"Сары қалпақ" тобы. Барлығыңыздың сөздеріңізге қосыламын, дегенменде
артық салмақпен ауыратындардың психикалық жағынан, ішкі жан дүниесіне де құлақ
түрген жөн. Өйткені олар осындай салмақпен өзге орталарда (көшеде, оқу орындарына,
демалыс орындарында т.б) өзін жайсыз сезінеді. Сырттан келетін жағымсыз
пікірлерден жүйкесі тозады, еңсесі түседі. Сөйтіпте олар көбіне уақытын үйде өткізеді.
Осындай жағдайда ата-аналар балаларына демеу көрсетіп, әңгімелескен жөн. Қазіргі
таңда заман талабына сәйкес көптеген жаңа өзгерістер көп. Әсіресе артық салмақпен
күресіп келе жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған көптеген ұйымдар бар.
Ондағы балалар өздеріне күш-жігер беріп, бір-біріне қолдау білдіреді. Сол сеніммен
үйренеді, шынығады, емделеді. Ал біз сол балаларды көргенде ғайбат сөз айтып,
көкірегінен итеру емес, барынша қолдау білдірткеніміз жөн дей келе
оптимизмге тола,
ашық, позитивті және конструктивті ойлар ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |