жылы.
70. 1986 жылдың 17 – 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаның сипаты:
А) экономикалық сипатта болды.
В) саяси сипатта болды.
С) ұлтшылдық сипатта болды.
Д) ұлт-азаттық сипатта болды.
Е) әлеуметтік сипатта болды.
71. Жаңаөзен қаласындағы тәртіпсіздіктерге алып келген шешімі табылмаған әлеуметтік проблемалар кешені мен вахташы-мұнайшылардың теріс тәртібі
А) 1986 жылдың маусым айында орын алды.
В) 1988 жылдың маусым айында орын алды.
С) 1989 жылдың маусым айында орын алды.
Д) 1990 жылдың маусым айында орын алды.
Е) 1991 жылдың маусым айында орын алды.
72. Жаңа саяси ойлау дегеніміз, бұл-
А) КСРО басшылығы 80-ші жылдардың аяғында ұсынған халықаралық қатынастар концепциясы.
В) В.И.Ленин ұсынған мемлекеттердің қатар бейбіт өмір сүру принципі.
С) 70-шы жылдардағы саяси лидерлердің рөлдерін қайта бағалау.
Д) 50-60-шы жылдардағы жеке басқа табынушылық салдарымен күрес.
Е) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыт алу.
73. КОКП ОК 1987 жылдың шілде айындағы Пленумының 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына берген бағасы:
А) қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағалады.
В) ұлт-азаттық қозғалыс ретінде бағалады.
С) ынтымақтастық демонстрациясы ретінде бағалады.
Д) демократиялық жастардың толқуы ретінде бағалады.
Е) азаматтардың ойын еркін білдіруі ретінде бағалады.
74. Қазақстан Республикасында 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні қалай аталатынын көрсетіңіз.
А) Тұңғыш Президентті сайлау күні.
В) Алматы декларациясына қол қою күні.
С) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
Д) Қазақстанның Тәуелсіздік күні.
Е) Қазақстанның БҰҰ-ға қабылдану күні.
75. «Стратегия» дегеніміз – бұл:
А) болашақты болжауға негізделген басшылық жасауды жоспарлау өнері.
В) қандай да бір мақсатқа қол жеткізу әдіс-тәсілдері.
С) сол сәттегі жағдаятты талдап - қорыту.
Д) іс-әрекеттер жоспары.
Е) болашақты болжауға негізделген басшылық жасауды жоспарлау өнері; қандай да бір мақсатқа қол жеткізу әдіс-тәсілдері; сол сәттегі жағдаятты талдап-қорыту; іс-әрекеттер жоспары.
76. Сібір генерал-губернаторы Сперанскийдің басшылығымен 1822 ж. Дайындалған заң:
А) «Шаруаларды көшіру ережесі» дайындалды.
В) денсаулық сақтау жүйесіне реформа жүргізу заңы дайвндалды.
С) «Орынбор қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» дайындалды.
Д) «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» дайындалды.
Е) өлкенің экономикасы мен мәдениетіне реформа жүргізу заңы дайындалды.
77. 1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Каспий сырты облысына өткен жері:
А) Бөкей Ордасы.
В) Каспийдің солтүстік-шығысы.
С) Маңғыстау приставтығы.
Д) Кіші жүз аймағы.
Е) Орал.
78. С.Сәдуақасовтың «Қазақстан бұрын отар болған және сол отар күйінде қалып отыр» деген сөзін Қазақстанды индустриализациялаудың қандай кері салдары дәлелдейді?
А) машина жасау өндірісі болмады. ) машина жасау өндірісі болмады.
В) энергетикалық база артта қалды.
С) Республикадан сирек металдар, мұнай, көмір, фосфориттер сыртқа тасымалданды.
Д) қорғасын өндірісі болмады.
Е) машина жасау өндірісі болмады; энергетикалық база артта қалды; Республикадан сирек металдар, мұнай, көмір, фосфориттер сыртқа тасымалданды; қорғасын өндірісі болмады.
79. Ұлт жоспары- «100 нақты қадам» туралы түсінігің?
А) Қазақстанның даму жолындағы 5 институционалды реформа
В) Ауқымды стратегиялық бағдарлама
С) Халықтың легитимді билікке деген сенімі
Д) Барлығы дұрыс
Е) Халықтық реформа
80. ҚР Президентінің « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы қашан қабылданды?
А) 2015 жылы 30 қарашада
В) 2014 жылы 20 қарашада
С) 2016 жылы 15 қаңтарда
Д) 2010 жылы 2 желтоқсанда
Е) 2005 жылы 30 қарашада
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның даму болашағының мақсаттары көрсетілген еңбегі:
А) «Тарих толқынында»
В) «ХХ ғасыр қарсаңында»
С) «Қазақстан - 2030»
Д) «Ғасырлар тоғысында»
Е) «Тәуелсіздік белестері»
82. 2010 жылы Қазақстан төрағалық еткен ұйым
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы
Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Еуропа Қауіпсіздік ж/е Ынтымақтастық ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
83 Индустрияландыру жылдарында Қаныш Сәтбаевтың сіңірген еңбегі
Жезқазған ауданындағы мыс кенін зерттеді
Батыс Қазақстандағы минерал-шикізат байлықтарын зерттеді
Қазақ АКСР Ғылым Академиясын құрды
Тарағатай тауларын зерттеді
Орал-Ембі аймағын зерттеді
.Мемлекет басшысының 2018 жылы 10 қаңтардағы қазақстан халқына жолдауы
Нұрлы жол-болашаққа бағыт
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
Дағдарыстан-жаңару мен дамуға
Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері
Еркін,тиімді ж/е қауіпсіз қоғамға
85. 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға
А. ҚР-ның Әнұраны бекітілді
В. ҚР-ның Туы мен Елтаңбасы бекітілді
С . Астана көшірілді
Д. Ұлттық валюта айналымға енгізілді
Е. Жаңа Конституция қабылданды
86. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қашан қабылданды
А. 2016 жылы 1 сәуірде
В. 2017 жылы 12 сәуірде
С. 2016 жылы 1 қаңтарда
Д. 2017 жылы 10 қаңтарда
Е. 2017 жылы 15 желтоқсанда
87. 226. Рухани жаңғыру мақаласында қоғамның санасын жаңғыртудың неше бағыты бар
А. 3
В. 4
С. 5
Д. 6
Е. 7
88. Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31-ші қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын атаңыз
А. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
В. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
С. «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Д. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
Е. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»
89. 2017 жылы Қазақстанда өткен дүниежүзілік көрме
А. БҰҰ көрмесі
В. Мәдени көрме
С. Тарихи мүсіндер көрмесі
Д. ЕХРО көрмесі
Е. Өндірістік көрме
90. ЕХРО-2017 көрмесінің тақырыбы
А. Табиғат байлықтары
В. Мәдениет айырбасы
С. Ұлттық құндылық
Д. Әлеуметтік жетістік
Е. Болашақ энергиясы
91."Амангелді" фильміне сценарий жазған жазушы кім еді?
А) Тахауи Ахтанов
В) Асқар Сүлейменов
С) Оралхан Бөкей
D) Сабит Мұқанов
Е) Ғабит Мүсірепов
92.Қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы атанған ғалым кім?
А) Ермұхан Бекмаханов
В) Сабит Мұқанов
С) Санжар Аспандияров
D) Қаныш Сәтбаев
Е) Мұхтар Әуезов
Достарыңызбен бөлісу: |