Мағынасы: қарлы (жер). Бұл маңдағы сай-салада қар көбірек жататын болғандықтан
аты. Шор сөзінің өзбек тілінде «солончак» деген мағынасы бар. Қазақ тілінде бұл «cop»
фонетикалық вариантта кездесіп, жер-су аттарына қосылады. Осы Түркістан ауданында -
нақ жұрнағы арқылы жасалған. Қарнақ, Югнак сияқты атаулар бар. Сонымен атаудың
бетін ғана қарастырып өту болса, белгілі бір аймақты зерттеу жер асты қабаттарын түгел
тексеру үшін оны бұрғылаумен тең. Бұлай зерттеу алғашқы пайда болуынан қазіргі кездегі
көрініске дейін шектеулі бір аймақта қолданылатын белгілі топтың барлық онимдерін
қарастырады. Сондықтан біз Оңтүстік Қазақстан топонимдерін этномәдени аспектіде
қарастырдық. Бұл - тарихи-әлеуметтік, экономикалық жағынан алғанда өте қызық және
өзгеше аймақ. Сонымен қатар ол қазақ топонимдері мен этнолингвистикасына тән
көптеген ғылыми материалдар береді және қазақ топонимдерінің қазақ халқы
193
материалдық, рухани өмірінің көптеген жақтарымен жанама да, тікелей де байланысты
екенін көрсетеді.
Жер бедеріне байланысты қалыптасқан топонимдер лингвистикалық деректермен
бірге тарих, география, этнография т.б. ғылым деректерін мол пайдаланады. Жер бедеріне
байланысты қалыптасқан топонимдік атаулар қоғам тарапынан қойылған белгі және ол
қалай болса солай қойылған кездейсоқ белгі емес, соған ең қолайлы, ең лайық, нысаналы
деген, соның басты бір өзгешелігіне ие болған, соның бір елесін беретін айрықша белгісі.
«Топонимика» сөзінің қазақша баламасын (калька ретінде) «жер аты» десе де болар
еді, бірақ ол баспасөз беттерінде көбіне жер-су аттары делініп жүр. Қарапайым түсінігі
жағынан бұл да дұрыс, бірақ терминологиялық дәлдігі жағынан бұл баламалар
«топонимика» сөзінің толық мағынасын бере алмайды.
Топонимиканы «жер тілі» немесе «жер бетіндегі нүктелер аты» деп те айта береді.
Бірақ «нүктелер» де өздерінің кеңістігі жағынан алуан түрлі. Олар микро және
макротопонимдер болып ара жіктерін аша түседі. Сонымен топонимиканың қамтитын
кеңістігі, яғни оның зерттеу аумағы жер бетіндегі нүктелермен ғана шектеліп қоймайды.
Бір сөзбен айтқанда, жер шарынан оқшау дүниеліктерге де қатысты.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің құрамында жер бедеріне байланысты
қалыптасқан төмендегідей атаулар кездеседі.
Шат. Географиялық термин ретінде «жіңішке, жартасты аңғарлармен тілімденген
тасты бұйрат» дегенді білдіреді. Кейде «тар, терең аңғарды» осылай атайды. Бұл
терминмен жер бедердің ойыс пішіні анықталады: жалпы биіктікті білдіретін оронимдер
құрамында сирек кездеседі.
Айдарлы – шоқы төбе (айдары бар басқы болып, оған –
лы аффикісін жолдау арқылы
қойылған атау); 2) көне түркі ономастикалық теңеулерінен қалған ұғым (һайдар –
«тұтқыш» хайуан – айдахар // аждаһа) болуы ықтимал.
Майтөбе (Майтобе) - XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ хандықтарының ішкі
саяси өміріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сайрам тауына жақын жердегі Майтөбе
жотасында үш жүздің игі жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған. Онда қай
жерді қыстап, жайлау, ел тыныштығын сақтау, жаудан қорғану, шабуыл жасала қалса,
қалай соғысу, көшіп-қону тәртібі, қоныстарды бөлу, реттеу, тайпа, ру араларындағы
дауларды бөлістіру, соғыс пен бейбітшілік және сыртқы саяси мәселелер қаралып,
талқыланған. Осы себептен де Майтөбе аты тарихымызда белгілі бір саяси мәнге ие.
Айрық – шоқы. Айрық сөзі «екі айыр, тарау» және «асу, бел» аттары болуымен қатар
«екі өзен – судың» немесе «екі сайдың түйіскен жерлерін» нұсқайтын атау. В.В.Радлов
өзінің түркологиялық зерттеулерінде айрық сөзін «арықпен» байланыстырады. Ал, арық
сөзі орыстың әдеби тіліне түркі тілдерінен енгелі бірнеше жылдар өтті. Орта Азия өңірін
мекендейтін орыстардың сөйлеу тіліне сіңісіп кеткенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: