Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет38/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Альжанова Э.Е.
 
Особенности социальной политики в советский период 
 
 
Перекосы,  имевшиеся  в  социальной  сфере,  были  неразрывно  связаны  с 
политикой  руководства  КПСС  и  советского  государства  в  области 
экономического развития бывших союзных республик. В СССР, несмотря на 
провозглашенный  интернационализм,  социалистическая  система  на 
протяжении  десятилетий  жесточайшим  образом  подавляла  свободное 
развитие  наций.  В  социально-экономическом  аспекте,  отношения  центра  и 
регионов  носили  полуколониальный  характер.  Регионам  сознательно 
задавалась сырьевая направленность экономики, ее некомплексный характер. 
Общий  социально-экономический  кризис,  охвативший  СССР  в  1980-е  годы, 
высветил многое из того, что ранее не было заметно и приписывалось лишь 
капиталистической  системе  -  спад  производства,  ухудшение  жизни 
населения, рост безработицы, духовное обнищание и другие. 
По  заключению  французского  исследователя-историка  Н.  Верта, 
вползание советской экономики в кризис обусловило выбор легких решений, 
предпочтение  консервативных  мер,  отказ  от  радикальных  преобразований, 
торможение,  а  затем  и  провал  беспрестанно  выхолащивающейся  реформы. 
Так,  в  1970-1985  годах  наметилось  падение  темпов  роста,  как  в 
промышленности, так и в сельском хозяйстве. В промышленности с 8,4% во 
второй половине 60-х годов до 5% в 1981-1985 годы. В сельском хозяйстве с 
4,3% до 1,4%, соответственно; в производительности труда с 6,3% до менее 
3%;  в  объемах  капиталовложений  с  7,5  до  1,8%.  В  середине  70-х  годов 
снижение всех показателей резко ускорилось [5]. 
Именно  в  эти  годы  стал  более  наглядным  разрыв  между  лозунгами 
социального  равенства  и  реальной  жизнью.  Нарастали  диспропорции  в 
финансировании  различных  отраслей  экономики.  Кризис  государственного 
управления, замедление роста, а затем фактическая стагнация производства, 
скрытая  инфляция,  стихийное  перераспределение  общественного  богатства, 
тенденция  криминализации  общества  и  многие  другие  признаки  кризиса 
общественной  системы  в  целом  привели  уже  с  середины  1980-х  годов  к 
подрыву  социальной  инфраструктуры,  к  развертыванию  негативных  сторон 
ее функционирования. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Сборник статей международной научно-практической конференции «Социальная сфера: проблемы 
реформирования и интеграция». Санкт-Петербург, 2000, С.28.  
2.
 
Быкова С.Н., Любин В.П. Бедность по-русски и по-итальянски // СОЦИС. -1993.-№2.-с.135. 
3.
 
Общество и экономика. М, 1997, № 2, С.54. 
4.
 
Народное хозяйство Казахстана за 70 лет. Сб. стат., Алма-Ата: Казахстан, 1990, С.33-34. 
5.
 
Верт Н. История советского государства. М.: Прогресс, 1992, С.402-403. 
 
 
 
 
 
 
 

297 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
М.М.ТАСТАНБЕКОВ  
тарих ғылымдарының кандидаты 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
ТОМАС МОР АҒЫЛШЫН ГУМАНИЗМІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ 
 
В  статье  рассматривается  вопрос  распространения  идеи  гуманизма  в  Англии  и  гуманные 
воззрения Томаса Мора как одного из основоположников английского гуманизма. 
 
This  article  deals  with  the  matter  of  prevalence  of  humanism  ideas  in  England  and  with  humane 
views of Thomas Moor as one of the founders of English humanism. 
 
Қайта  өрлеу  идеясы  Англияға  Нидерланды  және  Германиямен 
салыстырғанда  біршама  кеш  енді.  Жеке  елдердің  тарих  саласындағы 
алғашқы  гуманистік  тәжірибелерін  итальяндықтар  жасады,  сондықтан 
оларды  осы  мақсатта  арнайы  шақырды  немесе  Италиядан  Ренессанс 
үлгісіндегі  ғимараттарды  салу  және  көркемдеу  үшін  архитекторлар  мен 
суретшілерді алдырғандай алдырды [1].  1500 жылы Англияда барлығы 5 
баспахана болған болса, осы уақыттағы Германиядағы баспахана саны 51-
ге  жеткен.  Англияда  білімді  адамдардың  да  саны  көп  емес  еді,  мұндай 
пікірді  аталмыш  уақыттағы  Англия  жөніндегі  итальяндықтардың 
жазбалары растайды. Король өкіметі, әсіресе VIII Генрих пен оның жақын 
көмекшілерінің  тұсында  олар  абсолютизм  жақтастары  және  үкімет 
саясатының  насихатшылары  ретінде  қызмет  етеді  деген  есеппен 
гуманистерді  қорғауға  алды  және  материалдық  көмек  көрсетіп  отырды. 
Кейбір авторлар гуманизм Англияда XVI ғасырдың басында дамыды деп 
көрсетуге  тырысқанымен,  Англияда  гуманистік  тарихнама  Италия  және 
Францияға қарағанда әлсіз еді. Тарихи шығармалар ғажайып оқиғалардан 
арылды, сонымен қатар дәстүрлі жылнамалық қалып сақталып қала берді. 
Дегенмен,  Қ.Т.Жұмағұловтың  айтуынша,  "...XVII  ғасырдағы  Еуропадағы 
алдыңғы  қатарлы  еуропалық  ойлардың  "ағылшындық"  ғасыры  ағылшын 
буржуазиялық революциясы мәселелері төңірегінде топтасты" [2].  
XVI ғасырдағы алғашқы қорланудың жедел үрдісі, оның салдарлары 
мәдениеттің  дамуына,  ағылшын  гуманизмінің  сипатына  әсер  етті,  сол 
арқылы осы кезеңдегі ағылшын тарихнамасының ерекшеліктерін анықтап 
берді.  Англияның  құрлықтан  оқшау  орналасуының  арқасында 
қалыптасқан  өзіндік  мәдениеті  мен  саяси  дәстүрлеріне  қарамастан, 
Еуропаның  өзге  елдері  сияқты  Англия  да  гуманистік  білімнің  алғашқы 
ұрығын  Италиядан  алды.  XII  ғасырдан  бастап  баюды  мақсат  тұтқан 
итальян  саудагерлері  мен  өсімқорлары  Лондонда  қоныстанып,  өз  сауда 
үйлерін  ашып,  екі  ел  арасындағы  қатынасты  жақындатуда  белгілі  рөл 
атқарды. Ағылшындардың кейбір билеуші өкілдері итальян  

298 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М. Томас Мор ағылшын гуманизмінің көрнекті өкілі ретінде 
 
 
қолжазбаларымен  танысу  мақсатында,  Италияға  бару  мүмкіндіктеріне  ие 
болды. Дегенмен, XV ғасырдың ортасына дейін ағылшын-итальян мәдени 
байланыстары  мардымсыз,  ал  итальян  ағартушылығының  ықпалы 
салыстырмалы түрде әлсіз болды. Ағылшынның ұлы ұлттық ақыны Чосер 
1373  жылы  Италияда  үш  ай  болғаннан  кейін  оның  шығармашылығында 
Боккаччоның  "Декамеронының"  ықпалын  аңғаруға  болады.  В.Крусман 
"Ағылшын 
гуманизмінің 
бастауында" 
атты 
еңбегінде 
итальян 
гуманистерімен  хат  жазысып  тұрған  Петрарка  Ричард  де  Бери,  епископ 
Дурэмский  мен  Салутати  Томас  Фитц-Алань,  лорд  Эрундель, 
архиепископ  Кэнтерберскийді  (ХVғ.  I  жарт.)  "бірінші  ағылшын 
гуманистері"  деп  атап,  Англия  тарихында  гуманизмді  тереңірек 
қарастыруды ұсынады және бұл мәселені жан-жақты талдайды [3]. 
XV  ғасыр  соңында  феодалдық  қырқысулардың  тоқтауымен  ел 
билеушілері  және  бай  саудагерлердің  итальян  мәдениетіне  қызыққан 
балалары  Ренессанс  пен  гуманистік  ілім  орталықтары  —  Флоренция, 
Падуя,  Феррари,  Болоньяға  ұмтылды.  Кейінгі  кезеңдерде  Англияда 
гуманистік  білім  орталықтарына  айналған  университеттерде  Италия, 
Голландиядан  дәріс  оқуға  шақырылған  ғалымдармен  бірге  Лэт,  Валла, 
Полициано  шәкірттері  болған  классикалық  филология  профессорлары 
Вильям Гросайн, Ричард Пейс, Томас Линэкр, Джон Колет, Вильям Лили 
еңбек  етті.  Олардың  барлығы  ағылшын  гуманистері  өкілдерінің  ішіндегі 
ең ірісі Томас Мордың ұстаздары және жақын достары болған. Т.Мордың 
жақын  досы,  неміс  гуманисі  Эразм  Роттердамский  өз  еңбектерінде 
гуманистік көзқарасты одан әрі дамытты [4]. 
Кембридж  университетінде  Юст  Липсий  дәріс  оқыды.  Осы 
университетті  айрықша  білімді  және  есте  сақтау  қабілеті  ерекше 
шотландық Фома Демпстер бітірген. Ол латын авторларының еңбектерін 
мәтінге қарамай, жатқа білген. Саяси себептермен Англиядан қуылған ол, 
Торуни,  Сорбонна,  итальян  университеттерінде  дәріс  берді.  Демпстер 
Италияда жүріп "Патшалық Эртрурии туралы" еңбегін жазған. Аталмыш 
зерттеу Демпстер қайтыс болғаннан жүз жылдан кейін жарық көрді және 
эртрускология  саласындағы  классикалық  еңбектердің  бірінен  саналады 
[5]. 
Сарай-ақсүйектері арасында итальян тілінің сәнге айналуы және әрбір 
танымал  отбасының  үйінде  француз  тілі  мұғалімін  ұстауы  Англияда 
итальяндық  және  француздық  қайта  өрлеу  мәдениетінің  ықпалы  күшті 
болғандығын және бәсекелесіп жүргендігін аңғартады. 
Гуманистік  идеяның  Англияға  енуінің  нәтижесін  ағылшындық 
гуманизмнің ірі өкілі Томас Мордың (1478-1535ж.ж.) қызметімен  

299 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М. Томас Мор ағылшын гуманизмінің көрнекті өкілі ретінде 
 
 
байланыстыра  қарауға  болады.  Жазушы-сатирик  Лукиан  жәдігөйлік  пен 
соқыр  сенімге  қарсы  күресі  жағынан  Т.Морға  жақын  болды.  Мор  латын 
тіліне  аударған  Лукианның  еңбегі  XVI  ғасырдың  өзінде  ғана  16  мәрте 
қайта басылып шықты. 
Бұл  жерде  ескере  кететін  мәселе  Тюдорлардың  абсолютизміне 
гуманистік  оппозиция  XVI  ғасырдың  соңында,  яғни  абсолютизм  өзінің 
прогрессивті    рөлі    мен    міндетін    атқарып    болып,    енді  буржуазиялық 
дамуға  тежеу  жасай  бастағанда  пайда  болды.  Гуманистер  үкіметтің 
қырағы  бақылауында  болғандықтан,  Тюдорлардың  өздеріне  жүктелген 
саясатын  түсіндірушілер  мен  қорғаушылар  рөлі  шеңберінен  ерекше 
жағдайда  ғана  шығып  отырды.  Үкіметтік  иерархияның  жоғары 
баспалдақтарына  жеткен,  кейін  VIII  Генрихтың  саясатына  енжар 
қарсылығы  үшін  өлімге  кесілген  Т.Мордың  тағдыры  жоғарыда  атап 
отырған  шеңберден  шыққан  ерекше  жағдайлардың  бірі  болды.  Т.Мор 
төңірегінде алып-қашпа пікірталастар өте көп. Олардың ең бастысы 1516 
жылы  Лувенде  жарық  көрген  "Мемлекеттің  ең  жақсы  құрылымы  туралы 
пайдалы да қызықты және жаңа арал Утопия жөнінде, Алтын кітап", яғни 
көпшілікке  жай  ғана  "Утопия"  деген  атпен  белгілі  еңбегіне  қатысты  еді. 
Т.Мор  жөнінде  тек  "Утопия"  авторы  ретінде  В.В.Святловский, 
М.П.Алексеев, 
И.Н.Осиновский, 
т.б. 
көп 
жазғандықтан 
еңбек 
мазмұнындағы  мәселелерді  талдауға  тоқталмай-ақ  қоямыз.  Назар 
аударатын мәселе "Утопияның" Лукианаға еліктеу ретінде жазылғандығы 
және  Э.Роттердамский  ойларының  үлкен  бөлігін  қамтығандығы.  Тіпті 
ғылыми ортада "Эразм еңбектің бірінші тарауының авторы болған" деген 
де  дәлелденбеген  пікір  бар.  Кітап  1517  жылы  Парижде,  1518  жылы 
Базельде жарық көрді. Қалай дегенмен де мұның барлығы Томас Мордың 
шетел  гуманистерімен  тығыз  байланыста  болғандығын  және  олардың  өз 
кезегінде  Т.Мор  шығармашылығын  дәріптегенін  көрсетеді  [6].  Англияда 
"Утопия"  өте  кеш,  Томас  Мор  қайтыс  болғаннан  кейін,  22  жылдан  соң, 
1557 жылы Лондонда бірінші рет жарық көрді. 
Біз  үшін  маңыздысы  -  өзі  тарихшы  болмаса  да  Англияда  тарихи 
ойдың  қалыптасуына  Т.Мордың  тигізген  әсері.  Оның  өз  заманы  үшін 
тарихи  оқиғаларға  терең  бойлай  алуы  назар  аудартады.  Бұл  ең  алдымен 
оның  көзқарастары  жаңа,  капиталистік  қоғамдық  құрылыстың 
элементтері  қайнап  жатқан  тұста  ағылшындық  негізде  пайда  болуымен 
түсіндіріледі.  Ол  өз  замандастарына  қарағанда  тарих  және  адамзаттың 
болашақ  тағдыры  мәселелеріне  мүлдем  жаңа,  терең  прогрессивті 
тұрғыдан қарады. Т.Мор өзі өмір сүрген қоғамда орын алып отырған  
 

300 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М. Томас Мор ағылшын гуманизмінің көрнекті өкілі ретінде 
 
 
саяси  құрылысты  сынай  отырып,  гуманизм  ұғымына  әлеуметтік 
әділеттілікке ұмтылысты енгізді. 
Кеңестік  тарихнамада  Т.Мор  "утопистік  социализмнің"  негізін 
салушы  ретінде  қарастырылса,  біз  үшін  оның  "Утопиясы"  ХV-ХVІ 
ғасырларда  Англияда  орын  алған  Қызғалдақ  пен  Сарғалдақ  соғысының 
нәтижесі,  феодалдық  жасақтардың  таратылуы,  қаңғыбастық  және 
қаңғыбастарға  қарсы   заңдар,   шаруалардың   жаппай қайыршылануына 
алып  келген  "қоршау"  саясатының  бастапқы  нәтижелері  және  т.б. 
әлеуметтік-тарихи үрдістер жөніндегі тарихи еңбек екендігімен құнды. 
Дегенмен  Т.Мордың  басты  тарихи  шығармасы  1513-1517  жылдары, 
яғни  "Утопиямен"  бір  мезгілде  жазылған  "III  Ричардтың  тарихы"  атты 
еңбек  болып  табылады.  Лондон  шерифінің  көмекшісі  болып  жүріп 
жазылған  бұл  шығарма  тарихилығы  жөнінде  пікірталас  көп  болды. 
Э.Р.Майерс, Э.Ф.Поллард, Э.М.Рут, Э.Э.Рейнольде, Дж.Рамзей, У.Стэббс, 
Б.В.Чэмберс,  У.Е.Кэмпбелл,  т.б.  әр  кезеңде  бұл  еңбек  туралы  өз 
көзқарастарын білдірді. Олардың көпшілігі "тарихи еңбек" деген тоқтамға 
келіп,  британ  тарихнамасына  қосылған  үлкен  үлес  деп  бағалайды. 
Е.В.Кузнецов  өзіне  дейінгі  тарихи  деректер  мен  тарихи  жазбаларды 
салыстыра келіп, "Бұл әдеби емес, әдеби құндылыққа ие тарихи шығарма" 
деген  тұжырым  жасаған  [7].  Бұл  еңбектің  латын  тіліндегі  алғашқы 
нұсқасы 1565 жылы Лувенада жарық көрсе, Т.Мордың өзі ағылшын тіліне 
аударған  нұсқасы  ағылшындық  гуманистік  прозаның  бірінші  үлгісі 
ретінде 1706 жылы баспадан шықты. 
Бұл  еңбекте  Т.Мор  мемлекеттік  билік  және  III  Ричардтың  басқару 
әдісін,  билікке      қол      жеткізу      мақсатындағы        іс-әрекеттерді      сынға   
алады.    Т.Мор  алғашқылардың  бірі  болып  елдің  королінің  арсыздық 
келбетін  ашты,  тарихи  зерттеулерге  адамшылдық  өлшемін  енгізді. 
Макиавеллидің "мемлекеттік мүддені" бәрінен жоғары қоятын қағидасына 
мораль  қағидасын  қарсы  қойды.  Макиавелли  соғыс,  жаулап  алу,  билік 
үшін талас сияқты әрбір мақсатты іс-әрекетті өзінің "мемлекеттік мүдде" 
қағидасымен  түсіндіруге  тырысса,  Т.Мор  тарихи  оқиғаларды  баяндай 
отырып,  өзінің  басты  кейіпкерінің  ішкі  дүниесіне  үңіліп,  қара  ниетін, 
қызғаншақтық,  қатыгездік  сияқты  кері  қасиеттерін  мораль  қағидасы 
тұрғысынан  ашқан.  Т.Мор  замандастарының  болған  оқиғаны  баяндаған 
жазба және ауызша мәлімет деректерін кеңінен пайдаланды. Алайда Мор 
оларды  талдау  кезінде  III  Ричардтың  біржақты  бейнесін  сомдауға  және 
өкіметке шектен тыс құлшыныстың қателігін көрсетуге ұмтылып, қажетті 
объективтілікті  әрдайым  сақтай  бермеді.  Ағылшын  тілінде  шыққан  "ІІІ 
Ричардтың тарихы" нұсқаларының бірінде  

301 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тастанбеков М.М. Томас Мор ағылшын гуманизмінің көрнекті өкілі ретінде 
 
 
Т.Мор  "бұл  тарихты  әрі  қарай  дамытуға  ораламын"  деп  [8]  жазып,  VII 
Генрихтың  билік  құрған  кезеңін  жазуды  немесе  алаяқ  Перкин  Варбек 
"тарихының" қысқаша очеркін құрастыру жоспарын айтқан. Алайда оның 
бұл  ойының  орындалмағандығы  белгілі,  Т.Мор  тіпті  "III  Ричардтың 
тарихын"  аяқтай  алмады.  III  Ричардтың  тағдыры  арқылы  жоғары 
моральдық қағидаларды бұзу мемлекетті және билеушінің өзін де даңқсыз 
қазаға   ұшырататындығын   көрсеткісі    келді.   Еңбекте    III   Ричардтың 
қатыгездігін  көрсететін  оқиғаның  бірі  ретінде  өз  бауыры  IV  Эдуардтың 
балалары  Эдуард  пен  Ричардты  заңсыз  некеден  туылған  деп,  Тауэрге 
жабуы  және  оларды  өлтіргізуі  баяндалады.  Т.Мор  "қаражүректі"  III 
Ричардқа  "қайырымды"  Эдуардтың  бейнесін  қарсы  қояды.  Тарихта  бұл 
бейнелер  жөнінде  қалыптасқан  ортақ  тұжырымдардың  болмауына 
қарамастан,  Томас  Мордың  берген  сипаттамаларын  XVI  ғасырда  өмір 
сүрген  ағылшын  жылнамашылары  Холл  мен  Холиншед,  ал  олардан 
Шекспир  тұтас  күйінде  қабылдаған,  бұл  сипаттама  кейінгі  уақыттарда 
басты көзқарас ретінде қалып қойды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Средневековая Европа глазами современников и историков. —М.: Интерпракс, 1995, Ч. 4. - С. 148-165. 
2.
 
Жумагулов К.Т. Об историко-политических взглядах И.Г.Гердера. Вестник КазГУ, серия историческая, 
вып. 14. Алматы, КазГУ. — - С. 75-78. 
3.
 
Крусман  В.  На  заре  английского  гуманизма.  Английские  корреспонденты  первых  итальянских 
гуманистов в ближайшей своей обстановке. Исследование. - Одесса, Тип: Техник, 1915, /710/. - С. 25-28. 
4.
 
Роттердамский Э. Похвала глупости. — М., 1983. — С. 11-50. 
5.
 
Историография античной истории. Под ред. В.П.Кузищина. М., Изд. Высшая школа, 1980. — С. 29. 
6.
 
Средневековая Европа глазами современников и историков. —М.: Интерпракс, 1995, Ч. 4. - С. 137-138. 
7.
 
Мор  Т.  Эпиграммы.  История  Ричарда  III.  /Перевод/.  Изд.  подг.  М.Л.Гаспаров  и др.  -  М.:  Наука,  1973, 
/254/. - С. 201-216. 
8.
 
Мор Т. Эпиграммы. История Ричарда III. - С. 202. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

302 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ 
  
 
М.А.БОЖБАНБАЕВ 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК 
РЕФОРМАЛАРДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются    социальные  проблемы  аула  и  пути  их  решения,  а  также 
анализируются государственные социальные реформы. 
 
The purpose of the author is to reveal social problems of the village and the ways of their solution. 
Some state social reforms have been analyzed in the article as well. 
 
Қоғам  дамуының  негізі  ауыл  екені  белгілі.  Ауыл  дегеніміз  -  сайып 
келгенде,  халықтың  тұрмыс  салты,  мәдениетіміздің,  дәстүріміздің,  әдет-
ғұрпымыз  бен  рухани  тіршілігіміздің  қайнары  [1].  Осынау  саяси-моральдық 
және  әлеуметтік  факторлардың  өзі-ақ  бізден  ауылға  барынша  байсалды 
қарауымызды талап етеді. Олай болса, ауыл тек ауыл жұртшылығының ғана 
емес, бүкіл қоғамның көкейкесті мәселесіне айналуы қажет.  
Әрине,  ел  экономикасын,  әсіресе  ауылдың  әл-аухатын  көтеру 
мақсатында  елімізде  жүргізіліп  жатқан  реформалар  аз  емес.  Соның  ішінде 
2004-2010  жылдарға  арналған  «Ауылдық  аймақтарды  дамыту»  мемлекеттік 
бағдарламасы  және  «Дипломмен  ауылға»  және  т.б.  бағдарламаларды  атап 
өтуге болады.  
Аталмыш бұл бағдарламалар ауылға не өзгерістер әкелді? Қабылданған 
бағдарламалар қаншалықты өз нәтижесін берді деген сауал өзінен-өзі туады. 
Осы сауалға өз бетімізше жауап іздеп көрелік. 
 Биыл  2004-2010  жылдарға  арналған  «Ауылдық  аумақтарды  дамыту» 
мемлекеттік  бағдарламасын  орындау  мерзімі  аяқталды.  Үкімет  бұл 
бағдарламаны  қабылдағалы  бері,  қазынадан  миллиардтаған  теңге  қаржы 
бөлініп,  алыс  ауыл-аймақтардың  білім  орындары  мен  денсаулық  сақтау 
нысандары, тозығы жеткен жүздеген шақырым жолдар, электр, оның ішінде 
байланыс  желілері,  таза  ауыз  су  нысандары  жөндеуден  өткізілді.  Яғни, 
мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада ауылдағы білім 
мен  денсаулық  жүйесін  дамытуда,  ауыл  тұрғындарын  сапалы  ауыз  сумен 
қамтамасыз  етуде  елеулі  жұмыстар  атқарылды  [2].  Аталмыш  бағдарламаға 
көмек ретінде «Жол картасы» жобасы да ауыл инфрақұрылымының аяғынан 
тік тұруына едәуір септігін тигізді. 
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында ауылды дамытуға 
елеулі  материалдық  ресурстар  бағытталып,  елді  мекендердің  экономикалық 
жағдайын  жақсарта  түсті.  Инвестициялардың  басым  бөлігі  ауыл 
проблемаларының басым салаларын: білім беру, денсаулық сақтау және ауыз 
сумен қамтамасыз ету шараларына жұмсалды. 

303 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Божбанбаев М.А.
 
Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуде әлеуметтік реформалардың орны мен ... 
 
 
2004-2008  жылдарда  қаржыландырудың  барлық  көздерінен  ауылдық 
аумақтарды дамытуға 535,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық 
бюджеттің  үлесі  42,5%,  жергілікті  бюджет  45,5%,  басқа  да  қаржы  көздері 
12%-ды  құрайды.  Осы  кезеңде  ауылда  850  білім  беру  ошақтары,  567 
денсаулық  сақтау  нысандары,  1649  ауыз  сумен  жабдықтау  нысандары,  362 
мәдени  және  спорт  нысандары  салынды  және  жөндеумен  қамтылды.  3745 
білім  беру  нысаны,  2974  денсаулық  сақтау  нысаны,  994  мәдениет,  туризм 
және  спорттық  ғимараттар,  550  сумен  жабдықтау  нысаны  және  1661 
километр  жергілікті  маңыздағы  жолдар  күрделі  жөндеуден  өтті. 
Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ауылдық әлеуметтік сала 
мекемелеріне  ауыл  тұрғындарына  сапалы  қызмет  көрсететін  ең  жаңа 
заманауи  жабдықтар  сатып  алынды  және  орнатылды.  Енді  осы  техникалық 
жағынан жаңартылған заманауи жабдықтарға ие болған ауылдың әлеуметтік 
сала  мекемелеріне  оларды  орнымен  тиімді  пайдалана  алатын  білікті  маман 
қажет. 
       Нарықтық  экономикаға  бағдарланған  шаруашылық  жүргізудің  жаңа 
тетіктерін  қалыптастыру  жағдайында  мемлекет  алдында  бәсекелестікті 
қамтамасыз ету міндеті тұр, бұл ендеше кадр әлеуетін жүйелеу қажет дегенді 
білдіреді.  Ауылдық  аймақтарда  халықтың  47%-ы  тұратынын  ескерсек,  бұл 
мәселені шешу алғашқы кезектегі міндеттерге айналып отыр. 
Бүгінгі  таңда  ауылдық  жерлердегі  әлеуметтік  сала  ұйымдары  мен 
мекемелерінде кадр тапшылығы өткір сезіліп отыр. Қала жағдайында жұмыс 
істейтіндерге  қарағанда  ауылдық  жерлердегі  осындай  мамандықтарда  еңбек 
ететін  мамандардың  еңбекақысы  25%  жоғары  болғанымен,  ауылдық 
жерлерге  мамандарды  тұрақтандыруға  кедергі  болып  отырған  басты фактор 
тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі болып отыр. 
Дегенмен, бұл бағдарламаның жүзеге асырылуында біршама кемшіліктер 
байқалады. Біріншіден, аталмыш бағдарлама ең алдымен ауыл адамдарының 
ой-санасы мен еңбек өнімділігін көтеру керек.  
Екіншіден,  осы  жылдар  аралығында  ауылға  жаңа  технологиялар, 
ғылымның  заманауи  технологияларын  ендіруді  нақты  қолға  алу  қажет. 
Осының  өзі  ауылдағы  жас  кадрлардың  қалаға  ағылуына  бірден-бір  себеп. 
Қиырдағы  ауылдың  ауыр  тұрмысынан  шаршаған  жастардың  көбі  қара 
жұмысқа  құлқы  жоқ.  Неге?  Біз  осы  мәселенің  байыбына  әлі  күнге  барған 
жоқпыз. Түптеп келгенде, ауылда өмір сүру рақат болса, неге мыңдаған жас 
қалаға сандалады?  
Үшіншіден,  бұл  бағдарламаның  көбінесе  қалаға  іргелес  жатқан  елді 
мекендерге шарапаты көп болды. Ал, алыс ауылдардың тұрғындары әлі күнге 
ауыз судан, тозығы жеткен жолдардан қағажу көріп отырғаны жасырын емес.  
 
 

304 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет