Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМЫТА ОҚЫТУ ҚАҒИДАЛАРЫМЕН



Pdf көрінісі
бет54/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДАМЫТА ОҚЫТУ ҚАҒИДАЛАРЫМЕН 

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

ДЖАМБАЕВА Б.А. 

 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі  мамандығының магистрі. 

Ғылыми жетекшісі: НИШАНБАЕВА С. PhD , аға оқытушы 

 Алматы университеті  

XX  ғасырдың  30-жылдары  Л.С.Выготский  қазіргі  кездегі  оқыту  процесінің 

маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті. Ол: «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, 

керісінше,  оны  жетелейді»  деген  болатын.  Л.С.Выготский,  Д.Б.Эльконин, 

В.В.Давыдов  зерттеулері  дамыта  оқыту  қағидасының  психологиялық  негізін 

қалады.  Л.В.Занковтың  дамыта  оқыту  экспериментальды  жүйесі  бірнеше  принциптерге, 

мысалы : 

1)  қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі 

2)  теориялық білімнің жетекшілік принципі 

3)  оқушының өз оқуын ұғыну (рефлекция) 

4)  оқушының дамуын қалыптастыру принциптеріне  негізделген. 

Л.В.Занков  жүйесінің  негізгі  ерекшелігі  оқытудың  жоғары  қиындық  деңгейінде 

өткізілуі

Л.С.Выготский, 

Д.Б.Элькониннің 

еңбектерінің 

теориялық 

тұрғысында 

В.В.Давыдов  дәстүлі  оқытуға  қарама-қарсы  жүйені  қарастырып,  жалпыдан  -жекеге, 

дерексізден  -  нақтылыға,  жүйеліден  -  даралыққа  бағытталған  жаңа  окыту  жүйесін 

ұсынды.  Осындай  оқыту  барысында  қалыптасқан  баланың  ойлауы  теориялық,  ал 

оқытудың  

өзі  дамыта  оқыту  деп  аталады.  С.Л.Рубинштейн  көрсеткендей  «бала  дамып, 

тәрбиеленіп  және  оқымайды,  тәрбиеленіп  және  оқи  отырып  дамиды».  Ол  дегеніміз 




95 

 

тәрбиелеу  мен  оқыту  дамыту    процесінде  іске  асырылады,  баланың  жеке  дара  іс-



әрекетінде  қалыптасады.  Сонымен  бірге  ғылымда  орын  алған  дамыта  оқыту 

кағидасы оқушының ғылыми-теориялық ойлау жүйесін қалыптастыруға ықпал етіп, 

соның негізінде ол нақты бағдарланушыдан жүйелі модельдеуші деңгейіне көтеріледі. 

Осы  жағдайда  оқушының  оқыту  объектісінен  оқыту  субъектісі  позициясына  біртіндеп 

өтуі іске асырылады. 

Баланың  дене  жағынан  дамуы  генетикалық  бағдарлама  бойынша 

қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты көрнекі жағдайда өтіп  жатса, ал 

оның  психикалық,  жеке  басының,  сана-сезімінің  дамуы  қандай  деңгейде  екендігі,  қалай 

анықталуы мүмкін? 

Сананың  дамуы  оқытудан  ба,  әлде  әлеуметтік  жағдайлардан  ба,  әлде  есеюден 

бе?  деген  сұрақ  туындауы  заңды.  Қазіргі  күнгі  ғылым  психикалық  даму  қоршаған 

ортаның  санада  бейнеленуіне,  яғни  танымдық  тәжірибені  және  әрекетті  меңгеруіне, 

меншіктеуіне  байланысты  деп  қарайды.  Ал  бұл  оқу,  білім  алу  деген  сөз.  Оқу  адамның 

психикалық  дамуының  формасы,  элементі.  Кез-келген  оқыту  белгілі  бір  мөлшерде 

адамды дамытады. "Даму" ұғымы философиялық сөздікте «...мөлшерлік  өзгерістердің 

белгілі  бір  өлшем  шегінен  шығып,  сапалы  өзгерістерге  айналуы"  деп  түсініледі. 

Диалектика заңы бойынша кез-келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып 

тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу, яғни теріске 

шығару  -  дамудың  қозғаушы  күші.  Терістеу  белгілі  бір  зат  пен  құбылыстардың 

қайшылықтарын  ашу,  оларды  шешу  жолдарын  анықтау,  жаңа  сапаның  болуына 

мүмкіндік туғызу. 

«Даму»  ұғымының  психологиялық  анықтамасы:  жаңарту  процесі.    Жаңаның 

өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. 

Барлық  табиғат  құбылыстары  сияқты  бала  психикасы  да  үнемі 

диалектикалық  жолмен  дамып,  өзгеріп,  бір деңгейден  екінші  деңгейге  өтіп  отырады. 

Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың 

қатысатынын дәлелдейді. Олар: 1) биологиялык фактор - ата-анадан ауысқан, туа біткен 

және  өмір  сүру  барысында  қабылданған  дененің  барлық  мүшелерінің,  оның  барлық 

жүйесі  құбылысының  ерекшелігін  білдіретін,  бала  организмінің  ортамен  қарым-

қатынасының нәтижесі. 2) әлеуметтік фактор -бұл  бала  өмір  сүретін  орта.  Ең  алдымен 

адамдардың  ортасы.  Бұл  сондай-ақ  баламен  қарым-қатынас  жасайтын  адамдардың 

сипаттары,  мінез-құлық  және  акыл-ой  ерекшеліктері,  талап-тілектері,  істері  мен 

сөздері, мүдделері мен  дағдылары, бағыт-бағдары, ұмтылыстары, өмірлік ұстанымдары, 

яғни баланын жан-жақты үйлесімді дамуына  ықпал  ететін  рухани орта.  3)  баланың 

өз  белсенділігі - даму процесіне әсер ететін үшінші күш болып саналады. Оқитын  пән 

қандай  да  жаңа,  маңызды,  құнды,  бағалы  болмасын,  пән  мұғалімінің  шеберлігі, 

білімділігі  қаншама  жоғары  болмасын,  егер  мұғалім  баланың  өз  белсенділігін  туғыза 

алмаса,  қызығушылығын  оята  алмаса,  оған  ұсынылған  іс  пен  әрекет  те,  баланың  өзіндік 

қатынасуы да күткен нәтиже бермейді. 

Баланың  организм  ретінде  дамуы  мен  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуы  белсенділік 

ретінде жүзеге асады. Баланың даму процесі оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, 

адамзаты  ретінде  қалыптасуы  осы  үш  фактордың  қатысуымен  қамтамасыз  етіледі.  Ең 

бастысы  -  осы  факторлардың  бірде-бірі  қандай  да  бір  кемеліне  келген  болса  да,  басқа 

екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды.  Барлық күш осы үш  басты күштің өзара 

әрекет  етуіне  негізделеді.  Оқыту  мен  дамыту  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін 

психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені 

түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті 



96 

 

психолог Л.С.Выготский (1896-1934). 



Психологияда  үйрену,  оқыту  ұғымының  өзара  айырмашылықтары  бар.  Әдетте 

үйрену кең мағынада қолданылады. Бұған адамның қандай да бір істі меңгеруге үмтылуы 

жатады.  Ал  оқыту  процесі  белгілі  бір  жоспар  бойынша,  ресми  түрде  ұйымдастырылып, 

педагогтардың  басшылығымен  өтетіндігінде.  Оқыту  мақсат  коюға  байланысты 

болғандықтан,  сапалы  түрде  өтеді.  Бірақ  үйрету  санасыз,  оқыту  саналы  түрде  іске 

асады  десек,  қателескен  болар  едік.  Себебі  оқыту  процесінде  оқушының  оқу 

материалының мазмұнын қабылдауы, мағлұматтарды есінде сақтап, керек кезінде қайта 

жаңғырта  алуы,  соның  негізінде  дәйекті  ой,  қорытынды  жасауға,  өзіндік  пікірін  талдап, 

жүйелі  түрде  жеткізе  білуі  саналы,  кейде  санасыз  іске  асып,  сөйтіп  саналы  және 

санасыз психикалық процестер алмасып отырады. Осының нәтижесінде оқу қиындығына 

оқушы көпке дейін беріліп, шаршамай төзе алады. 

Оқыту екі жақты процесс: 

1-ден,  мұғалімнің  оқушыларға  тапсырма  беріп,  оларды  окуға  жұмылдыруы.  2-ден, 

сол  мақсатты  түсініп,  үғынып,  тапсырманы  орындауға  тырысуы,  нәтижелі  атқарып 

шығуы. Осындай екі жақты қатынасты оқыту деп атайды. 

Ал  оқу  термині  оқушының  оқу  материалына  талпынып,  қиыншылықтарды  жеңіп, 

қалайша ұғынатынын білдіреді. Оқитын баланың өзі болғандықтан, осыған талпыну оқыту 

процесінің негізгі тірегі болып саналады. 

Осы уақытқа дейін оқытудың көздейтін негізгі мақсаты - балаларға білім беру деп 

айтылып  келді.  Бірақ  осы  анықтаманың  өзі  қазіргі  кезде  бір  жақты,  жеткіліксіз  деп 

есептеледі. Қазіргі  уақытта білім парадигмасының өзгеруімен  қатар білім берудің ескі  

мазмұнының орнына жаңасы келуде. Дәстүрлі объект-субъектілі оқыту жүйесінің орнына 

балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін-өзі танытуға және 

өзін-өзі  жетілдіруге,  өзінің  ойын  іске  асыруға  ұмтылатын  дамушы  тұлға  ретінде 

қарауға  бағытталған  жаңа  оқыту  жүйесі  келуде.  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші 

орынға баланың білімін, білігі  мен дағдысын емес, оның тұлғасының, білім алу арқылы 

дамуын қойып отыр. 

Баланың  потенциалдық  мүмкіндіктері  неғүрлым  жан-жақты  үйлесімді,  толығырақ 

дамыса, есейген кезде оның кызметі соғүрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. 

Ғалым-психологтар 

Л.В.Занков, 

А.А.Люблинская, 

В.В.Давыдов, 

Д.Б.Эльконин  зертханаларында  бастауыш  мектепте  оқытудың  мазмұнын,  сипатын 

өзгертуге арналған зерттеулер жасалады. 

Л.С.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова-Меллер және т.б. өз зерттеулерінде оқыту дамудың 

негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. 

И.Я.Лернер  «даму»  ұғымын  педагогикалық  заңдылықтарға  негіздей  отырып, 

адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. 

Мұндай  анықтама  интеллектуалдық  іс-әрекетті  жоғары  орынға  шығарады.  Мәселе 

қаншалықты  күрделі  болса,  оны  шешуге  жұмсалатын  ақыл-ой  кызметі  де  соншалықты 

кең,  ауқымды,  демек,  даму  деңгейі  де  жоғары  болады.  Ал  П.П.Блонский  Бұған 

индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс 

жасай  алу  кабілетін  жатқызса,  Д.Н.Богоявленский  және  Н.А.Менчинская  оқи 

алуды,  яғни  қысқа  мерзімде  жоғары  үлгерімге  жетуді,  Н.Д.Левитов  оқу  материалын 

жылдам  меңгеру,  өз  бетінше  жаңа  мысалдар  құрастыру,  негізгіні  және  көмекшіні 

анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады. 

Л.В.Занков  ақыл-ой  кызметінің  төмендегідей  көрсеткіштері  дамуды  іске  асырады 

деп  есептейді.  Олар:  байқампаздық,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу,  практикалық  іс-

әрекеттер  атқара  білу.  В.В.Давыдов  ақыл-ойдың  дамуының  көрсеткіші  ретінде 




97 

 

жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. 



Тұтастай алғанда, барлық ғалымдардың даму туралы ойлары оқыту  барысында 

баланың  психикасының  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілуі  дегенге  саяды  және  оның 

басты шарты ретінде әрекет алынады. Л.В.Занков басқарады. Зерттеулердің мақсаты 

Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың   басында   жасаған   оқыту   мен   дамытудың   ара   

қатынасы      жайлы  болжамының  дұрыстығын  тексеру,  нақтылы  өткізілген  зерттеулер 

бастауышта  математикалыщқ  білім  беру  ісіне  үлкен  өзгерістер  енгізді.  Мысалы  1969 

жылы  арифметика  курсы  математикаға  ауыстырылды.  Бірақ  бұл  курста  да  негізгі  назар 

баланың  ауызша  және  жазбаша  есептеу  дағдыларын  калыптастыру,  жай  типтік  есептер 

шығаруында  болып  қалды.  Оқыту  әдістері,  сабақ  ұйымдастыру  түрлері,  білім,  білік, 

дағды калыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.  

Одан  кейін  20  жыл  көлемінде  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика 

ғылымының  келелі  мәселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары  «дамыта  оқыту  деп  - 

оқыту  мақсаты,  міндеттері  әдіс-тәсілдері  баланың  даму  заңдылықтарына 

сәй0кестендірілген  оқытуды»  атайды.  Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа 

құрылымдар  пайда  болуы,  яғни  жаңа  сапалық  өзгерістер  болуы  тиіс  деп  есептейді. 

Жүйенің  басты  мақсаттарының  бірі  -  баланы  оқыта  отырып  жалпы  дамыту,  оның 

еркіндігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру, 

жеке басының қасиеттерін ескеру,  басшылыққа алу, әрі карай ұшқырлау, тұлғалыққа 

бағыттау.  Мақсаты  балаларға  дайын  пәндік  білім-біліктердің  белгілі  бір  жиынтығын 

берумен  шектелетін,  нәтижесінде  догмалық  ойлауы  басым,  дайын  нұсқаулар  мен 

бұйрықтарды  орындай  білетін  адамдарды  тәрбиелейтін  қазіргі  мектепте  орын  алып 

отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды дайындауға негіз бола алмайтындығын 

өмір көрсетті. 

Сондықтан  да  жаңа  сапаға  ие,  шығармашыл,  қабілетті  адамдар  тәрбиелеу  үшін 

дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар  

нысана  деп  білеміз.  Оқыта  отырып  дамыту  мәселесіне  арналған  зерттеулер 

дәстүрлі  оқытуға  өзгерістер  енгізуге  ықпалын  тигізді.  Оқыту  барысында  баланың 

ақыл-ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып коймай, баланы әртүрлі әрекеттің 

субъектісі болып қалыптасуынқамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. 

Дамыта  оқыту  идеясын  алғашқылардың  бірі  болып  1959-60  жылдары  қолға  алған 

академик  Л.В.Занковтың  басшылығымен  жасалған  бастауышта  оқытудың  жаңа  жүйесін 

мұғалімдер  қауымы  үлкен  ықыласпен  қабылдағанымен,  белгілі  себептерге  байланысты 

өрістеп  кете  алмады.  Тек  1990  жылдары  ғана  Ресей  мектептерінде  қайтадан  қолданыла 

бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен катар пайдаланылып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет