Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория – педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Сұрақтар мен тапсырмалар Әдістерді дұрыс таңдаудың өлшемдерін негіздеңіз.
Педагогикалық зерттеудегі теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.
Өз зерттеуіңіздегі модельдеу әдісін қолдану тетігін негіздеңіз.
«Педагогикалық теория» ұғымына берілген бірнеше анықтамаларды салыстырыңыз.
Түсінудің жалпы теориясы – герменевтиканың педагогикадағы қолданысын негіздеңіз.
Педагогикалық зерттеудің “мәселесі” мен “тақырыбы” ұғымдарының арақатынасын анықтаңыздар.
В.И. Загвязинскийдің «Педагогтің зерттеушілік әрекеті» атты кітабы бойынша педагогикалық зерттеудің болжамы мен тұжырымдамасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
Негізгі әдебиет 1. Таубаева Ш. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқулық. Алматы: Қазақ университеті, 2019.- 360 бет. (172-181 б.). 2. Методы педагогических исследований: состояние, проблемы, перспективы. Материалы V сессии Всероссийского семинара по методологии педагогики./ Под ред. В.М. Полонского. – М.: ИТИП, 2006. – 252 с.
3. .Загвязинский В.И., Атаханов Р.Методология и методы психолого-педагогического исследования. - М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 208 с. (с. 89-162.).