Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында елімізде бірқатар
фискалдық шектеулер, оның ішінде бюджет тапшылығын азайту және Ұлттық қор
қаражатын пайдалануды шектеу енгізіледі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын 2022 жылға қарай жалпы ішкі өнімге қатысты
1,4%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр, бұл мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде,
2022 жылға қарай жалпы ішкі өнімге қатысты 13,9%-дан аспайтын деңгейде ұстауға
мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ол бірқатар фискалды шектеулер екі кезеңде жүргізілетін Жаңа
бюджет саясаты тұжырымдамасы аясында қаржы тұрақтылығын сақтау мақсатында
енгізілетінін атап өтті. Бірінші кезеңде - 2017-2019 жылдар - мемлекеттік қаржы
теңгерімділігі мен бюджеттік тиімділікті қамтамасыз ету негіздері қалыптастырылады.
Екінші кезеңде - 2020-2022 жылдар - мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайтуды
болжайды, бұл жеке сектордың ынтымақты жауапкершілігін кеңейтумен, бюджеттік
міндеттемелерді тұрақтандырумен, жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің
өсуімен сүйемелденетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |