ОҚУШЫЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
ТУРАЛЫ
ҚАСЫМБАЕВА Ж.- магистрант
АЛПЕЙСОВА Н.А.- псих.ғ.к.
Шымкент университеті
Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым–
қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі
қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз
жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің
жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы
адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал
нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық,
ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын
қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті,
әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен
іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып,
тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер
жетеді, ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса біртіндеп ол сылбырлық,
жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжыңдық мінездерге айналады. Бала өскен сайын
көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау,
достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.
Эмоционалдық ыңғайсыз жағдайдың орын алу нәтижесінде балалар агрессивті мінез
көрсетеді. А.А.Реан агрессия – (латын «agressio» - шабуыл, басқындық) өзге адамдарға
болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік –
бұл жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін стрессогондық жағдайдан өзін-өзі
қорғау реакциясы болуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының агрессивтілігінің
негізгі себебі қорғаныс функциясымен байланысты. Бала агрессиясын зерттеушілер оған
әр түрлі анықтама береді. Лорнед, Анри оны адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін
қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе, Моррисон
адамның өзі өмір сүретін ортада жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет деп
түсіндіреді.
Т.Р.Нұрмұхамбетова өз зерттеулерінде А.Басс және А.Дарки агрессияны негізгі екі
топқа бөліп сипаттағандарын анықтады. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы
құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін
анықтап алуға тиіс. Екіншісі – инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін,
басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада
болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки
сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады .
Э.Фромның пікірінше, агрессияның екі түрі «қатерлі емес», және «қатерлі» агрессия
деп екіге бөлінеді. Алғашқысы қауіпті жағдай болған кезде туындайды және ол қорғану
мотивін білдіреді , ал екіншісі қатігез және аяқ астынан адам қалыптасуына байланысты
туындайды. Автор агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста
деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.
139
Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап,
қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері
бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың
өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға
болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Барлық
басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әртүрлі көріністе болады.
Агрессиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен
болады да ол енжарлық, иланушылық пен конформдылыққа алып келеді, ал кейбір
адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады да ол шатақ мінезділікке,
конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Баланың агрессивтілігі
келесі көрсеткіштермен бағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі;
агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесі; агрессия
жүруінің екпіні; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол
вербалды формада болады, ал асқынған, ауыр жағдайларды физикалық түрде көрініс
береді .
Р. Бэрон, Д. Ричардсон балалар агрессиясының әлеуметтік – мәдени аспектісін жасады
[104]. Олар балалардың мінез – құлық модельдерін үш негізде қарастырды:
Алғашқы негіз – отбасы мүшелері арасындағы агрессиялық қарым - қатынас.
Екінші негіз – қоғамдағы адамдар арасындағы, оның ішінде балалар арасындағы
жаугершілік қарым – қатынас. Балабақшаға үздіксіз баратын баланы балабақшаға аз
барған немесе балабақшаға мүлдем бармаған баламен салыстырып қарайтын болсақ
балабақшаға үздіксіз баратын бала агрессивті болып келеді екен.
Үшінші негіз - бүгінгі таңдағы теледидардан көрсетіліп жатқан қантөгіс, ұрыс-жанжал,
соғыс көріністері [4].
Бастауыш сынып оқушыларының агрессиялық мінездерін анықтау критерийлері[4]:
1.Басқаларға қарағанда өз көңіл – күйін бақылай алмай қалады. Яғни өз эмоцияларын
тежей алмай қалады.
2. Балалармен және үлкендермен жиі сөзге келіп ұрсысып қалады.
3.Үлкендердің өтініштерін орындаудан бас тартып оларды әдейі жындандырады.
4.Өз жасаған қателіктеріне басқаларды кінәлайды.
5.Іші тар, қызғаншақ , күмәншіл
6.Айналасындағыларға жиі ренжіп, төбелеске дайын тұрады.
6 ай көлемінде мінез – құлқында осы анықтаманың 4 критериі байқалған баланы
агрессивті ауытқушылығы бар тұлға деп атауға болады.
Балалардағы болатын агрессиялық мінездің пайда болу себептерін жан – жақты
зерттемей тұрып оның қиындықтарын шешу жолдарын қарастыру күрделірек болады.
Және де бұл еңбектің өз жемісін беруінің бірден – бір жолы оның пайда болу себептерін
анықтау.
«Теледидарға деген тәуелділігіңізден бас тартыңыз» деген еңбегінде Дж.А.Вилкинз
теледидардағы әрбір сағатта жауыздық сценасы және 21 акт мультфильмдерде
көрсетілетіндігін атап өткен. Әрине бұндай көрсетілімдер теле көрерменнің санасына өз
әсерін тигізбей қоймайды. 14 жасына қарай әрбір американ баласы 11000 адам өлімінің
куәсі болады екен. Автордың ойынша, теледидардағы көрсетілімдер балаларды
қатыгездікке үйретіп, баланың қатыгез болып қалыптасуына өз әсерін қатты тигізеді.
«Коннектиткут» штатында «Теледидарды өшіріп тастаңыз» атты айлық өткізілген кезде
мектептегі мұғалімдер балалардың өзара едәуір аз ұрсысып, төбелескендеріне куә болған.
Келеңсіздіктер болған жағдайда балалар бұрынғыдай төбелес іздемей, бұл жағдайдың
шешімін бейбіт жолмен шешуге тырысқандарын байқаған.
140
Американдық психолог М. Алворд және П.Бейкер агрессиялық балалардың
қиындықтарына сипаттама берген. Бұндай балалардың мінездеріне сипаттама берген өте
маңызды себебі осы ерекшеліктер ретке келтіру жұмыстарының негізін құрайды.
Агрессивті балалардың мінездерінің ерекшеліктері[5]:
1.Көптеген жағдайларды өзіне төнген қауіп деп есептейді, айналасындағылардың өзіне
деген қарым – қатынастарынан қарама – қайшылық, дұшпандық іздеп тұрады.
2.Өзіне деген қарым – қатынасқа шектен тыс сезімтал болады.
3.Ешқандай себепсіз айналасындағыларды өзіне қарсы деп ойлайды.
4.Өзінің мінезіндегі агрссиялық көріністерді мойындағысы келмейді.
5.Өзінің мінезіндегі қиындықтарға айналасындағылар кінәлі деп ойлайды.
6.Әдейі агрессиялық мінез көрсете тұра өз қателігін мойындамайды, өз кінәсін түсінсе
де өте нашар түсінеді.
7.Өз істегеніне жауапкершілікті сезінбейді.
8.Қиын жағдайдаларда өз ойын тез жинақтап, қиындықтан шығу жолдарын тез
қарастыра алмайды. Яғни бойын тез жинап ала алмайды.
9.Айналасындағылармен болатын қарым – қатынаста эмпатияны төмен деңгейде
көрсетеді.
10.Өз эмоциясын қадағалау деңгейі төмен.
11.Өз эмоциясын басқара алмайды. Тез жынданатын болады.
12.Ата – аналарының қарым – қатынастарында болатын күтілмеген жағдайлардан
қорқады.
13.Неврологиялық кемшіліктері болады. Есте сақтау қабілеті нашар дамыған, жедел
жады нашар болады.
14.Өз қылықтарының нәтижесін болжай алмайды.
15.Агрессиялық көріністерді құптайды себебі агрессия арқылы өз дегендеріне қол
жеткіземін деп ойлайды, көңілі жайланады.
Т.П.Смирнова мектептер мен балабақшаларда жүргізген жұмыстарының нәтижесінде
агрессиялық балалардың үш маңызды мінездемелік ерекшеліктерін сипаттайды:
1) тұлғалық қорқынышының деңгейі жоғары болады;
2) өз мүмкіндіктерін нашар бағалайды;
3) өздерін жалғыз сезінеді [6].
Жоғарыда атап көрсетілген мінездемелер осындай балалардың мінез -құлқын реттеудің
дұрыс бағыттарын көрсетеді, сондай–ақ оған толық та дұрыс жол сілтейді.
Мінездің – адамға ген арқылы берілетін жақтары да бар. Кейбір балалар төбелеске үйір
келеді. Айтылған кемшіліктердің кейбіреуін ғана мұғалім қалыпқа келтіре алады.
Ауытқушылықтардың басым көпшілігін реттеу үшін арнайы мамандар қажет. Яғни,
медициналық – психологиялық көмек қажет
Бір мезеттік көңіл – күйдің көрінісі белгілі - бір жағдайларды тудырады. Эмоцияның
белгілі бір көрінісі көптеген вариацияларда қайталанып отыруы мүмкін. Теріс мінез, яғни
ауытқушылықтар балаға ген арқылы берілуі ықтимал. Алғашқыда баланың бойына біткен
мінездің көрнісі әртүрлі жағдайларда көрініс беріп отырады. Баланың мінезіндегі
кемшіліктер мен ауытқушылықтарды арнайы бір жағдайды тудырған көрініс пайда болған
кезде ғана анықтап, оған баға бере аламыз. Бала бойынан байқалатын әрбір теріс мінез
қоғамда көрініс табатын жат қылықтың себебшісі болады. Егер де педагог баланы
жекелеп алып оның жасаған теріс қылықтарына дұрыс баға беріп оған маман есебінде іс –
шара қолдана білсе ғана балаға дер кезінде қажетті көмек көрсете алады. Баланың не
себептен бұлай жасауының себебін білу оның мінез – құлқына маманның терең үңілуінің
нәтижесінде анықталады [6].
141
Алаңдаушылық - белгісіздік пен шарасыздықтың жиынтығынан туындайтын сезім.
Болып жатқан жағдайға алаңдаушылық, ол тұрып жатқан ортада не болып жатқанын
түсінбеушілік пен жағдайдың немен аяқталатынын түсіне алмаған жағдайда туындайды.
Бұл жағдайда ең дұрыс шешім – балаға не болып жатқанын түсіндіріп, алаңдауға ешқандай
негіз жоқ екенін түсіндіре білу, баланы соған сендіру. Психологтың көмегінсіз бұндай
күйден көбінесе бала өз бетімен шыға алмайды. Балалардың көпшілігінде бұндай сезімдер
жинақтала келе шектен тыс қобалжушылықты, қорқыныш пен үрей сезімін туындатады
[5].
Реттеу шаралары – оның қылығына қарсы шығу емес, балаға - оның жасаған
қылығының дұрыс емес екендігін, мүмкіндігінше бұдан былай олай істеуге
болмайтындығын түсіндіре білуді қамтығаны жөн. Егерде дұшпандық диагнозы толық
қойылған болса, мұғалімнің баланың ішкі жан дүниесіне өте сақтықпен ене отырып,
баланың осы жағдайды ұмытуы үшін ретке келтіру жаттығуларын жасауға баланы
ынталандырғаны жөн.
Күнә, қорқу, дұшпандық, алаңдаушылық сезімдері балада әртүрлі деңгейде болуы
мүмкін. Көп жағдайларда бұндай жағдайлар үш деңгейде болатынын көрсетеді: жеңіл,
орташа, жоғары. Мысалы, баланың бойында дұшпандықтың орташа деңгейі байқалса –
онда арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау қажет. Алайда баланың қай деңгейде қандай
сезімде жүргенін барлық уақытта байқай беру мүмкін емес. Сыртқы белгілер кейбір
жағдайларда байқалмайды да, сондықтан жалпы топпен үнемі жұмыс жасап отырған
дұрыс. Тәжірибелік диагностика үшін эмоциялық деңгейдегі өсудің бақылау бағытында
жұмыс жасаған жөн. Қатты қобалжуды жеңіл қобалжудан кез- келген мұғалім ажырата
алады [5].
Эмоция мен сезімнің қазіргі кезде психологияда пайдаланып жүрген анықтамасын
беріп, оның барлық түрлеріне жүйелі түрде сипаттама берген Қ.Жарықбаев. Ол теріс
эмоциялардың ішінен қорқыныш, аффект, стресс жағдайлардың сипаттамаларын жасаған .
Қ.Жарықбаевтың сыныптастыруы бойынша эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге
болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның
тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының
бірі болып табылады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай.
Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар деп аталады. Бұлар –
белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен
қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның
органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Күрделі түрлеріне
көңіл-күй, аффект, құмарлық эмоциялары кіреді .
Көңіл күй – эмоциялардың күрделі түрінің бірі. Кейпіне қарай адамдар шат, жайдары,
жылы жүзді, ақжарқын, не болмаса көңілі бәсең, ызалы, түсі суық, қайғы-қасіретті,
тұнжыраған, қабағы ашылмайтын деп ажыратылады. Адамның көңіл-күйіне оны қоршаған
орта үлкен әсерін тигізіп тұрады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы
ынтымақты болса, отбасындағы жағдайы жақсы болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге
адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адамның
өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиғалар да көңіл-күйі арқылы көрініс береді.
Мысалы, адам көптен бері айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе арманына қолы жетсе
ол шат-шадыман жағдайда болады. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе,
көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда
адамның қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді
142
Достарыңызбен бөлісу: |