«Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» ПӘні бойынша дәрістер мазмұны



бет6/152
Дата20.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#141695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы нысанын (обьектісін) бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының нысаны – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу нысаны сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, зомбылықпен бір мәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі тұрғыда қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы обьектісінің бөлініп қаралынуы, адамның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Қазіргі ғылым көпқырлы саласы мен ақиқат дүниені терең түсіну жүйесіне негізделген білімді тұтастай талдап қорытуға бағытталған, сондықтан маңызды дүниетаным бағдары дүниенің біртұтас жалпы ғылыми сипаттамасын жасауға ұмтылыс болып табылады.
Ғылыми ізденісті жүзеге асырудың басты формасы - жекелеген ғалымның және ғылыми ұжымның ғылыми жобасын, ғылыми зерттеуін дұрыс ойластырылған жүйеде ұйымдастырылған ғылыми іс-әрекет. Ғылыми зерттеу іс-әрекеті - әлеуметтік-мәдени, технологиялық және өндірістік мәселелерді шешуге қажетті жаңа білім алуды және оны қолдануды қамтамасыз ететін күрделі ақыл-ой қызметі. Егер: а) зерттеушінің танымдық әлеуетін белсендіретін ғылыми іс-әрекет, б) зерттеліп отырған саланы танып білудің нақты ойластырылып жасалған зерттеу кезеңдері мен әдістері; в) жоспарлы ізденіс жүргізу; г) алынған нәтижені рәсімдеу; д) зерттеу қорытындысы бойынша қорғау немесе есеп болмаған жағдайда зерттеу жүргізілуі мүмкін емес.
Ғылыми зерттеулердің ғылыми таным стратегиясы, тактикасы және логикасы оның ерекшелігіне неғұрлым тәуелді болса, солғұрлым оның түрін ажырату маңызды болады. Олар 10 ның үстінде деп есептеледі, солардың ең маңыздысы төмендегілер:
а) өндіріс үшін алынған арнайы білім келесі ғылыми ізденістің негізі болып табылатын іргелі;
б) нақты мәселелерді шешуге бағытталған жаңа білімді табу және қолдануға бағытталған қолданбалы;
в) нақты белгілі бір ғылым шеңберінде жүргізілген немесе бірнеше ғылымдар тоғысында жүргізілген пәндік және пәнаралық;
г) ақиқаттың нақты аспектісінің мәнін айқындайтын және практикалық қызметтің белгілі бір секторында жедел басқарушылық шешімдер қабылдайтын аналитикалық;
д) жұмыстың сол бойдағы маңызы мен болашағын анықтауға бағытталған ізденістік;
е) бұрын алынған теориялық білімнің ақиқаттың нақты қай саласында тарағаны және маңызының қандайлығын айқындайтын мақсатқа құрылған ең кең тараған нақтылаушы;
ж) зерттеу жұмыстары, іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесін практикаға енгізуге жауаптылар.
Соңғы жылдардағы көптеген жарияланымдарда педагог-ғалымдар (жеке алғанда әдіснамашы Б.С. Гершунский, В.В. Краевский, О.Г. Прикот, А.С. Роботова және басқалар) педагогика ғылымының мәртебесіне өзге ғылыми пәндерден әртүрлі қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық бар екені жөнінде пікірлер білдірді. Қазіргі жағдай, Г.П. Щедровицкийдің пайымдауынша, «педагогикаға қызмет көрсететін, «кешенді ғылымдар»» деген жаңа типті ғылымдардың қалыптасуымен сипатталады. Әрине, педагогика ғылымы басқа ғылымдар мен бағыттардың (әлеуметтік антропология, феноменология, когнитология, семиотика, информатика) тарапынан ерекше талаптарды елемей, ескермей қоя алмайды. Өкінішке орай, педагогиканың бұл ғылымдармен өзара қарым-қатынасы пәнаралық қақтығыстарға да әкеліп соғуда.
XXI ғасырдың басында педагогиканың құрылымын түсінудің өзін қиындататын құрамындағы пәндердің ғылыми бағыттары, ағымдардың көптігі педагогиканы күрделі жүйеленген ғылым болуға әкелгені ақиқат.
Педагогиканың құрылымын анықтауға тұжырымдамалық көзқарастар мен тұғырлар көп-ақ (В.И. Гинецинский, В.Е. Гмурман, И.М. Кантор, В.В. Краевский, А.В Мосина, В.М. Полонский, Е.В. Титова). Бірақ ғалымдардың педагогика ғылымының айқын құрылымын құрып бітуі әзірге аяқталмаған секілді. Педагогиканың бірыңғай әрі біртұтас ғылым ретіндегі құрылымын зерделеу қажеттігі анық көріне түсуде. Болашақ педагогикалық зерттеулердің бағыттарын таңдауға жазық кеңістік ашылуда. Дегенмен, замануи педагогиканың тұтас құрылымын, оның әдіснамасын негіздеу мәселесі өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені, педагогиканың дамуының күрделілігі, әртүрлі, кейде балама көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің, тұғырлардың, ағымдардың, бағыттардың болуы, нақты педагогикалық пәндер санының көптігі қазіргі педагогиканы талдауға қажет әдіснамалық тұғырды арнайы жасауды талап етеді. Бұл тұжырымдама педагогикалық пәндердің тұтас жүйесі ретіндегі педагогика ғылымы құрылымын талдаудың негізіне алынатыны ақиқат.
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі рефлексиялауы мен дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылыми пәннің талдау бірлігі ретінде алынуы педагогиканың құрылымын сипаттауда қолданылатын жалпы ғылымилық категориялардың ұғымдық аппаратын реттеуге мүмкіндік береді. Замануи педагогикадағы жалпы ғылымилық ұғымдар осыған дәлел. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысы үрдісімен сипатталатыны бәрімізге мәлім. Ғылымдардың жақындасу үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғалымдарға тән, бірақ философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылуда. Осы уақытта іргелі зерттеу жүргізу мұндай жалпы ғылымилық «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да түсініктерсіз мүмкін емес.
Жалпы ғылыми түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білімдік үдеріс», «педагогикалық өзара әрекеттестік», сияқты сөз тіркестерімен байиды. Олардың қысқаша сипаттамасы төмендегідей. Бұл жалпы ғылымилық ұғымдар аясында жоғарыда көрсетілген үш түсінікті қарастырамыз.
Жүйе дегеніміз - бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелі тұғырды қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтердің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Философиялық тұрғыдан әрекет мазмұны әлемді өзгерту мен қайта құру болып табылатын адамның өзін қоршаған әлемге белсінді қарым-қатынасы. Адам әрекетінің жеке түрлері - өндірістік, экономикалық, ғылыми-этикалық, педагогикалық әрекеттер кеңірек жүйенің, мысалы, қоғамды тұтас алсақ, соның бір кіші жүйесі болып табылады. Сонымен, жүйелілік және әрекеттік тұғырлар бірігеді де, қоғамдық әрекетке, жеке алғанда ғылыми және педагогикалық әрекетке жүйелілік-әрекеттік тұғыр қолданылады. Тұтас педагогикалық әрекет жүйесін құрайтын әрекеттің келесі түрлері былайша ажыратылады: практик-педагогтардың жұмысы; әкімшілік әрекет; білім беру үдерісін ұйымдастырушы; ғылыми-зерттеу әрекеті; педагогика ғылымы нәтижелерін практикаға енгізу. Жүйе және әрекет туралы айтылғандардың барін есепке алсақ, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатын «педагогикалық жүйе» терминін түсінуге мүмкіндік туады. Мұндай жүйе өзінің құрамына, яғни оның элементтерінің мазмұнына байланысты нақты толықтырылады: оқытудың ұйымдастыру формалары немесе әдістері, білім мазмұнының құрылымдық жүйесі, әдістемелік жүйе, тәрбие жүйесі және т.б. Бұл жүйені жасаушыға немесе оның зерттеушісіне қойылатын басты талап - оны жүйелілік тұғыр тұрғысынан сипаттай білу, құрамын, құрылымын және қызметтерін нақты белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет