Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


МҰҒАЛІМ ЛИДЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет20/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   333
МҰҒАЛІМ ЛИДЕР ТҰЛҒАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 

 

АКРАМОВА А.С. 

«Педагогика және психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. 

САЙРАН С.Б.-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі  

мамандығының 2-курс магистранты 

Алматы университеті, Алматы қ 

 

Қазіргі қоғамдағы жоғары білім берудің көп қырлы құрылымы, еліміздегі жоғары 



оқу  орындарының  халықаралық  білім  беру  жүйесіне  кіріктірілуі,  олардың  сол 

талаптарға сай даму мәселелері білім беру саласына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажет 

етуде.  Бүгінгі  оқыту-тәрбиелеу  саласында  ендіріліп  жатқан  жаңалықтардың    барлығы 

арнайы  даярлықты  талап  етеді.  Сондықтан  жоғары  оқу  орындарында  болашақ 

бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  лидерлік  сапасының  қалыптасуына  мүмкіндік  жасау 

заман талабы.  

Мұғалімнің  көшбасшылығы  –  оқушылардың  табысқа  жетуіне  ықпал  ететін, 

мектеп  деңгейінде  шешім  қабылдауды  жақсартатын  және  мұғалім  мамандығын 

дамытатын әлеуетті стратегия болып табылады. 

Америка  Құрама  Штаттарының  білім  беру  ұйымдарының,  үкіметтік 

мекемелердің,  университеттердің,  мұғалімдердің  және  мектеп  әкімшіліктерінің 

Консорциумы  зерттеу  өткізіп  мұғалімнің  ресми  және  бейресми  басшылық  болашағын 

қарастырды. 

2011  жылы  консорциум  Көшбасшы  мұғалім  стандарттарының  моделдерін 

қарастырды. Қазіргі  уақытта АҚШ-ғы мұғалімдер көшбасшылығы үкіметтік ұйымдар, 

жеке  сектор  және  қоғам  тарапынан  қарқынды  зерттелуде.  Көшбасшы  мұғалімнің 

стандарт  модельдері  мектеп  пен  білім  беру  жүйесіндегі  мұғалімнің  көшбасшы  рөлін 

қолдау үшін қажет. 

Консорциумның  екі  мүшесі,  Пристон  университетінің  докторы  Энн  Кэтен  және 

Нью-Джерси орта мектебінің мұғалімі Пегги Стюарт көшбасшы ұстаз моделі тобының 

даму  процессін  талқылайды.  Көшбасшы  мұғалімнің  білім  салалары,  дағдылар  мен 

құзырлықтары  келтіріліп,  білім  беру  жүйесінде  тиімділікке  қол  жеткізу  үшін  өзара 

ажыратылады [1]. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінің  стратегиялық  мақсаты  – 

еліміздің  әлеуметтік  даму  жағдайына  сәйкес,  жеке  тұлғаның  білімге  деген  сұранысын 

қанағаттандырып, оның құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. 

Қоғамда  болып  жатқан  өзгерістер  тұлғаның  қажеттілігін,  ынта-ықыласын  және 

шығармашылық  әрекетін  ескеріп,  білім  беруге  жаңаша  тұрғыдан  қарауды  талап  етіп 

отыр.  Білім  беру  ісі  Қазақстан  экономикасының  ең  бір  интеллектуалдық  тұрғыдағы 

ауқымды саласы болғандықтан, еліміздің барынша дамыған, өркениетті 30 мемлекеттің 

қатарына  енуді  іске  асыруда  үлкен  маңыздылыққа  ие.  Сонымен  қатар  еліміздің 

жаhандану  жағдайында  экономикалық  еркін  аймаққа  мүше  болуға  ұмтылысы,  білім 

беру  жүйесінің  Болон  декларациясына  сәйкес  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіруі  біздің 

алдымызға үлкен маңызды міндеттерді жүктейді. 

Бастауыш мектепте білім беру, оның мазмұнын іріктеу мәселесі өте күрделі, оның 

шешімі балалардың бастауыш сатыда қаншалықты білім алғанына байланысты. Белгілі 

педагог  В.А.  Сухомлинский  «мектепте  жұмыс  істеген  отыз  жылдық  тәжірибем  менің 

көзімді  орта  және  жоғары  сыныптарда  оқушылардың  қалыс  қалуы,  сабақ  үлгермеуі 

олардың төменгі сыныптарда өмірге ең қажетті деген қарапайым нәрселерді өмір бойы 

ұмытпастай болып есіне сақтамауынан болатындығы өзіндік педагогикалық заңдылық 




28 

 

екеніне жеткізді», - дей келіп, бастауыш мектептің міндетінің балаға жазу, санау және 



жүргізіп оқи білуді үйрету екенін атап көрсетеді [2]. 

Егемендік алғаннан бері еліміздің білім беру саясатында аталған үдерістер белгілі 

дәрежеде ескеріліп, біршама істер атқарылғаны белгілі. Алда жаңа оқыту жүйесіне сай 

дайындығы бар кәсіби құзыретті мұғалім дайындау міндеті тұр.  

Интеграция  мен  жаhандану  қатар  жүріп  жатқан  заманның  талабына  сай  әлемдік 

өндірісі мен экономикасы өркендеген елдердің барлығы дерлік көшіп алған 12 жылдық 

мектепке  өтудің  негізгі  мақсаттары:  оқушылардың  әлеуметтік  жағынан  қорғалуын 

қамтамасыз  ету;  білімнің  сапасын  арттыру  арқылы  құзыреттіліктерді  қалыптастыру; 

әлемдік білім кеңістігіне ену. Ал басты басымдылықтары ретінде төмендегі мәселелер 

алынады: 

1. Білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы;  

2. Білімді ізгілендіру және гуманитаризациялау;  

3. Әдіснамалық құрамның іргелілігін қамтамасыз ету;  

4. Оқу жүктемесінің көлемін оңтайландыру;  

5. Оқушылардың денсаулығын сақтаудағы басымдықтар. 

Соңғы  кездегі  қоғамдық  және  жеке  сананың    дамуында  әлеуметтік 

құндылықтардың  бағасының,  тұлғалардың  ұстанымдары  мен  бағытының,  қарым–

қатынас  жүйесінің  өзгеруіне  байланысты  байқалып  отырған    әлеуметтік  өзгерістер 

болашақ педагогтарды дайындау үдерісінде соған сәйкес өзгеше көзқарас, білім, білік 

қалыптастыруды  талап  етеді.  Жас  мұғалімдерден  білім  алатын  бүгінгі  балалардың 

қоршаған  ортаға  деген  көзқарасы  бұдан  ондаған  жылдар  бұрынғы  ұрпақтардан 

анағұрлым ерекше.  

Сондықтан болашақ мұғалімдерді дайындауда оларды жас ұрпақ өсіп келе жатқан 

қоршаған  әлеуметке  тез  сіңісіп,  өзінің  іскерлігін  құқықтық  нормаларға  сәйкес  құруға,  

мемлекет  мүддесін  үнемі  жоғары  ұстауға,  қатар  өмір  сүріп  жатқан  өзге  ұлттардың 

мәдениетіне,  дәстүріне  құрметпен  қарау  дағдысын  өзіне  де  жас  ұрпақ  бойына  да 

қалыптастыра білуге бағыттау қажеттілігі туады.  

Осыған  байланысты  жоғары  мектеп  педагогикасының  күрделі  де  маңызды  бір 

мәселесі – студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, 

кәсіби  бағдар  берудің  жаңа  жүйесін  жасау,  іскер,  жетекші  және  құзыретті  маман 

дайындау.  

Сонымен қатар жоғары білім берудің басты мақсаты қоғамның, мемлекеттің және 

жеке  тұлғаның  сапалы  жоғары  білім  алуға  деген  мүдделерін  қанағаттандыру,    әрбір 

адамға  оқытудың  мазмұнын,  нысанын  және  мерзімдерін  таңдауға  кеңінен  мүмкіндік 

беру болса, міндеттері:   

-  іргелі  білімді  кеңінен  меңгерген,  бастамашыл,  еңбек  рыногы  мен 

технологиялардың  ауысып  тұратын  талаптарына  бейімделген,  командада  жұмыс  істей 

білетін жаңа тұрпатты маман дайындау;  

-  ғылым  мен  технологияны  дамыту  жолымен  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік  – 

экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу; 

-  білім  беру  жүйесін  демократияландыру  арқылы  жоғары  білім  берудің  барлық 

жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту; 

-  тұтас  алғанда  қоғамның,  оның  ішінде  білім  жүйесінің  дамуы  мен  жақсаруына 

үлес қосу. 

Мақалада  талданған  ғылыми  әдебиеттерде  қарастырылған  мұғалімнің  тұлғалық-

кәсіби  ерекшеліктері  мен  лидерлік  стильдер,  лидердің  атқаратын  қызметі,  соның 

негізінде  анықталған  мұғалім  лидер  рөлі  болашақ  мұғалімнің  лидерлік  сапаларын  

тұлғалық-гумандық  қасиеттер,  кәсіби-дидактикалық  іскерліктер,  лидерлік  қабілеттер 

деп  қарастыруға  мүмкіндік  берді  (сурет  1).  Соның  негізінде  болашақ  мұғалімнің 

лидерлік сапасы құрылымының мазмұнын жасадық (кесте 1). 




29 

 

Оның  лидерлік  сапасы  құрылымындағы  тұлғалық  гумандық  тобына  адами 



қасиеттер,  мінез-құлықтар  жатады.  Соның  ішінде  адами  қасиеттерге  төзімділік, 

шыдамдылық,  табандылық,  қайырымдылық,  қамқорлық,  ізгіліктік,  арлылық, 

намысқойлық,  адалдық,  әділдік,  әдептілік  және  т.б.,  мінез-құлықтарға  ақылдылық, 

алғырлық,  қажырлылық, зеректік, көпшілдік, ұжымшылдық,  аңғарымпаз, қанағатшыл, 

еңбекқор  және  т.б.  жатқызамыз.  Аталған  құрылымның  кәсіби-дидактикалық 

тобынаинтеллектуалдық  білім,  дидактикалық  біліктер,  коммуникативтік  іскерліктер 

жатады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет