Экологиялық білім беру адамдардың экологиялық санасы мен мінез-құлқына әсер
және тікелей тәжірибелік (өндіріс технологиялары мен күнделікті өмір сүру салты арқылы)
құралдары және тәсілдерімен табиғи байланысты үйлесімділігі жағдайында экологиялық
мәселелерді шешудегі әрекеттегі құралы болуы тиіс. Мұнда ескеретін маңызды жәйт,
экологиялық білім беру тиімділігі тек тиісті білім беру бағдарламалары мен
стандарттарының жеткілікті санының болуы, сондай-ақ қолжетімді болуына, білім беру
қызметтерінің әралуандылығы мен сапасына, білім беруді басқару жүйелеріне ғана
байланысты емес. Мұндағы көптеген ерекшеліктер оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік
қамтамасыз етілуімен, адамның жасын, мәдени, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін, өмір
сүру жағдайларын ескере отырып, экологиялық тұрғыда сауатты болуға итермелейтін
жасайтын жалпы іс-әрекеттердің әлеуметтік және тұлғалық маңызды түрлерінің бірі
ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты, білім беру мақсаттарын заманауи
тұрғыда түсінуге барабар және экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру аясында
болашағы мол тәсіл ретінде жүйелі-генетикалық тәсілдеме орын алады. Бұл тәсілдеме іс-
әрекеттер мен жеке тұлғаны жүйелі қалыптастырудың жалпы тұжырымдамасы аясында
қалыптасқан. Жоғарыда атап өтілген қағидаларға негізделе отырып, экологиялық
203
құзыреттілікті қалыптастыру дегенде оқушылардың теориялық білімдерді, тәжірибелік
ептіліктерді, экологиялық құндылықтарды игерудің, тұлғалық және әлеуметтік маңызды
экологиялық іс-әрекет барысында экологиялық мағыналарды төселдіру және осы негізде
экологиялық келелі мәселелерді шешу тәжірибелерін игерудің мақсатты бағытталған
үдерісі ретінде түсіну қажет етіледі. Экологиялық құзыреттіліктің аса маңызды
сипаттамалары мыналар: феноменологиялық – адамның «адам – табиғат» өзін-өзі
дамытушы жүйесінде өзінің қалыптасуында дамудың жалпы табиғи ұстанымдарын,
сондай-ақ адам болмысының табиғатын жүзеге асыратын біртұтас, біріккен субъект
ретінде болу қабілеті мен дайындығын сипаттайды; гносеологиялық – білімдер мен
дағдыларды мағыналы игеруі мен мақсатты тұрғыда пайдалану, тәжірибелік экологиялық
іс-әрекет тәжірибесін жинақтауды қарастырады; аксиологиялық – табиғатқа, қоршаған
орта мәселелеріне деген қатынастар бойынша құндылықтар мен тұлғалық мағыналарды
игеру және дамытуды анықтайды; психологиялық-педагогикалық – оқушының
интегралдық сипаттамасын анықтап, экологиялық білім беру саласындағы теориялық және
тәжірибелік тұрғыда дайындығының деңгейін сипаттайды, экологиялық білім беру
мақсаттары мен мазмұнын, педагогикалық технологияларды жүйелі жобалау мүмкіндігін
анықтайды.
Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру тиімділігіне ықпал
жасайтын факторлар анықталды:
- әлеуметтік-экологиялық (аймақтық және жергілікті экологиялық жағдаяттардың
өзіне тән ерекшелігі, табиғи құбылыстардың әсері);
- әлеуметтік-экономикалық (тұрғындар өмірлік салтының, әдет-ғұрыптарының
аймақтық ерекшеліктері; жергілікті бірлестіктің экологиялық-білімдік әлеуеті мен
қажеттіліктері, әлеуметтік серіктестік пен желілік өзара әрекеттесу мүмкіндіктері,
материальдық-техникалық қамтамасыздандыру);
- ұйымдастырушылық-педагогикалық (оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу
және жетілдіру; оқушылардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі экологиялық құзыреттілікті
жүзеге асыру, дамыту және түзету мақсатында жағдайларды жасау, педагогикалық
кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу) .
Жоғарыда атап көрсетілген факторларды жүзеге асырудың мәні оқушылардың
экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жұмыстардың басқарушылық,
мазмұндық және әдістемелік аспектілерін оңтайландыруға бағытталған білім беру
үдерісінің федеральдық, аймақтық, муниципалдық, жергілікті деңгейдегі субъектілеріне
арналған ұсыныстар жүйесі арқылы ашылады.
Барлық үш топта да он негізгі құзыреттіліктер ажыратылып, олар адамның мінез-
құлқында, іс-әрекеттерінде байқалып, оның тұлғалық қасиеттеріне, белгілеріне, яғни
құзыреттіліктеріне айналады:
1) жеке тұлға ретінде, тіршілік әрекетінің, қатынастардың субъектісі ретінде өз-өзіне
тиесілі болған құзыреттер – денсалықты сақтау құзыреті; құнды-мағыналық бағдарланған
құзыреттер; ықпалдасу құзыреті; азаматтылық құзыреті; өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу,
өзін-өзі дамыту, тұлғалық және пәндік рефлексия құзыреттері;
2) адамның әлеуметтік тұрғыда өзара әрекеттесулеріне тиесілі болған құзыреттер –
әлеуметтік тұрғыда өзара әрекеттесу құзыреттері, қатынастардағы құзыреттер;
3) іс-әрекеттерге тиесілі болған құзыреттер – танымдық іс-әрекет құзыреті, іс-әрекет
құзыреті, ақпараттық технологиялар құзыреті.
Экологиялық құзыреттілікті қалыптастырудың ең басты мақсаты экологиялық
сипаттағы тұлғаның, яғни экоорталықтандырылған типтегі экологиялық сана иесі,
экологиялық іс-әрекеттер, экологиялық ойлау, экологиялық мәдениеттегі экологиялық
204
құндылықтар мен мағыналар иесі болған тұлғаның, сондай-ақ «адам – табиғат» жүйесінің
өзіндік дамуында, өзінің қалыптасуында дамудың жалпы табиғи ұстанымдарын, адам
болмысының табиғатын жүзеге асыратын біртұтас, бірлескен субъекті ретінде қызмет
жасауға әрі қабілетті, әрі дайын болған адамның қалыптасуы үшін педагогикалық
шарттарды жасау ретінде анықталуға тиіс.
Тұлғалық-бағдарланған педагогикалық парадигмада дәл осы басты мақсат білім беру
үдерістерінің өзара байланыстырылған, келістірілген мақсаттарымен нақтыланы, оларды
мынадай түрде анықтауға болады:
жергілікті бірлестіктер мен жалпы қоғам үшін – өмір сүру сапасын арттыру,
қоршаған орта жағдайын жақсарту; экологиялық сипатта сауатты, білімді және құзыретті
азаматтарды дайындау;
мұғалім үшін – экологиялық мәселелерді тәжірибелік тұрғыда шешуге және
тіршілік ортасының жағдайын жақсартуға қолғабыс ету үшін қажет етілетін білімдер,
ептіліктер мен дағдыларды игеруге, қабілеттерді, уәждемелерді, экологиялық іс-әрекет
қатынастарын, тәжірибелерін дамытуға арналған жағдайларды жасау;
оқушы үшін – экологиялық іс-әрекет қабілеттерін, дайындық пен тәжірибелерін
дамыту, экологиялық мәселелерді анықтау мен шешудегі өзіндік құзыреттілікті санасыз
құзыретсіздік деңгейінен саналы тұрғыдағы құзыреттілік деңгейіне дейін арттыру .
Достарыңызбен бөлісу: