МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ НЕГІЗІНДЕ
ТУҒАН ЖЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖАҚЫП Қ.Т. -ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушы
ШИЛИБАЕВ Н. -ҚР мәдениет қайраткері, аға оқытушы
АЙТБАЙ Е -Суретшілер Одағының мүшесі, аға оқытушы
Бұл мақалада балабақшалардағы бейнелеу өнері сабақтарында баланың танымына,
сонымен қатар оның дамуына көмектесетін тиімді әдіс болып табылады. Қабылдау,
кеңістікті тану, сезім және ес сияқты психикалық процестерді қалыптастырады.
Баланы психологиялық тұрғыдан тану мұғалімге оның мақсатын, талаптарын
және ерекшеліктерін анықтауға жақсы көмектеседі. Мұғалім – бұл жағдайда дайын
білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
шығармашылығының көзін ашып, дамытады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2050» стратегиясында негізгі
бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала
отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра
алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын
тәрбиелеу қажеттігі айтылған [1].
Қазақстан Республикасы Конституциясында, «Тілдер туралы», «Білім туралы»
заңдарында, «Үздіксіз тәрбие» тұжырымдамасында, «Мәдени мұра» бағдарламасында,
«Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында» білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту, жас ұрпақты тәрбиелеуде
олардың бойындағы рухани байлықтарын жетілдіру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке
ата-бабаның тарихи мұралары негізінде тәрбиелеу белгіленген [2,3,4].
Өнер әлемі шексіз. Оны бір күн немесе бір жыл емес, өмір бойы біз зерделейміз.
Сондықтан да, балабақша табалдырығынан бастап, педагог балалардың өнердің дәмін
татуға ат салысып қана қоймай, адамның маңызды сапалы жағын - өнерге, ғажайыпқа
деген махаббатын тәрбиелеу қажет. Өнерден туындаған көру образдары, жеңіл сақталып
және біршама уақытқа дейін есте қалады. Олар эмоцианалды әлемді, бізді қоршаған
әлемді, өмірді жарқын қабылдауға үйретеді.
Нақты сеніммен айтуға болады, әр бала табиғи шығармашылық талаптарымен
туылады, бірақ шығармашылық адамы болып, тек уақтылы осы мүмкіндіктерін тәрбиелеу
113
арқылы дамытуға болады. Көп нәрсе баланың қасында кімнің болғандығына байланысты,
себебі олар өнер әлемінің ауыр жолына алғашқы қадамын басады.
Шығармашылық құбылыстардың немесе шығармашылықтың өмірге қажеттілігі
туындаған жағдайда, адамның шығармашылық күшінің қайнары балалық шақтан бастау
алады. Балалар көркем өнерінің өзіндік еркеешеліктері бар, сондықтан оның
ерекшеліктерін байқаған уақыттан бастап басқаруды үйрену қажет, әдістерді дамытып,
баланың өнерін оята дамыту қажет. Баланың белсенді шығармашылық даму түсінігінде,
біз балалардың танымындағы сапалы өзгерістерді байқаймыз, нәтижесінде көркем өнер
қызметін білуі дамытылады.
Көркем тану сабағында оқу маңызды рол ойнайды, сонымен қатар, қоршаған
әлемнің сұлулығын дамыту бойынша балалармен барлық тәрбие жұмысында және өнер
шығармашылығында, жалпы баланың шығармашылық дамуында үлкен рол атқарады.
Баланың бейнелеу өнерге деген қызығушылығы, баланың жеке дамуында маңызды болып
табылады және жылдар оған қажеттілік өте ол бәсеңдемейді, қайта үдей түседі.
Бейнелеу өнері жеке тұлғаның жан-жақты дамуында маңызда болып келеді. Бейнені
құру процесінде балада бақылау, эстетикалық қабылдау, көркемдік ой, шығармашылық
қабілеттер сияқты процестер қалыптасады. Бейнелеу өнері баланың эмоцианалдық күйін
көрсетуге, оның қоршаған әлемге деген қатынасын, сұлулықты жасай білуіне, сонымен
бірге оны өнер шығармашылығынан көре білуге көмектеседі.
Баланың шағырмашылық дамуына қолайлы жағдай тудыру үлкендер жағынан
дұрыс басшылаққа алу болып табылады. Балалардың көркем өнерін ұйымдастырудағы
шығармашылық образдарды құру ерекшелігін тәрбиешінің байланыстыра білуі өте
маңызды, мысалы, бейнелеу өнерінің құралдарына бейімделу, сурет салу сияқты, бейнелеу
өнерінің графикалары, мүсін бейнелеу, ұлттық – декоротивті өнер негізінде декоротивті
жұмыс жасауға балаларды үйрету, балалардың конструкторлы сәулет өнері элементтерін
қолдану.
Балалардың шығармашылық белсенділігін ашудың маңызды шарттарының бірі,
жағымды ортақ атмосфера құру, еркіндік сыйлау, әр бала үшін жетістікке жету
мүмкіндігін жасау болып табылады. Мұндай тапсырма аса қырағылықты қажет етеді.
Балалардың тапсырма орындау барысында оларға көмек беру қажет. Әр бала өзінің
шығармашылық нәтижесіне ашық түрде немесе өзгенің де шығармашылық жетістігіне
қуануы үшін, осылай әңгімелесуді ұйымдастыру қажет.
Бейнелеу өнері сенсорлы-моторлы дамумен тығыз байланысты. Үздіксіз, заттың
немесе құбылыстың және олардың негізі мен сапасымен сезімді танысу сенсорлы
тәрбиелеу сызығын құрайды.
Бейнелеу өнері - бұл спецификалық бейнені тану болмысы. Кез келген бір затты
салу несеме мүсінін жасау үшін алдын-ала онымен жақсылап танысу керек. Заттар туралы
түсінікті қалыптастыру үшін олардың сапасы, формасы, түсі, аумағы, кеңістіктегі орны
туралы білімді меңгеру қажет. Балалар оның сапасын көреді, заттарды салыстырады,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады, яғни бұл дегеніміз ойлау
әрекеттерін жасайды. Сонымен, көркем өнер сенсорлы тәрбиеге ықпалын тигізіп, көрнекі -
бейнелі ойлауды дамытады.
Бейнелеу өнерінде оқыту анализ, синтез, салыстыру сияқты процестер ойлау
операцияларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Бақылау процесінде, заттарды және
олардың бөлшектерін зерттеуде, балаларды заттың формасына, бөлшектеріне және заттың
орналасу элементтеріне, түсін көре білуді үйретеді. Формасы бірдей заттарды бейнелеуде
оларды салыстыра, айырмашылықтарын табу қажет. Балалар заттар мен құбылыстарды
салыстырады және олардың ортақ ұқсастықтарын табуды үйренеді.
114
Бейнелеу өнері бойынша сабақта балалардың сөйлеу мәнері дамиды: формалардың
атауын, түстердің реңктері меңгеру, сөздік қорға ықпалын тигізеді. Заттар мен
құбылыстарды бақылау процесінде, заттарды зерттеу тұсында түсіндіру, сонымен қатар,
суретшілердің суреттерін сараптауда сөздің қорының кеңеюіне ықпалын тигізеді және
сөздік қоры қалыптасады. Бейнелі салыстыруды қолдану, заттарға эстетикалық мінездеме
беру үшін өлеңдер сөзді нақыштап айтуға көмектеседі.
Сабақ барысында жағымды жақтары пайда болып, ынталы, білім құмар, ойлау
белсенділігі, қызығушылық қалыптасады.
Бейнелеу өнерінде эстетикалық тәрбие құралы ретінде көп мән беріледі.
Бейнелеу өнері процесінде эмоция және эстетикалық қабылдаудың дамуына жағдай
жасалып, нәтижесінде эстетикалық сезімге ұласады.
Балаларды эстетикалық тәрбиелеу және бейнелеу қабілеттерін дамыту үшін
бейнелеу өнерінің шығармашылығымен танысу үлкен рол атқарады. Картинадағы жарқын,
айқын бейнелеулер, мүсін, архитектура, қолөнер балалардың тереңірек және өмір
құбылыстарын толық түсінуге, суреттерден айқын образдарды табуға көмектеседі. Бірте
келе балалардың өнерге деген талғамы пайда болады.
Балалардың көркем өнері қоғамдық бағытта болады. Бейнелеу өнері пәнінін мәні,
балалардың бойында күрескерлік қасиетті тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін апару
қажеттілігі, мақсатты түрде оқу, досына көмектесу, қиындықты жеңу, т.б. Бейнелеу өнері
мейірімділік, әділдік, оларда пайда болған мейірбан сезімдерге тәрбиелеу үшін қолдану
қажет.
Еңбекқорлықтың қалыптасуы жеке тұлғаның мынадай қасиеттерінің табандылық,
шыдамдылық, төзімділіктің дамуымен байланысты қалыптасады. Балалардың бойында
жұмыс істеуге деген, қойылған нәтижеге жетуге талпынысы тәрбиеленеді.
Әрбір педагог өз елін шексіз сүйетін, білімді, іскер, мәдениетті, жан-жақты
жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Бейнелеу өнері процесінде физикалық және ойлау
белсенділігі үйлесім табады. Суретті немесе мүсінді жасау үшін, оған күш сала әрекеттер
жасап, белгілі бір шеберлікке ие болу қажет.
Сонымен, өнердің бейнелеу шығармашылығы интеллектуалдық, эмоционалдық -
сезімдік, қайратты денсаулықты қалыптастырады.
Мектепке дейінгілердің бейнелеу өнерінің астында көркемдік қызмет жатады, ол
баланың тұлғасының жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді және қоршаған әлемді
белсенді тану, ақиқатты және шығармашылылық түрінде тәрбиелене, өзінің ішкі дүниесін
графикалық түрде бейнелеу болып табылады. Барлық берілген бейнелеудің тәсілдерін,
оны құрайтын бейнелеудің дұрыс жазылуын бала толығымен игере алмайды. Педагогтің
білімімен әрбір өнердің өзіндік ерекшеліктерін тануға және олардың қайсысы баламен
танылады немесе оның игеру деңгейін тануға көмектеседі.
Сурет салу, мүсін жасау, конструкторлы құру сияқты сабақ барысында
еңбекқорлық,
жинақылық,
табандылық,
қайсарлықсияқты
тұлғалық
қасиеттер
қалыптасады.
Бейнелеу өнері процесінде оқушылар көптеген графикалық және табиғи өнердің
қырларын меңгеріп, қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарын сараптауды үйренеді.
Баланы психологиялық тұрғыдан тану мұғалімге оның мақсатын, талаптарын және
ерекшеліктерін анықтауға жақсы көмектеседі. Мұғалім – бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп
қоюшы,
бақылаушы,
бағалаушы
емес,
танымдық
іс-әрекеттерді
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
шығармашылығының көзін ашып, дамытады.
115
Бейнелеу өнері сабағы мектепке дейінгілердің сөз саптауына ықпалын тигізіп,
сөздік қорын кеңейтеді. Педагог сөзді оқытудың негізгі бір тәсілі ретінде қолданады:
сабақтың тақырыбын баяндайды және тапсырманы орындаудың кезектерін айтады.
Тәрбиешінің жарқын, сонымен бірге эмоционалды сөзі баланың тереңірек бейне процесін
қабылдауға көмектеседі. Оқушылардың бәрінің ойлау қабілет бірдей емес. Сондықтан бұл
мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен
келу керек.
Біздің мемлекетте өсіп келе жатқан ұрпаққа эстетикалық, көркемдік тәрбие беруде
көп мән береді.
Эстетикалық тәрбие беруде ерекше рол өнерге жатады. Өнердің ерекше мінездемесі
– көркемдік образдарда ақиқаттың бейнеленуі, адамның танымы мен сезіміне әсер етіп,
өмірдегі құбылыстарға белгілі бір қатыныс әрекетіне тәрбиелейді және ақиқатты толық,
тереңірек тануға көмектеседі. Осы өнер арықылы қалыптаса типті көруге мінезделеді және
бақылаған құбылысын қорытындылайды.
Өнер туындысы, өзіндік мазмұнды идеясымен бай және көркемдік форма бойынша
мінсіз, көркемдік талғам қалыптасып, түсіну және ажырату қабілеті пайда болып,
сұлулықты тек өнерде ғана байқап ғана қоймай, сонымен бірге табиғатта да, тұрмыста да
көре білу.
Әрбір белгілі бір өнер туындысынан біз, көрермендер, көркемдік образдардың
көрінісініне байланысты, өзімізге әсер ететін терең мәнін аламыз. Типтік құбылыстар
арқылы бейнені қорытындылау – көркемдік образдардың ең басты қасиеттерінің бірі.
Суретші В.И.Суриковтың «Боярина Морозова» деген туындысын еске түсіре
кетсек. Суреттің композияциясы топтың қозғалысын көрсетуге бағытталған, бояринаны
шығарып салып жатқан және өзін сенім кернеген, мәмілеге келгісі келмейді. Суретші
боярыныға қызыға қарайтын және оған табынатын адамдардың бірлігін көрсете білді.
Суреттің орталығы – боярина Морозованың кернеген келбеті.
Ал, суретші А.Плостовтың «Пішен шабу» деп аталатын туындысында мазмұны
мүлдем бөлек болып келеді. Мұнда қайыңға, шөпке, гүлге, жалпы табиғатқа өзінің жылы
күннің өткір шуақтарын шашқан жаздық қуанышты пейзаж болып табылады. Аса айқын
шабушылардың қозғалысынан музыкалдық байқалады және бұл бақыт сезімі, адамдардың
сүйікті ісінен алатын сәті еді.
Келесі тұста, Н.Ломакиннің «Балтика балықшылары» деп аталатын туындасында
бізді қатал табиғатты солтүстік теңізге апарады. Суық желмен айқасқан, үлкен толқындар
бейнесі. Табиғаттың қатал апатына тек балықшылар өздерінің батырлығы мен
батылдығымен қарсы тұрғандығын суретші сипаттайды.
Иә, көрерменнің суреттен қабылдаған әсері, сезімдері, оның ойында және жүрегінде
терең ізін қалдырып, өмір құбылыстарын дұрыс бағалай білу сәттерінде көмектеседі.
Өнер адам бойынан тек эстетикалық жағынан ғана көрініп қоймай, сонымен бірге
өнегелі сезімді, жаңаның қалыптасуына септігін тигізеді және құбылысты жоғары түсініп,
оның іс-әрекеттерінде және жасаған істерінде, айналадағы қарым-қатынасында көрінуі
мүмкін.
Бейнелеу өнері қабылданған образдардың көзімен көркемдік бейненің ақиқаты
болып табылады. Суреттер, пластика немесе түстер құралы арқылы жазушы саз балшық
немесе мәрмәр тас сияқты заттардан қоршаған өмірдің картинасын құрап, адамзаттын
сымбатты және күшті образдарын көрсетеді.
Бейнелеу өнері сонау алғашқы қоғамда пайда болды. Бұл уақытқа алғашқы
суреттер, жануарлардың бейнеленген көріністері және аңшылық тұсындағы сахналық
әрекет, алғашқы мүсіндер – сүйектен кескінделген және тастан қашалған адамдардың және
116
жануарлардың фигуралары, орнаментпен жазылған және әшекейленген күнделікті
тұрмыста қолданылатын, сонымен қатар еңбек құралдары жатады. Ежелгі уақаттан
адамдар көрген әлемін бейнелеу қасиетін игерген, өздерінің қабылдаған түсініктерін сурет,
мүсін ретінде берді.
Бейнелеу өнерінің шығармашылығына тән белгілі бір сәтті, құбылысты таңдау және
оларды көркем бейнелерде беру ретінде ұсынылады. Суретші сюжеттің шешемін тауып,
пікірін сипаттауға мүмкіндік табады. В.Суриковтың «Утро стрелецкой казни» деген
туындысы осыған сай келеді, дарға асудың алдындағы соңғы минуттары, ал шын мәнінде
халық өмірінің кезеңі ашылған. Болмаса адам мінездерінің жарқын тұстары ашылған
сәттерді таңдайды. И.Репиннің «Не ждали» деп аталатын туындысының мазмұны – жер
аударылған революционердің оралуы, кірген сәттегі қалжыраған келбеті, оған ұмтылған
анасының фигурасы, қуанышқа бөленген ұлының бейнесі. Адамзаттың сезімі мен
қатынасын терең сипаттай білген.
Мүсінші айқындылыққа басқа құралдармен жетеді. Мұнда да Е.Вучетичтің «Воин -
освободитель» туындысына тоқталамыз. Берлин саябағында орналасқан өмір мен
батырлыққа толы Трептоптағы кеңес әскерлеріне арналған ескерткіш.
Сурет, графика, мүсін, сәулет, қолөнері – бейнелеу өнерінің түрлері, спецификалық
бейнелеу құралдары және ортақ қасиеттерімен ажыратылады.
Сурет әлемнің сан алуандығы мен бар барлығын көрсетеді. Өзінің қолдану
кеңдігімен өмірде бірінші орын алады. Қағазда, үйдің қабырғасында және сурет
құралдарымен ауа, түс, жарық, кеңістік, ауқымға байланысты шынайы әлем жасалады. Түс
– суреттің ең негізгі құралы.
Сурет өзінің жанрымен де бай. Олардың пайда болуы әр кезеңдегі суретшілердің
қызығушылығана негізделеді.
Тарихи жағдайларға арналған суреттер, өткен ғасырдағы тұлғалар мен олардың
өмірі бейнеленгендер, тарихи жанрға жатады. В.Суриков, И.Репин, В.Серов орыс
тарихындағы образдар және образдық жағдайларға мән беретін.
Аңыз, ертегі сюжетінде құрылған бейнелеу өнерінің туындылары мифологиялық
жанрға жатады. В.Васнецов поэтикалық және батырлық бейнелерді жасады.(«Үш батыр»,
«Аленушка»).
Тарихи жанрда жазылған суреттер әрдайым тарихты көрсете бермейді. Кеңес
суретшілеріне өткен, революциялық күрестің батырлығын бейнелеу тән болып келеді.
Б.Иогансон «Коммунистерді тергеу» туындысында өз істерінің шынайылығына сенген,
күшті революционерлер бейнесін берген.
Достарыңызбен бөлісу: |