этнографиялық топонимиясынан және көшпелі шаруашылыққа тигізетін ықпалынан да
байқауға болады. Көшпелі мал шаруашылығы сияқты, өмір сүрудің өзіндік мәдени-
шаруашылық түрі көбіне елді мекендердің өзіндік табиғи ресурстарының негізінде
қалыптасқан. Сондықтан көшпенділік жермен, өндірістік қызметтің түрлерімен тікелей
байланысты және органикалық жағынан табиғи құбылыстарға да бірігіп кетеді.
Шаруашылықтың бұл түрі өзіндік геогра-физикалық, табиғи ерекшелігі бар белгілі бір
экологиялық белдеуде ғана болады. Тарихи-этнографиялық карта материалдарына назар
аударсақ, Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың қалыптасуы
ғылыми тілінің жасалуына негіз болуының өзін тарихи феномен деуге болады. Бұл
жөнінде 1910 жылы шағатай тілінде жарық көрген «Тауарих-и хамса-йи шарқит»
кітабында Қ.Халид былай жазған: «Менің өте таң-тамаша болатыным қазақ оқымаған
халық деген лақап айтылады. Ал жағрафия, астрономия сияқты арнаулы пән оқымай
білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған дәлме-дәл ат қойып сөйлейді».
топонимиканың негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын
бөлігі болып табылады... кез келген топонимикалық зерттеу халықтық географиялық
терминдерді талдаудан басталуы қажет және қазіргі, сол сияқты түбірлі (субстратты)
басшылыққа ала отырып, қазақтың жер-су аттарын зерттеу, олардың мағыналық
жіктемесін ажырату ісін халықтық және жергілікті географиялық терминологияның кейбір
191
Қазақстан топонимдері шығу, пайда болуы және дәуірі жағынан бірнеше топқа: көне,
ортағасырлық және жаңа дәуірге бөлінеді. Біз магистрлік жұмысымызда кейбір
топонимдердің құрамындағы көне тұлғалы топонимдерді, сол тұлғалар арқылы жасалған
топонимдердің мағыналық жіктерін айқындауды мақсат еттік. Олардың кейбірінің
семантикасы күңгірт, грамматикалық (жасалу әдісі) формалары кейде ұқсас келеді.
Мысалы, Қарнақ, Шорнақ, Сығынақ, Шұбанақ, Ташанақ, Жүйнек (Югнак), Шағалақ,
Ағалақ, Қазмолдақ. Құрылымы жағынан бұл топонимдерді екі компонентке (түбір,
жұрнақ) бөлуге болады: Қар+нақ, Шор+нақ, Сығ(ы)+нақ, Жүй+нек, Таша+нақ,
Шұба+нақ, Шaға+лақ. Ал
Қазмолдақ топонимі морфологиялық құрамы жағынан аталған
топонимдерден ерекшелеу, ол жайлы төменде айтылады.
Бұл атаулардың бәріне ортақ компонент -лақ және варианттары -дақ/-дек, -нақ/нек
жұрнақтары болғандықтан, ең алдымен осы жұрнақтардың басын жіктеп, талдауды дұрыс
көрдік. -Лақ/-лек -дақ/-дек, -тақ/-тек, -нақ/-нек аффикстері қазіргі заман түркі тілдерінде
кездеспейтін, немесе өте сирек кездесетін пассивтік тіл қорындағы өнімсіз жұрнақтар.
Аталмыш жұрнақтар көбіне жер атауларын жасауға қатысқан, қазіргі қазақ тіліндегі
(және басқа түркі тілдерінде де) -лы/-лі, -ды/-ді аффикстерінің көне формасы боп
есептеліп, сол жерде бір нәрсенің бар екендігін білдіретін жұрнақ.
Қырғыз топонимисі Қ.Қоңқабаев осы аффикске байланысты Э.Севортянның: «Табиғи
заттар немесе адам еңбегі арқасында пайда болған заттар бар жер» деген анықтамасын
келтіреді де былай дейді: «Бұл аффикс (-лақ) қазіргі қырғыз тілінде қолданылмайды. Бірақ
оның варианттары бар, салыстырыңыз: таштақ «каменистый», құмдақ «песчаный».
Қазақ ғалымы да қазіргі қазақ тілінде жоғарыдағы тастақ, құмдақ және саздақ
сөздеріндегі -дақ, -тақ формаларының сақталуы да -лы вариантты жұрнақтың арғы, көне
түрі осы дақ, тақ болғанын дәлелдейтінін көрсетеді. Өзбек топонимисі Л.Каримова біз
тілге тиек етіп отырған көне атаулардың бірқатарын зерттеу барысында Шорнақ
топонимін морфологиялық тұрғыдан келесі компоненттерге бөледі: Чур+ноқ (л+ақ). -Лaқ/-
Достарыңызбен бөлісу: