«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны


Педагогикалық зерттеулердің түрлері және мәселелері. Қазіргі замануи педагогикалық зерттеудің көкейкесті мәселелері



бет9/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152
Байланысты:
gpza daris 2023

Педагогикалық зерттеулердің түрлері және мәселелері. Қазіргі замануи педагогикалық зерттеудің көкейкесті мәселелері. Қоғамдық тәжірибеде ғылымды қолдану әлеуметтік өмірдегі бірінші дәрежелік факторлардың даму сатысы болып табылады. Сондықтан басты назарды ғылыми мәселелерге аударып, оның қоғамдағы функциясы мен маңыздылығына, кәсіби кадрлардың дайындық рөліне және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізуге айрықша мән беру қажет. Ғылыми таным әдіснамасының мәселелері сондай-ақ психология мен педагогикада да өзекті. Аталған ғылымдар қазіргі кезде даму ерекшелігімен айқындалады. Біріншіден, осы шақта олар көп мөлшерде тек қана бір философиялық теорияға сүйеніп, қандай да бір ғылыми дәрежеде болса да, әлемдік философиялық ой жетістігіне қолданысқа ие болды.
Екіншіден, психология мен педагогика даму барысында байып, тәжірибе жинақтап, өзінің шарттары мен заңдылықтарына негізделеді. Осының бәрі әдіснаманың негізделген көптеген сұрақтарды қойып, психо-педагогикалық мүмкіндіктерді қарастырады, арасындағы шекараны айырып, осы пәндерде логикалық білімнің құрамын, психология және педагогикалық басқа ғылымдармен қарыма-қатынасын, ғылыми білімдерді алу жолдарын, қоғамдық тәжірибеде осы білімдерді қолдануын қарастырды. Әдіснамалық мәселелердің өзектілігі сондай-ақ келешек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі өзгерген қажеттеліктерін анықтап, ересек адамдарға да кәсіби білім беру талап етеді, бұл психо-педагогикалық теория мен тәжірибені тереңірек тануда жаңа жолдар мен құралдарды қажет етеді. Осылайша, педагогика мен психологияда әдіснамалық мәселелердің өзектілігі бір жағынан Ресейдің оқыту мен тәрбие жүйесінің әлеуметтік даму мәселесі мен анықталса, басқа жағынан психо-педагогикалық білімдердің даму деңгейінің өсуі, педагогика мен психологияның ішкі қажеттілігін туындайды.
Әдіснама ғылыми танымның теориялық мәселелерін оқып үйретеді, сондай-ақ зерттеу заңдылықтарын шығармашылық үрдіс ретінде ғалымдардың іс-әрекеттерін, әдіс-тәсілдерінің қолданылуын, жүйелеу мен салыстырылуын талдайды.
Психология мен педагогика әдіснамасы психо-педагогикалық теорияның құрамы мен негізгі білім жүйелерін зерттеу үрдістері мен құбылыстарының тәсілдемелерін, жеке тұлғаның қалыптасу әдістемесенің біліктілігін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет