УДК 347(075)
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚУАНЫШҰЛЫ ЕРАСЫЛ - 2 курс магистранты
Ғылыми жетекші: з.ғ.к., доцент АПАХАЕВ Н.Ж.
«Алматы» Университетінің
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынас субъектілері азаматтық процеске қатысатын кез-
келген тұлғалар. Азаматтық іс жүргізу нормалары арқылы қүқықтар алған тұлгалар
азаматтық іс жүргізу құқық қатынас субъектісіне жатады.
Сот құзыретін құрайтын міндеттері мен құқықтары іс жүргізу құқық қатынастың
субъектісі деп сипатталады. Сотқа құқық қабілеттілік деген құқық категориясы тән емес.
өйткені, сот мемлекеттік билік органы болғандықтан құқықтық жағдайлар құқықтық
қабілеттілікпен сипаттала алмайды. Субъективтік құқық - бұл басқа тұлғаға міндеттелген
заңмен қамтамасыз етілген құқықтық қатынастың әрекет шамасы.
Сондықтанда ол мемлекет алдында және өзінен жоғары түрған соттар алдында, іс
жүргізу қатынасына түсетін қатысушылар алдында жауапты болады. Сот өз міндеттерін
дұрыс жүзеге асырып, талап мүддесін қамтамасыз ету үшін іс жүргізу шаралары
қолданылуы мүмкін. Олар - сот әрекетіне, сот шешіміне келіспеушілік, шағымдану және
тағы басқалар.
Субъектілердің тең еместігі «билік қатынас» деген атқа ие болды. Соттың билігі
деген түсінік тараптар мен іске қатысушылардың үстінен сот қатты кете алмайды, өйткені,
белгілі бір сот үстінен арыз берілуі мүмкін. Мысалы: талап арызды негізсіз қабылдаудан
сот бас тартса, онда соттың әрекетіне шағым жасалуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынасқа түсетін субъектілердің құқық
жағдайлары әр түрлі. Бұл - олардың әр қайсысындағы іс жүргізушілік қызмет
функциясының бірдей болмауы себебінен болып, азаматтық іс жүргізу құқықтық
қатынастарына және олардың субъектілеріне өзіндік әсерін тигізіп жататын жағдайларда
бар [1].
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынаста сот өндірісін жүзеге асыру соттан басқа
барлық субъектілер екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа талап өндірісіндегі талапкер мен жауапкер, әкімшілік-құқықтық
қатынастан туындайтын істердегі тараптар, ерекше өндірістегі талап беруші, үшінші
жақтар, басталып кеткен немесе жаңадан қозғалған азаматтық істегі прокурор, топтардың
өкілдері, ерекше өндірістегі мүдделі тұлға, мемлекеттік орган, өзінің құзыреті мәселесі
бойынша қатысатын қоғамдық бірлестіктер жатады.
Екінші топқа куә, маман-сарапшы, аудармашы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері
кіреді.
Бұл азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынас субъектілер тобының екіге бөлінуі,
олардың жеке сипаты мен жағдайына жэне процеске қатысу мақсаттарына қатысты.
Бірінші топтағы процеске қатысушылардың барлығы жалпы бір мазмұнмен сипатпен
жэне жағдаймен бірігеді. Бұлардың бәрі сот өндірісіндегі сот шешіміне мүдделі заңды
түлғалар болып табылады. Сондықтан олардың процестегі жағдайының өзі жеке өзіндік
сипатқа ие. Бірақта бұл жеке өзіндік сипат барлы.; субъектілерге тән емес.
473
Негізінен, бірінші топтағы субъектілердің процесте жеке өзіндік сипаты талап
өндірісіндегі тараптар мен әкімшілік-құқықтық қатынаста туындайтын істер бойынша
пайда болады. Диспозитивті принциптің процестегі қызметі де жоғарыдағыдай сипатты
көрсетеді.
Азаматтық істің қозғалуы талапкердің өзіне байланысты. Талапкер өзінің талабынан
бас тартуы мүмкін, талап негізін немесе талап мазмүнын өзгертуі мүмкін, ал екінші жақ,
яғни жауапкер талапқа толық немесе оның бір бүлігіне ғана көнуі мүмкін.
Талапкер тәрізді азаматтық процестегі үшінші түлғалар да жеке өзіндік сипатқа ие,
өйткені олар да жеке өзіндік дербес талап қоя алады, мұнымен қатар дербес талап қоя
алатын келеоі бір субъект - ерекше өндірістік істердегі талапкерлер немесе шағым
берушілер болып келеді. Құқықтық қатынас тек қана олардың қызметінде пайда болады.
Процестің басқа жағдайларында даудың пәніне дербес талап қоя алмайтын үшінші
түлғалар болады. Олар - Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 53-
бабында көрсетілгендей, соттың бірінші сатысының шешіміне дейін талапкер немесе
жауапкер жағында болғандар. Даудың пәніне дербес талап қоя алмайтын үшінші жақтарда
соттың шақыруьі бойынша процеске тартылуы мүмкін.
Даудың пәніне дербес талап қоя алмайтын үшінші жақтар іс жүргізушілік құқықтар
мен міндеттерге ие. Бірақ талап пәнінің негізін өзгерту құқығы болмайды, талап мөлшерін
азайтып немесе көбейте алмайды, талаптан бас тарта алмайды, қарсы талап бере алмайды,
сот шешімін мәжбүрлетіп орындата алмайды.
Тағы бір азаматтық іс жүргізушілік қатынастың дербес субъектілердің бірі -
тараптар болып табылады. Тараптарға талапкер мен жауапкер жатады. Олар туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 48 бабында көрсетілген.
Талапкерлер деп өзінің мүдделерін қорғау мақсатында және бұзылған құқығын
қалпына келтіру үшін талап беретін азаматтар мен заңды түлғалар танылады. Ал жауапкер
сол талап арыз бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалар.
Олар іс жүргізушілік құқық қатынас жүмысына көмектесуші түлғалар болып
табылады жэне олар азаматтық іс жүргізу бойынша заңды мүдделі емес. Мұндай мүдделік
орын ала қалса, жағдайларды дұрыс шешуге септігін тигізер еді.
Бұл түсінікпен келісуге болмайды, өйткені іс жүргізу құқықтық қатынастың
материалдық-қүқықтық
қатынасынан
айырмашылағы
бар.Материалдық
құқық
қатынасының мазмұны мен сипаты жэне ерекшелігі сотпен реттеледі, соңынан ол іс
жүргізу құқықтар мен міндеттердің мазмұны арқылы бір арнаға шоғырландырады, іс
жүргізу қатынастардың әр субъектісінің әрекетін белгілейді.
Азаматтық іс бойынша жүзеге асырылатын сот әділдігі аясындағы азаматтық іс
жүргізу ісінің кұқықтық объектісі болып қарастырылу мүмкін, сол қатынас субъектісі
мазмұны, құқық пен міндеттері бойынша белгілі бір іс әрекетке ие және құқық пен
міндеттері[2].
Субъективтік іс жүргізу - құқықтар мен міндеттер объектісіне сәйкес. Азаматтық іс
жүргізу қатынасы оның бірде-бір қатысуынсыз жэне әрекетінсіз пайда бола алмайды.
Сондықтан да барлық қатысушылардың әрекеті бұл жерде құқықтық қатынастың
объектісі емес құқықтың белгісі болып түр. Субъективтік құқық - бұл басқа тұлғаға
міндеттелген заңмен қамтамасыз етілген құқықтық қатынастың әрекет шамасы.
Материалдық құқық қатынаста іс жүргізу қатынастың ішкі объектісі бола алмайды.
Материалдық құқық қатынастың даулы мәселесіне сот қана әсер ете алады.
Сонымен азаматтық іс жүргізу қатынастың объектісі заңмен көрсетілген іс жүргізу
әрекеттердің нәтижесі мен азаматтық сот өндірісі ретінде пайда болатын мақсаттар.
474
Көрсетілген мақсатқа жету үшін құқықтық қатынастың барлық субъектілердің іс
жүргізу әрекетінің нәтижесі соттың соңғы шешімінің шығуына үлкен әсер етеді. Сол
уақытта әр объектінің әрекеті өзінің мақсатына бағытталған, яғни арнайы объектінің өзара
байланысы мынаған сәйкес:
⮚ Жалпы объектінің мазмұны және арнайы объектінің нақты мазмұны бір-біріне әсері
жалпы жекелей қарастырылады;
⮚ Әр арнайы объектінің белгілі бір нәтижеге жетуі, соттың іс жүргізу әрекеттерімен
байланысы қамтамасыз етіледі;
⮚ Барлық арнайы объектінің жиынтығы жетілгенде, жалпы объектінің жетілуін
қамтамасыз етеді, яғни соттың және басқа да субъектілер жиынтығының іс жүргізу
әрекеттері арнайы объект шекарасынан шығып жалпы объектіге көшеді;
⮚ Соттың іс жүргізу әрекеті құқықтық қатынастың жалпы объектісіне бағытталған, ал
сол уақытта барлық субъектілердің іс жүргізу әрекеті арнайы объектіге
бағытталған.
Іс жүргізу құқық қатынастың дамуы мен пайда болу мақсаты талапкердің,
жауапкердің, үшінші жақтың сотпен ара-қатынасы оларға тиесілі материалдық және заңды
мүдделеріне қатысты. Бүл мақсатта тараптар мен үшінші жақ мүддесі ғана емес, ол сот
өндірісінің жалпы мақсаты қарастырылады, яғни бұл сот пен тараптар, үшінші жақ
байланысымен қамтамасыз етілген қатынас [3].
Сонымен іс жүргізу құқық қатынастың арнайы объектісі-тараптар мен үшінші
жақтардың материалдық құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар сотта өз өкілдері арқылы іске қатыса алады. Сот пен
өкіл арасындағы іс жүргізу қатынас - тараптар мен үшінші жақ өкілдердің субъективтік
құқықтарын қорғауға бағытталған. Мүнда да өкілдер алдында айтылып кеткен құқықтар
мен міндеттерге ие болады.
Азаматтық процесте прокурордың қатысуы ерекше мақсатқа ие. Прокурор азаматтық
процесте Қазақстан Республикасының заңдарының дұрыс орындалуын қадағалап отырады.
Құқық нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқық қатынаста тек екі
субъект көрінеді, оның біреуі - сот. Бүл Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастағы бірінші
ерекшелік [4].
Азаматтық іс жүргізу қатынастың екі субъектілік жүйесі сот пен процеске
қатысушылар
арасында
бола алмайды.
Сот
процесті
басқарады,
процеске
қатысушылардың әрекет бағыттарын көрсетеді, олардың өз қүқықтары мен міндеттері
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, билік сипаты бар қаулылар шығарады, материалдық-
құқықтық дауды шешеді, субъектитвтік құқық бұзылғанда оны қорғауды жүзеге асырады.
Құқықтық нормаларды сотпен қорғау барысында қорғаушы болуы жағдайларын
белгілеу - сот әділдігінің заңдылығын қамтамасыз етеді, ол мемлекеттік және қоғамдық
мүдделерді қорғайды. Сот іс жүргізу қатынасының қатысушысы ретінде болады, жэне
билік органы ретінде, нақты бір іс бойынша белгілі бір құқықтық мәселелерді шешуге
арналған құзыретті жүзеге асырады.
Сот процеске қатысушылардан іс жүргізу құқық заңдылықтарымен берілген
кұқықтарды талап етеді, сол үшін мемлекет соттың құзырындағы рүқсат етілген
құқықтарды талап етеді. Егер процеске қатысушылар сол құқықтар мен міндеттерді
орындамаса жауапкершілік формалары қолданылады.
Тұлғаның азаматтық процеске қатысу мақсатына байланысты азаматтық іс жүргізу
құқық нормаларына сәйкес іс жүргізу қатынастың әр субъектісіне соттың құқықтары мен
міндеттерінің көлемі азаматтық іс жүргізу құқық нормаларының мазмүнымен белгіленген
[5].Олар іс жүргізушілік құқық қатынас жүмысына көмектесуші түлғалар болып табылады
475
жэне олар азаматтық іс жүргізу бойынша заңды мүдделі емес. Мұндай мүдделік орын ала
қалса, жағдайларды дұрыс шешуге септігін тигізер еді.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың екінші ерекшелігі - қатынас әр кезде де
құқықтық формада болады жэне онсыз қатынас бола алмайды. Іс жүргізу қатынастың
құқықтық формасы әдіс ретінде ғана болмай ол бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып
табылады. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың бөлінбейтін бөлігі кез-келген іс
жүргізу құқық қатынастың, соттың және тұлғалардың әрекеттерінен туындайды жэне олар
іс жүргізу заң ерекшелігімен байланысты жүзеге асырылады. Заңмен рұқсат етілмеген
әрекеттер құқықтық салдарды тудырмайды. Процеске қатысатын әр қатынас субъектісі
заңмел рұқсат етілген әрекетті жүзеге асыруы керек, сондықтан ол сот үшін құқықтық
салдар тудырады, және де іске қатысушы әр түлғаның іс жүргізу жағдайына әсер етеді
жэне міндетті түрде құқықтық формаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |