Кейде нәтижелерді ұсынып, оларды талқылағаннан кейін, яғни «Нәтижеден кейін», соңынан «Кіріспені» жазу пайдалы.
Қалай болғанда да, жұмыс аяқталғаннан кейін мақаланың қалған бөліктерімен «Кіріспенің» сәйкестігін тексеру қажет.
Алайда, мақала бойынша жұмыстың басында «Кіріспе» жазу автордың ақыл-ой әрекеті мен одан әрі таныстыру процесін құрылымдайтынын есте ұстаған жөн.
"Кіріспенің" өзі келесі негізгі тармақтар бойынша талдануы керек:
мақсаттар мен бастапқы гипотезалар, егер олар бар болса, нақты тұжырымдалған ба?
қарама-қайшылықтар жоқ па?
кіріспеде пайдаланылған негізгі әдебиеттерге сілтемелер бар ма?
жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы тұжырымдалған ба?
Ғылыми мақаланың құрылымы
III. Зерттеу әдістері
Осы бөлімде келтірілген ақпараттың мағынасы – жеткілікті біліктілігі бар басқа ғалым жоғарыда аталған әдістерге сүйене отырып, зерттеуді тура осы бөлімдегідей қайталап жүргізе алуы. Биологиялық және биотехнологиялық тақырыптар жөніндегі мақалаларда, осы бөлімде зерттеу жүргізудің орны, уақыты, шарттары, қажет болған жағдайда зерттеу нысаны, материалдың көлемі мен құрылымы, тәжірибелік жұмыстарға арналған тәжірибе жоспары, пайдаланылған зертханалық және статистикалық рәсімдері сипатталуы қажет. Қолданылатын әдістердің шектеулері мен болжамдарын және егер бар болса, оларды жеңу жолдарын көрсету міндетті.