Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет241/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   333
 

 Бухгалтерлік  есеп  негіздері  [Мәтін]  :  практикум  /  Б.  С.  Мырзалиев,  Р.  С. 

Әбдішүкіров. - 2-бас., өңд., толықт. – Алматы : NURPRESS, 2017. - 168 б. 



7.  Алибекова  Б.А.  Бухгалтерлік  есеп  қағидалары  Оқулық.  —  Астана:  Сарыарқа, 

2018. — 264 б. 

 

 

 

УДК 336.148  



 

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ: СЕБЕПТЕРІ, САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ 

 

Қаржы мамандығының 4 курс студенті РАХМАНБЕРГЕНОВ М.А. 

Ғылыми жетекшісі: БУЛАМБАЕВ А.Б. 

«Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының э.ғ.м МВА, аға оқытушы 

Алматы университеті 

 

Тапшылық-дефицит (латынша deficit - жетімсіздік, жетіспеушілік микроэкономикада 



 әлдебір  ресурстың  (оның  ішінде  тұтыну  ресурсының)  жетіспеушілігі,  тапшылығы; 

микроэкономикада   шығыстың  кірістен  асып  түсуі,  оның  ішінде  валютаның, 

қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі. 

Мәселен, бюджет  тапшылығы  -  мемлекеттік  бюджеттің  шығыс  бөлігінің  кіріс  бөлігінен 

асып  түсуі;  сауда  теңгерімінің  тапшылыгы  -импорттың  экспорттан  асып  түсуі;  төлем 

теңгерімінің тапшылығы- мемкекет пен оның сыртқы әріптестері арасында ағымдағы есеп 

айырысу  бойынша  да,  капитал  тауарлар  мен  ақша  қозғалысының  барлық  нысандарының 

жалпы теңдестірілмегендігі. 

Бюджет  тапшылығының  өзінің  сапасы  әр  түрлі  болуы  мүмкін  және  оны  пайда 

болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды. 

Елдің  бюджет  құрылысына  қарай  республикалық  (өңірлік)  және  жергілікті 

бюджеттердің  тапшылықтарын  ажыратады.  Биліктің  жергілікті  органдары  үшін  бұл 

проблеманың  маңызы  зор,  өйткені  орталық  үкіметке  қарағанда  оны  шешу  үшін  олардың 

қаржылық ресурстары шектеулі болады. 

Бюджет  тапшылығының  пайда  болу  себептері  заңды  түрде  төтенше  тапшылықты, 

дағдарысқа  қарсы  тапшылықты,  дағдарыстан  кейінгі  тапшы  лықты  бөліп  көрсетуге 

мүмкіндік береді. 



424 

 

Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар 



және  т.б.)  жатыр,  олардан  сақтану  қиын  әрі  мүмкін  емес.  Бұл  жағдайда  мемлекеттің 

кәдуілгі резервтері  келтірілген зиянның салдарларын  жоюға жетпейді, сондықтан ерекше 

көздерге жүгіруге тура келеді. 

Дағдарысқа  қарсы  тапшылық  экономика  дамуына  ірі  мемлекеттік  жұмсалымдарды 

жүзеге  асыру  қажеттігімен  байланысты,  ол  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  үдерістерін, 

қоғамдық  өндіріс  құрылымында  прогресті  байланыстарды  қамтамасыз  етуге  ұмтылысты 

бейнелеп көрсетеді. 

Дағдарыстан  кейінгі  тапшылық  экономикадағы  дағдарыстық  құрылымдарды, 

олардың  қаржылық  жағдайатты  күйреуін,  қаржы-кредиттік  байланыстардың  тиімсіздігін, 

елдегі  қаржылық  жағдаятты  бақылап  ұстап  тұруға  үкіметтің  қабілетсіздігін  бейнелеп 

көрсетеді. 

Бірінші,  сондай-ақ  екінші  жағдайда  да  бюджет  тапшылығын  ең  алдымен  дағдарыс 

және  экономикадағы  оның  салдарлары  тудырып  отыр.  Бұдан  ынталандырушы  және 

ынталандырмайтын  маңызы бар тапшылықтарды бөліп көрсетуге болады. 

Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және 

пассивті  бюджет  тапшылықтары  болып  бөлінеді.  Активті  тапшылық  қаржылық 

параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері) мемлекеттік 

жедел  оңтайландыру  нәтижесінде  пайда  болады.  Дж.  Кейнс  теориясына  сәйкес 

тапшылықтың бұл түрі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады. Пассивті тапшылық 

ұлттық  табыстың ІЖӨ-нің өсу қарқынының қысқаруы нәтижесінде пайда болады, ал бұл 

бюджеттің кіріс базасы негізінің – салықтық түсімдердің құлдырауына жеткізеді. 

Экономикалық    теорияда  құрылымдық  және  циклдық  бюджет  тапшылығын  

ажыратады.  Тап  экономиканың  жай-күйі  құрылымдық  және  циклдік  тапшылықтардың 

деңгейін анықтайды. 

Тапшылықты  қаржыландыру  (артық  қаржыны  қолдану)  бірнеше  бөлімнен  тұрады: 

«Займдардың  түсуі»,  «Займдарды  жабу»,  «Бюджет  қаржысының  қалғаны»  және  бюджет 

жетіспеушілігінің  артық  ақшаны,  займдар,  бюджет  қаржысының  қалғанын  қолдану 

арқылы  негізгі  займ  бойынша  қарыздың  жабылуын  көрсетеді.  Бюджет  жетіспеушілігін 

қаржыландыру дұрыс бағаға байланысты тағайындалынады. Артық қаржыны ұстау артық 

қаржыны  қолдану  арқылы  жүзеге  асады:  артық  ақшаны,  займдар,  бюджет  қаржысының 

қалғанын қолдану арқылы негізгі займ бойынша қарызды  жабады. Артық қаржыны ұстау 

кері бағаға байланысты тағайындалынады. 

Бюджеттік  тапшылықтарды  қаржыландырудың  басты  жолы  мемлекеттік  несие. 

Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем 

немесе  кредитор  –  несие  беруші  рөлін  атқарады.  Егер  әңгіме  бюджеттік  тапшылықты 

толықтыру  жөнінде  болса,  онда  мемлекеттің  қызметі  бізді  заем  беруші  ретінде 

қызықтырады. 

Тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) келесі формулада анықталады:  

 

Fd (Fp) = N + O - R,                                                         (1) 



 

мұндағы  Fd  –  Бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  көлемі.  Оң  белгідегі  бюджет 

тапшылығын  қаржыландыру  тапшылық  көлеміне  сәйкес.  Fp  –  Бюджет  профоцитін 

пайдалану  көлемі.  Теріс  белгідегі  бюджет  профицитінің  маңызын  қолдану  профициттің 

көлеміне  сәйкес;  N  –  алынған  қарыздар  сомасы;  O  –бюджет  қаражатын  пайдаланудан 

қалған сомалар; R –алынған займдар бойынша негізгі қарызды өтеу сомасы. 




425 

 

2014  –  2016  жылдарға  арналған  республикалық  бюджет  параметрлері  Қазақстан 



Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарында  және  Мемлекет 

басшысының  2012  жылғы  14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы». 

Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

берілген  тапсырмаларда  айқындалған  мақсаттар  мен  міндеттерге  сәйкес  түзетілген 

Қазақстан  Республикасының    2014  –  2018  жылдарға  арналған  әлеуметтік-экономикалық 

дамуының базалық сценарийі негізінде әзірленген. 

Қалыптасып  отырған  сыртқы  және  ішкі  факторларды  ескере  отырып,  2014  жылғы 

наурыз  және  қазан  айларында  елдің  2014  –  2018  жылдарға  арналған  әлеуметтік-

экономикалық дамуының болжамына нақтылау жүргізілді. 

Әлемдік  экономиканың  күтілгенге  қарағанда  неғұрлым  төмен  өсу  қарқыны  мен 

сыртқы  нарықтарда  қазақстандық  өнімге  сұраныстың  төмендеуі  аясында  2014  жылмен 

салыстырғанда 2015 жылы Қазақстанда экономикалық өсу қарқыны бәсеңдеді (1 кесте).  

1 кесте  

Негізгі макроэкономикалық индикаторлар 

 

р\с 


Атауы 

 2017 жыл                 

 2018 жыл               

 2019 жыл            







Жалпы ішкi өнiм, млрд. теңге 

35 275,2  

39 040,9 

27 819,3  

өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi нақты 



есептеудегi %-бен 

106,0 


104,4 

101,2 


Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi,  млрд. теңге  18 178,8 

18 492,8 

13 096,0 

өткен жылдың тиiстi кезеңiне  %-бен 



102,3 

100,2 


98,5 

Мембюджетке кірістер, млрд. теңге 



6 382,4 

7 321,3 


6 485,8 

ЖIӨ-ге %-бен 



18,1 

18,8 


23,3 

Мембюджеттен шығындар, млрд. теңге 



6 852,7 

7 791,9 


7 097,6 

ЖIӨ-ге %-бен 



19,4 

20,0 


25,5 

Таза бюджеттік кредит беру, млрд. 



теңге 

25,8 


43,2 

134,5 


10 

ЖIӨ-ге %-бен 

0,1 

0,1 


0,5 

11 


Қаржылық активтермен болатын 

операциялар бойынша сальдо, млрд. 

теңге 

204,8 


572,9 

209,2 


12 

ЖIӨ-ге %-бен 

0,6 

1,5 


0,8 

13 


Мембюджеттiң тапшылығы (-) / 

профицитi (+), млрд. теңге 

-700,9 

-1 086,7 

-955,6 

14 


ЖIӨ-ге %-бен 

2,1 


2,8 

-3,4 


15 

Тұтыну бағаларының индексі 

  

  

  



16 

өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен 

100,6 

107,4 


112,3 

17 


орташа есеппен өткен жылдың тиiстi 

кезеңiндегi кезге арналған,  %-бен 

105,8 

106,7 


106,0 

18 


Орташа айлық атаулы жалақы 1 

қызметкердің, теңге 

108 640 

120 455 


123 622 

19 


өткен жылдың тиiстi кезеңiне  %-бен 

107,5 


110,9 

105,2 


20 

Экспорт, млн. АҚШ долл. 

84 700,4  

78 237,8 

42 758,0

 

 




426 

 

21 



өткен жылдың тиiстi кезеңiне                                         

%-бен 


98,0 

92,4 


57,6 

22 


Импорт, млн. АҚШ долл. 

48 805,6 

41 212,8 

27 857,2 

23 

өткен жылдың тиiстi кезеңiне  %-бен 



105,3 

84,4 


74,3 

 

1 кестенің жалғасы 



24 

Сауда балансының сальдосы,                                  

млн. АҚШ долл.  

35 894,8  

37 025 

14 900,8 

25 

Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы 



ресми айырбас бағамы:  

  

  



  

25 


кезеңнiң аяғындағы  

153,6 


182,4 

307,2 


27 

кезең бойынша орташа   

152,1 

179,2 


212,5 

Ескертпе – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнің есебі 

 

Кесте мәліметтерінен көретініміз 2019 жылы жалпы ішкi өнiм  27 819,3 млрд. теңге 



болып отыр, яғни бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiндегi нақты есептеуде  101,2%-ды құрап 

отыр. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырсақ 3,2% төмендегенін көріп отырмыз. 

2014 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің өсімі төмендеуінің негізгі себептері мыналар:  

 

1) мұнай өндіру көлемінің 80,8 млн. тоннаға дейін төмендеуі; 



2) көмір өндіру көлемінің 2,0 %-ға төмендеуі; 

3) түсті металл өндірісінің 4,8 %-ға төмендеуі; 

4)  үй  қожалықтары  тарапынан  сұраныстың  баяулауы,  осылайша  2015  жылдың  9 

айында тұтыну бар-жоғы 0,4 %-ға ғана өсті. 

5)  экспорттың  6,5 %-ға  қысқаруына  себеп  болған  сыртқы  сұраныстың  нашарлауы 

болып табылады. 

Мемлекеттік бюджетке кірістер,  6 485,8 млрд. теңге, 2018 жылы 7 321,3 млрд. теңге, 

-835,5  млр.  теңгеге  кеміген.  Мемлекеттік  бюджетке  түскен  түсім  көлемінің  азаюы 

салдарынан мемлекеттік бюджеттен шығындар 2015 жылы  7 097,6 млрд. теңге болса бұл 

көрсеткіш  өткен  жылғы  көрсеткішпен  салыстырғанда  694,3  млрд.тенгеге  сәйкесінше 

азайып отыр.  

Мемлекеттік  бюджеттiң  тапшылығы  (-)  /  профицитi  (+),  -955,6  млрд.  теңге,  жалпы 

ішкі өнімдегі үлесі -3,4% құрап отыр. 

Экономиканың  одан  әрі  өсімін  қамтамасыз  ету  үшін  бюджет  саясаты  халықтың  әл-

ауқатын  арттыруға,  экономиканы  жаңғыртуға  және  әртараптандыруға,  мемлекет 

тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағыттылықты сақтап қалды.  

Мемлекеттік  шығыстардың  көлемі  бір  жағынан  жиынтық  сұранысты  қолдауды, 

екінші  жағынан  –  мемлекеттік  инвестициялар  есебінен  инвестициялық  белсенділікті 

қамтамасыз ететін деңгейде қолдау тапты.  

Тапшылықтың  едәуір  әрі  тұрақты  болуы  қаржының  дағдарыстық  жай-күйін 

сипаттайды. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% 

мөлшері  саналады.  Бюджет  тапшылығын  жабудың  негізгі  нысандары:  мемлекеттік 

қарыздар шығару; кредиттік ресурстарды пайдалану. Тапшылықты азайту немесе оны жою 

мақсатымен  секвестр  –  ағымдағы  қаржы  жылының  қалған  уақыты  ішінде  барлық  баптар 

бойынша  белгілі  бір  пайызға  мемлекеттің  шығыстарын  үйлесімді  қысқарту 

пайдаланылады. Бюджет тапшылығын пайда болу себептеріне қарай сыныптайды. 

Осылайша екі нақтылау және 7 түзету нәтижелері бойынша 2015 жылғы  мемлекеттік 

бюджет түсімдері 7 245 764 млрд. теңге көлемінде анықталды, шығыстар 8 269 560  млрд. 

теңге көлемінде анықталды (2 кесте).  



427 

 

2 кесте 



Мемлекеттік бюджеттер атқарылуының салыстырма талдауы 

(млн. теңге) 

Атауы 

Мемлекеттік бюджет   



2019 жылға 

түзету 


енгізілген 

бюджет  


2019 жылдың 

атқарылуы  

 бір жылға 

түзету 


енгізілген 

бюджеттің 

атқарылу %-

ы  


2018 ж. %-

бен 2019 ж 





I. Кірістер 



       7 245 764           7 634 805                 105,4                 104,3    

Салықтық түсiмдері 

        4 516 536           4 883 913                 108,1                   95,5    

Салықтан тыс 

түсiмдер 

        203 245              224 767                 110,6                 125,2    

Негізгі капиталды 

сатудан түскен 

түсімдер 

        68 696                69 709                 101,5                   98,1    

Трансферттердің 

түсімдері 

       2 457 287           2 456 417                 100,0                 125,6    

II. Шығындар 

        8 269 560           8 227 097                   99,5                 105,6    

III. Таза бюджеттік 

кредит беру 

85 089  


84 702  

  

  



Бюджеттік кредиттер 

           153 120              152 897                   99,9                 166,4    

Бюджеттік 

кредиттерді өтеу 

         68 032                68 195                 100,2                 140,1    

IV. Қаржылық 

активтермен болатын 

операциялар бойынша 

сальдо 

     239 304              238 710    

 

 

Қаржылық активтерді 



сатып алу 

247 533              246 940    

           99,8                   42,9    

Мемлекеттің 

қаржылық активтерін 

сатудан түскен 

түсімдер 

        8 229                  8 229    

      100,0                 359,8    

V. Бюджет 

тапшылығы  

(профициті) 

-1 348 189  

-915 705                  67,9    

-84  

Ескертпе – 2016 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша ҚР Қаржы министрлiгiнің 



есебі 

 

Берілген көрсеткіштерден көретініміз 2019 жылға түзету енгізілген бюджет кірістері 



7  245  764  млн.  теңге,  2019  жылдың  атқарылуы  7  634  805  млн.  теңге,  2018  жылдың 

пайызбен көрсеткіші 2015 жылы 104,3% құрап отыр. Шығындар 8 269 560 млн.тенге, 2019 

жылдың  атқарылуы  8  227  097  млн.тенге,  яғни  2019  жылы  мемлекеттік  бюджет 



428 

 

шығындарының  көлемі  2018  жылмен  салыстырғанда  105,6%  артып  отыр.Бюджет 



тапшылығы  (профициті)  2019 жылы -1 348 189 млн.тенге. 

2019  жылға  арналған  республикалық  бюджетті  нақтылау  кезінде  республикалық 

бюджеттің тапшылығы 1257717 млн. теңге құрап отыр (3 кесте). 

  

3 кесте 



Республикалық бюджеттер атқарылуының салыстырма талдауы(млн. теңге) 

Атауы 


Республикалық бюджет   

2019 жылға 

түзету енгізілген 

бюджет  


2019 

жылдың 


атқарылу

ы  


бір жылға 

түзету 


енгізілген 

бюджеттің 

атқарылу 

%-ы 


2018 ж. %-бен 

2019 ж.  





I. Кірістер 



           5 806 766    

    6 136 

968    

       105,7    

             103,9    

Салықтық түсiмдері 

             3 012 966          3 332 

925    


             

110,6    

               90,9    

Салықтан тыс 

түсiмдер 

                151 441    

       162 

774    


             

107,5    

             123,6    

Негізгі капиталды 

сатудан түскен 

түсімдер 

                    9 758    

           8 

773    

               

89,9    

            114,2    

Трансферттердің 

түсімдері 

             2 632 601           2 632 

496    


             

100,0    

             125,2    

II. Шығындар 

            6 805 804          6 789 

829    


               

99,8    


             104,9    

III. Таза бюджеттік 

кредит беру 

77 386  


78 007  

  

  



Бюджеттік кредиттер 

                190 766        190 766               100,0    

            161,0    

Бюджеттік 

кредиттерді өтеу 

                113 380        112 759                 99,5    

             142,7    

IV. Қаржылық 

активтермен болатын 

операциялар бойынша 

сальдо 

                181 292    

181 265    

  

  



Қаржылық активтерді 

сатып алу 

                182 652    

182 652               100,0    

             38,1    

Мемлекеттің 

қаржылық активтерін 

сатудан түскен 

түсімдер 

                    1 360    

1 387               102,0    

           246,1    

V. Бюджет 

тапшылығы  

(профициті) 

-1 257 717  

-912 134                72,5    

-84  


Ескертпе – 2016 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша ҚР Қаржы министрлiгiнің есебі 


429 

 

 



Республикалық бюджеттің атқарылуының салыстырмалы талдауы кестесінен байқап 

отырғанымыздай  2019  жылы  түскен  кірістер  көлемі  5  806 766  млн.  тенге  болып  отыр, 

оның  нақты  орындалғаны  6  136  968      млн.тенге,  бұл  көрсеткіштердің  көлемінің  артуы 

салықты  және  салықтық  емес  түсімдердің  есебінен  болып  отырғанын  байқаймыз. 

Керісінше  шығындар  көлемі    2019  жылы    6  805 804  млн.тенге  деп  жоспарланса,  оның 

көлемінің    6  789  829  млн.тенге  болып  отырғанын  көреміз,  яғни  республикалық  бюджет 

шығындарын қысқарту жұмыстары жүргізілгенін көріп отырмыз. Республикалық бюджет 

тапшылығы   -1 257 717 млн. тенге болса,  -912 134 млн.тенгеге 2019 жылы атқарылғанын 

көрсетіп отыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет