ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТАБИҒАТЫН ТАНЫП ЗЕРТТЕУ
САХАНОВА А. Р.
Шымкент университетінің магистранты
Мақалада Қазақ мақал-мәтелдердің табиғатын танып, зерттеу мәселелері
қарастырылады. Мақал-мәтелдерді зерттеуінің даму жолдары талданған.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақал-
мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық,
логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта
қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының
өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен
құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай
шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [1, 142]. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды
шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп атауды ұсынды. Бұлай үш салаға
бөліп қараудың ұсынған приципі- барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Мақал-мәтелдің табиғатына тән ерекшеліктердің қатарына, ең алдымен, олардың
жанр түрінде іштей жіктелуін, өмір-тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын көп
тақырыптылығын жатқызуға болады. Сондай-ақ, мақал-мәтелдер өзінің өте көнелігімен де,
ғасырлар асып, бізге жеткен өзіндік дәстүрімен де ерекшеленетін, ой мен тілдің өзара
түйісуі негізінде дүниеге келіп, жанр ретінде қалыптасқан құбылыс ретінде де назар
аударады. Осы ерекшеліктеріне байланысты мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің әрі көркем
сөз өрнегі, үлгісі, көркем мәтіннің тіл ретінде лингвистикалық зерттеу объектісі бола
алады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер этнолингвистиканың да ең бір құнарлы объектісі
болып саналады. Өйткені, мақал-мәтел табиғаты халқымыздың барша болмысымен қат-
қабат астарласып жатыр, мақал-мәтел жасаудың принциптері мен мотивтік негіздері
ұлттық менталитетке, ежелден қалыптасқан салт-дәстүрге, дүниетанымға, болмыстағы
заттар мен құбылыстарды абстаркция, салыстыру, ұқсату, теңеу, қарама-қарсы қою т.б.
тәсілдері арқылы танып-білуге ыңғайлы объект болып саналады.
Алайда, бұлардың бәрін айқындау, ғылыми тұрғыдан зерделеу тек жүйелі түрде,
белгілі бір ізеттілікпен қарастырғанда ғана нәтижелі болмақшы. Бұл- ғылыми зерттеудің
басты принципі мен тәсілі болып саналады.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар сөзі», «даналық сөздер», «нақыл
сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың бар ма- ақылға ер, ақылың жоқ па- нақылға ер»,
«Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «Мақал-мәтел маржан сөз» деуі-
халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай- тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Демек, бүгінгі қазақ халқының ауыз әдебиетінде сақталған және толассыз толығып,
дамып бізге жеткен мақал-мәтелдердің тамыры мен жасалу тәсілдері тереңде жатқан,
бастауын сонау көне замандардан алған құнарлы да өзіндік ерекшелігі мол жанр санатына
жатады. Мақал-мәтел, ауыз әдебиетінің басқа кіші жанры сияқты, дайын күйінде
қолданылатын туынды және жұртқа берер тәлім-тағылымы мол, логикалық жүйеге
құрылған өзіне қатысты объектілерді бейнелер (образдар) арқылы суреттейтін құнарлы тіл
байлығы. Мұнда тек ұйқас, сюжет, образ ғана емес, сонымен қатар логикалық ойдың
275
жүйелі көрінісі, нақтылық, тапқырлық, астарлы пікір, ұлттық дүниетанымының өзіндік бір
тәсілдері мен сөзжасамының модельдерінің қат-қабаты араласып, мақал мен мәтелдің
күрделі де көркем табиғатын сипаттап тұрады. Сондықтан, мақал-мәтел табиғатына тән
бұл ерекшеліктердің бәрі этнотілтаным, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным,
психолингвистика тұрғысынан зерттеуді талап етеді.
П а р е м и о л о г и я- мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді жан-
жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі.
Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы болып саналатын мақал-
мәтелдер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық
құбылысы. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның
біріншісі- қоғам мүшелерінің өзара түсінісуіне, пікір алысуына қажетті қатынас құралы
ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі- өмір шындығын, барлық болмысты өзіне
бейнелеп көрсету қызметі. Мақал -мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші
қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен
барлық болмысының куәгері іспеттес оның дүниетанымы мен даналығын бойына сақтап,
атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына
болып саналады.
Паремиология ғылымы мақал-мәтелдерді тек тіл фактісі ретінде зерттегенімен,
олардың лингвистика аясымен ғана шектеуге болмайды. Себебі мақал-мәтелдердің бойына
бір ғана көркем сөз тәсілінің ауқымына сыя бермейтін көптеген басқа да қасиеттер мол
шоғырланған. Бұл қасиеттерді кеңінен зерттеймін деушілерге мақал-мәтелдердің шертер
сыры мол-ақ. біле білсек, халықтың дүниетанымын, болмыстың объективтік
заңдылықтарын, тылсым табиғаттың сан алуан сырын ұққысы келген философ ғалымдар
да, тарихшы, этнограф ғалымдар да, тәрбие, дидактика мәселесіне байланысты педагогтар
да, ауыз әдебиетіне тән көркем сөз поэтикасын зерттеушілер де, сондай-ақ басқа
ғылымдардың өкілдері де мақал-мәтел табиғатынан өзіне қажетті мол мағлұмат табатыны
сөзсіз.
Мақал -мәтелдерді тіл фактісі тұрғысынан зерттеуші паремиолог- ғалымдардың
пікіріне қараңанда, ол ең алдымен өзінің мән-мағынасы, мазмұны мен тұлғалық
ерекшеліктеріне байланысты назар аудартады. Мақал- мәтелдердің шығу тарихы мен
пайда болу жолдары, тіл жақын туыстас халықтар үшін ортақтығы, логикалық сәйкестік,
образдылық, бейнелеу
тәсіліндегі шендестік т.б. толып жатқан мәселелер
паремиологияның объектісіне жатады.
Солардың
ішінде
мақал-мәтелдерді
мән-мағынасына
және
тұлғалық
ерекшеліктеріне байланысты топтастыру зерттеу ерекше орын алады. Бұл салада бүкіл
Шығыс халықтарының мақал-мәтелдерін жан-жақты зерттеп, олардың жүелі түрдегі
ғылыми классификациясын жасаушы белгілі совет ғалымы Г.Л.Пермяковтың есімін
ерекше атауға болады [2, 197]. Ал, түркі халықтар тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелу
жайына келсек, әлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс істелмей келеді. Әрбір
тіл бойынша шыққан мақал-мәтелдер жинағын санамағанда, бұл тілдердегі мақал-
мәтелдер ғылыми тұрғыдан аз зерттелген саланың бірі; кейбір тілдердегі бірлі-жарымды
филологиялық және лингвистикалық зерттеулер болмаса, паремиологияның түркі тілдері
бойынша әлі негізі қаланған жоқ деп айтуға болады [3, 196]. Басқа туысқан тілдерге
қарағанда қазақ мақал-мәтелдерінің жинағын шығару, басқа халықтардың мақал-
мәтелдерін қазақшаға аудару, сондай-ақ оларды тарихи-филологиялық тұрғыдан зерттеу
жұмыстарының біршама ілгері екендігін айтпауға болмайды [4, 198]. Бірақ дәл осы
жағдайды қазақ мақал-мәтелдерін таза лингвистикалық тұрғыдан зерттеуге байланысты
айта алмаймыз, өйткені олардың стильдік ерекшеліктеріне, аудару тәсілдеріне байланысты
276
бір-екі еңбектен басқа арнайы зерттеу жоқтың қасы. Ал қазақ паремиологиясының сан
алуан тілдік проблемалары қазақ лингвистерінен жан-жақты, әрі жүйелі түрдегі ғылыми
зерттеуді талап етеді.
Мақал-мәтелдерді жинастыру, оларды мерзімді баспасөзде бастыру ісі, қолдағы бар
материалдарға қарағанда, ХІХ ғасырда басталды деуге болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде
мақал-мәтелдердің маңызының зор екенін түсініп, өзінің оқу құралына енгізген ағартушы
Ыбырай Алтынсарин. Кейіннен бұл талпыныс жалғасын тауып, әр түрлі мерзімді
басылымдарда, оқу құралдарында жарияланып отырды. Мақал-мәтелдердің халқымыздың
көп жылғы өмір тәжірибесінің негізінде қалыптасқандығы, олар халық даналығының
қазына-байлығы болып саналатындығы, оларды қазақтың көшпелі және еркін тіршілігін
дәл және анық бейнелеу үшін сол қалпында қолдануға болатындығы, 4 мыңға жуық
қазақтың мақал-мәтелдері жинастырылғандығы туралы айта келе, 1927 жылы Ташкент
қаласында жарық көрген «Казахские пословицы» деген еңбегінде А.А.Диваев
төмендегідей тұжырым жасайды: «Казахские пословицы, как пословицы других
народностей, складывались и вырабатывались в течение веков и являются результатом
работы коллективного народного ума. В них отражаются взгляды народа на различные
предметы, явления и отношения окружающего мира. Репозиторий КарГУ Ш.Мажитаева,
А.Тажикеева 40 Вестник Карагандинского университета Казахская степь помогла своим
сынам долгое время сохранять в неприкосновенности и первоначальной чистоте
национальный характер и обособленный народный облик»
Бала тәрбиесіне, жас маманды дайындауда мақал-мәтелдердің тигізетін ықпалын,
әсерін М.Балақаев былайша көрсетеді: «Әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен
болғысы келетін оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп
пайдалануы тиіс» [5, 3б.]. ХХ ғасырдың басынан бастап мақал-мәтелдер зерттеу нысанына
айнала бастады, олар жайында айтылған пікірлерді жиі кездестіруге болады. Мәселен,
қазақ мақал-мәтелдері туралы жазылған көрнекті қазақ зиялыларының бірі
А.Байтұрсынұлы «Сөз өнерінің ғылымы» мен «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесін»
қарастыра келе, оларды өрнекті сөйлемдер, өлеңді сөйлемдер, шешен сөз, дарынды сөз,
ділмәр сөз деп бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқтайды. Осылардың ішінде
мақалмәтелдерге айрықша орын беріледі. «Мәтел дегеніміз — кезіне келгенде кесегімен
айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден
шыққан ақиқат түрінде айтылады» [6, 4б.], — деп түйіндейді.
Сондай-ақ мақал мен мәтелдің айырмасын М.Ғабдуллин былайша көрсетеді:
«Мәтелдер көбінесе сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы (Көппен көрген ұлы той,
Құрыққа сырық жалғап, Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда, Тілге тиек жасап т.б.)
ретінде қолданылады. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды, пікір бірдей келіп отырса,
мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады» [7, 5б.]. Сонымен, мақал-мәтелдер тұлға жағынан
да, қолдану жағынан да тұрақты болып келеді.
Олар ойды бейнелі жеткізуде қолданылады. Айтылатын ойды жеткізудегі
пресуппозициялық ерекшеліктеріне қарай, мақал және мәтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды
толық аяқтайды. Мысалы: Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама, бәлесі жұғар...
Ал мәтелде айтылатын ой тұспалдап жеткізіледі: Сырын білмеген аттың сыртынан
жүрме... [8; 127б.]. Тіл білімінде мақал-мәтелдер тұрақты сөз тіркестерінің қатарына
жатқызылады. Зерттеу еңбектерінде фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де дайын
күйінде жұмсалатындығы, мақалмәтелдердің тұрақты тіркес ретінде атқаратын қызметі,
мағыналық даму заңдылығы, қолданыс ерекшеліктері болатындығы айтылып, олардың
құрамдық, мағыналық даму заңдылықтары, қолданыс тәсілдері, ауыспалық мағыналары,
эмоционалды-экспрессивтік реңктері т.б. қарастырылады.
277
Сөйтіп мақалдар-мәтелдер — сан жағынан да, мағына-мазмұн жағынан да, құрамы
мен тұлғасына қарай да сан түрлі болып келетін тілдік құбылыстар. Мақал мен
мәтелдердің бұл ерекшеліктері жайында ғалым К.Аханов былай дейді: «Фразеологиялық
оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тіл коммуникативті
единицасы сөйлемге сәйкес келетіндері бар.
Бұлар мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтелдер және
қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде
тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалатыны, құрамының тұрақтылығы ескеріледі»
[9, 7б.]. Тұрақты тіркестер халықтың рухани, мәдени өмірі мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы
негізінде туып сөздің мәні мен мағынасына эмоционалды-экспрессивті рең беріп тұратын
тілдік құбылыс. Қазақ халқы көшпелі кезеңде мал шаруашылығымен айналысқан,
шаруашылығына байланысты мекенін де ауыстырып отырған. Мал бағып қана қоймай,
табиғат көріністерін, төрт түлікке тән табиғи ерекшеліктерді жіті бақылаған.
Адамдардың іс-әрекетін сипаттағанда осы ой қорытындыларын пайдалана отырып,
бір-екі ауыз сөзбен жеткізген. «Ана тіліміздің сөз айдынының тереңінде халықтың
ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде
тұжырымдалған аталы сөз мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер туып жатады», — дейді
профессор Ж.Манкеева [10, 8б.]. Қазақ халқы өткір де терең мағыналы бір ауыз сөзге
тоқтап отырған. Мақалдар мен мәтелдер үлкен ойдың, толғаныстың қорытындысы, ұзақ
әңгіменің қысқа айтылатын тұжырымы есепті.
Олар халқымызға тән дүниетаным мен сананың дәлелі ретінде ұлттық
менталитетіміздің тілдегі маңызды да, мазмұнды өрнегі болып саналады. Мақал-
мәтелдерді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп бекер айтпаған; өйткені адам айтайын
деген ойын мақал-мәтелдер арқылы астарлап айтып, бейнелі түрде түсіндіре және жеткізе
алған. Зерттеулерде мақал-мәтелдердің үшжақты ерекшелігі көрсетіледі: біріншіден,
мақалдар мен мәтелдер фразеологизм сияқты тілдік құбылыс; екіншіден, пайымдау мен
ой-пікірдің түйіні ретіндегі логикалық тұлға; үшіншіден, келелі ой, кең мазмұнды қысқа
айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |