МАТЕМАТИКАЛЫҚ САНДАР МЕН СИМВОЛДАР ТУРАЛЫ ТАРИХИ
МАТЕРИАЛДАР
ЕСИМОВА Ж.А., АЙТУГАНОВА С.И. - магистранттар
Ғылыми жетекші: профессор ТЛЕУБЕРГЕНОВ М.И.
Шымкент университеті
Біз төменде қазіргі заманғы 10 цифрдың шығу тарихы мен оған байланысты
деректерге тоқталып өтейік.
Жалпы, сандық таңбалардың шығуы о бастағы мистикалык санаға негізделген
білімнен бастау алады деуге негіз бар. Мұның астарында ежелгі түріктік абыздық ілімнің
сілемі жатыр. Әсіресе, цифрдың шығуында ежелгі имандық сенімге негізделген «даналық
санамақ» бар деген түйсік санамызда самсап тұр. [1]
О бастағы абыздар күрделі эзотериялық-имандық ілім мен идеологияны санамақ
арқылы адамзат санасына сіңірудің қарапайым жолын іздестірген. Ол үшін идея мен
таңбаны біріктіру шебер қолданысқа түскен. Бірақ, о бастағы цифр санның таңбасы
ретінде емес, имамдық ілімнің таңбасы түрінде туындап барып, ол таңбалар нағыз цифрға
прагматикалық сананың қалыптасуы кезінде айналған деп пайымдауды жөн санау керек.
Санау жүйелерінің ішіндегі тарихи жағынан ең алғашқысы және ең қарапайымы –
екілік жүйе. Қазір жаппай қолданылып жүрген санаудың позициялық ондық жүйесі, яғни
он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, арқылы кез келген сандық өрнек жүйесі бізге көне үнді
жұртынан мирас болып қалған.
Сан ұғымының қалыптасуымен қатар сандарға төрт амал қолдану әрекеті туып
жетілді. Сан ұғымы ендігі жерде бөлшек сан түрінде дамыды. Бөлшектер бүтін оң сандар
сияқты күнделікті тұрмыс қажеттілігінен шыққан. Түрліше ұзындық, аудан, көлем, уақыт
тағы басқа сондай шамаларды өлшеу барысында олар есептеу практикасында қолданыс
тапты. [2]
Сандар цифрлар арқылы жазылатындығы белгілі. Цифр – санды кескіндейтін жазу
таңбасы. Цифр сөзі ескі латын сөзі «cifra» және араб сөзі «сифр» сөздерінен алынып, «нөл»
немесе «бос» деген мағынаны білдіреді. Арабтар осы сөзбен сандағы разрядтың жоқ
екендігін білдірген.
Алғашқы цифрлар қарапайым «таяқшалармен» жазылды. Бір «таяқша» – бірді, екі
«таяқша» – екіні, т.с.с. Бірақ, ол біртіндеп келе қолдануға ыңғайлы болды, сондықтан ол
жетілідіріп отырылды.
Цифрлар арқылы сандарды жазып-өрнектеу номерациялау жүйесі болып табылады.
Номерациялау жүйесі көптеген халықтарда болған. [3]
209
Солардың кейбіреулеріне тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |