Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет80/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПО ЕСТЕСТВЕННЫМ НАУКАМ 

 

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ, НАТУРАЛИСТ – МАКСИМ ДМИТРИЕВИЧ 

ЗВЕРЕВ 

 

ИБРАГИМОВА З.А. – п.ғ.к.,доцент 

ИСАХАНОВА С., БӨРШЕ С. 

 Биология мамандығының 2 курс студенттері 

Алматы университеті 

 

Біздің әкейдің Дмитрий Ивановичтың Отаны – Алтайдың Зверово селосы. Ал менің 



Отаным – Қазақстан. 

 Сол Зверево селосында көп жасаған адамдар баршылық деседі. Ал өз әкем алпыс 

жыл, анам Мария Федоровна фельдшер болған, жетпіс жыл өмір сүрді.  

Максим Дмитриевич Зверев – Ресей, Алтай өлкесі, 1896 жылы 29 қарашада Барнаул 

қаласында дүниеге келген. Жазушының балалық және жастық шағы. Обь өзені жағасы мен 

Алтай  өлкесінің  сұлу  табиғатында  өтті.  Осы  жағдайлар  баланың  табиғатқа  етене  жақын 

болуына мүмкіндік берді.  

Мен  қалай  жазушы  болдым..1903  жылы  мен  сегізде  едім.  Барнаул  көктемі.  Әкем: 

«Баламды  көктемгі  аңшылыққа  апарамын»  дегенде,  шешемнің  көзі  шарасынан  шықты. 

Сонда  қос  ат  жеккен  арбаның  батпаққа  күпшегінен  кіріп  келе  жатқанын  ұмытпаппын... 

Үйге қайтқан соң жаңағы сапарымды жазғым келді. Менің емле қателерімді көргенде әкем 

жағасын ұстап, қызыл қарындашпен түзете бастады. Арада бірнеше жыл өтті. Жазды күні 

талтүсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым. Тұс-тұстан құстар сайрайды. Өз 

көзіммен көргенімді оңдап тұрып жазсам деген құштарлық ырыққа қоймайды. 

Содан кейін барып әкеме көрсеттім. Ол оқып шықты да, көзілдірігінің астынан маған 

таңдана қарады. Табиғатты суреттегеніме тәнті болған екен! 

Күзде  сабақ  басталғанда  әдебиет  пәнінің  мұғалімі:  өткен  жаздағы  ең  қызықты 

күндеріңді  шығарма  етіп  жазып  келіңдер  деді...  Келесі  сабаққа  мұғалім  тексерілген  бір 

бума дәптер көтеріп келді. Ұстаз: 

- «Іштеріңде шығарма ең жақсы жазған кім деп ойлайсыңдар?» - деп сұрады. 

Әр тұстан оқу озаттарын атаған үндер естіліп жатты. 

-  Бәріңнен  артық  жазған  –  Зверев!..  .Грамматикалық  қателеріне    қарағанда  

шығармасына  «екілік»  қоюға болар еді, бірақ  мен минус «бес» қойдым. 

Әдебиет тұрғысынан піскен шығарма сонысы ғана... 

1916 ж. Барнаул реальдық училищесін, Томск университетін бітірген. 

Жылдар  жылжып  өтіп  жатты.  Университетті  аяқтаған,  25  жыл  экспедицияларда, 

хайуанаттар бағы мен қорықтарда ғалым-зоолог боп  істеген.  

Бүгін, балалар, табиғат жайында менің 156 кітабым бар...

 

1923  –  1937  жылы  Сібір  өсімдік  қорғау  ғылыми  –  зерттеу  институтында  зоолог 



қызметін  атқарған.  «Ақ  марал»  атты  тұңғыш  повесі  1929  жылы  Ленинградта  жеке  кітап 

болып жарық көрді. Томск университетінде доцент болған.  

1937  жылы  Қазақстанға  қоныс  аударып,  1937-1952  жылы  Алматы  зоопаркінде 

ғылым  бөлімінің  меңгерушісі,  директоры,  ҚазМУ-де  доцент  қызметтерін  атқарды.  1952 

жылдан ғұмырының соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысқан. Повестер, 



156 

 

әңгімелер,  ертегілер,  очерктер  жинақтары:  «Індер  мен  ұяларда»(1937),  «Ормандағы 



кездесулер»  (1938).  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан,  соғыстан  кейінгі  жылдары:  «Алатау 

қорықтары» (1946),  «Ертіс тоғайлары мен далаларында» (1950),  «Орман алауы жанында» 

(1952)  т.б.  жарық  көрді.  Қазақстанның  белгілі  натуралист-жазушы  Максим  Зверев 

«Орманды  үй»  атты  бұл  өмірбаяндық  повесінде  адам  және  табиғат  арасындағы  қарым-

қатынас,  табиғаттың  таңғажайып  құпияларын  ашуға  құмарту,  табиғат  сұлулығы    өз 

тағдырына  әсер  етіп,  өмірлік  мақсатына  айналғанын  қызықты  оқиғалармен  ұштастырып, 

көркем суреттейді.  

Кітапта  Қазақстанның  сұлу  табиғаты,  оны  қорғау,  жас  натуралистердің  қызметі, 

Алматы зоопаркінің, көптеген қорықтардың жұмысы жайынан да мол мағлұмат береді. 

 Күн  райын  жан-жануар  қалай  сезеді?  Ауа-райын  болжайтын  бюродан  басқа, 

көптеген  жан-жануарлар  бізге  белгісіз  белгілер  бойынша,  күн  райының  құбылыстарына 

байланысты  өздерінің  мінез-құлқын,  әрекетін  өзгертіп,  сол  арқылы  таяуда  жаңбыр 

жауатынын, аяз түсетінін, дауыл тұратынын, т.б. табиғаттың бір құбылысы болатындығы 

жайында бізге болжап бере алады екен. Егер қырғауылдар қиқу салса, онда жер сілкінеді, 

ал  тышқандар  інін  тастап  жер  бетіне  шықса,  онда  су  тасқыны  болады,  шегірткелер 

шырылдамаса көп ұзамай жаңбыр жауады деп ойлай бер.  

Бұл  кітапта  бұдан  да  басқа  жан-жануарлардың  қызықты  мінез-құлықтары,  күн  

райынның құбылатынын қалай сезетіндігі туралы көптеген материалдар бар.  

Егер сен болжамдырақ болсаң, табиғат сырын, жан-жануардың мінез-құлқын ұғына 

білгің келсе мына кітапты оқы:  

Зверев  М.  «Күн  райын  жан-жануарлар  қалай  сезеді».  Алматы,  «Қайнар»,  1964 

ж.,Зверев М. «Погода и животные» . М., «Просвещение», (1965) 

Мемлекет  сыйлығы,  (1953),  «Алтын  киік»  (1957),  «Көкпектінің  аңшысы»  (1963), 

«Дала қасқыры»  (1975;  Германияның  «Бестлитсе»  сыйлығы, (1976),  «Орманда ауа райын 

болжау»  (1987),  «Орман  күзетінде»  (1987),  т.б.  атпен  жарық  көрді.  Жазушы 

шығармашылығы  Сібір  мен  Қазақстан  табиғатына  тікелей  байланысты,  оқырмандарды 

құстар  мен  аңдардың  тіршілігімен  таныстырып,  туған  табиғатты  қорғап  аялаушы 

ғалымдар,  орманшылар  т.б.  тұрмысы,  мақсат-мүддесі  туралы  мол  мағлұмат  береді. 

Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған.  

Максим  Дмитриевич  Зверев  (29  октября  1896-23  января  1996)  –  Батыс  Сібір 

териологиясының  негізін  қалушы  совет  ғалымы,  кейіннен  натуралист  жазушы,  табиғат, 

жануарлар  жайындағы  көптеген  кітаптың    авторы,  ТМД  ,  сонымен  қатар  көптеген 

шығармалары Франция, Англия, Испания, Полша, Германия, Куба және т.б. басқада әлем 

елдеріне аударылған. 

Қазақстанның  халық  жазушысы,  Қазақстан  Мемлекет  сыйлығының  лауреаты  (екі 

рет),  Кавалер  орденімен  төрт  рет,  Ақсақалдар  кенесінің  бюро  мүшесі,  Қазақстан 

жазушылар  одағының  басқарма  мүшесі,  Мемлекеттік  Абай  атындағы  сыйлықтың  иегері, 

Еңбек  Қызыл  Ту,  Екі  рет  «Құрмет  Белгісі»,  Халықтар  Достығы  ордендерімен 

марапатталған. 

Қазақ  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  (1980).  Қазақстанның  халық 

жазушысы (1987). 

Бұл  кітапта  бұдан  да  басқа  жан-жануарлардың  қызықты  мінез-құлықтары,  күн 

райының құбылатынын қалай сезетіндігі туралы көптеген материалдар бар. 

Иә,  Максим  Дмитриевич  Зверев  бес  күн  жалғанды  жаман  жасаған  жоқ.  Жер 

шарының  түкпір-түкпірінде  қызыға  оқылып  жүрген  жүз  елуден  аса  кітап  жазды.  Оның 

таралымы  да  аз  емес.  Оның  есімі  есті  баладан  еңкейген  кәріге  дейін  таныс  десек  артық 




157 

 

айтқандық  болмайды.  Ол  тоғай  жапырақтарының  сұлу  сыбдырын,  таза  бұлақтың  күміс 



сыңғырын естіп, қазақ даласын ендікпен де, бойлықпен де талай кесіп өтті.  

1952  жылдан  ғұмырының  соңына  дейін  еркін  шығармашылық  жұмыспен 

айналысты, мақсат-мүддесі туралы мол мағлұмат береді. 

Зоологияға  байланысты  алпыс  шақты  мақала  мен  жиырмадан  астам  ғылыми 

көпшілік кітаптың авторы. 

Шығармалары: 3 томдық жинағы А., «Жазушы», 1983-1985. 

− Бір жылда төрт кітап жазу көптеу емес пе?.. 

−  Жүзге  келген  адамға  қиын  болса  қиын  да  шығар...  Жас  кезде  өнімділеу  жұмыс 

істейтін  секілді  едік.  Мысалы,  елу  бірінші  жылы  жеті  кітабым,  елу  екінші  жылы  он 

кітабым  жарық  көріпті.  Ол  кезде  он-он  екі  сағат  тапжылмай  отырып  жаза  беретінмін. 

Аңшылар  үйшігінде  ме,  мәшине  ішінде  ме,  бәрі  бір  еді.  Қазір  жеті-сегіз  сағаттан  кейін 

шаршап  қаламын...  (Жазу  үстеліндегі  мәшінкені  көрсетіп).  Сол  елу  екінші  жылы  Кеңес 

Одағындағы  ең  өнімді  жазатын  жазушы  ретінде  арнайы  сыйлыққа  осы  «Каллибри»  жазу 

мәшінкесін  берді.  Біз  секілді  аттың  жалы,  түйенің  қомында  жүретін  натуралист  жазушы 

үшін  таптырмайтын  дүние  екен.  Дипломатқа  немесе  рюкзакқа  салып  алып  жүре  бересің. 

Бәрінен де қырық үш жылда бір бұзылмағанын айтсаңшы. Бұрындары бәрін де сапалы етіп 

жасайтын еді ғой... 

− Жазу мәшінкеңіз бар екен, ал мінетін мәшинеңіз бар ма?.. 

− Болғанда қандай... Егерь «ешкі» деп атайтын «Паз – 69» броневигім бар. Марқұм 

Димаш Ахметұлы Қонаев мылтықты тәп-тәуір ататын. Екеуміз аңға шығып тұрушы едік. 

Алпыс  алтыншы  жылы  сол  кісі  сыйлады.  Ол  жылдары  қаны  жерге  тамбайтын  қымбат 

мәшине  еді.  Тау-таста  табаны  таймайтын  болғасын  «ешкі»  атанған  ғой.

 

Кейінірек  сол 



«ешкіні» темірмен қаптаттым. Біз көбінесе айдала, жапан түзде жүретін адамбыз ғой. Ұры-

қары бар дегендей, сақтанбаса бола ма? Құдайға шүкір, әзірге зырылдап тұр... 

− Сапарда жүрген кезіңізде сізге қарай оқ атқан кездер болды ма? 

 −  Талай  мәрте...  (Сөреден  «Егерьдің  тууы»  атты  кітапты  алып)  Мен  бұл  жөнінде 

«Түндегі  оқ» атты әңгімеде жазғанмын. Сондағы қарақшы оғынан аман алып қалған осы 

мәшине еді. Жалпы қорықшы атаулы жанын шүберекке түйіп жүретін халық.  

−  Қорықшылардың  жұмысы  ауыр,  жалақысы  төмен  екенін  білеміз.  Онда  басқа 

мамандыққа  неге  ауысып  кетпейді.  Бәлкім,  «бал  ұстаған  бармағын  жалайдының»  кері 

болар?.. 

−  Қазіргі  қорықшыны  білмеймін,  біздің  кезімізде  жалақы  үшін  жұмыс  істеген 

адамды өз басым білмеймін. «Халық үшін, Отан үшін» деген ұранға шын сенетінбіз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет