1.Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы:
3.Матақаева Ғ. Ықтималдықтар теориясына арналған есептерді шешу. Алматы: Қазақ
4.Қазешев А.Қ. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика. Алматы:
5.Бөлекбаев Ә. Ықтималдықтар теориясының негіздері. Алматы: Рауан,1993.
346
ӘОЖ 514.112
ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА
ВЕКТОРЛАР ЖӘНЕ КООРДИНАТАЛАР ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АЗИРАТОВА У.М., ИЗАТУЛЛАЕВА А.Б. - магистранттар
АХМЕТОВА С.Т.- ф.-м.ғ.к.,
аға оқытушы
Шымкент университеті
Мақалада мектеп геометриясын оқытуда векторлық анализ элементтері мен
координаталық тәсілдердің есептер шығаруда қолданылуларына тоқталған
Геометриялық есептерді шығаруда векторлар және координаталар әдісін қолдану
тақырыбы бойынша көптеген оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар мен
әдебиеттер зерттелді.
Векторға және векторлық есептеулерге деген математиктердің қызығушылықтары
XVII ғасырда-ақ басталған. Ол механика мен физиканың қажеттіліктеріне байланысты
туындады. Алайда бағытталған кесінділер туралы мәселелермен айналысу тарихы өте
ертеден бастау алады. Математиктер арифметика мен алгебраның шешілмеген сұрақтарын
геометриялық жолмен шешуге тырысты. «Вектор» термині «бастаушы», «тартушы»,
«тасымалдаушы» мағынасын беретін латынның vector сөзінен шыққан.
Векторлық есептеулер теориясының дамуы мен олардың қолданыс салаларының
артуы алдыңғы ғасырдың соңы мен өткен ғасырдың басында векторлық алгебра және
векторлық талдау, өрістер теориясы, тензорлық талдау, көпөлшемді векторлық кеңістіктің
жалпы теориясы салаларының пайда болуына әкелді. Мектеп бағдарламасы бойынша
оқушылар вектор ұғымымен алғаш рет физика пәнінде танысады, содан кейін барып
математикада оқиды.
Вектор – кеңістікте немесе жазықтықта екі нүктені байланыстыратын бағытталған
кесінді. Вектор ұзындығымен және бағытымен анықталатын геометриялық объект. Егер
вектор басы А нүктесі және ұшы В нүктесі арқылы берілетін болса, онда оны
AB
деп
белгілейді. Көпшілік жағдайда вектор
бір ғана әріппен белгіленеді, мысалы
а ,
b т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: