Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет184/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Н.Ә.Назарбаев.  Заманның  сыншысы  да,  тарихшысы  да  бүгінгі  жастар.  //  Егемен 

Қазақстан, 3 ақпан, 2001. 

2.А.Е.Әбілқасымова,  А.К.Көбесова,  Д.Р.Рахымбек,  Ә.С.Кенеш.  Математиканы 

оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы. «Білім» 1998. 

3.Бидосов  Ә.  Математиканы  оқыту  әдістемесі  (жалпы  методикасы)  –  Алматы: 

Мектеп, 1989.  

4.Көбесов  А.  Орта  мектепте  математиканы  оқыту  методикасы.  –  Алматы:  Қазақ 

Универсисеті, 1989

 



ӘОЖ: 517.43.1 


331 

 

 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

БЕСБАЙ Ш.Ә., ЖЫЛҚЫБАЕВА А.О.- магистранттар 

ТЕМЕШЕВА С.М.- ф .-м.ғ.д. 

Шымкент университеті 



 

Мақалада  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  арттыру,  олардың  бойында 

оянбай жатқан қасиеттерін ояту – қазіргі кездегі педагогика саласының басты талабы 

болып отырғандығы айтылған. 

Қазіргі  білім  беру  реформасына  сай  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жетілдірудің  өзекті 

мәселелерін  шешуді  мектептерден  бастау  өте  орынды.  Себебі,  қазіргі  оқушылар  – 

келешекте ел тізгінін ұстайтын болашақ барыстары. Олардың саналы тәрбие, сапалы білім 

алуы  кез-келген  мұғалімнің  алдында  тұратын  басты  мақсаты  болуы  тиіс.  Сондықтан, 

мұғалімдер  оқушыларға  жан-жақты  және  үйлесімді  тәрбие  беру  мақсатында  өздерінің 

кәсіби  іскерліктерін  арттырып,  шеберліктерін  үнемі  жетілдіруі  керек.  Оқушылардың 

танымдық  қабілеттерін  арттыру,  олардың  бойында  оянбай  жатқан  қасиеттерін  ояту  – 

қазіргі  кездегі  педагогика  саласының  басты  талабы  болып  отыр.  Осы  орайда  мектеп 

мұғалімдері өз ізденімпаздық игі істері арқылы, кәсіби шеберліктерін пайдалана отырып, 

оқушыларға  тек  қана  күнделікті  сабақта  білім  берумен  ғана  шектелмей,  математика 

апталығын  ұйымдастыра  білуі  керек.  Ал,  5-6-  сынып  математика  апталығы  –  мұғалімнің 

оқушылармен жылында бір өткізілетін сыныптан тыс шаралардың маңызды түрі. Апталық 

жалпы  барлық  дәстүрлі  математикадан  тыс  жұмыстардың  формаларын  қамти  алады, 

сондықтан  оған  материалдар  іріктеп  алар  кезде  көптеген  сыныптан  тыс  жұмыстарға 

арналған  әдебиеттерді,  қызықты  математика  кітаптарын,  әр  түрлі  есептер  жинағын, 

«Математика  және  физика»,  «Информатика  в  школе»,  «Информатика,  физика, 

математика»,  «Алгорифм»  журналдарының  сәйкес  бөлімдерін  және  т.б.  ғылыми  – 

көпшілік басылымдарды қолдануға болады.  

 

Математикалық  апталықтың  мазмұны  барынша  мектеп  оқушыларын  көп 



жұмылдыратындай түрлі – түрлі болуы керек. 

 

Математика  апталығының  едәуір  жақсы  жақтары  бар,  ал  бірақ  ол  қызықты, 



еліктіретіндей және көп пайдасы болуы үшін көбірек күш жұмсау керек. 

 

Соңғы жылдары мектептерде математика апталығын өткізу үлкен орын алып жүр. 



Апталық  оқушыларды  пәнмен  қызықтыратын,  сонымен  қатар  оқу  бағдарламасын  терең 

оқып  үйренуге,  шығармашылық  белсенділігін,  ықыластығын,  ізденімпаздығын  дамытуға 

мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. 

Апталықты ұйымдастыруға  сынып жетекшілері,  еңбек, сурет, музыка мұғалімдері, 

ата-аналар және т.б. көмек көрсете алады.  

Жоспарланған  апталық  шаралардан  басқа  безендіру,  сарапшылар  алқасын 

тағайындау,  бағалау  критерий  жасау  және  соңында  белсенді  қатысушылар  мен 

жеңімпаздарды  марапаттау  мәселелерін  ойластырып  қойған  жөн,  сондай-ақ  көркемдік 

және  музыкалық  безендірулерді,  мүмкін  көрмелерді  ойластырып  дайындаудың  қажеттігі 

бар. 


Математика апталығында оқушылардың творчестволық белсенділігін үнемі қолдап, 

олардың тақырып таңдауына, оны тереңірек оқып үйренуіне және оны одан әрі зерттеуіне 

жағдай  жасауға  мүмкіндік  зор.  Зерттеу  жұмысы  ұзақ  ізденуді,  зор  табандылық  пен 

қажырлылықты  талап  етеді.  Бұған  сабақтың  шектеулі  уақыты  мүмкіндік  бермейді. 

Сондықтан оқушылардың творчестволық еңбегіне көңіл бөліп, олардың белсенді қызметін 



332 

 

ұдайы  қолдап,  көмектесіп  отыру  қажет.  Оқушылардың  творчестволық  белсенділігі 



олардың  білім  деңгейіне  байланысты.  Олай  болса,  олардың  зерттеу  жұмысымен 

айналысуы  үшін  программалық  материалмен  қатар  қосымша  әдебиеттегі  материалдарды 

жеке меңгеруі шарт. Әр оқушының даярлық дәрежесіне қарай арнайы программа жасалуы 

керек.  Екінші  жағынан,  зерттеу  материалы  мүмкіндігінше  мектеп  программасымен 

сабақтас болғаны жөн.  

Қазіргі  кезеңде  математиканы  білетін  мамандарға  мұқтаждық  өте  үлкен.  Сол 

себептен математикаға деген қажетті ықыластықты мектеп қабырғасынан қалыптастырған 

жөн.  Математика  сабақтарында  оқушыларды  осы  пәннің  мазмұнымен  қызықтыратын 

мүмкіндіктер аз емес.  

Оқушылардың  қабілеттерін  дамыту  мен  оларды  математикаға  қызықтырудағы 

қосымша  мүмкіндіктер  математикадан  жүргізілетін  сыныптан  және  мектептен  тыс 

сабақтарда  туады.  Олар,  кейде  математикадан  білімді  кеңірек  және  тереңірек  игерудегі 

басты  мақсат  деп  көздемей,  ойлау  мен  оқушы  мінезінің  белгілі  бір  жағын  дамытуға 

бағытталуы  мүмкін.  Сабақ  барысында  тәрбиеленген  табандылықтың,  пәнге  деген 

қызығушылықтың нәтижесінде осындай кезең қалыптасады.  

Сыныптан тыс жұмысты мұғалім барлық оқушылармен жүргізеді. Онда бір немесе 

бірнеше  нақтылы  форма  қолданылуы  мүмкін.  Математикалық  үйірме,  математикалық 

апталық немесе айлық, математикалық кештер, математикалық сайыс, әр түрлі жарыстар, 

ойындар,  викториналар,  конкурстар,  топтық  жарыстар,  математикадан  мектеп 

олимпиадасы,  көңілді  математиктер  клубы,  оқушылардың  математикадан  және  оның 

тарихынан  баяндама,  рефераттар  және  шығармалар  дайындау,  математикалық  модельдер 

дайындау және т.с.с. 

Соңғы жылдары мектептерде математика апталығын өткізу үлкен әйгілік алып жүр. 

Апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен  қатар оқу бағдарламасын терең оқып 

үйренуге,  шығармашылық  белсенділігін,  ықыластығын,  ізденімпаздығын  дамытуға 

мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды.  

Бар жағдайларды ескере отырып ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу 

маңызды оқу – тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Оқу материалын толықтыру, 

тереңдету,  түрлендіру,  математиканың  практикада  көптеген  қолданылуын  көрсету, 

оқушыларға  өзіндік  жұмыстардың  дағдыларын  дарыту,  олардың  өнегелік  қасиеттерін 

тәрбиелеу мүмкіндіктері пайда болуы сөзсіз.  

Айта  кететін  жай,  бұл  шараларға  дайындалу  және  оны  өткізу  барысында 

математика  мұғалімдерінің  педагогикалық  квалификациясы  көтеріледі  және  де  оқытушы 

мен  оқушылардың  арасында,  сондай-ақ  жалпы  мектеп  педагогтары  мен  оқушылар 

ұжымдарының  арасында  да  өте  тығыз  және  емін  –  еркін,  көбінесе  шығармашылық 

байланыстар қалыптасады. 

Математика  апталығының  едәуір  жақсы  жақтары  бар,  ал  бірақ  ол  қызықты, 

еліктіретіндей және көп пайдасы болуы үшін көбірек күш жұмсау керек.  

Әр  қайсысы  өте  қажетті  және  белгілі  бір  ерекше  функцияны  орындайтын  әр 

апталықтың  байланысты  жұмыста  жүйелі  төрт  кезеңді  бөліп  көрсетуге  болады.  Осы 

кезеңдердің маңызын бейнелейтіндей оларды былай деп атауға болады.  

………………………..1-кезең – шешім қабылдау; 

                                      2-кезең – дайындалу; 

                                      3-кезең - өткізу; 

                                      4-кезең – қорытындылау. 

Жұмыс  мектеп  математиктерінің  әдістемелік  бірлестігінің  апталық  өткізу  туралы 

шешімінен  басталады.  Апталық  өткізу  мерзімі  дәл  көрсетіле  отырып,  жалпы  мектептік 



333 

 

жұмыс  жоспарына  енгізілуі  керек.  Мектепте  басқа  ешқандай  сыныптан  тыс  жұмыс  бұл 



уақытта  жоспарланбағаны  дұрыс.  Әдетте  апталық  оқу  жылының  бірінші  тоқсанының 

ортасында өткізіледі.  

Математика  апталығына  дайындық  2-3  апта  бұрын  басталады.  Әрбір  класқа 

тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  плакаттар  сызу,  сайысқа  қажетті  карточкалар  қырқу, 

қажетті  мәліметтерді  жинау. Мұның барлығын оқушылар 1-1,5 апта бұрын ұйымдастыру 

алқасының төрағасына немесе жауапты мұғалімге тапсыруы тиіс.  

Сондай-ақ,  жоғары  сынып  оқушылары  математика  апталығының  жоспары  мен 

шарттарын жариялайтын математикалық газеттің арнайы таралымын шығаруы және онда 

дайындықты қалай бастау керектігі, қажетті мәліметтерді қайдан табу керектігі жазылады. 

Бұл  ақылдар  төменгі  сынып  оқушыларына  өте  пайдалы.  Олардың  барлығы  шарттар  мен 

қажеттіліктермен таныс болуы тиіс. Сонда көп қиыншылықтарды болдырмауға болады. 

Әрбір сынып әрбір іс-шараларда үй жұмыстарын орындауы тиіс. Мысалы, қызықты 

есептерді ұйымдастыру алқасына өткізу, математикалық крассвордтар, ребустар және бас 

қатырғыштар құрастыру. 

Барлық  тапсырмалар  әдемі  безендірілуі  тиіс  және  жауаптары  болуы  қажет. 

Жауапсыз  тапсырмалар  дұрыс  орындалмаған  болып  табылады.  Дұрыс  орындалған 

тапсырмаларды  оқушыларға  көрсетпей  сақтау  қажет.  Олай  болмаған  жағдайда  жарыстар 

өз  мағынасын  жоғалтады.  Ұйымдастыру  алқасына  сенімді  жоғарғы  класс  оқушылары 

кіреді. Әйтпесе жарыстарда ұрыс-жанжал болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды алдын алу 

керек, яғни жюри мүшелеріне олардың міндеттерін түсіндіруі тиіс. 

Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше (6-7 адам) 

оқушылар кіретін ұйымдастыру комитеті құрылады. Ұсыныстар мен мүмкіндіктерге қарай 

апталықтың  бағдарламасы  жасалады,  әр  учаске  бойынша  жауаптылар  тағайындалады, 

барлық дайындық жұмысы істелініп бітетін ең соңғы мерзім белгіленеді.  

Математикалық  апталықтың  мазмұны  барынша  мектеп  оқушыларын  көп 

жұмылдыратындай түрлі-түрлі болуы керек.  

Апталық  жалпы  барлық  дәстүрлі  математикадан  тыс  жұмыстардың  формаларын 

қамти  алады,  сондықтан  оған  материалдар  іріктеп  алар  кезде  көптеген  сыныптан  тыс 

жұмыстарға  арналған  әдебиеттерді,  қызықты  математика  кітаптарын,  әр  түрлі  есептер 

жинағын, «Математика және физика», «Информатика, физика, математика», «Математика 

в школе» журналдарының сәйкес бөлімдерін және т.б. ғылыми – көпшілік басылымдарды 

қолдануға болады.  

Материал  орташа  оқитын  оқушыларды  үрейлендіріп  алмайтындай,  көпшілік 

балаларға түсінікті және оңайырақ болғаны дұрыс.  

Апталықта  әр  түрлі  дайындалу  үшін,  жұмыстарын  ұйымдастыру  комитеті 

басқаратын, арнайы шығармашылық топтар құрылады. Апталыққа дайындалу процесінде 

оқушылардың  ізденімпаздығы  мен  ынталылығын  білдіретін  іс  -  әрекеттерге  барынша 

мүмкіндік жасау керек.  

Апталықты дайындауға мейлінше көбірек мектеп балаларын қатыстырған жөн. Бұл 

олардың ынталылығы мен қызығушылығын жетілдіруге себеп болады.  

Апталыққа  дайындалу  барысындағы  жұмыстарды  мұғалім  қадағалағанмен, 

оқушыларға да оның сапасын тексеруді тапсыруға болады.  

Апталықты ұйымдастыруға  сынып жетекшілері,  еңбек, сурет, музыка мұғалімдері, 

ата-аналар және т.б. көмек көрсете алады.  

Жоспарланған  апталық  шаралардан  басқа  безендіру,  сарапшылар  алқасын 

тағайындау,  бағалау  критерий  жасау  және  соңында  белсенді  қатысушылар  мен 

жеңімпаздарды  марапаттау  мәселелерін  ойластырып  қойған  жөн,  сондай-ақ  көркемдік 



334 

 

және  музыкалық  безендірулерді,  мүмкін  көрмелерді  ойластырып  дайындаудың  қажеттігі 



бар. 

Сонымен  математика  апталығын  өткізуге  жалпы  кеңес  пен  ұсыныстар  беруге 

болады. Апталықтың ашылуы мен жабылуы мектеп басшылары мен құрметті қонақтардың 

қатысуымен  салтанатты  түрде  өтілуі  керек.  Мектепті  апталық  өткізу  туралы  кең 

жариялануы  керек,  ол  үшін  әр  өткізілген  шаралардың  нәтижесін  хабарландырулар, 

қабырға  баспасы,  фотомонтаж,  радио  хабарлау  керек.  Ал  апталықтың  жалпы  нәтижесі 

туралы қабырға газеттерін шығару керек.   

Аптаның орталық шарасы математикалық апталық болып табылады. Оның мазмұны 

төменде көрсетілген. 

Математикалық  олимпиадалар-математика  апталығындағы  жұмыстардың  және 

оқушылардың  жаппай  бәсекесін  туғызатын  тиімді  тәсілдердің  бірі.  Әдетте  олимпиадалар 

математикалық  үйірме  жұмысының  өзіндік  қорытындысы  да  болып  табылады.  Мұнда 

оқушылар  әр  түрлі  математикалық  мәселелерді  еркін  талдай  білуге  машықтанып, 

алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық деңгейін байқап көреді.  

Олимпиада  оқушының  пәнге  қызығуын  арттырып,  математикалық  ойлаудың 

жоғары  мәдениетін  қалыптастырады.  Олимпиада  үшін  есептерді  іріктеудің  маңызы  зор. 

Олар  мектеп  программасы  шеңберінде  жүргізілуі  тиісті,  сондықтан  1  турда  олимпиадаға 

тілек  білдірген  кез  келген  оқушы  қатыса  алады.  Сонымен  бірге  олимпиадалық  есептер 

алғырлық, тапқырлық қасиеттерді талап етіп және оқушының есепті ой елегінен  өткізіп, 

өзіне  сыни  тұрғыдан  қарай  білу  қасиетін  қалыптастыруы  қажет.  Ал,  қандай  бір 

математикалық  баяндаудағы  есептерді  дәлелдеуде  білімпаздық,  терең  ойлау,  қорытынды 

жасай,  талдай  білушілік  талап  етіледі.  Сондықтан,  математикалық  олимпиаданың 

ерекшелігінің 

бірі 


ретінде 

математикалық 

ойлаудың 

барлық 


формаларында 

шығармашылық элементі бірінші кезекке тұрады. 

 Сонымен 

математикалық  олимпиада  жеке  адамның  табандылығы  мен 

мақсаткерлігін, еңбексүйгіштігі мен дербес ой қорытуын, ғылыми – зерттеушілік қабілетін 

ұштауға  септігін  тигізеді.  Математикалық  олимпиада  талантты  оқушыларды  іріктеуге, 

сөйтіп болашақ жас ғалымдардың университет қабырғасында одан әрі оқуына жол ашады 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет