Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет35/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   333
 

 

 

МЕДИА БІЛІМ БЕРУ ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, 

ДАМУ ЖОЛДАРЫ 

 

ИБРАГИМ Қ. Ә., п.ғ.к., аға оқытушы 

ДИЛЬДАБЕКОВА Г. Е., магистр-оқытушы 

ЕСЖАНОВА Г.С.  магистр оқытушы 

 Шымкент университеті, Шымкент қ 

 

«Медиа»  термині  біздің  елімізде  қолданыста  жиі  аталмағанымен,  біртіндеп 



өміріміздің ең маңызды бөлігіне айналып келе жатыр. Оны біз өзімізде байқамай қалып 

жатырмыз.  Бұрын  «технологияның  өркендеген  дәуірі»  десек,  бүгінде  ол  жаһандық 

ақпарат ғасыры деп аталатын кезең қоғамымыздың дамуына соның ішінде тәрбие білім 

беруде тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізетін күшті қару болып отыр[1]. 

Медиабілімнің  мәнін  түсіну  үшін  ең  алдымен  оның  құрамдастарына  анықтама 

беру  керек.  ""Медиа"  терминіне  тоқтаталатын  болсақ  (лат.  medium-құрал,  аралық, 

делдал).  Бұл  әр  түрлі  топтар,  индивидуумдар  арасындағы  коммуникацияны  жүзеге 

асыру және (немесе) аудиторияның кез келген мазмұнды өнімдерін жеткізу құралдары. 

Медиабілімге бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, журналдар, кітаптар, теледидар, 

кабельдік  желілер,  радио,  кинематограф),  ақпарат  пен  деректердің  жекелеген 

тасымалдаушылары  (хаттар,  кез  келген  жеткізгіштегі  аудио  және  бейнежазбалар, 

компакт  -  дискілер),  сондай-ақ  қоғамның  коммуникациялық  жүйелері  (телеграф, 

телефон,  пошта,  компьютерлік  желілер)  кіреді  [2].  Біз  күн  сайын  олармен  бетпе-бет 

келеміз, бірақ тиімді емес. Әлбетте, егер бұл қабат ақпаратты оқыту арнасына аударса, 

онда өте әсерлі нәтиже болады Лао Цзы пікірінше, егер адамды өз бетінше білім алуға 

үйретсе,  ол  аш  болмайды  делінген.  Бұл  термин  және  қазір  оқытудың  нәтижесін 

білдіреді.  О.  А.Александровна  медиа  білімді  "адамның,  қоғамның,  мемлекеттің 

мүддесінде  тәрбиелеу  мен  оқытудың  мақсатты  үрдісі,  азаматтың  (оқитындардың) 

мемлекет  белгілеген  білім  деңгейлеріне  қол  жеткізуін  айқындаумен  сүйемелденетін" 

деп түсіндіреді [28]. Шынында да, бұл алған білімін өз бетінше қолдана білу ғана емес, 




63 

 

сонымен  қатар  моральдық  құндылықтар  арқылы  қалыптасатын  адамның  рухани 



келбеті. Тұлғаны білімді деп атауға болады, тек қана оқыту ғана емес, оның дамуы да 

маңызды.  Білім  беру  және  алу  процесінің  табыстылығы  тек  оқытушыға  ғана 

байланысты  емес.  Біріншіден,  кері  байланыс  қажет  (оқытушының  өзіне  қатынасы). 

Екіншіден, білім қалай беріледі және оқу үшін барлық жағдайлар жасалған-жасалмаған 

маңызды. Жеке қызығушылық кезінде нәтиже көп есе өнімді болады. Үшіншіден, білім 

беру  траекториясы  әрқайсысында  болуы  тиіс.  Мұнда  "медиабілім"  ұғымы  пайда 

болады. Бұл барлық осы мүмкіндіктерді толық жүзеге асырады. 

Медиабілімнің негізгі бағыттарына: 

- қазіргі ақпараттық жағдайда жаңа ұрпақты өмірге дайындау

- әр түрлі ақпаратты қабылдауға, оны адамның түсіне білуіне; 

- зардабының жүйкеге әсерін түсіне білуіне; 

 -техника  құралдарының  көмегімен  қарым-қатынас  жасау  қабілетін  игеруге 

үйрету сияқты мәселелер жатады. 

Еуропа  Одағының  құжаттарында  «медиабілім»  (media  education)   алынған 

ақпарат негізінде өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті,  ақпарат құралдарына  сыни 

және  өзіндік  көзқарасы  бар  отандық  азаматтарды  тәрбиелеу  мақсатында 

медиақұзыреттілікті  дамытуға  бағытталған  оқу  ретінде  айқындалады.   Бұл  оларға 

қажетті  ақпаратты  пайдалануға,   оны  талдауға,   сондай-ақ  ақпаратқа  қатысты 

экономикалық,   саяси,   әлеуметтік  немесе  мәдени  мүдделерді  үйлестіруге  мүмкіндік 

береді.   Медиабілім  адамдарды  хабарламаларды  жасауға,   коммуникацияға  мейлінше 

тиімді  ақпарат  құралын  таңдауға  оқытады.   Медиабілім  адамдарға  өздерінің  ойларын 

және ақпаратты еркін білдіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың 

жеке дамуына ғана әсер етіп қоймай,  сондай-ақ,  олардың әлеуметтік тұрғыда белсенді 

атсалысуын  және  интербелсенділігін  күшейтеді.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  медиабілім 

демократиялық  азаматтыққа  және  саяси  түсіністікке  дайындайды.   Демек,   адам 

өмірінің  барлық  ағымында  оқыту  тұжырымдамасының  бір  бөлігі  ретінде  медибілімді 

дамытқан  тиімді  болып  табылады.  Ең  беделді  медиапедагогтардың  және 

медиатеоретиктердің 

бірегейі 

Л.Мастерман 

(L.Masterman)  

қазіргі 


әлемдегі 

медиабілімнің  маңыздылығы  мен  басымдығын  айқындайтын  жеті  себебін  негіздеп 

берді: 

1.Медианы  тұтынудың  жоғары  деңгейі  және  қазіргі  қоғамда  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының шектен тыс көптігі. 

2.Медианың  идеологиялық  маңыздылығы,  өнеркәсіптің  саласы  ретінде  олардың 

аудиторияның санасына ықпалы. 

3.Медиаақпарат  санының  жылдам  өсуі,  оны  басқару  және  тарату  тетіктерінің 

күшеюі. 

4.Негізгі демократиялық процестерге медианың ену интенсивтілігі. 

5.Барлық салада визуалды коммуникация мен ақпарат маңыздылығының артуы. 

6.Болашақ  талаптарға  сәйкес  бағдарланған  оқушыларды,  студенттерді  оқытудың 

қажеттілігі. 

Ақпаратты жекешелендіруде ұлттық және халықаралық процестердің ұлғаюы [3]. 

Алғаш рет медиа ұғымын 1973 жылы ЮНЕСКО-ның құжаттарында: "медиабілім 

деп педагогикалық теория мен практикада білімнің өзіндік және автономды саласының 

бөлігі  ретінде  қарастырылатын  қазіргі  заманғы  бұқаралық  коммуникация  құралдарын 

меңгеру үшін теория мен практикалық дағдыларды оқыту ретінде қарастыру қажет деп 

жазылған[4]  

.

 Медиабілім беру дәстүріндегі  ежелгі елдердің бірі  Франция елі. ХХ ғасырдың 



20 жылдарында мұнда көптеген оқу мекемелерінде жас журналистер белсенді дамыды, 

мектеп-лицейлерінде және университеттерде газеттер шығып тұрды.  

Француздың ғылыми зерттеу қорының арқасында біз толық француз медиабілім 

беру  нұсқаларын  оқуға  қол  жеткіздік.  Бұл  20  жылдан  бері  тек  Парижде  емес,  барлық 




64 

 

француз  провинцияларында  және  көптеген  француз  тілді  елдерде  белсенді  жұмыс 



істейді. 

Кейбір  зерттеушілер 

үшін 

қызықты  дәуір 



болған. 

Бұл 


кезең 

«постиндустриалдық қоғамның» дамуы болса, басқала1ры үшін «ақпараттық дәуір», ал 

енді  біреулері  «постмодернистік  жағдай»,  «постмодернизациялық  революция»  немесе 

«жаһандану» деп анықтайды. Яғни, бұқаралық қатынас жүйесінің кең таралған тұсында 

«ақпараттық  төңкеріс»  әлемінде  (Канадалық  әлеуметтанушы  Маршалл  Маклюэннің 

берген  анықтамасы  бойынша)  өмір  сүріп  отырғанымыз  анық.  Оның  негізгі 

сипаттамасы,  ұшы  қиырсыздығы  және  көптігі.  Мұндай  байланыстардан  біздің 

әлеуметтік  байланысымыз  және  қазіргі  заманғы  сәйкестік  үлгісі  қиындай  түсіп,  оның 

қоғамдағы және тарихтағы орнын «медианы ұғынуға» жетелейді  

Медиабілім беру саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың (Германия, 

Ұлыбритания,  Франция,  АҚШ,  Ресей)  бірқатар  жұмыстарын  талдай  отырып,  біз 

медиабілім  берудің  бірыңғай  түсінігі  жоқ  деген  қорытындыға  келеміз,  демек  оған 

бірыңғай  тұжырымдамалық  тәсіл  де  жоқ.  Медиабілім  ұғымы  әртүрлі  ұстанымдардан 

қарастырылады. 

Педагогика  ғылымында  медиабілім  беруге  байланысты  біркелкі  қабылданған 

терминология  жоқ.  Әр  елдің  ғылымдары  «медиабілім  беру»,  «медиа-мәдениет», 

«медиа-сауаттылық» сияқты кілттік ұғымдарына өз нұсқаларын ұсынып отыр. Мысалы 

ретінде,  британдық  медиабілім  беру  көшбасшылары  саналатын  К.Базэлгэт  және 

Э.Харттың    пайымдауынша,  медиабілім  берудің  мәні  оның  «медиа  ақпарат  көзі», 

«медиа  категориясы»,  «медиа  технологиясы»,  «медиа  тілі»,  «медиа  аудиториясы», 

«медиа репрезентациясы» сияқты алты кілттік ұғымды танып білу дейді.  

Жалпы  алғанда,  медиабілім  беруді  «адамда  медиатизацияланған  әлеуметтік 

коммуникация  мәдениетін  қалыптастыру  процесі»  дейді.  Медиалық  арналар  арқылы 

жүретін  хабарламалардың  әлеуметтік,  саяси  және  экономикалық  контекстін  түсіну 

өнеріне  оқыту.  Әңгіме  көркем  медиатекстерді  қабылдау  ғана  емес,  сонымен  қатар 

әлеуметтік  шиеленіскен  және  ең  алдымен  жаңалық  материалдарын  барабар  қабылдау 

туралы  болып  отыр.  Симметриялық  әрекетті  -  өз  ойын  медиа  тілімен,  тек  қатаң 

лингвистикалық тілмен ғана емес, сонымен қатар жалпы мағынада - теледидар, радио, 

баспасөз, Интернет тілдерімен жеткізе білуді дамыту маңызды. БАҚ-та сөз сөйлей білу-

демократияның  сапасын  қамтамасыз  ететін  іргелі  біліктердің  бірі.  Егер  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  демократиялық  қоғамның  ажырамас  бөлігі  болып  табылса,  онда 

БАҚ-пен  сауатты  реципиент  және  сауатты  Коммуникатор  ретінде  жұмыс  істеу 

дағдылары  басқалардың  әлеуметтік  әрекеттерін  түсіну  және  адам  жататын  әлеуметтік 

күштердің мүдделерін білдіру үшін өте маңызды.» деп түсіндірген .  

Медиабілім  анықтамасы  ұғымның  мәнін  дәл  анықтайды.  Ол  адамның  және 

ақпараттың  белсенді  және  пассивті  жағынан  өзара  әрекеттесуін  сипаттайды.  Яғни, 

берілген  түсініктемеге  сәйкес  медиабілім  индивидке  хабарламаны  шығаруға,  хабар 

беру  үшін  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалана  білуге  бағытталған,  сондай-ақ 

алынған ақпаратқа дұрыс әрекет етуге және оны сүзуге үйретуге бағытталған. 

Шетелдік  педагогикада  медиабілім  ұғымы  басты  орындардың  бірі  болып 

табылады.  Түсініктің  нақты  анықтамасы  жоқ  екенін  атап  өткен  жөн.  Медиабілім 

ағылшын тілі, химия, қоғамтану, тарих, өнер сияқты көптеген пәндерге біріктірілген. 

Германияда  (неміс  әдебиетінде  mediaenpadagogik  -  медиапедагогика  термині 

қолданылады) медиабілім медиабілім медиамен байланысты әртүрлі оқу сабақтарының 

кең  спектрі  ретінде  түсіндіріледі.  Медиапедагогиканың  жалпы  бағытының  ішінде 

әртүрлі бөлімдер бар: 

-  медиафосым:  "медиа  проблемаларына  сәйкес  қойылатын  мақсаттарды  және 

осы  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  қажетті  педагогикалық  негізделген  шараларды 

анықтау»; 



65 

 

-  медиадидактика:  "педагогикалық  негізделген  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін 



қандай  медиа  пайдаланылуы  мүмкін  немесе  пайдаланылуы  тиіс  екендігі  туралы  сөз 

болатын дидактика саласы»; 

-  медиаізденіс:  "медиаға  қатысы  бар  мақсаттарды,  құралдарды,  куәліктерді, 

гипотезаларды  табу  және/немесе  тексеру  және  оларды  жүйелеу  үшін  барлық  ғылыми 

әрекеттерді қамтиды. 

Осылайша,  медиапедагогика  әр  түрлі  бөлімдерден  тұратын  жеке  ғылымға 

теңестіріледі,  оның  мәні-отандық  педагогикаға  тән  медиа  түрлерінің  өздері  емес, 

қарым-қатынас нысандары, медианың әр түрлі түрлерімен байланыс нысандары болып 

табылады. 

Ресейлік  және  шетелдік  зерттеушілердің  эксперименттік  нәтижелерінің 

айырмашылығы,  шетелдік  эксперименттердің басым  бөлігі  адамдарды  демократиялық 

қоғам  өміріне  дайындау  мақсатын  белгілесе,  ал  ресейлік  эксперттер  назарды  біршама 

медиа-мәтінді қабылдау (оның ішінде эстетикалық) бағалау, түсіну, талдауға аударады. 

1990 жылдардың басында ресейлік зерттеуші А.В.Шариков медиа білім берудің кілттік 

тұжырымдамасын  жүйелеп,  бірақ  оларды  жалпы  түрде,  медиа  білім  берудің 

семиотикалық,  мәдениеттік  теориясы  мен  «сыни  ойлауды»  қалыптастыру  теориясын 

біріктіріп,  «сыни»  концепция  деп  атайды.  А.В.Шариков  пайымдауынша  медиабілім 

беру  тұжырымдамаларының  кілттік  ұғымдарының  бірін  «медиа-сауаттылық»  деп 

атайды. Осы уақытта «медиа сауаттылық» және «медиабілім беру» ұғымдары синоним 

ретінде қолданылады. Медиа-сауаттылық аудиторияға медиабілім беру үрдісінің негізгі 

мақсатын көрсетеді. 

Л.Мастерман медиабілім берудің негізгі 18 принципін атап көрсетті: 

1.  Медиабілім  беру  демократиялық  қоғамның  әлеуметтік  құрылымы  мен 

байланысты маңызды; 

2. Медиабілім берудің негізгі тұжырымдамасы репрезентация. Медиа шындықты 

бейнелемейді  оны  символдар  мен  белгілер  жүйесін  пайдалану  арқылы  көрсетеді.  Бұл 

принципсіз медиа білім беру мүмкін емес.  

3.  Медиа  –  бұл  адам  бүкіл  өмірінде  жалғасып  жататын  үрдіс.  Әйтседе,  

оқушылар медиа үшін прориотетті аудитория болып табылады.  

4. Медиабілім берудің мақсаты тек сыни ойлауға ғана емес, сыни автономияны 

тәрбиелеу болып табылады. 

5. Медиабілім беру – бұл зерттеушілік үрдіс. 

6.  Медиабілім  беру  –  маңызды  және  заманауи,  идеологиялық  және  тарихи 

ұғымда кең көрініс табады. 

7.  Медиабілім  берудің  кілттік  тұжырымдамаларының  басым  деңгейі 

альтернативті мазмұннан гөрі аналитикалық құралдарға жақын. 

8.  Медиабілім  берудің  мазмұны  көп  нұсқалы  аналитикалық  құралдарының 

дамуы болып табылады. 

9.  Медиабілім  берудің  тиімділігі  екі  түрлі  көрсеткішпен  бағаланады: 

оқушылардың жаңаша жағдайда өзіндік сыни ойын дамыта білу қабілеті және медиаға 

қарым-қатынас мотивациясының болуы; 

10. Медиабілім берудегі оқушылардың бағалауы, ол өзін-өзі бағалай алуы

11.  Медиабілім  беру  мұғалім  мен  оқушы  арасында  қарым  қатынасты  өзгертуге 

ұмтылып, ойлануға және диалог құруға мүмкіндік береді; 

12. Медиабілім беру бұл пікірталастан гөрі диалогқа құрылған; 

13.  Медиабілім  беру  негізінен  белсенді  және  ашық  та  еркін  педагогтарды 

дамытуға бейімделген. Яғни, медиабілім беру жаңа салада жаңаша іс-әрекетттерді іске 

асыру жолдары; 

14. Медиабілім беру біріккен, топтық оқытуға бағытталған. 

15. Медиабілім беру «тәжірибелік сыннан» және «сыни тәжірибеден» құралады. 




66 

 

16.  Медиабілім  беру  өзіне  ата-аналар,  медиа  саласындағы  кәсіби  мамандар, 



педагогтар арасынан қарым-қатынасты таңдап алады. 

17. Медиабілім беру өзгермелі жалғасып отыратын принциппен байланысты; 

18. Медиабілім беру  –  ерекше сала, мұғалімдерге немесе оқушыларға жәй ғана 

берілмейді,  бұл  педагогтар  мен  оқушылардың  жаңа  білімді  игерудегі  сыни  зерттеуі 

және диалогта болу пәні[33]. 

Франциялық  ғылыми  зерттеу  орталығының  негізінде  медибілім  берудің 

франциялық  нұсқасы,  мысалы  ретінде,  ақпарат  құрал  және  білім  беру  байлансы 

орталығы  жиырма  жыл  бойы  белсенді  түрде  тек  Парижде  ғана  емес,  бүкіл  француз 

провинцияларында және француз тілді елдерде жұмыс жасады. Бұл қорда Франциядағы 

медиабілім берудің тарихы мен теориясы туралы көптеген мағлұмат алуға болады.1947 

жылы  Франция  жастары  және  спорт  ісі  Министрлігінің  қолдауымен  жастар  және 

бұқаралық  білім  беру  ұлттық  институты  ашылды.  1960  жылы  аудиовизуальды  білім 

беру  төңірегінде  жұмыс  жасайтын  Француз  одағы  құрлады.  1966  жылы  «Баспасөз  – 

Ақпарат  – Жастар»  ассоциациясы пайда болды. 1972 жылы медиабілім беру аспектісі 

Францияның білім беру бағдарламалық құжатында енгізілді, ал 1976 жылы орта білім 

берудің оқу жоспарына міндетті түрде енгізілді. 1979 жылдан бастап бірнеше француз 

министрліктерінен  қолдау  тауып,  оның  негізінде  «Белсенді  жас  көрермен»  жобасы 

дүниеге  келді.  Франциялық  медиабілім  беру  жүйесінде  маңызды  рөл  атқаратын 

адиовизуалдық  институт  1974  жылы  құрылды.  Оның  инновациялық  бөлімі  медиаға 

байланысты жарық  көрген зерттеу коллекцияларын,  аудиовизуальдық  материалдарды, 

жарияланымдарды  зерттеп  отырды.  Жиырма  жылдан  соң,  яғни,  1995  жылы  Париж 

қаласында  медиа  төңірегіндегі  ғылыми-педагогикалық  ұйымдардың  саны  «Балалар 

және медиа» деп аталатын зерттеу топтарымен толықты». 

Медиабілім  берудің  негізгі  міндеті  -  "жаңа  ұрпақты  қазіргі  ақпараттық 

жағдайларда  өмірге,  түрлі  ақпаратты  қабылдауға  дайындау,  адамды  оны  түсінуге 

үйрету, оның психикаға әсер етуінің салдарын сезіну, техникалық құралдар мен қазіргі 

ақпараттық технологиялар көмегімен байланыстың бейвербалды емес түрлері негізінде 

қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру». 

Медиабілім  беру  оқушының  даралығын,  оның  ой-өрісінің  дербестігін 

дамытатын,  шығармашылық  қызметке  тікелей  тарту,  медиатекстің  құрылымын 

қабылдау, түсіндіру және талдау, медиакультура туралы білімді меңгеру арқылы оның 

шығармашылық қабілеттерін ынталандыратын оқытудың проблемалық, эвристикалық, 

ойын және басқа да өнімді түрлеріне негізделген сабақ өткізу әдістемесін көздейді. Бұл 

ретте,  дәрістік  және  практикалық  сабақтарды  үйлестіре  отырып,  медиабілім 

оқушылардың медиамәдениет туындыларын құру үдерісіне өзіндік қосылуын білдіреді, 

яғни  аудиторияны  негізгі  медиапрофессиялардың  ішкі  зертханасына  салады,  бұл 

автономды  нұсқада  да,  дәстүрлі  оқу  пәндеріне  интеграциялау  процесінде  де  мүмкін 

болады. 


Сонымен, медиабілім ұғымының мәніне әр түрлі амалдарды талдау бізге келесі 

қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Алғаш  рет  медиабілім  ұғымы  1973  жылы 

ЮНЕСКО  отырысында  ашылды.  Медиабілім  берудің  қазіргі  заманғы  түсіндірмелері 

бірыңғай  анықтамамен  таусылмайды.  Медиабілім  деп  "адамда  медиатизацияланған 

әлеуметтік  коммуникация  мәдениетін  қалыптастыру  процесі.  Медиалық  арналар 

арқылы  жүретін  хабарламалардың  әлеуметтік,  саяси  және  экономикалық  контекстін 

түсіну өнеріне оқытуды» айтамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет