Ғылыми мақала



бет3/7
Дата15.12.2023
өлшемі260,5 Kb.
#138078
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
?ûëûìè ìà?àëà

Метадеректер

  • Кілт сөздер
  • Тақырып бойынша мақалаларды жіктеуге және іздеу жүйелері үшін мақалада кілт сөздер бөлек көрсетіледі. Автордың мүддесі үшін іздеу жүйелері арқылы мақаланы табу мүмкіндігін арттыру үшін кілт сөздердің ең көп санын көрсету керек, соның ішінде бұл іздеу жүйелері үшін индекстеудің ең маңызды көзі болғандықтан және кілт сөздер неғұрлым дәл таңдалса, олардың ғылыми өлшемділік (наукометрический) көрсеткіштерін жоғарылату мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бірақ кілт сөздердің негізгі мағынасы бұл емес, олар зерттеушінің, оның ішінде сіз сияқты бастаушының ғылыми ақпарат теңізіндегі бағытын жеңілдету үшін керек.
  • Сонымен, зерттеу тақырыбы бойынша дереккөздерді жүйелі катологтардан немесе интернет желісінен іздеу барсында, сіз бірінші кілт сөздерді теруден бастайсыз.
  • Кілт сөздер сіздің зерттеуіңіздің мәнін мүмкіндігінше толық және нақты көрсетуі керек:
  • ғылыми мақалаңыздың мазмұнын түсінікті ету
  • сіздің пәндік салаңызда нақты болу
  • зерттеуіңізді көрсететін бірегейлік біріктірілген және кең көлемді болуы қажет

Метадеректер

  • Мақаланың кітапханалық коды (жіктеу индексі)
  • Көптеген ғылыми журналдардағы мақалаларды безендіруге қойылатын талаптардың бірі – автор өз мақаласына кітапхана кодын (жіктеу индексі) өзі алуы керек деген тармақты қамтиды. Мұндай индекстер үш — ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу), КБЖ (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) және ҒТАМА (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік айдары) болса да, көп жағдайда талап ӘОЖ-ға қатысты болады, өйткені ол бүкіл әлемде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, мерзімді басылымдарды, әртүрлі құжаттарды жүйелеу үшін кеңінен қолданылады. ӘОЖ бойынша әдебиеттің түрін оқымай-ақ түсінуге болады. ӘОЖ индексі кез келген басылымның шығу мәліметтерінің міндетті элементі болып табылады.

Метадеректер

  • Мақаланың кітапханалық коды (жіктеу индексі)
  • Сіздің ғылыми мақалаңыз қай салада жазылғанын барынша түсінуге болатын ӘОЖ кодын таңдауға тырысуыңыз қажет.
  • ӘОЖ кодын таңдауға мысалдар:
  • 1 мысал
  • ӘОЖ 004.9(614.2: 614.39)
  • DRUPAL контентін басқару жүйесі негізінде медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеу
  • Түсіндірме:
  • 004.9 қолданбалы ақпараттық (компьютерлік) технологиялар
  • 614.2 Денсаулық сақтау ұйымы
  • 614.39 Денсаулық қызметі қос нүкте белгісі = жалғаулық «и», жақша = көмекші сөз «в»
  • Мысал 2
  • ӘОЖ 359(47+57)(091) "1890-1905»
  • Ресей әскери флоты 1890-1905 жж.
  • Түсіндірме:
  • 359 Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз флоты: жеке құрам, ұйым
  • (47+57) бұрынғы КСРО (Кеңес Одағы) / бұрынғы Ресей империясының аумағы
  • (091) пән тарихы
  • "1890-1905" зерттелетін уақыт аралығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет