Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет203/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

 

1 .Махмутов М.– «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» Алматы 1981ж 

2 .Жанпейісова  М.М.–  «Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы 

ретінде» Алматы 2002ж 

3 .Нұралиев Т.К.– «Оқыту әдістері лекциялар жинағы» Алматы 1991ж 

 

 



ӘОЖ 373.1.02 

 

ОРТА МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ 

ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

ТУРЫМКУЛОВА М.К.- магистрант 

БИМЕНОВА З. А., аға оқытушы 

Шымкент университеті 

 

В  данной  статье  рассмотрены  педагогические  методы  внеклассной  учебно  – 

воспитательной  работы,  включающие  в  себя  самостоятельную  работу  учащихся  и 

пробуждение у детей активности, творческой энергии, стимулирующие познавательную 

деятельность учащихся, вызывающие положительные эмоции. 

Жан – жақты дамыған жеке адамның өнімді және шығармашылық еңбек етуге, халық 

өмірінің  материалды  және  мәдениетті  деңгейін  көтеруге  қатысуына  итермелейтін 

оқытудың  тәрбиелік  ықпалын  жетіндіруді  сыныпта,  оқу  уақытында  ғана  емес,  сондай-ақ 

сабақтан  тыс  уақытта  да  көздейді.  Оқушының  сабақтан  тыс  уақытының  барынша  көп 

бөлігін мектепте пайдалану керек бірақ ол сынып сабақтарынан өзгеше болу қажет. Мұнда 

оқыту мен тәрбиені бірыңғай үрдіске қосу үшін оқушылардың білім алуына және олардың 

танымдық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалады. Олай болса, сыныптан тыс 

жұмыс  өзінің  әсергілі  және  мәні  жағынан  оқу  –  тәрбие  үрдесінің  өте  маңызды,  сүбелі 

бөлігі  болып  табылады.  Тәжірибе  көрсеткендей  сыныптан  тыс  сабақтар  оқу  материалын 

терең  тиянақты,  және  терең  меңгеруге  ықпал  етеді,  ой  -  өрісін    айтарлықтай  кеңейтеді, 

шығармашылық ізденіске, өз бетінше  жұмыс істеуге қызықтырады, танымдық қасиеттерін 

тәрбиелейді. 



364 

 

Себебі  қазіргі  кездегі  ғылымы  мен  техникасы,  өнері  мен  мәдениеті  дамыған  қоғам 



адамның танымдық қызығушылықтарын қалыптастырмай, оның үйлесінді дамуын жүзеге 

асыру мүмкін емес. 

Сыныптан  тыс  сабақтар  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтарын  дамытуға 

айырықша  мүмкіндік  береді.  Ол  үшін    сыныптан  тыс  сабақтарды  дұрыс  ұйымдастырып, 

бұл  сабақтарды  өткізу  әдісімен  мазмұны,  ауқымын  кеңейтуді  жан–жақты  байланыстыру 

қажет. 


Сыныптан  тыс  оқу  –  тәрбие  жұмысы  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеуі  және 

балалардың  белсенділігін,  шығармашылы  жігерлігін  ояту,  оқушылардың  танымдық 

қызметін  ынталандыратын,  жағымды  эмоцияларды  шақыратын,  орныққан  педагогикалық 

әдістерге сүйенеді. 

Сыныптан  тыс  жұмыс  оқушылардың  өзін  -  өзі  тәрбиелеуге,  шығармашылық, 

зерттеушілік,  танымдық  қабілеттерін  дамытуға,  ықпал  етуге,  адамның  жаңаша 

қалыптасуына көмектесуге негізделінген . 

Осы  принципті  нұсқамалардың  іс  –  жүзінде  жүзеге  асырылуы  оқу  тәрбие  үрдісінің 

сабақта және сабақтан  тыс жұмыстағы бір  ыңғайылығына қол жеткізелді. Сыныптан тыс 

уақытта  жан-жақты  ойластырылып  істелген    жұмыстар  оқушылардың  білімін 

толықтыруда,  пәндерге  қызығушылығын  арттыруда,  тәрбие  жұмыстарын    пәрмендендіре 

түсуде  атқаратын қызметі өте зор. Оқушылардың сабақтан кейінгі  бос уақыттарын үнемді 

ұйымдастыру  мәселесі  көп  жағдайда  бос  уақыттарын  үнемді  ұйымдастыру  мәселесі  көп 

жағдайда сыныптағы пән мұғалімдеріне тікелей қатысты. 

-  Сыныптан  тыс  жұмыстар  тәрбие  ісімен  ғана  шектелмейді.  Оқушылардың  бос 

уақыттарындағы  іс  -  әрекеттерін  ойластырып  ұйымдастырған  сыныптан  тыс  жұмыстар 

олардың  бойындағы  танымдық  күш  және  қабілеттерін  арттыруға,  білімін  кеңейтуге,  

білімге деген ынтасын өсіруге зор ықпап етеді. 

-Сыныптан  тыс  жұмыстар  –  педагогикалық  үрдестің    құрамды,  маңызды,  қажетті,  бір 

бүтін бөлігі; 

-Сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісімен бөлінбейтін байланыста жатады; 

-Олар жеке тұлғаны тәрбиелеуде, бірін – бірі толықтырады, байытады;  

-Сыныптан    тыс  сабақ  өткізу,  атап  айтқанда,  оқушылардың  оқу  –  танымдық 

мүмкіндіктерін  жүзеге  асыру    үшін    ұйымдастырылған  шараларды  жоспарлағанда, 

окушыларға сапалы еңбек етуге, бір – бірінен қарым – қатынас жасай білуге үйрету қажет.  

-Сонымен қатар, ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар мынадай оқу танымдық 

міндеттерді орындағанда нәтижелі шешіледі: 

1.  Оқушылардың  әртүрлі  іске  қызығушылығын  және  қабілеттерін,  шеберліктері  мен 

дағдыларын қалыптастыру. 

2.  Оқушылардың  бойында  маңызды  қоғамдық  істерді,  мінез-құлықтарды  және  іс  - 

әрекеттерді дұрыс қалыптастыру. 

3.  Оқушылардың  өзіндік  білімдерін  көтеруге  тәрбиелеу,  бос  уақыттарын  орынды 

және қызықты ұйымдастыруға әдеттендіру. 

4. 


Оқушылардың  бос  уақыттарындағы  іс  -  әрекеттері  мен  сабақтан  тыс 

жұмыстардың түрлері біріктіріп сәйкестендіру, сабақта алған білімімен байланста жүргізу. 

Сыныптан тыс жұмыстардың нәтижелі болуы үшін көрсетілген міндеттер бір-бірімен 

табиғи  бірлікте  қаралады,  бірінсіз  –  бірін  шешу  мүмкін  емес,  бұл  –  кешенді  міндет, 

сондықтан, кешенді шешуді қажет етеді. 

Математика  пәні  бойынша  оқушылардың  сабақтан  тыс    уақыттағы  танымдық  іс  - 

әрекеттерін жетілдіруге бағытталған, педагогикалық жолмен ұйымдастырылған сыныптан 

тыс жұмыстардың түрлері үш топқа бөлінетінін атап  көрсетеді. Олар: 




365 

 

Оқушылардың  білім  дәрежесін  арттыру,  олардың  оқуға  деген  саналы  қатынасын 



тәрбиелеуге бағытталған және оқу еңбегін дұрыс та, пайдалы ұйымдастыруға көмектесетіп 

жұмыс түрлері  (әңгімелер, жиындар, көрмелер, т.б.). 

1.Ұжымдық,  оқу  танымдың  әрекеттерін  қалыптастыратын  түрлері  (ребустар,  

викториналар, конкурстар, жарыстар, білім деңгейлерін байқауға арналған олимпиадалар). 

2.Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  тәсілдендіретін,танымдың 

белсенділіктерін   арттыратын түрлері (әр түрлі үйірмелер, тіл дамыту сағаттары). 

Сыныптан  тыс  дамыту  оқушылардың  оқу  –  танымдың  білім  деңгейлерін  анықтауда 

мұғалімнің  міндеті  ерекше.  Ол  –  сыныптан  тыс  әрекеттердің  барлық  функцияларын 

орындаушы,  басты  ұйымдастырушы  және  идеялық  тәрбие  беруді  ұйымдастырушы, 

басқарушы, сонымен қатар, ол мынадай мәселелерді шешеді. 

-оқушыларға  қабілеттеріне  қарай  бағыт  –  бағдар  беру;оқушылардың  дүниеге 

көзқарастарын, белсенділіктерін, тәртіп және мінез – құлық мәдениетін қалыптастыру; 

-тәжірибе  жүзінде  әрекеттерін  ұйымдастыру,  жан  –  жақты  дамытған  тек  адам 

тәрбиелеу мен оқушылардың қарым қатынасын ұйымдастыру. 

Оқушылардың  бойындағы  сыныптан  тест  жұмысқа  деген  қызығушылығы  мен 

сүйіспеншілігін  оятушы  фактор,  негізінен,  оқушылардың  немесе  үйірме  мүшелерінің 

өткізген  әңгімелері  болуы  мүмкін.Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  мен  өткізу 

мәселесіне  немқұрайлы  қарауға  болмайды.  Сыныптан  тыс  жұмыстар,  оқу  сабағының 

жалғасы  болумен  бірге  одан  өзіндік  ерекшеліктері  мен  айырмашылықтары  да  бар. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  сынып  сабағынан  айырмашылығы,  оны  оқушылардың 

өздерінің  қалаулары  бойынша  ұйымдастыратындығында.  Ондай  жұмыстардың  түрлерін 

оқушылар  өздері  таңдайды.  Осы  принцип  сыныптан  тыс  жұмыстың  сапалы,  нәтижелі 

болуына  әсер  етеді.  Оқушының  белгілі  бір  сыныптан  тыс  жұмысқа  алғашқы  қызығуын, 

ұнатуын  әрі  қарай  дамыту,  бекіту  мұғалімнің  мұндай  жұмыстарды  ұйымдастыру 

шеберлігіне байланысты. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқу  сабағына  қатынасатын  оқушылар  саны  жағынан  да 

өзгеншеленуі  мүмкін. Сыныптан тыс жұмысқа барлық  оқушыларының қатысуы, міндетті 

емес  дегенбіз.  Бұл  сыныптан  тыс  жұмыс  түрлерінің  көптігіне  байланысты,  мұндай 

жұмыстың жеке түрлеріне   қатысушылар саны, сынып оқушылардың санынан әрқашан аз 

болады.  Бұл  жағдай  қабілеті,  талабы  бір  оқушылар  тобының  тез  тіл  табысуына,  бір  – 

бірімен  достасуына  да  әсер  етеді.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  келесі  ерекшелігі  оқушы 

қызығушылығымен  байланыстылығында.  Оқушы  барлық  сабаққа  қатысқанымен  ол 

барлық  сабаққа  бірдей  қызыға  бермейді.  Сыныптан  тыс  жұмыстарға  оқушының  қатысуы 

оның қызығуымен тікелей байланысты. Сынып тыс жұмыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, 

ол оның қай түрі болса да белгілі дәрежеде сабақ материалымен байланысты болуы.  

Яғни,  сыныптан  бос  уақытта  жүргізілетін  іс  –  шаралардың  барлығы  да  сабақ 

материалымен тығыз байланыста болады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  әрбір  түрлері  мен  оларды  жүргізу  тәсілдері, 

оқушылардың  сабаққа  деген  дайындықтары  мен  қызығушылықтарын,  дағдыларын 

жандандыруда,  алған  білім  деңгейлерін  тереңдетуде,  оны  оқушы  санасында  бекітуде  

алатын  орны  ерекше  .  Сонымен  бірге,  сыныптан  тыс  жұмыстың  жоспарын  жасауда  оған 

қойлатын  әдістемелік,  педагогикалық  тұрғыдағы  талаптар  барын    ескерткен  жөн.  Олар 

төмендегідей. 

1.Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушының  жас  мөлшеріне,  білім  деңгейіне  сай 

белгіленуге тиісті. 

2.Оқушының  қолынан  келмейтін,  оқушыны  шаршатып,  бетін  қайтаратындай 

жұмыстар жоспарланбауы керек. 



366 

 

3.Сыныптан  тыс  жұмыстың  жүргізілу  мерзімі,  ұзақтығы  оқушының  жас  мөлшеріне 



сай болуы тиісті. 

4.Математикадан  өткізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушының  сабақта  алған 

білімін  бекітіп,  оны  толықтыру  мақсатын  көздеп,  қолдану  тәжірибесін  артыруға 

бағытталуы керек. 

1.Сыныптан  тыс  жұмыстар  жоспарын  белгілі  бір  жүйеде  жүргізілуге  тиісті. 

Оқушылардың  сабақтан  тыс  оқу  танымдық  әрекеттерін  жетілдіруге  бағытталған 

педагогикалық  шаралардың  нәтижелі  болуы,  мұғалімнің  сыныптан  тыс  жұмыстардың 

компоненттерін  бүтіндей  кешенді  пайдалануына,  сабақтан  тыс  уақытағы  мұғалім  мен 

оқушының  қарым  –  қатынасына  да  байланысты.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  түрлерін 

кешенді пайдалану әрбір мұғалімнің шеберлігіне ғана тән. 

Сонымен  жан–жақты  дамыған  тұлғаны  тәрбиелеу  мәселесінде  негізгілердің  бірі 

сыныптан  тыс  жұмыстарды  дұрыс  жолға  қою  екендегі  айқын.  Мұнда,  сыныптан  тыс 

жұмыстарды  өткізу  кезінде  оқушылар  сабақта  алған  білімдері  мен  біліктерін  бекітіп, 

тереңдетер  болса  екінші  жағынан,  мұғалім  сабақты  қызықты  әрі  мазмұнды  етіп  өткізуге 

мүмкіндігі мол.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет